Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21сәуірдегі № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 мамырда № 15134 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 344 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 01.04.2020 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектері;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10808 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14768 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 21 сәуірдегі
№ 265 бұйрығына
1-қосымша

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектері

р/с

Сыйақыны алатын тұлға

Негізгі сыйақының ең төмен шектері

Негізгі сыйақының ең жоғары шектері

1

Уақытша әкімші

15 АЕК

30 АЕК

2

Оңалтуды басқарушы

25 АЕК

50 АЕК

3

Уақытша басқарушы

15 АЕК

30 АЕК

4

Банкроттықты басқарушы

25 АЕК

50 АЕК

      Ескертпе: Аббревиатураның толық жазылуы:

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 21 сәуірдегі
№ 265 бұйрығына
2-қосымша

Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу тәртібін белгілейді.

      2. Уақытша әкімші мен оңалтуды басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы сыйақылар болып табылады.

      3. Уақытша басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізудің бүкіл кезеңі үшін ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.

      4. Банкроттықты басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген банкроттық рәсімін жүргізу кезеңі үшін, оны созу мерзімін қоспағандағы ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.

      5. Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының мөлшері Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындалған шекте белгіленеді.

2-тарау. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      6. Уақытша әкімшінің негізгі сыйақысының мөлшері кредиторлардың бірінші жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      7. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақы оңалтуды басқарушы немесе төлем қабілеттілігі жоқ борышкердің лауазымды адамы, сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін немесе оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша әкімшінің банк шотына аудару арқылы төленеді.

3-тарау. Оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      8. Оңалтуды басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      9. Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысы оңалтуды басқарушының өз міндеттерін орындауының барлық кезеңі ішінде кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

      10. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан оңалтуды басқарушының банк шотына аударуы арқылы жүзеге асырылады.

      11. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында, уәкілетті орган белгілеген мөлшерде қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезеңі үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.

4-тарау. Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      12. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша басқарушының өз міндеттерін орындауының барлық кезеңі үшін оның қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

      13. Борышкер банкрот деп танылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны банкроттықты басқарушы ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы төлейді.

      14. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, сондай-ақ негіздердің болмауына байланысты борышкерді банкрот деп танудан бас тартылған жағдайларда уақытша басқарушының негізгі сыйақысын сотқа жүгінген арызданушы уәкілетті орган белгілеген ең төменгі шекте төлейді.

      Сотқа екі және одан да көп кредиторлар жүгінген кезде негізгі сыйақыны төлеу бойынша шығыстар осындай кредиторлардың арасында олардың талаптарына қарай пропорционалды түрде бөлінеді.

      Негізгі сыйақыны төлеу сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарғаннан не соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін ақшалай қаражатты арызданушының банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аударуы арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      15. Банкроттықты басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      16. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңі үшін, оның ұзарту мерзімін есепке алмағанда, кезектен тыс банкроттың мүлкі есебінен өтеледі.

      Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, банкроттық рәсімі аяқталғанға дейінгі банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы, осы ұзартуға дейін кредиторлар жиналысында белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызынан аспауы қажет.

      17. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан банкроттықты басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы өзіне жүктелген міндеттердi орындаудан босатылған немесе шеттетiлген жағдайда, босатылған немесе шеттетiлген күннен бастап оған сыйақы төленбейді.

      19. Осы Қағидалар уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын қоса алғанда, банкроттық туралы істі қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор есебінен өтелген жағдайларға қолданылмайды.

Об утверждении минимального и максимального пределов основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, а также Правил выплаты такого вознаграждения

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 апреля 2017 года № 265. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 мая 2017 года № 15134. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 1 апреля 2020 года № 344.

      Сноска. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 01.04.2020 № 344 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) минимальный и максимальный пределы основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила выплаты основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 183 "Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10808, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 21 мая 2015 года);

      2) подпункт 1) пункта 1 приказа Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года № 705 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 14768, опубликован в информационной системе "Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан" 17 февраля 2017 года).

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов

  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 21 апреля 2017 года № 265

Минимальный и максимальный пределы основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих


п/п

Лицо, получающее вознаграждение

Минимальный предел основного вознаграждения

Максимальный предел основного вознаграждения

1

Временный администратор

15 МРП

30 МРП

2

Реабилитационный управляющий

25 МРП

50 МРП

3

Временный управляющий

15 МРП

30 МРП

4

Банкротный управляющий

25 МРП

50 МРП

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:

      МРП – месячный расчетный показатель, установленный Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 21 апреля 2017 года № 265

Правила выплаты основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" (далее – Закон) и устанавливают порядок выплаты основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих.

      2. Основным вознаграждением для временного администратора и реабилитационного управляющего является установленное собранием кредиторов ежемесячное вознаграждение на весь период осуществления полномочий независимо от его продолжительности.

      3. Основным вознаграждением для временного управляющего является установленное собранием кредиторов фиксированное ежемесячное вознаграждение на весь период осуществления полномочий.

      4. Основным вознаграждением для банкротного управляющего является установленное собранием кредиторов фиксированное ежемесячное вознаграждение на период проведения процедуры банкротства без учета срока его продления.

      5. Размер основного вознаграждения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих определяется в пределах, установленных уполномоченным органом в соответствии с пунктом 1 статьи 13 Закона.

Глава 2. Порядок выплаты основного вознаграждения временному администратору

      6. Размер основного вознаграждения временному администратору определяется на первом собрании кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      7. Основное вознаграждение временному администратору выплачивается реабилитационным управляющим или должностным лицом неплатежеспособного должника после вынесения судом определения об утверждении плана реабилитации или прекращения реабилитационной процедуры, путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет временного администратора.

Глава 3. Порядок выплаты основного вознаграждения реабилитационному управляющему

      8. Ежемесячный размер основного вознаграждения реабилитационного управляющего определяется собранием кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      9. Основное вознаграждение реабилитационного управляющего возмещается за счет имущества должника вне очереди в течение всего периода исполнения реабилитационным управляющим своих обязанностей.

      10. Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет реабилитационного управляющего.

      11. Размер основного вознаграждения пересматривается собранием кредиторов в пределах, установленных уполномоченным органом. Изменение размера основного вознаграждения за отработанный период не допускается.

Глава 4. Порядок выплаты основного вознаграждения временному управляющему

      12. Основное вознаграждение временного управляющего относится к административным расходам и возмещается за счет имущества должника вне очереди по результатам его деятельности за весь период исполнения временным управляющим своих обязанностей, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 14 настоящих правил.

      13. В случае признания должника банкротом основное вознаграждение временному управляющему выплачивается банкротным управляющим путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет временного управляющего.

      14. В случаях прекращения производства по делу о банкротстве, а также отказа в признании должника банкротом в связи с отсутствием оснований, основное вознаграждение временному управляющему выплачивается заявителем, обратившимся в суд, в размере минимального предела, установленного уполномоченным органом.

      При обращении в суд двух и более кредиторов расходы по выплате основного вознаграждения распределяются между такими кредиторами пропорционально их требованиям.

      Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета заявителя на банковский счет временного управляющего, после вынесения судом определения о прекращении производства по делу о банкротстве либо вступления в законную силу решения суда об отказе в признании должника банкротом.

Глава 5. Порядок выплаты основного вознаграждения банкротному управляющему

      15. Ежемесячный размер основного вознаграждения банкротного управляющего определяется собранием кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      16. Основное вознаграждение банкротного управляющего относится к административным расходам и возмещается за счет имущества банкрота вне очереди за период проведения процедуры банкротства без учета срока его продления.

      В случае продления срока проведения процедуры банкротства основное вознаграждение банкротного управляющего до завершения процедуры банкротства не должно превышать пятидесяти процентов от размера основного вознаграждения, установленного собранием кредиторов до такого продления.

      17. Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет банкротного управляющего.

Глава 6. Заключительные положения

      18. В случае освобождения или отстранения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих от исполнения возложенных на него обязанностей вознаграждение ему не выплачивается с даты его освобождения или отстранения.

      19. Настоящие Правила не распространяются на случаи возмещения административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства, включая основное вознаграждение временного и банкротного управляющих, по решению суда за счет кредитора по налогам и другим обязательным платежам в бюджет.