Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20321 болып тіркелді

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегі – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 (екі) ең төменгі жалақы мөлшерінде;

      2) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең жоғары шегі – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 3 (үш) ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15134 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 мамырда "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде" ақпараттық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады