"Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 наурызда № 14910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      аумақтық уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10469 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiне (бұдан әрі – Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі) сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;

      өтініш беруші – Тіркелімге енгізу үшін өтінім ұсынған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар салаларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.

      Тіркелімнің республикалық бөлімі мынадай қызметтерді:

      1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;

      2) әуежай қызметтерін;

      3) теңіз порты қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.

      5. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.

      Тіркелімнің жергілікті бөлімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.";

      7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тұтынушыларға реттелетін қызметтерді көрсеткен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсынып, уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.

      Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын, оларды бақылау мен реттеуді жекелеген салалардағы уәкілетті орган жүзеге асыратын дара кәсіпкер мен заңды тұлға жүгінген жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жекелеген салалардағы уәкілетті органға табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (одан шығару) туралы ұсыныспен қорытынды беру туралы тиісті сұрау салу жібереді.

      Ұсыныстары бар аталған қорытынды жекелеген салалардағы уәкілетті органның табиғи монополиялар салаларының көрсетілетін қызметтері бойынша талдау жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органға енгізіледі, оған қатысты жекелеген салалардағы уәкілетті орган осы салалардың шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу мәніне реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

      Жекелеген салалардағы уәкілетті органның ұсынысы бар қорытындыуәкілетті органға тиісті сауал келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде ұсынылады. Көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қарау мерзімі жекелеген салалардағы уәкілетті орган тиісті қорытынды бергенге дейін тоқтатыла тұрады, бұл ретте уәкілетті органның шешім қабылдау күні қорытынды берген кезден бастап қайта басталады.

      8. Уәкілетті орган Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы уәкілетті органның немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.

      Аумақтық уәкілетті органдар Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қорытындысының немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган қорытындысының негізінде уәкілетті органды хабардар ете отырып жүргізеді.

      Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетінге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығы жағдайы туралы қорытындыны табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті органның салалық құрылымдық бөлімшесі немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган жасайды.

      9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғаның бірінші басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған Тіркелімге енгізу туралы өтінішті;

      2) жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін және (немесе) "Е-лицензиялау" www.elicence.kz веб-порталынан лицензияны;

      4) тауарларды, жұмыстарды өндіруге және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия жағдайларында қызметтерді көрсетуге қажетті инженерлік желілер мен құрылыстардың өтініш берушілердің теңгеріміндегі немесе жалға берілген не сенімгерлік басқарудағы тізбесін, сондай-ақ карта-схемаларды (аталған құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен расталады);

      5) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметтерді тұтынушыларға көрсетудің жоспарлы көлемінің есептеулерін;

      6) өзге және (немесе) негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты;

      7) кәсіпорынның алдыңғы кезеңге арналған бухгалтерлік теңгерімін (жыл, тоқсан);

      8) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөр қойылған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды таратып жаза отырып, алдыңғы кезең ішіндегі қызметтер көрсету кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті қоса бере отырып ұсынады.

      Осы тармақта көзделген өтініш пен құжаттарды өтініш беруші қағаз немесе электронды түрде ұсынады.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Тіркелімге енгізу туралы өтінішті күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі құжаттарды берген күннен бастап есептеледі.

      10. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге тиіс шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген, Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілетін табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.

      Дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету фактісі анықталған және (немесе) Тіркелімге енгізу үшін құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда уәкілетті орган оларды Тіркелімге құжаттарды ұсынбай енгізеді. Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі Тіркелімге енгізілгеннен кейін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес оны Тіркелімге енгізу туралы Хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде құжаттарды ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтінішті және олар жүзеге асыратын қызметті тоқтатқанын растайтын құжаттарды, табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметті (жұмысты) уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте өтінішке бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Тіркелімнен алып тастау туралы өтінішті уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатуы туралы растайтын құжаттарды берген жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімнен алып тастау үшін, оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын негіздер:

      реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тiзбесiнен алып тастау;

      оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуына әкеп соққан табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру;

      табиғи монополия субъектісін тарату;

      табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімінің болуы;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің теңгерімінен басқа субъектінің теңгеріміне беру, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беру;

      табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын сот шешіміне сәйкес алып қою;

      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу шартының аяқталуы;

      табиғи монополия субъектісінің теңгеріміндег мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару;

      табиғи монополия субъектісімен бәсекелесетін жаңа табиғи монополия субъектісінің пайда болуы;

      оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын өзге де негіздер болып табылады.

      12-2. Реттеліп көрсетілетін қызмет (тауар, жұмыс) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінен алып тасталған жағдайда, уәкілетті орган оны Тіркелімнен өз бетінше алып тастайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 28 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 28 ақпан

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 марта 2014 года № 64-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 91. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2017 года № 14910. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 42.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.05.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 марта 2014 года № 64-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9404, опубликованный 12 июня 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий, утвержденных указанным приказом:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 4 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 13 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях" (далее – Закон) и определяют порядок включения и исключения субъектов естественных монополий из Государственного регистра субъектов естественных монополий.

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие понятия:

      территориальный уполномоченный орган – территориальное подразделение уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий;

      Государственный регистр субъектов естественных монополий (далее – Регистр) – это поименный перечень субъектов естественных монополий, состоящий из республиканского и местных разделов, с указанием конкретных видов предоставляемых регулируемых услуг (товаров, работ), в соответствии с Перечнем регулируемых услуг (товаров, работ) субъектов естественных монополий, утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 186, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10469 (далее – Перечень регулируемых услуг);

      заявитель – индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, представившее заявку на включение в Регистр;

      уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий;

      уполномоченный орган в отдельных отраслях – государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование в сферах естественных монополий в отдельных отраслях.";

      пункт 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Республиканский раздел Регистра формирует и ведет уполномоченный орган.

      Республиканский раздел Регистра включает субъектов естественных монополий, осуществляющих деятельность по оказанию следующих услуг:

      1) услуги в сферах естественных монополий на территории двух и более областей (города республиканского значения, столицы);

      2) услуги аэропорта;

      3) услуги морского порта.

      5. Местные разделы Регистра формируются и ведутся территориальными уполномоченными органами, в пределах своей компетенции.

      Местный раздел Регистра включает субъектов естественных монополий, осуществляющих деятельность, отнесенную к сферам естественных монополий в соответствии с законодательством о естественных монополиях, за исключением видов услуг, указанных в пункте 4 настоящих Правил.";

      пункты 7, 8, 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "7. Индивидуальные предприниматели и юридические лица, осуществляющие деятельность, отнесенную к сфере естественной монополии, обращаются в уполномоченный орган с заявлением о включении в Регистр субъектов естественных монополий по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам с приложением документов, указанных в пункте 9 Правил в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня оказания регулируемых услуг потребителям.

      В случае обращения индивидуального предпринимателя или юридического лица, осуществляющего деятельность, отнесенную к сфере естественной монополии, контроль и регулирование которых осуществляется уполномоченным органом в отдельных отраслях, уполномоченный орган направляет в течение 5 (пяти) календарных дней соответствующий запрос уполномоченному органу в отдельных отраслях о даче заключения с предложениями о включении (исключении) индивидуального предпринимателя или юридического лица, осуществляющего деятельность, отнесенную к сфере естественной монополии, в (из) Регистр (Регистра).

      Указанное заключение с предложениями вносится в уполномоченный орган по итогам проведения уполномоченным органом в отдельных отраслях анализа сфер естественных монополий по услугам, в отношении которых уполномоченный орган в отдельных отраслях осуществляет регулирование и контроль, на предмет отнесения предоставляемых субъектами естественных монополий услуг (товаров, работ) в рамках данных сфер к регулируемым.

      Заключение с предложениями уполномоченного органа в отдельных отраслях предоставляется в уполномоченный орган в срок не более 15 (пятнадцати) календарных дней с момента поступления соответствующего запроса. В случае непредставления в указанный срок, сроки рассмотрения приостанавливаются до предоставления уполномоченным органом в отдельных отраслях соответствующего заключения с предложениями, при этом дата принятия решения уполномоченного органа возобновляется с момента предоставления заключения.

      8. Включение и исключение из республиканского раздела Регистра производится уполномоченным органом на основании заключения соответствующего отраслевого структурного подразделения уполномоченного органа или уполномоченного органа в отдельных отраслях о состоянии рынка услуг (товаров, работ) на предмет отнесения предоставляемых заявителями услуг (товаров, работ) к регулируемым.

      Включение и исключение из местного раздела Регистра производится территориальными уполномоченными органами на основании заключения соответствующего структурного подразделения территориального уполномоченного органа или заключения уполномоченного органа в отдельных отраслях о состоянии рынка услуг (товаров, работ) на предмет отнесения предоставляемых заявителями услуг (товаров, работ) к регулируемым, с уведомлением уполномоченного органа.

      Заключение о состоянии рынка услуг (товаров, работ) на предмет отнесения предоставляемых субъектами естественных монополий услуг (товаров, работ) к регулируемым составляется отраслевым структурным подразделением уполномоченного органа, территориальным уполномоченным органом или уполномоченным органом в отдельных отраслях в соответствии с законодательством о естественных монополиях.

      9. Для включения в Регистр, заявитель предоставляет в уполномоченный орган с приложением следующих документов:

      1) заявление, подписанное первым руководителем юридического лица (индивидуальным предпринимателем) о включении в Регистр,

      2) копия свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", либо копия справки о государственной (учетной) регистрации, с указанием индивидуального идентификационного номера и (или) бизнес-идентификационного номера;

      3) нотариально засвидетельствованная копия лицензии на право занятия предпринимательской деятельностью, подлежащей обязательному лицензированию в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" и (или) лицензию с веб-портала "Е-лицензирование" www.elicense.kz.;

      4) перечень, находящихся на балансе заявителя, либо находящихся в аренде или в доверительном управлении инженерных сетей и сооружений, необходимых для производства товаров, работ и (или) предоставления услуг потребителям в условиях естественной монополии, а также карты-схемы, (указанные документы подписываются первым руководителем и заверяются печатью);

      5) расчеты планируемых объемов производства товаров, работ и (или) предоставления потребителям услуг, отнесенных к сферам естественных монополий;

      6) информацию об осуществлении иной и (или) технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии;

      7) бухгалтерский баланс предприятия за предыдущий период (год, квартал);

      8) отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности с расшифровкой доходов и расходов по основной и неосновной деятельности, подписанные руководителем, главным бухгалтером и скрепленные печатью за период оказания услуг, за предыдущий период.

      Заявление и документы, предусмотренные настоящим пунктом, подаются заявителем в бумажном или электронном виде.

      Заявление о включении в Регистр рассматривается уполномоченным органом не более 30 (тридцати) календарных дней при условии предоставления документов, указанных в настоящем пункте Правил. Срок рассмотрения заявления исчисляется со дня подачи документов.

      10. Субъект естественной монополии включается в Регистр по месту его регистрации как юридического лица либо как индивидуального предпринимателя, за исключением иностранных юридических лиц, которые подлежат включению в Регистр по месту оказания ими регулируемых услуг (товаров, работ), а также субъектов естественных монополий, предусмотренных в пункте 4 настоящих Правил, которые включаются в республиканский раздел Регистра.

      При выявлении фактов оказания регулируемых услуг индивидуальным предпринимателем или юридическим лицом и (или) в случаях их отказа в предоставлении документов для включения в Регистр, уполномоченный орган включает их в Регистр без предоставления документов. При этом, субъект естественной монополии, после включения его в Регистр, предоставляет документы в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня получения Уведомления о включении его в Регистр.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Субъект естественной монополии в течении 15 (пятнадцати) календарных дней со дня прекращения осуществления им деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии, представляет в уполномоченный орган заявление об исключении из Регистра по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам и документы, подтверждающие прекращение осуществления им деятельности услуги (работы), отнесенной к сфере естественной монополии. При этом, заявление подписывается первым руководителем либо лицом его замещающим.

      Заявление об исключении из Регистра рассматривается уполномоченным органом не более 30 (тридцати) календарных дней при условии предоставления подтверждающих документов о прекращении осуществления субъектом естественной монополии деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии. Срок рассмотрения заявления исчисляется со дня поступления заявления и прилагаемых к нему документов в уполномоченный орган.";

      дополнить пунктами 12-1 и 12-2 следующего содержания:

      "12-1. Основаниями для исключения субъекта естественной монополии из Регистра, подтверждающими прекращение осуществления им деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии, являются:

      исключение регулируемой услуги (товара, работы) из Перечня регулируемых услуг;

      реорганизация субъекта естественной монополии, повлекшая за собой прекращение осуществления им деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии;

      ликвидация субъекта естественной монополии;

      наличие решения суда о банкротстве субъекта естественной монополии;

      передача основных средств, используемых при осуществлении деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии, с баланса субъекта естественной монополии на баланс другого субъекта, в том числе передача таких основных средств в доверительное управление;

      изъятие основных средств субъекта естественной монополии в соответствии с решением суда;

      окончание договора аренды основных средств, используемых при осуществлении деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии;

      отчуждение имущества, находящегося на балансе субъекта естественной монополии, инженерных сетей и сооружений, необходимых для осуществления деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии;

      появление нового субъекта естественной монополии, конкурирующего на рынке регулируемых услуг, оказываемых субъектом естественной монополии, состоящим в Регистре;

      иные основания, свидетельствующие о прекращении осуществления им деятельности, отнесенной к сфере естественной монополии.

      12-2. В случае исключения регулируемой услуги (товара, работы) из Перечня регулируемых услуг, уполномоченный орган самостоятельно исключает его из Регистра.".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации
и коммуникаций
Республики Казахстан
______________Д. Абаев
от 21 февраля 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям
и развитию Республики Казахстан
______________Ж. Қасымбек
от 28 февраля 2017 года