Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 31.10.2018 № 253 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 87-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, 141-бабы 3-тармағына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 89 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13390 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
____________ Б. Мусин
2017 жылғы " "_______
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мәселесін шешу үшін әзірленген.
2. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдылығы;
2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – салалық даму ерекшеліктері мен олардың дамуына әсер ететін факторларды ескере отырып, тексерілетін субъектілердің тікелей қызметімен байланысты, әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
5) тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар.
3. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелерін объективті және субъективті критерийлерінің тәуекел дәрежелерін бағалау арқылы анықталады.
4. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
2-тарау. Объективті критерийлер
5. Объективті критерийлер бойынша барлық тексерілетін субъектілер алғашқыда жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
3-тарау. Субъективті критерийлер
6. Субъективтік критерийлер мынадай ақпарат көздері:
1) бұрынғы тексерулер нәтижелері;
2) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мемлекеттік қызметтердің сапасына расталған шағымдар мен арыздардың болуы;
3) тексерілетін субъектілер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
5) сұраныс бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді, есептік ақпаратты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингті талдау нәтижелері негізінде анықталады.
7. Субъективті критерийлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнамасының негізінде әзірленіп, тексеру парақтарында атап өтілген, олар үш бұзушылық дәрежесіне бөлінген: өрескел, елеулі және елеусіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарға бөлу осы Критерийлердің қосымшасында келтірілген.
Өрескел бұзушылық – көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің едәуір бұзылуына алып келуі мүмкін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың бұзушылығы, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсетпеу;
көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол беру;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуы;
көрсетілетін қызметті берушінің бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жұмыс мерзімін сақтамау;
Қазақстан Республикасының заңдарында және көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелсіз бас тарту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау, оны тіркеген күннен бастап қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген бес жұмыс күні ішінде хабардар ету талабын сақтамау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жеке және заңды тұлғалардан түскен бір және одан да көп негізде шағымдардың не өтініштердің болуы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14740 тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік бақылау қағидалары), тоқсан сайынғы ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етпеу;
Мемлекеттік бақылау қағидаларында көзделген есептік нысандарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша дұрыс және (немесе) толық көлемде есептік мәліметтерді ұсынбау;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның "Мониторинг" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 4 о/д және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 3 ақпандағы № 29 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14795 тіркелген) (бұдан әрі – Өзара іс-қимылын бағалау әдістемесі), орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз қызметі.
Елеулі бұзушылық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың келесі бұзушылығымен байланысты:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкес болмауы;
орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтамау;
орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтамау;
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсынбау;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін күнтізбелік отыз күн ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтамау;
көрсетілетін қызметті алушылардың орналасу жерлерінде және "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік коғамында және оның филиалдарында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар ақпаратты стендтердің (көрсеткіш тақта, терминалдар және басқа) болмауы;
мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етпеу;
көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етпеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырмау;
көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол беру;
көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтамау;
мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болмауы;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ, көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпараттары, қоғамдық мониторингі барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактілерін жою жөніндегі ұсынымдары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қамтылған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдамау;
мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын бес жұмыс күні ішінде қарау мерзімдерін сақтамау;
тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуының болуы;
тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдардың болуы;
тексерілетін субъектінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін орналастырмау;
тексерілетін субъектілердің "электрондық үкімет" веб-порталда, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырмау;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның әлеуметтік тапсырысы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс заңы), мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын сұратылған ақпаратты ұсынбау.
Елеусіз бұзушылық – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптардың келесі бұзушылығымен белгіленген:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтамау;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болмауы;
көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізбеу;
Мемлекеттік бақылау қағидасына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етпеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырмау;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есебін орналастырмау;
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету жөнінде сыни ақпараттардың болуы.
8. Осы Критерийлердің 7-тармағында белгіленген ақпарат көздері негізінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес субъективтік критерийлер белгіленеді.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру, жоспардан тыс тексеру және басқа бақылау нысандары жүргізіледі;
2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді, жоспардан тыс тексеру және басқа бақылау нысандары жүргізіледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлардың) үлестік салмағы анықталады.
Өрескел дәрежесінің талабы орындалмауының бірі 100 көрсеткішіне теңеледі.
Өрескел дәрежесінің индикаторы анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежелердегі индикаторлар сомасының көрсеткіші есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау үшін 0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш келесі формула бойынша саналады:
Рз – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге тексеруге (талдауға) талап етілетін елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішінің жалпы саны;
Р2 – елеулі дәрежедегі анықталған бұзушылықтардың саны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау үшін 0,3 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш келесі формула бойынша саналады:
Рн – елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге тексеруге (талдауға) талап етілетін елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішінің жалпы саны;
Р2 – елеусіз дәрежедегі анықталған бұзушылықтардың саны.
Жалпы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (
Р) 0-ден 100-ге дейінгі өлшем бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады:Р –тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз–елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Рн–елеусіз дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші.
4-тарау. Қорытынды ережелер
9. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
10. Ішінара тексерулер жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастыратын, тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
11. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдылығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.
12. Әр тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру бойынша тексеру парағының, анықталған бұзушылықтар мен оларды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша енгізілген ұсыныстардың көшірмелері, тексеру нәтижелері және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың талаптарын орындау туралы ақпарат тігілетін арнайы папка жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша |
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлер
№ | Критерийлер | Бұзушылық дәрежесі |
Бұрынғы тексерулер нәтижелері бойынша | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкес болу | Елеулі |
2 | Орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтау | Елеулі |
3 | Орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтау | Елеулі |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау | Елеусіз |
5 | Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну | Елеулі |
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы | Елеусіз |
7 | Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін күнтүзбелік отыз күн ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтау | Елеулі |
8 | Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасу жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар ақпаратты стендтердің (көрсеткіш тақта, терминалдар және басқа) болуы | Елеулі |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету | Елеулі |
10 | Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету | Елеулі |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету | Өрескел |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру | Елеулі |
13 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | Елеулі |
14 | Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол бермеу | Өрескел |
15 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынбауы | Өрескел |
16 | Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жұмыс мерзімін сақтау | Өрескел |
17 | Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау | Елеулі |
18 | Қазақстан Республикасының заңдарында және көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тарту | Өрескел |
19 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтау | Өрескел |
20 | Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау, оны тіркеген күннен бастап қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген бес жұмыс күні ішінде хабардар ету талабын сақтау | Өрескел |
21 | Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болуы | Елеулі |
22 | Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізу | Елеусіз |
23 | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ, көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпараттары, қоғамдық мониторингі барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактілерін жою жөніндегі ұсынымдары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қамтылған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау | Елеулі |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына жеке және заңды тұлғалардан түскен нагізді шағымдардың болуы | ||
24 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жеке және заңды тұлғалардан түскен бір және одан да көп негізде шағымдардың не өтініштердің болуы | Өрескел |
25 | Мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын бес жұмыс күні ішінде қарау мерзімдерін сақтамау | Елеулі |
Тексерілетін субъектілермен ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын есептер мен мәліметтерге жүргізілетін мониторинг нәтижесі бойынша | ||
26 | Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне дейін талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етпеу | Елеусіз |
27 | Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, тоқсан сайынғы ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етпеу | Өрескел |
28 | Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуының болуы | Елеулі |
29 | Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша есептік мәліметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдардың болуы | Елеулі |
30 | Мемлекеттік бақылау қағидаларында көзделген есептік нысандарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша дұрыс және (немесе) толық көлемде есептік мәліметтерді ұсынбау | Өрескел |
Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау бойынша | ||
31 | Тексерілетін субъектінің интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген бақылау нәтижелерін орналастырмау | Елеулі |
32 | "Электрондық үкімет" веб-порталында, тексерілетін субъектілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастырмау | Елеулі |
33 | Тексерілетін субъектілердің "электрондық үкімет" веб-порталда, интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырмау | Елеулі |
34 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында орналастырмау | Елеусіз |
35 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есебін орналастырмау | Елеусіз |
36 | Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету жөнінде сыни ақпараттардың болуы | Елеусіз |
Уәкілетті органдар және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтер, есептік ақпараттарды сұратуы бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингтің талдау нәтижелері бойынша | ||
37 | Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның "Мониторинг" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау | Өрескел |
38 | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның әлеуметтік тапсырысы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс заңына сәйкес, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын сұратылған ақпаратты ұсынбау | Елеулі |
39 | Өзара іс-қимылын бағалау әдістемесіне сәйкес, орталық мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның жыл сайынғы тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша тиімсіз қызметі | Өрескел |
Мемлекеттік қызметтер көрсету заңнаманың сақталуы бойынша тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы______________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ______________________________
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
Талаптар тізімі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді | |
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қамтитын, жария талқылау барысында алынған жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ескеру бөлігінде, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың тәртібі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның талаптарына сәйкес болу | ||||
2 | Орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, өзгерту, толықтыру және күшін жою, оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жария талқылауға міндетті түрде жататын мерзімін сақтау | ||||
3 | Орталық мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтау | ||||
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау | ||||
5 | Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты ұсыну | ||||
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренгендігі жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы | ||||
7 | Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін күнтүзбелік отыз күн ішінде әзірлеу және бекіту мерзімін сақтау | ||||
8 | Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасу жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар ақпаратты стендтердің (көрсеткіш тақта, терминалдар және басқа) болуы | ||||
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету | ||||
10 | Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету | ||||
11 | Қазақстан Республикасының заңдарымен тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді тегін негізде көрсету | ||||
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастыру | ||||
13 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||||
14 | Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||||
15 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттар топтамасы толық болмағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынбауы | ||||
16 | Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жұмыс мерзімін сақтау | ||||
17 | Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау | ||||
18 | Қазақстан Республикасының заңдарында және көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тарту | ||||
19 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен белгіленген қызмет көрсету мерзімдерін сақтау | ||||
20 | Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау, оны тіркеген күннен бастап қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен белгіленген бес жұмыс күні ішінде хабардар ету талабын сақтау | ||||
21 | Мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, есептің және есепке талдамалық анықтаманың ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдардың (бұрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың көшірмелері, фотоматериалдардың) болуы | ||||
22 | Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен, жыл сайын "электрондық үкіметтің" веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізу | ||||
23 | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ, көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпараттары, қоғамдық мониторингі барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактілерін жою жөніндегі ұсынымдары, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қамтылған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау |
Лауазымды тұлға (лар) | ____________ | ______________________ |
(лауазымы) | (қолы) | тегі, аты-жөні (болған жағдайда) |
Тексерілген субъектінің |
____________ |
______________________ |
(лауазымы) |