Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15064 болып тіркелді

       "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 31 наурыздағы
  № 55 бұйрығымен бекітілді

Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеменің мақсаты іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының табыстарын есептеудің негізгі аспектілерін айқындау болып табылады.

      3. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қолдануына арналған.

      4. Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті болатын ақшалай немесе материалдық асырау;

      2) әлеуметтік трансферттер – зейнетақылар, атаулы əлеуметтік жəне тұрғын үй көмегі, жəрдемақы мен шəкіртақылар;

      3) жалдамалы жұмыстан түскен табыстар – жалақы, ынталандыру төлемдерінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, қаламақылар, сыйлықақылар мен жұмыс орны бойынша жұмысшылардың алатын жәрдемақылары;

      4) меншіктен түскен табыс – акциялар жəне басқа да бағалы қағаздар бойынша дивиденділер мен ұтыстар; салымдар бойынша, қарыз түрінде берілген сомаларды пайдаланғаны үшін пайыздар; салымдар бойынша ұтыстар; тұрғын үйді, көлік құралдарын, техникаларды, жер телімдерін жалға беруден түскен табыстар; сондай-ақ ақшалай тұлғаланудағы заттай түсімдер түріндегі рантье табыстары;

       5) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс – өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

      6) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;

      7) үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары – үй шаруашылығы мүшелерінің жалақы түрінде алған ақшалай қаражаттарының сомасы, кəсіпкерліктен түскен табыс, əлеуметтік төлемдер (зейнетақы, шəкіртақы, жəрдемақылар жəне басқа төлемдер), пайыздар, меншіктен түскен дивиденділер мен басқа да табыстар, өзге де ақшалай түсімдер;

      8) халықтың тұтынуға жұмсаған табыстарына тұтыну шығыстары (өндірістік қызметке және қорланымға ақша қаражатын жұмсаусыз) және өзі өндірген өнімдердің заттай түрдегі құны (ақшалай мәндегі) мен трансферттер кіреді.

2-тарау. Үй шаруашылықтары табыстарының көрсеткіштерін есептеу түрлері

      5. Халықтың тұрмыс деңгейі статистикасы үй шаруашылықтары табыстарының көрсеткіштерін есептеу келесі түрлерінен:

      халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы және нақты ақшалай табыстарынан;

      тұтынуға жұмсалған халықтың табыстарынан;

      халықтың ақшалай табыстарынан тұрады.

      6. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы және нақты ақшалай табыстары ұлттық шоттар жүйесінің деректерін зерттеу қорытындыларымен салғастыру арқылы макродеңгейдің деректерін пайдаланумен бағаланады және оларды есептеу алгоритмі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14350 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесінде сипатталған.

      7. Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу (бұдан әрі – іріктемелі зерттеу) қорытындылары бойынша есептеледі. Халықтың әл-ауқатының материалдық деңгейін объективті сипаттау үшін халықтың ақшалай табыстарын олардың шығыстары арқылы бағалау пайдаланылады.

      Осы тәсіл, өзін өзі жұмыспен қамтудан жəне "көлеңкелі" экономикалық қызметтен түскен табыстарды есепке алмайтын табыс көздерінің əр алуандығын және жүзеге асырылған қызмет пен оған төлем төлеудің арасындағы уақыт үзілісіне, сондай-ақ табыстардың ақшалай нысаны ғана емес, сонымен бірге тамақ өнімдері, басқа тауарлар жəне халыққа ұсынылатын жеңілдіктер сияқты заттай түсімдердің барлығына байланысты табыстар туралы анық емес ақпаратқа жол бермеу мақсатында қолданылады.

      8. Халықтың ақшалай табыстары үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша есептеледі және оған жалдамалы мен өзін өзі жұмыспен қамтудан түскен табыстар, әлеуметтік трансферттер және өзге де түсімдер кіреді.

      Үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеу жүргізу кезінде бақыланып отыратын табыстарға салық аударымын және міндетті түрдегі төлемдерді шегергендегі тұрақты түрде алынатын ақшалай эквиваленттегі барлық ақшалай және заттай түсімдер кіреді.

3-тарау. Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу табыстары көрсеткіштерінің агрегациясы

      9. Үй шаруашылықтарының табыстары көрсеткіштерінің жалпылама мәні зерттеу барысында алынған барлық деректердің кесек массиві негізінде әрбір үй шаруашылықтары үшін анықталады. Деректерді біріктіру бірыңғай уақыт кезеңіне әкелу қағидатына негізделген және екі апталық кезеңдегі күнделіктегі жазбаларды, журналдағы жазбаларды және тоқсандағы пікіртерім парақтары көрсеткіштерін біріктірумен жүргізіледі. Апталық күнделіктегі жазбаларды тоқсандық кезеңге дейін өзгерту Кz жете есептеу коэффициентіне көрсеткіштер мәніне көбейтумен жүзеге асырылады, ол мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда,

      Nk – тоқсандағы күндер саны;

      Nd – күнделік жүргізілген күндер саны;

      P – күнделікті жүргізудің кезең саны, P = 2.

      10. Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша халықтың табыс көрсеткіштерінің агрегациясы:

      ақшалай табыстарға еңбек қызметінен түскен табыс, ағымда алынған трансферттер және өзге де ақшалай табыстар кіреді;

      еңбек қызметінен түскен табыс – жалдамалы жұмыстан және өзін өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс;

      жалдамалы жұмыстан түскен табыс – еңбекақыға заттай төлемді қосқанда жалақы:

      өзін өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс – ауыл шаруашылығы өнімінен табыс жəне кəсіпкерлік қызметтен түскен табыс;

      алынған ағымдағы трансферттер – мемлекеттен түскен трансферттер, жасы бойынша зейнетақылар, шәкіртақылар, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі;

      мемлекеттік жәрдемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері – балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы және мемлекеттен түсетін трансферттің басқа түрлері;

      басқа үй шаруашылықтарынан трансферттер – ақшалай түрдегі материалдық көмек және алименттер;

      өзге де табыстар – меншіктен түскен табыс (дивиденділер, салымдар бойынша пайыздар, қаламақылар) туыстардан және таныстардан материалдық көмек, алименттер және өзге де ақшалай түсімдер.

4-тарау. Үй шаруашылықтарының табыстарын өлшеу әдістері

      11. Үй шаруашылықтарының табыстарын өлшеу үшін келесі әдістер пайдаланылады:

      табыстарды өлшеудің тура әдісі;

      табыстарды өлшеудің жанама әдісі.

      12. Үй шаруашылықтарының табыстарын өлшеудің тура әдісі үй шаруашылықтарының бюджетіне жеке статистикалық байқау жүргізуді анықтайды, үй шаруашылықтары мүшелерінің табыстары мен шығыстары, олардың тұтыну құрылымы, сондай-ақ өмір сүрудің негізгі сипаттаттамасы олардың объектісі болып табылады.

      13. Үй шаруашылықтарының табыстарын өлшеудің жанама әдісін зерттеу үшін негіздеме ретінде салық қызметтерінің деректері (табыс туралы ақпараттар, жеке меншікте жылжымайтын мүліктің және көлік құралдарының бар болуы), банк секторларының есептері (клиенттердің есепшоттарындағы қолда бар қаражаты), ақшалай-несиелеу статистикасы (халықтың салымдары мен жинақтары туралы деректер), жеке тауарайналымының көлемін талдау және басқалар пайдаланылады.

      Табыстарды өлшеудің жанама әдісінің көмегімен тәжірибеден алынған, тәрбие деңгейімен және білімімен, сонымен қатар адамның жеке дарындылығымен ұсынылған "адам капиталы" немесе байлықты бағалау анықталады. Адам капиталының осы атрибуттары адамның физикалық және қаржылай байлығының артуына әсерін тигізеді. Адамның білімділігі деңгейінің оның материалдық әл-ауқатына елеулі әсері негізінде халықтың табыстпраын жанама бағалау әдісімен зерттеудің объектісі ретінде респонденттер білімінің деңгейі пайдаланылады.

5-тарау. Іріктемелі зерттеулерде жоғары табысты отбасылардың есебін талдау

      14. Үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша алынған табыстар агрегатын талдау үшін жоғары табысты отбасылар табыстарының қолда барына қолжетімді көрсеткіштер бойынша жанама салыстырулар пайдаланылады. База ретінде салыстырмалы талдау үшін халық санағының соңғы қолда бар және тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу қорытындылары пайдаланылады.

      Тәуелділікті анықтау үшін корреляцияның базалық ауыспалы коэффициентіне есептеу жүргізіледі:

      білім деңгейі (жоғары және жоғары оқу орындаынан кейінгі);

      материалдық әл-ауқаты (халықтың децильдік топтары бөлінісінде).

      Салыстырмалы талдау барысында үй шаруашылықтарының білімпаздығының жоғары және төмен жағына қарай екі статистикалық байқау қорытындылары бойынша айырмашылық алған жағдайда, үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу нәтижелері жергілікті жердің типі және үй шаруашылықтары табыстарының деңгейі бойынша едәуір егжей-тегжейлі жіктелімге түседі.

Об утверждении Методики расчета доходов по результатам выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 31 марта 2017 года № 55. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2017 года № 15064.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и подпунктом 258) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета доходов по результатам выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни.

      2. Управлению статистики труда и уровня жизни совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Орунханов К.К.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
от 31 марта 2017 года № 55

Методика расчета доходов по результатам выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни

Глава 1. Общие положения

      1. Методика расчета доходов по результатам выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни (далее - Методика) относится к статистической методологии, утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" (далее - Закон).

      2. Целью настоящей Методики является определение основных аспектов расчета доходов домашних хозяйств по итогам выборочного обследования.

      3. Настоящая Методика предназначена для применения Комитетом по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее - Комитет).

      4. В Методике используются следующие определения:

      1) алименты – денежное или материальное содержание, которое одно лицо обязано предоставить другому лицу, имеющему право на его получение;

      2) социальные трансферты – пенсии, адресная социальная и жилищная помощь, пособия и стипендии;

      3) доход от наемной занятости – заработная плата, все виды поощрительной оплаты, надбавки к заработной плате, гонорары, премии и пособия, получаемые работниками по месту работы;

      4) доход от собственности – дивиденды и выигрыши по акциям и другим ценным бумагам, проценты по вкладам, за пользование суммами, предоставленными в виде долга, выигрыши по вкладам, денежные доходы от сдачи в аренду жилья, транспортных средств, техники, земельных участков, а также доходы рантье в виде натуральных поступлений в денежном выражении;

      5) доход от самостоятельной занятости – доход в денежной и натуральной форме, получаемый от производства товаров и услуг на основе самостоятельной занятости;

      6) домашнее хозяйство - экономический субъект, состоящий из одного или более физических лиц, проживающих совместно, объединяющих полностью или частично свои доходы и имущество и совместно потребляющих товары и услуги;

      7) денежные доходы домашних хозяйств - суммы денежных средств, полученных членами домашних хозяйств в виде заработной платы, дохода от предпринимательской деятельности, социальных выплат (пенсий, стипендий, пособий и других выплат), процентов, дивидендов и других доходов от собственности, прочих денежных поступлений;

      8) доходы населения, использованные на потребление включают в себя потребительские расходы (без капиталовложений в производственную деятельность и накопление) и стоимость (в денежном выражении) потребленной в натуральной форме продукции собственного производства и трансфертов.

Глава 2. Виды расчетов показателей доходов домашних хозяйств

      5. Статистика уровня жизни населения включает в себя следующие виды расчетов показателей доходов домашних хозяйств:

      среднедушевые номинальные и реальные денежные доходы населения;

      доходы населения, использованные на потребление;

      денежные доходы населения.

      6. Среднедушевые номинальные и реальные денежные доходы населения оцениваются с использованием данных макроуровня путем сопоставления результатов обследований с данными системы национальных счетов и их алгоритм расчета описан в Методике по расчету (оценке) номинальных денежных доходов населения, утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 сентября 2016 года № 214, зарегистрированной в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14350.

      7. Доходы населения, использованные на потребление, рассчитываются по итогам выборочного обследования домашних хозяйств по уровню жизни (далее – выборочное обследование домашних хозяйств). Для объективного отражения материального уровня благосостояния населения используется оценка денежных доходов населения через их расходы.

      Данный подход применяется в целях исключения недостоверной информации о доходах, из-за многообразия источников доходов, которые не учитывают доходы от самостоятельной занятости и "теневой" экономической деятельности и разрыв во времени между осуществленной деятельностью и ее оплатой, а также наличия не только денежной формы доходов, но и натуральных поступлений в виде продуктов питания, других товаров и предоставляемых льгот населению.

      8. Денежные доходы населения рассчитываются по результатам выборочного обследования домашних хозяйств и включают доходы от наемной и самостоятельной занятости, социальные трансферты и прочие поступления.

      В доходы, которые отслеживаются при проведении выборочных обследований домашних хозяйств, включаются все денежные и натуральные поступления в денежном эквиваленте, получаемые на регулярной основе, за вычетом налоговых отчислений и платежей обязательного характера.

Глава 3. Агрегация показателей доходов выборочных обследований домашних хозяйств

      9. Значения обобщающих показателей доходов домашних хозяйств определяются для каждого домашнего хозяйства на основе слитого массива всех данных, полученных в ходе обследования. Объединение данных основано на принципе приведения к единому временному периоду и производится объединением дневниковых записей за два недельных периода, журнальных записей и показателей опросного листа за квартал. Преобразование недельных дневниковых записей до квартального периода осуществляется умножением значений показателей на коэффициент досчета Кz , который рассчитывается по формуле:


     


      где, Nk - число дней в квартале;

      Nd - число дней ведения дневника;

      P - число периодов ведения дневника, P = 2.

      10. Агрегация показателей доходов населения по итогам выборочного обследования домашних хозяйств:

      денежный доход включает в себя доход от трудовой деятельности, полученные текущие трансферты и прочие доходы;

      доход от трудовой деятельности - доход от работы по найму и доход от самостоятельной занятости;

      доход от работы по найму - заработная плата, включая оплату труда в натуральном выражении;

      доход от самостоятельной занятости - доход от продажи сельхозпродукции и доход от предпринимательской деятельности;

      полученные текущие трансферты - трансферты от государства, пенсии по возрасту, стипендии, адресная социальная помощь, жилищная помощь;

      государственные пособия и другие виды социальной помощи - государственные пособия семьям, имеющим детей, государственное социальное пособие, специальное государственное пособие и другие виды трансфертов от государства;

      трансферты от других домашних хозяйств - материальная помощь в денежной форме и алименты;

      прочие доходы - доход от собственности (дивиденды, проценты по вкладам, гонорарам), материальная помощь от родственников и знакомых, алименты и прочие денежные поступления.

Глава 4. Методы измерения доходов домашних хозяйств

      11. Для измерения доходов домашних хозяйств используются следующие методы:

      прямой метод измерения доходов;

      косвенный метод измерения доходов.

      12. Прямой метод измерения доходов домашних хозяйств определяет проведение отдельного статистического наблюдения бюджетов домашних хозяйств, объектом которого являются доходы и расходы членов домашних хозяйств, структура их потребления, а также основные характеристики условий жизни.

      13. Косвенным методом измерения доходов домашних хозяйств в качестве базы для исследования используются данные налоговых служб (сведения о доходах, наличию в собственности недвижимости и транспортных средств населения), отчеты банковского сектора (наличные средства на счетах клиентов), денежно-кредитную статистику (данные о вкладах и сбережениях населения), анализ объемов розничного товарооборота.

      При помощи косвенного метода измерения доходов определяется оценка "человеческого капитала" или богатства, представленного уровнем воспитания и образования, полученного опыта, а также индивидуальной одаренностью человека. Данные атрибуты человеческого капитала, способствуют приумножению физического и финансового богатства человека. На основании значимого влияния степени образованности человека на его материальное благосостояние, в качестве объекта исследования методом косвенной оценки доходов населения используется уровень образования респондентов.

Глава 5. Анализ учета высокодоходных семей в выборочных обследованиях

      14. Для анализа агрегата доходов, полученного по итогам выборочного обследования домашних хозяйств, на наличие доходов высокодоходных семей используются косвенные сопоставления по доступным показателям. В качестве базы для сравнительного анализа используются итоги последней имеющейся переписи населения и выборочного обследования домашних хозяйств по оценке уровня жизни.

      Для выявления зависимости производится расчет коэффициента корреляции базовых переменных:

      уровня образования (высшее и послевузовское);

      материального благосостояния (в разрезе децильных групп населения).

      В ходе сравнительного анализа, при получении расхождений по итогам двух статистических наблюдений в сторону меньшей или большей высокообразованности домашних хозяйств, результаты выборочного обследования домашних хозяйств подвергаются более детальной классификации по типу местности и уровню дохода домашних хозяйств.