"Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 наурызда № 14954 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-303/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 175-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылы № 2 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларында:

      16 және 17 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде 864 сағаттан 1080-ге дейінгі сағатты, біліктілікті арттыру циклдерінде 54 сағаттан 216-ға дейінгі сағатты құрайды.

      Жоғары медициналық білімі бар, 2009 жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша интернатурада, және (немесе) резидентурада, (клиникалық ординатурада) оқудан және (немесе) қайта даярлаудан өткен, өзінің мамандығының шеңберінде "балалар" немесе "ересектер" бейіні бойынша қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген тұлғалар үшін қайта даярлау мерзімі 432 сағатты құрайды.

      Жоғары медициналық білімі бар, бұрын интернатурада, резидентурада (клиникалық ординатурада) оқудан, мына мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар үшін:

      "Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, диетология)" және "Педиатрия (жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек)" "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды;

      "Онкология (ересектер, балалар)" және "Гематология (ересектер, балалар)" "Онкология және Балалар гематологиясы" мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды;

      "Педиатрия" "Неонатология" мамандығы бойынша қайта даярлау 432 сағатты құрайды.

      Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін (техникалық және кәсіптік) оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде – 432 сағаттан 648-ге дейінгі сағатты, біліктілікті арттыру циклдерінде – 54 сағаттан 108-ге дейінгі сағатты құрайды.

      Шетелдерде біліктілікті арттыру мерзімі 54-сағаттан 864-ке дейінгі академиялық сағатты құрайды.

      Біліктілікті арттыру біліктілігін арттыру циклдерінің тақырыптары бойынша (мамандықтардың қатары бойынша) жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрлар үшін қарастырылған.

      Жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін біліктілікті арттыру мерзімі мастер-класстарда кемінде 54 сағатты, соның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен – күндізгі оқу нысанында кемінде 24 сағатты; семинарлар мен тренингтерде - кемінде 8 сағатты құрайды".

      17. Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша мына бағдарламаларды меңгерген тұлғаларға:

      қайта даярлау – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау туралы куәлік;

      біліктілікті арттыру – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

      сертификациялық циклдерде біліктілікті арттыру – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.

      Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау бағдарламаларын меңгере алмаған тұлғаларға өткен бағдарлама көлемі көрсетілген оқудан өткені туралы анықтама беріледі және оларға қайта қорытынды бақылау тағайындалады.

      Ұзақтығы кемінде 54 сағат семинарларда, тренингтерде (мастер-кластарда) оқудан өткен тұлғаларға оқытушы ұйым айқындаған нысан бойынша сертификат беріледі.";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 "Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров и квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 марта 2017 года № 76. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 марта 2017 года № 14954. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 21.12.2020 № ҚР ДСМ-303/2020 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 175 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 "Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров и квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5904, опубликован в собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 2, 2010 года) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, а также квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования";

      в Правилах повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, утвержденных указанным приказом:

      пункты 16 и 17 изложить в следующей редакции:

      "16. Срок обучения для лиц с высшим медицинским и фармацевтическим образованием составляет на циклах переподготовки от 864 до 1080 часов, на циклах повышения квалификации от 54 до 216 часов.

      Срок обучения для лиц с высшим медицинским образованием, прошедших обучение в интернатуре, и (или) резидентуре (клинической ординатуре) и (или) переподготовку до 2009 года по клиническим специальностям, желающих пройти переподготовку в рамках имеющейся специальности по профилю "детская" или "взрослая", переподготовка составляет 432 часа.

      Для лиц с высшим медицинским образованием, ранее прошедших обучение в интернатуре, резидентуре (клинической ординатуре), на курсах переподготовки по специальностям:

      "Терапия (терапия подростковая, скорая и неотложная медицинская помощь, диетология)" и "Педиатрия (скорая и неотложная медицинская помощь)" переподготовка по специальности "Общая врачебная практика" составляет 432 часа;

      "Онкология (взрослая, детская)" и "Гематология (взрослая, детская)" переподготовка по специальности "Онкология и Гематология детская" составляет 432 часа;

      "Педиатрия" переподготовка по специальности "неонатология" составляет 432 часа.

      Срок обучения для лиц со средним (техническим и профессиональным) медицинским и фармацевтическим образованием составляет на циклах переподготовки от 432 до 648 часов, повышения квалификации от 54 до 108 часов.

      Срок повышения квалификации за рубежом составляет от 54 до 864 академических часов.

      Повышение квалификации предусмотрено для кадров с высшим и средним (техническим и профессиональным) медицинским и фармацевтическим образованием по тематике цикла повышения квалификации (по ряду специальностей).

      Срок повышения квалификации для лиц с высшим и средним (техническим и профессиональным) медицинским и фармацевтическим образованием на мастер-классах составляет не менее 54 часов, в том числе с использованием дистанционных образовательных технологий – не менее 24 часов по очной форме, на семинарах и тренингах – не менее 8 часов".

      17. По результатам итогового контроля лицам, освоившим программы:

      переподготовки – выдается удостоверение о переподготовке по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      повышения квалификации – выдается свидетельство о повышении квалификации по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      повышения квалификации на сертификационных циклах – выдается свидетельство о повышении квалификации по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      По результатам итогового контроля лицам, не освоившим программы повышения квалификации или переподготовки выдается справка о прохождении обучения с указанием объема пройденной программы и назначается повторный итоговый контроль.

      Лицам, прошедшим обучение на семинарах, тренингах (мастер-классах) продолжительностью менее 54 часов, выдается сертификат по форме, определяемой обучающей организацией.".

      2. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа его направление в периодические печатные издания, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов