"Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10304 болып тіркелген және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 428 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12011 болып тіркелген және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру, жүргізу және пайдаланудың мақсатын, тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік тізілім осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесінің төлқұжаты түрінде жасалған сот-сараптамалық зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді құрайды.
3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2 тарау. Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, сынамадан өткізілген және енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиісті әдістемелер туралы мәліметтерді әзірлеушілер (авторлар, құрастырушылар) Орталыққа Орталықтың аумақтық бөлімшелерінің мөрімен немесе әдістемені әзірлеуші өз қызметін жүзеге асыратын ұйымның мөрімен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электронды түрде, әдістеме Орталықтың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - ҒӘК) отырысында бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс мәліметтер әдістеменің төлқұжаты түрінде, олардың Орталыққа түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
7. Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды түрде жүргізіледі.
8. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, ақпарат, ҒӘК отырысында қарастырылғаннан кейін Орталыққа әдістеме әзірленген ұйымның мөрімен не болмаса сот-сараптама қызметімен лицензия негізінде айналысатын адамның жеке мөрімен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электронды түрде, ҒӘК отырысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолданады.
Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
9. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
3 тарау. Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін пайдалану тәртібі
10. Сот сарапшылары Мемлекеттік тізілімге енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді сот сараптамасын жүргізу кезiнде пайдалана алады.
11. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушылар Орталықтың мекенжайына әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде ресімдейді.
12. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үщіндіні ғана ұсынады.
13. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге қатысушының, сондай-ақ сұрауды ресімдеген сот сарапшысының мекенжайына жолданады.
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларына 1 қосымша |
|
нысан |
Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесінің төлқұжаты
1. Әдістеменің атауы | |
2. Әдістеме мамандығының шифры | |
3. Әістемені құрастырушылар туралы ақпарат | |
4. Әдістеменің мәні | |
4.1. Әдістеме шешетін сараптамалық міндеттер | |
4.2. Зерттеу объектілері | |
4.3. Зерттеу әдістері | |
4.4. Әдістеменің қысқаша кезең-кезеңдік сипаттамасы | |
5. Әдістемені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының Ғылыми-әдістемелік және Ғылыми кеңестерінің бірлескен отырысында қарау және мақұлдау күні туралы мәлімет | |
6. Әдістеменің төлқұжатын құрастырғандар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларына 2 қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасы сот - сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі
№ | Әдістеменің шифры | Әдістеменің атауы | Ғылыми кеңес хаттамасының нөмірі, күні, | Әдістеменің авторы (құрастырушы) | Әдістеменің төлқұжаты | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |