Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 27 тамыздағы № 380-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 35001 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кейбір бұйрықтардың күші осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  2024 жылғы 27 тамыздағы
№ 380-НҚ Бұйрыққа
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1) "Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7805 болып тіркелген).

      2) "Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 811 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 болып тіркелген).

      3) "Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8236 болып тіркелген).

      4) "Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13176 болып тіркелген).

      5) "Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13180 болып тіркелген).

      6) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14789 болып тіркелген).

      7) "Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтар тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18201 болып тіркелген).

      8) "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32357 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады