Казталов ауданы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 174 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйекте № 3089 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 28.07.2016 № 230 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қантардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз мөлшерiнде квота белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Өтешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады