Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 27.08.2024 № 380-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған, өзгерістер енгізілетін телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықовқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі бастап және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушы |
А. Әжібаев |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі
1. "Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7805 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамыздағы № 562-569 (27642) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.";
1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Телерадио хабарларын тарату
жүйелерінің техникалық пайдалану
қағидаларына 1-қосымша
нысан ";
2-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
" Телерадио хабарларын тарату
жүйелерінің техникалық пайдалану
қағидаларына 2-қосымша
нысан ";
2. "Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 811 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрықпен бекітілген Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу тәртібін айқындайды.";
3. "Телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8236 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларының сапасына бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізуді МТҚ-ны тарта отырып, уәкілетті орган жүзеге асырады.".