"Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер Әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін Қалыптастыру және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 қыркүйекте № 12011 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 331 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сот–сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10304 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      5 және 9-тармақтар алынып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі - Ғылыми кеңес) сот–сараптамалық зерттеулер әдістемелерін Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы шешімінен кейін бес күн ішінде әдістемелер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электрондық түрде, аталған органдардың мөрімен куәландырылып, бір данада жолданады.

      7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс мәліметтер, олар Орталыққа түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Б. Әбдірайым


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады