Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 маусымда № 15240 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 5 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 20 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 161 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7678 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары осы Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11131 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Судың бастапқы есебінің қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) судың бастапқы есебі (бұдан әрі – СБЕ) – арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;

      2) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.".

      3. "Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1051 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12626 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініште:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1) өтініш берушінің мекенжайы ______________________________________________;

                                    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон);

      2) өтініш берушінің деректемелері ___________________________________________;

                              (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін - БСН)

      3) су пайдалануға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), байланыс телефоны _________________________________________;

      4) олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі немесе техникалық құрылғының түгендеу нөмірі ____________________________________________________."

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен келісу туралы деректер, ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                        (нормалары, келісу күні мен мерзімі)

                                                                              ".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 19-02/183
бұйрығымен бекітілген

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 92-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.

      Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ерікті негізде тіркеуді жүзеге асырады.

2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібі

      3. Су пайдалануды міндетті тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша тиісті ЖАО жүргізеді.

      4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) ЖАО-ға мыналарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) куәліктің* көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      * ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      3) су шаруашылығы құрылысы немесе құрылғысы паспортының көшірмесі;

      4) өзінің өндірістік зертханасы болған кезде – бактериологиялық санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу бөлігінде санитариялық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы қызметке лицензияның көшірмесі;

      зертханалық зерттеулерді басқа зертханаларда жүргізген жағдайда – зертханалық зерттеулерді жүргізу шартының көшірмесі және аталған зертхананың көрсетілген қызмет түріне арналған лицензиясының көшірмесі;

      5) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын су объектісінің су көздеріне, шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су алу орындарына, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының көшірмесі.

      5. ЖАО өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу журналына мәліметтерді енгізу арқылы тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге су пайдаланудың тіркелгені туралы хат жолдайды.

      Журнал тігілуге, нөмірленуге, басшының қолымен және мөрімен бекітілуі тиіс.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда, өтініш қарауға қабылданбайды.

      7. ЖАО тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің көшірмесін тіркелген күнін көрсете отырып, тиісті бассейндік су шаруашылығы басқармасына жолдайды.

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының су пайдалануды
міндетті тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

                                    (ЖАО толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

      Су пайдалануды тіркеуді сұраймын.

      Су объектісінің атауы және оның сипаттамасы _________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Су тұтынушылардың саны туралы мәліметтер __________________________________

      Суды есепке алу аспаптарының типтері мен саны, оларды тексеру күні

      ________________________________________________________________________________

      20___жылғы "____" _______________.

      ________________________________________________________________________________

            (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты

                                     (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      Өтініш "____"_______________20___жылы қарауға қабылданды.

      ________________________________________________________________________________

            (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органдарының су пайдалануды
міндетті тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу
ЖУРНАЛЫ

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы

Су объектісінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

Тіркелген күні

1

2

3

4

5







О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 апреля 2017 года № 161. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2017 года № 15240

      В соответствии со статьями 26 и 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан -
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Мырзахметов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
___________ Д. Абаев
5 мая 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
___________ Т. Сулейменов
22 мая 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр энергетики
Республики Казахстан
______________ К. Бозумбаев
20 апреля 2017 года

  Утвержден
приказом Заместителя Премьер-
Министра Республики Казахстан
– Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 11 апреля 2017 года № 161

Перечень
приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 апреля 2012 года № 19-02/183 "Об утверждении Правил регистрации заключения уполномоченного органа в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, выдаваемого физическим и юридическим лицам на поверхностные и подземные водные объекты, использующиеся для нецентрализованного питьевого и хозяйственно-питьевого водоснабжения населения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7678, опубликованный 22 декабря 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 444-445 (27263-27264)):

      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы.";

      Правила регистрации заключения уполномоченного органа в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, выдаваемого физическим и юридическим лицам на поверхностные и подземные водные объекты, использующиеся для нецентрализованного питьевого и хозяйственно-питьевого водоснабжения населения, утвержденной указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Перечню.

      2. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 19/1-274 "Об утверждении Правил первичного учета вод" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11131, опубликованный 11 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах первичного учета вод, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) первичный учет вод (далее – ПУВ) – измерение, обработка и регистрация объемов забора поверхностных и подземных вод и (или) их сбросов (расходной и приходной части водохозяйственного баланса), которые осуществляются водопользователями, имеющими разрешение на специальное водопользование;

      2) водозаборное сооружение – комплекс сооружений и устройств для забора воды из водных объектов;

      3) реестр государственной системы обеспечения единства измерений - документ учета регистрации объектов, участников работ и документов в области обеспечения единства измерений.".

      3. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 19-1/1051 "Об утверждении формы заявления на получение разрешения на специальное водопользование и формы разрешения на специальное водопользование" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12626, опубликованный 15 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Заявлении о выдаче разрешения на специальное водопользование, утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Сведения о физическом или юридическом лице:

      1) адрес заявителя _____________________________________________;

      (индекс, город, район, область, улица, № дома, телефон)

      2) реквизиты заявителя _________________________________________;

      (для физических лиц – ИИН, для юридических лиц - БИН)

      3) фамилия, имя, отчество (при его наличии), контактный телефон лица, ответственного за водопользование ____________________________________;

      4) кадастровый номер объекта недвижимости или инвентарный номер технического устройства, при помощи которого осуществляется специальное водопользование ____________________________________.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Удельные нормы водопотребления и водоотведения на единицу продукции и данные об их согласовании с Комитетом по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, за исключением физических или юридических лиц, осуществляющих изъятие водных ресурсов для водоподготовки и (или) доставки водопотребителям для питьевых нужд, деятельность по регулированию поверхностного стока при помощи подпорных гидротехнических сооружений, использование водных объектов без изъятия из них водных ресурсов ____________________________________________________
________________________________________________________________________________

      (нормы, дата и срок согласования)

  Приложение
к Перечню приказов Министра
сельского хозяйства Республики
Казахстан, в которые вносятся
изменения
  Утверждены приказом
Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 18 апреля 2012 года № 19-02/183

Правила обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 92 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и определяют порядок обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы (далее - МИО).

      2. Нецентрализованное питьевое водоснабжение населения не требует получения разрешения на специальное водопользование при заборе воды из водных объектов в объеме до пятидесяти кубических метров в сутки.

      Физические лица, осуществляющие нецентрализованное питьевое водоснабжение для собственных нужд, осуществляют регистрацию на добровольной основе в порядке, определенном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы

      3. Обязательная регистрация водопользования производится соответствующими МИО по месту нахождения водного объекта.

      4. Физические и юридические лица (далее - заявитель) представляют в МИО:

      1) заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копию свидетельства* или справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      * примечание: свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица;

      3) копию паспорта водохозяйственного сооружения или устройства;

      4) при наличии собственной производственной лаборатории – копию лицензии на санитарно-гигиеническую, противоэпидемиологическую деятельность в части проведения бактериологических санитарно-химических исследований;

      в случае проведения лабораторных исследований в других лабораториях копию договора на проведение лабораторных исследований и копию лицензии данной лаборатории на указанный вид деятельности;

      5) копию положительного заключения уполномоченного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения о соответствии водного объекта, используемого при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-питьевом водоснабжении населения санитарно-эпидемиологическим требованиям к водоисточникам, местам водозабора для хозяйственно-питьевых целей, хозяйственно-питьевому водоснабжению и местам культурно-бытового водопользования и безопасности водных объектов.

      5. МИО в течение двух рабочих дней после предоставления заявителем всех документов, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил, осуществляет регистрацию путем внесения сведений в журнал обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам и направляет письмо заявителю о регистрации водопользования.

      Журнал должен быть прошнурован, пронумерован и скреплен подписью руководителя и печатью.

      6. В случае не полного предоставления документов, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил, заявление к рассмотрению не принимается.

      7. После осуществления регистрации МИО в течение пяти рабочих дней направляет копию заявления в соответствующее бассейновое водохозяйственное управление с указанием даты регистрации.

  Приложение 1
к Правилам обязательной
регистрации водопользования
местными исполнительными
органами областей, городов
республиканского значения,
столицы
  Форма

      в ________________________________________________________________________

      (полное наименование МИО)

      от ________________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, наименование
                              юридического лица)

ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу зарегистрировать водопользование.

      Наименование водного объекта и его характеристика _________________

      Сведения о количестве водопотребителей ___________________________

      Типы и количество приборов учета воды, дата их поверки______________

       "__" _________ 20 __ года

      ____________________________________________________________________

      (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или
                        руководителя юридического лица)

      Место печати (при наличии)

      Заявление принято к рассмотрению "__" _________ 20__ года

      _____________________________________________________________________

      (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) принявшего заявление)

  Приложение 2
к Правилам обязательной
регистрации водопользования
местными исполнительными
органами областей, городов
республиканского значения,
столицы
  Форма

ЖУРНАЛ
обязательной регистрации водопользования местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица, наименование юридического лица

Наименование водного объекта

Заключение уполномоченного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Дата регистрации

1

2

3

4

5