Ломбардтар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризимді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14706 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 915 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 915 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ломбардтар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.З. Мекебеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен бекітілген

Ломбардтар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Ломбардтарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ломбардтар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын шарттарды айқындайды.

      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ҚМ-1 нысаны - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында және күдікті операцияны айқындау белгілерінде айқындалған қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар нысаны;

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі - КЖ/ТҚ) - субъект қызметтерін пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру ықтималдығы;

      3) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару - КЖ/ТҚ тәуекелдерін айқындау, мониторингі бойынша субъект қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      4) субъект - ломбардтар;

      5) ішкі бақылау - КЖ/ТҚҚ мақсатында субъект қабылдайтын ұйымдастырудың, саясаттың, рәсімдердің және әдістердің жүйесі;

      6) ішкі бақылау қағидасы - субъект әзірлейтін, қабылдайтын және орындайтын, ішкі бақылауды жүзеге асыру бағдарламалары қамтылған, сақталуға және іске асырылуға міндетті құжат (бұдан әрі - ІБҚ).

      Осы Талаптарда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. ІБҚ Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.

      4. КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, субъект олар күшіне енген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2-тарау. ІБҚ іске асыру және сақтау үшін жауапты қаржы мониторингі субъектілері қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде субъект функцияларын сипаттауды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру рәсімін;

      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларды қабылдау, жеке тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту және клиентпен іскерлік қатынастарды орнатуды тоқтату рәсімінен;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды күдікті ретінде тану рәсімін;

      4) Клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды күдікті ретінде тану рәсімінен;

      5) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүргізуден бас тарту фактілері туралы, уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы мәліметтер мен ақпараттар беру рәсімін;

      6) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау рәсімін қамтиды.

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, субъектінің қолымен және мөрмен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында жүзеге асырылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер есебінің журналында:

      уәкілетті органға ақпаратты беру нөмірі мен күні;

      хабарлама беру негіздемесі;

      уәкілетті органның ФМ-1 нысанын қабылдағаны/қабылдамағаны туралы хабарламаның нөмірі мен күні тіркеледі;

      7) субъект қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы, ІБҚ-ны бұзу фактілері өздеріне белгілі болғандығы туралы қызметкерлердің бірінші басшысын хабардар ету рәсімі;

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. ІБҚ іске асыру және сақтау бойынша ІБҚ жауапты тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

      Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары не ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Субъект ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) 3аңның 10-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруді ұйымдастыруды және бақылауды;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдауды;

      4) Клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдауды;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау және қажеттігіне қарай уәкілетті органға операциялар туралы ақпарат жіберуді;

      6) уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтату туралы шешімін орындауды;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдауды;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операцияларына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеуді;

      9) ІБҚ-ны іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыруды;

      10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды;

      11) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кем дегенде бес жыл сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді;

      12) өз қызметін жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуді;

      13) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат беруді;

      14) 3аңның 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Субъект пен оның жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.

3-бөлім. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      9. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы субъектінің тәуекел дәрежесін бере отырып, клиенттің ҚЖ/ТҚ-мен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау тәуекеліне бағалау жүргізуін көздейді.

      Тәуекел дәрежелері клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және субъект мүше болып табылатын коммерциялық емес ұйымдардың талап етуі бойынша беріледі.

      Операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижесі мен клиент (клиенттер тобы) туралы ақпараттарды жаңартуына қарай клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел дәрежесі субъектімен қайта қаралады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тәуекелді басқару бағдарламасында КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі беріледі:

      1) мына мемлекеттердегі іскерлік қатынастарға және клиенттермен мәмілелерге:

      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыстық әрекеттерінің жоғары дәрежесімен;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі - БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар және террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін.

      Осындай мемлекеттердің тізбесіне (аумақтардың) сілтемелер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдік жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдік жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның отбасы мүшесі, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің операция бойынша контрагенті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі не операция бойынша клиенттің контрагенті Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ тұлға болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы жоқ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент бейрезидент болып табылған;

      клиентпен іскерлік қатынас ерекше жағдайларда (мысалы, субъект мен клиенттің арасында өте үлкен түсініксіз географиялық арақашықтық бар) жүзеге асырылған;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде субъектіде қиындықтар пайда болған;

      клиент пайдаланылуы субъектінің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын, стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден ерекше күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге берудің жаңа механизмдерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені пайдаланған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған әрекет жасаған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      клиент субъектіден қарыз алғанда кепілдік мүлікті сақтау шарттары мен орнына аса назар аудармаған;

      клиентті қарызды өтеу ерекшеліктері, оның ішінде қарызды беру кезінде субъектінің пайыздық мөлшерлемесі, өтеу мерзімдері мен қарызды уақытылы төлемеген жағдайда айыппұл санкциялары қызықтырмаған;

      клиенттің қызмет профилі субъектіден қарызды алу үшін ұсынылатын кепілдік мүлікті иеленуге заңды құқығының болуы сәйкес келмеген;

      клиент кепілді кейін сатып алусыз бірнеше рет қарыз алған;

      клиент кепілге немесе сатуға жалған сынама таңба белгісі бар немесе сынама таңба бедерінсіз асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар мен асыл тастарды тапсырған;

      клиент жүйелі түрде кепілге немесе сатылымға бірнеше зергерлік бұйымдарды және/немесе бір типті зергерлік, оның ішінде тауар белгісі бар бұйымдарды тапсырған;

      КЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге де ақпарат болған.

      3) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар:

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда, жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді пайдаланумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиентке тән емес жиілікпен жүргізілген;

      ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      КЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекел дәрежесі туралы ақпарат болған жағдайда беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесі берілмеген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қолда бар мәліметтер негізінде клиенттерге тәуекелдің төмен дәрежесі тағайындалады және Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

4-бөлім. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      12. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы субъектінің клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізу болып табылады.

      Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау қажеттілігін және рәсімін;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болғандығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттің шетелдік жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру қажеттілігін және рәсімін;

      5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау қажеттілігін және рәсімін.

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын не Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы мемлекетте (аумақта);

      Бұйрықпен бекітілген Оффшорлық аймақтар тізбесінде;

      6) болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу қажеттілігін және рәсімін;

      Болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент үшін жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент үшін болжалды мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының сипаты негізінде анықталады.

      7) сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай, алайда сәйкестендіру жылына кемінде бір рет жаңарту қажеттілігін және тәртібін қамтуы тиіс.

      КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде жарты жылда бір рет жүзеге асырылады. КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту кем дегенде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.

      12-1. Егер субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды субъект клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, субъект мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің шарт жасау рәсімін сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру өткізу кезінде алынған мәліметтерді субъектінің беру мерзімі мен рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша субъектінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды субъектінің жүзеге асыру рәсімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды оның ішінде алынған мәліметтерді, сондай-ақ мұндай шешім қабылдауға уәкілетті субъектінің лауазымды тұлғаларының тізбесін сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы субъектінің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      Сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді субъектіге рәсімін, беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды сақтамағаны үшін субъект сәйкестендіру өткізу тапсырған жауапты тұлғалар туралы ережелерді;

      Сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі бойынша сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен субъектілердің өзара іс-қимыл рәсімін;

      Өзара іс-қимыл қағидаларына субъектінің қосымша шарттар енгізуіне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 4-бөлім 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-бөлім. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттер операцияларының мониторингі және зерделеу бағдарламасы

      13. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген операцияларды анықтау болып табылады.

      Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары дәрежесін берген жағдайда, субъект жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің онда жүргізілген барлық операцияларын қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды. Клиентке КЖ/ТҚ тәуекелінің төмен дәрежесін берген жағдайда субъект клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мониторинг бағдарламасын іске асыру және клиенттердің операцияларын зерделеу шеңберінде алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      15. Заңның 4-бабы 1, 2, 3 және 5-тармақтарында көрсетілген клиент операцияларының мониторингі нәтижесінде анықталғандар туралы мәліметтер мен ақпаратты субъект қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органға ФМ-1 нысаны бойынша ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны субъектілер уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

6-бөлім. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      17. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша субъект қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылдың 28 қарашасындағы № 533 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 25 желтоқсанында № 10001 тіркелген).

Об утверждении Требований к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для ломбардов

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 5 января 2017 года № 5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2017 года № 14706. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 24 сентября 2020 года № 915.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 24.09.2020 № 915 (вводится в действие с 15.11.2020).

      В соответствии с пунктом 3-2 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для ломбардов.

      2. Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (Мекебеков А.З.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      И.о. министра финансов
Республики Казахстан
Р. Даленов

  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 5 января 2017 года № 5

Требования к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для ломбардов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Требования к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для ломбардов (далее – Требования) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон) и определяют условия, предъявляемые к правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма (далее – ПОД/ФТ) для ломбардов.

      2. В настоящих Требованиях используются следующие понятия:

      1) форма ФМ-1 – форма сведений и информации об операции, подлежащей финансовому мониторингу, определяемая Правилами представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 1484;

      2) риск легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансирования терроризма (далее – ОД/ФТ) – вероятность легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, и финансирования терроризма посредством использования услуг субъекта;

      3) управление рисками ОД/ФТ – совокупность принимаемых субъектом мер по мониторингу, выявлению рисков ОД/ФТ, а также их минимизации (в отношении услуг, клиентов);

      4) субъект – ломбарды;

      5) внутренний контроль – система организации, политики, процедур и методов, принимаемых субъектом в целях ПОД/ФТ;

      6) правила внутреннего контроля – обязательный к соблюдению и реализации документ, разрабатываемый, принимаемый и исполняемый субъектом, в котором содержатся программы осуществления внутреннего контроля (далее – ПВК).

      Иные понятия, используемые в настоящих Требованиях, применяются в соответствии с Законом.

      3. ПВК включают в себя программы в соответствии с пунктом 3 статьи 11 Закона.

      4. В случае внесения изменений и (или) дополнений в законодательство в сфере ПОД/ФТ, субъект в течение тридцати календарных дней со дня введения их в действие, вносит соответствующие изменения и (или) дополнения в ПВК.

Глава 2. Программа организации внутреннего контроля в целях ПОД/ФТ, включая требования, предъявляемые к работникам субъектов финансового мониторинга, ответственным за реализацию и соблюдение Правил внутреннего контроля

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Программа организации внутреннего контроля в целях ПОД/ФТ содержит:

      1) процедуру организации внутреннего контроля, включая описание функций субъекта при осуществлении внутреннего контроля;

      2) процедуру отказа клиентам в установлении деловых отношений и прекращении деловых отношений, отказа в проведении операции с деньгами и (или) иным имуществом, и принятия мер по замораживанию операций с деньгами и (или) иным имуществом;

      3) процедуру признания сложной, необычно крупной и другой необычной операции, подлежащей изучению, в качестве подозрительной;

      4) процедуру признания операции клиента, имеющей характеристики, соответствующие типологиям, схемам и способам легализации (отмывания) преступных доходов и финансирования терроризма, в качестве подозрительной;

      5) процедуру представления сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, о фактах отказа клиенту в установлении деловых отношений, прекращения деловых отношений с клиентом, отказа в проведении операции с деньгами и (или) иным имуществом, о мерах по замораживанию операций с деньгами и (или) иным имуществом в уполномоченный орган, включая указания и регламенты работы в автоматизированных информационных системах и программном обеспечении, используемых для передачи сведений, информации и документов в уполномоченный орган;

      6) процедуру фиксирования и хранения документов и сведений, полученных по результатам надлежащей проверки клиента, включая досье клиента и переписку с ним, документов и сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, в том числе, подозрительных операциях, а также результатов изучения всех сложных, необычно крупных и других необычных операций.

      Документальное фиксирование операций, подлежащих финансовому мониторингу и направляемых в уполномоченный орган, осуществляется в пронумерованном, прошнурованном, скрепленном печатью и подписью субъекта журнале учета сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу.

      В журнале учета сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, фиксируются:

      номер и дата передачи информации в уполномоченный орган;

      основание для подачи сообщения;

      номер и дата извещения о принятии/непринятии формы ФМ-1 уполномоченным органом;

      7) процедуру информирования работниками первого руководителя о ставших им известными фактах нарушения законодательства о ПОД/ФТ, ПВК допущенных работниками субъекта;

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. ПВК предусматривают назначение ответственного лица либо определение структурного подразделения за осуществление мониторинга за соблюдением ПВК.

      На должность ответственного работника не назначается лицо, не имеющее высшего образования, имеющее не снятую или не погашенную судимость за совершение преступлений в сфере экономической деятельности, либо умышленных преступлений средней тяжести, тяжких или особо тяжких преступлений.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Субъект в рамках программы организации внутреннего контроля осуществляет:

      1) внесение изменений и (или) дополнений в ПВК;

      2) организацию и контроль по представлению сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, в уполномоченный орган в соответствии с пунктом 2 статьи 10 Закона;

      3) принятие решений о признании операций клиентов подозрительными;

      4) принятие решений об отнесении операций клиентов к сложным, необычно крупным и другим необычным операциям, к операциям, имеющим характеристики, соответствующие типологиям, схемам и способам легализации (отмывания) преступных доходов и финансирования терроризма;

      5) принятие решений о приостановлении либо об отказе от проведения операций клиентов и необходимости направления информации об операциях в уполномоченный орган;

      6) исполнение решений уполномоченного органа о приостановлении проведения подозрительной операции;

      7) принятие решений об установлении, продолжении либо прекращении деловых отношений с клиентами;

      8) документальное фиксирование решений, принятых в отношении операции клиента (его представителя) и бенефициарного собственника;

      9) формирование досье клиента на основании данных, полученных в результате реализации ПВК;

      10) принятие мер по улучшению системы управления рисками и внутреннего контроля;

      11) обеспечение мер по хранению документов и сведений, полученных по результатам надлежащей проверки клиента, включая досье клиента и переписку с ним, документов и сведений об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, в том числе, подозрительных операциях, а также результатов изучения всех сложных, необычно крупных и других необычных операций, не менее пяти лет со дня прекращения деловых отношений с клиентом;

      12) обеспечение конфиденциальности информации, полученной при осуществлении своих функций;

      13) представление информации соответствующим государственным органам для осуществления контроля за исполнением законодательства о ПОД/ФТ;

      14) представление в уполномоченный орган по его запросу необходимых информации, сведений и документов в соответствии с пунктом 3-1 статьи 10 Закона.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Субъект и его работники не вправе извещать клиентов и иных лиц о представлении в уполномоченный орган информации, сведений и документов о таких клиентах и о совершаемых ими операциях в соответствии с пунктом 5 статьи 11 Закона.

Глава 3. Программа управления риском ОД/ФТ, учитывающая риски клиентов и риски использования услуг в преступных целях, включая риск использования технологических достижений

      9. Программа управления риском ОД/ФТ, учитывающая риски клиентов и риски использования услуг в преступных целях, включая риск использования технологических достижений предусматривает проведение субъектом оценки риска совершения клиентом операций с деньгами и (или) иным имуществом, связанных с ОД/ФТ с присвоением степеней риска.

      Степени риска формируются на основании имеющихся сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике.

      Результаты оценки рисков документально фиксируются и представляются по требованию соответствующих государственных органов и некоммерческих организаций, членом которых является субъект.

      Пересмотр уровня риска клиента (группы клиентов) осуществляется субъектом по мере обновления сведений о клиенте (группе клиентов) и результатов мониторинга операций (деловых отношений).

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. В программе управления риском высокая степень риска ОД/ФТ присваивается:

      1) деловым отношениям и сделкам с клиентами из государств (территорий):

      не выполняющих и (или) недостаточно выполняющих рекомендации Группы разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег (далее – ФАТФ);

      с повышенным уровнем коррупции или иной преступной деятельности;

      подвергнувшихся санкциям, эмбарго и аналогичным мерам, налагаемым Организацией Объединенных Наций (далее – ООН);

      предоставляющих финансирование или поддержку террористической (экстремистской) деятельности, и в которых имеются установленные террористические (экстремистские) организации.

      Ссылки на перечни таких государств (территорий) размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      2) клиенту в случае, когда:

      клиентом является иностранное публичное должностное лицо;

      клиентом является должностное лицо публичной международной организации;

      клиентом является лицо, действующее в интересах (к выгоде) иностранного публичного должностного лица;

      клиентом является лицо, являющееся членом семьи, близким родственником иностранного публичного должностного лица;

      клиент (его представитель), бенефициарный собственник, либо контрагент клиента по операции зарегистрированы или осуществляют деятельность в государстве (на территории), входящем в Перечень оффшорных зон, утвержденный приказом исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 10 февраля 2010 года № 52 "Об утверждении Перечня оффшорных зон для целей Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Приказ) (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6058);

      клиент (его представитель), бенефициарный собственник, либо контрагент клиента по операции состоят в Перечне организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, согласно статье 12 Закона;

      клиент является лицом без гражданства;

      клиент является гражданином Республики Казахстан, не имеющим адреса регистрации или пребывания в Республике Казахстан;

      клиент является нерезидентом;

      деловые отношения с клиентом осуществляются при необычных обстоятельствах (например, слишком большое необъяснимое географическое расстояние между субъектом и клиентом);

      у субъекта возникают сложности при проверке представленных клиентом сведений;

      клиент настаивает на нестандартных или необычно сложных схемах расчетов, использование которых отличаются от обычной практики субъекта;

      клиент использует новые продукты и новую деловую практику, включая новые механизмы передачи, новые или развивающиеся технологии как для новых, так и для уже существующих продуктов;

      клиентом совершаются действия, направленные на уклонение от процедур финансового мониторинга;

      операции клиента ранее были признаны подозрительными;

      клиент не придает особого значения условиям и месту хранения залогового имущества при получении займа у субъекта;

      клиента не интересуют особенности погашения займа, в том числе процентные ставки субъекта при предоставлении займа, сроки его погашения и штрафные санкции за несвоевременную оплату займа;

      профиль деятельности клиента не соответствует наличию у него законных прав на владение залоговым имуществом, предоставляемым для получения займа у субъекта;

      клиент, неоднократно получал займы без последующего выкупа залога;

      клиент сдает под залог или в скупку ювелирные изделия из драгоценных металлов и драгоценных камней с признаками фальшивых оттисков пробирных клейм либо без оттисков пробирных клейм;

      клиент, систематически сдает под залог или в скупку несколько ювелирных изделий и/или однотипные ювелирные изделия, в том числе имеющих товарные бирки;

      имеется иная информация о клиенте, связанная с высоким риском ОД/ФТ.

      3) операции с деньгами и (или) иным имуществом:

      связанной с анонимными банковскими счетами или с использованием анонимных, вымышленных имен, включая наличные расчеты;

      не имеющей очевидного экономического смысла или видимой правовой цели;

      совершаемой с несвойственной клиенту частотой;

      совершаемой на необычно крупную сумму;

      по которой имеется информация о высокой степени риска ОД/ФТ.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. К клиентам, которым присвоена высокая степень риска ОД/ФТ, применяются усиленные меры надлежащей проверки клиентов, в соответствии с пунктом 7 статьи 5 Закона.

      К клиентам, которым на основании имеющихся сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике, не присвоена высокая степень риска, присваивается низкая степень риска, и применяются упрощенные меры надлежащей проверки клиентов в соответствии с пунктом 7 статьи 5 Закона.

Глава 4. Программа идентификации клиентов

      12. Программа идентификации клиента заключается в проведении субъектом мероприятий по выявлению, обновлению ранее полученных сведений о клиентах (его представителях) и бенефициарных собственниках, включая сведения об источнике финансирования совершаемых клиентом операций.

      Программа идентификации клиента включает в себя:

      1) необходимость и процедуру соблюдения мер по надлежащей проверке клиента (его представителя) и бенефициарных собственников согласно требованиям статьи 5 Закона в зависимости от присвоенной степени риска;

      2) необходимость и процедуру проверки достоверности сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике согласно подпункту 6) пункта 3 статьи 5 Закона;

      3) необходимость и процедуру проверки нахождения данных о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике в Перечне организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, согласно статье 12 Закона;

      4) необходимость и процедуру проверки принадлежности и (или) причастности клиента к иностранному публичному должностному лицу, его членам семьи и близким родственникам согласно требованиям статьи 8 Закона;

      5) необходимость и процедуру выявления клиентов, имеющих соответственно регистрацию, место жительства или место нахождения:

      в государстве (на территории), которое не выполняет и (или) недостаточно выполняет рекомендации ФАТФ, либо использует счета в банке, зарегистрированном в указанном государстве (на указанной территории) согласно подпункту 4) пункта 4 статьи 4 Закона;

      в Перечне оффшорных зон, утвержденном Приказом;

      6) необходимость и процедуру установления предполагаемой цели и характера деловых отношений.

      Для клиента с высокой степенью риска ОД/ФТ при установлении предполагаемой цели и характера деловых отношений дополнительно запрашиваются сведения о роде деятельности и источнике финансирования совершаемых операций.

      Для клиента с низкой степенью риска ОД/ФТ установление предполагаемой цели и характера деловых отношений определяется на основе характера операций клиента.

      7) необходимость и процедуру обновления сведений, полученных в результате идентификации по мере изменения идентификационных сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике, но не реже одного раза в год.

      Обновление сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике с высокой степенью риска ОД/ФТ осуществляется не реже одного раза в полугодие. Обновление сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике с низкой степенью риска ОД/ФТ осуществляется не реже одного раза в два года.

      12-1. Если субъект в соответствии с Законом на основании договора поручил иному лицу применение в отношении клиентов субъекта мер, предусмотренных подпунктами 1), 2), 2-1) и 4) пункта 3 статьи 5 Закона, субъект разрабатывает правила его взаимодействия с такими лицами, которые включают:

      процедуру заключения субъектом, договоров с лицами, которым поручено проведение идентификации, а также перечень должностных лиц субъекта уполномоченных заключать такие договоры;

      процедуру идентификации клиента (его представителя) и бенефициарного собственника в соответствии с договорами между субъектом и лицами, которым поручено проведение идентификации;

      процедуру и сроки передачи субъектом сведений, полученных при проведении идентификации, лицами, которым поручено проведение идентификации;

      процедуру осуществления субъектом контроля за соблюдением лицами, которым поручено проведение идентификации, требований по идентификации, включая процедуру, сроки и полноту передачи субъекту полученных сведений, а также меры, принимаемые субъектом по устранению выявленных нарушений;

      основания, процедуру и сроки принятия субъектом решения об одностороннем отказе от исполнения договора с лицами, которым поручено проведение идентификации, в случае несоблюдения ими требований по идентификации, в том числе процедуру, сроки и полноту передачи субъекту полученных сведений, а также перечень должностных лиц субъекта, уполномоченных принимать такое решение;

      положения об ответственности лиц, которым субъект поручил проведение идентификации, за несоблюдение ими требований по идентификации, включая процедуру, сроки и полноту передачи субъекту полученных сведений;

      процедуру взаимодействия субъекта с лицами, которым поручено проведение идентификации, по вопросам оказания им методологической помощи в целях выполнения требований по идентификации.

      Допускается включение субъектом дополнительных условий в правила взаимодействия.

      Сноска. Требования дополнены пунктом 12-1 в соответствии с приказом Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Программа мониторинга и изучения операций клиентов, включая изучение сложных, необычно крупных и других необычных операций клиентов

      13. Программа мониторинга и изучения операций клиентов, включая изучение сложных, необычно крупных и других необычных операций клиентов, заключается в выявлении операций, указанных в статье 4 Закона.

      В случае присвоения клиенту высокой степени риска ОД/ФТ субъект дополнительно изучает все операции, которые проводил у него клиент с целью установления причин, запланированных или проведенных операций, и выявляет характер операций, которые требуют дальнейшей проверки. В случае присвоения клиенту низкой степени риска ОД/ФТ субъект изучает текущую операцию клиента.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Полученные в рамках реализации программы мониторинга и изучения операций клиентов сведения документально фиксируются и вносятся в досье клиента.

      15. Сведения и информация о выявленных в результате мониторинга операциях клиентов, указанных в пунктах 1, 2, 3 и 5 статьи 4 Закона представляются субъектом на казахском или русском языках в уполномоченный орган по форме ФМ-1.

      Сноска. Пункт 15 в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2017 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Сообщение об операции, подлежащей обязательному изучению, представляется субъектами в уполномоченный орган не позднее рабочего дня, следующего за днем признания такой операции подозрительной.

Глава 6. Программа подготовки и обучения сотрудников субъекта по вопросам ПОД/ФТ

      17. Программа подготовки и обучения сотрудников субъекта по вопросам ПОД/ФТ осуществляется в соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года № 533 "Об утверждении требований к субъектам финансового мониторинга по подготовке и обучению работников" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 25 декабря 2014 года за № 10001).