Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11131 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің

      37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 21 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 8 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздығы
№ 19/1-274 бұйрығымен
бекітілген

      Ескерту. Қағиданың жоғары оң жақ бұрышындағы мәтіні жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2016 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Судың бастапқы есебінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) судың бастапқы есебі (бұдан әрі – СБЕ) – арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;

      2) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2017 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-тарау. Суды бастапқы есепке алу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бастапқы су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін:

      1) көмегімен су алу немесе ағызу жүзеге асырылатын суды өлшеу, жинау және ағызу орындарының нөмірін көрсете отырып, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғылардың, сондай-ақ осындай суларды қосалқы су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптарының орналасу схемасы жасалады;

      2) СБЕ журналдарын жүргізеді.

      4. Су шығыстарын өлшеу су тарту құрылыстарында және сарқынды суларды шығару орындарында:

      1) жер үсті және жер асты суларын алуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін кезеңділігі он күнтізбелік күнде бір реттен сирек емес;

      2) тіреуіш құрылыстар, су тораптары, каналдар (магистральдық, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) үшін кезеңділігі күніне бір реттен сирек емес;

      3) сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін кезеңділігі он күнтізбелік күнде бір реттен сирек емес жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 № 543 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ашық арынсыз каналдарда су шығыстарын өлшеу үшін стандартты суағызғылар және науалар, сондай-ақ бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғылары қолданылады.

      6. Стандартты су ағызғылар мен науалар орнатылған орындарда су шығыстары су шаруашылығы құрылыстарының типіне байланысты мына тәсілдермен:

      1) деңгей өлшеуіш мөлшер қаданың және шығыстар кестесінің көрсеткіштері бойынша;

      2) анықтап тексерілген су тартуды реттегіш және (немесе) ағызу құрылыстарының кестесі бойынша анықталады.

      7. СБЕ нәтижелері:

      1) жер үсті және жер асты суларын алуды жүзеге асыратын құрылыстар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен есепке алу журналында;

      2) тіреуіш құрылыстар, су тораптары, каналдар (магистралды, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу құрылғылармен есепке алу журналында;

      3) сарқынды суларды ағызу құрылыстары үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағызылатын сарқынды (дренаж) сулардың сапасын есепке алу журналында тіркеледі.

      8. СБЕ жүргізуге арналған журнал тігілуі, нөмірленуі, сондай-ақ, бірінші басшының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталуы тиіс. Журналда өлшеуді жүргізуді бастаған күн көрсетіледі.

      9. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электронды (Excel форматында) тасымалдағыштарда бассейндік су шаруашылығы басқармаларына ұсынылады.

      10. Өлшеу құралдарын және өлшеу аспаптары мен қондырғыларын таңдауды өлшеу құралдарын орналастыратын үй-жайлардың болуы есебімен, судың ең төменгі және ең жоғарғы пайдалану шығыстарымен және олардың ауытқу кестелерімен, су шығысын өлшегіштер орнатылатын су құбырларындағы артық қысыммен немесе вакууммен, сорғы агрегаттарының түрлерімен (сорғы станциялары үшін), сарқынды сұйықтықтың құрамымен, судың ластану деңгейімен және температурасымен су пайдаланушы айқындайды.

      Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшеу құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салыстырылып тексерiледi.

      11. Су тарту (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда су есебі соңғы көрсеткішті жазған сәттен бастап ақаусыз өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы күнтізбелік он күнге арналған орташа тәуліктік шығыстар бойынша жүргізіледі.

  Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптарымен есепке алу
журналы

Су шығысын өлшеу күні

Су шығысын өлшегіштің (аспаптың) көрсеткіштері

Су шығысын өлшегіштің жұмыс уақыты, тәулік

Аспапты түзетудің немесе анықтап тексерудің коэффициенті

Су алудың көлемі, текше метр/тәулік, (4 баған х 6 баған)

Есепке алуды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы

алдыңғы

өлшеу сәтіндегі

көрсеткіштер айырмасы (3 баған - 2 баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Есепті айдағы жиыны









Жыл басынан бері өспелі жиыны










      Су пайдалануға жауапты адам тексерді:

      ___________________________________________ 20___жылғы "___"_________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы мөр орны

  Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу құрылғылармен есепке алу журналы

Су шығысын өлшеу күні

Q=f(H) қисығы бойынша су бекеті диограммасының көрсеткіші (текше метр/секунд)

Бекет арнасын анықтап тексеру коэффициенті

Бекеттің тәуліктегі жұмысының сағат саны, (сағат)

Су алудың көлемі, текше метр/тәулік,(2 баған х 3 баған х 3600 секунд)

Есепке алуды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолы

1

2

3

4

5

6

7











































Есепті айдағы жиыны







Жыл басынан бері өспелі жиыны








      Су пайдалануға жауапты адам тексерді:

      ___________________________________________ 20___жылғы "___"_________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы мөр орны

  Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Ағызылатын сарқынды (дренажды) сулардың сапасын есепке алу
журналы

Күні

Ингредиент атауы

Ингредиенттің шоғырлануы, миллиграмм/текше дециметр

Сарқынды (дренажды) сулардың шығысы, тәулігіне/мың текше метр

Ағызылатын ингредиенттің мөлшері, килограмм

Талдауды жүзеге асыратын адамның қолы

1

2

3

4

5

6














      Су пайдалануға жауапты адам тексерді:

      ___________________________________________ 20___жылғы "___"_________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы мөр орны

  Судың бастапқы есебінің
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

20___ жылғы_________тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу
нәтижесінде алынған мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.04.2016 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Су пайдаланушының атауы______________________________________________

      (жеке және заңды тұлғаның толық атауы)

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (Жеке сәйкестендiру нөмiрi) _____________

      _____________________________________________________________________

      Оған сәйкес су ресурстарын алуға (алып тастауға) құқық белрілген құжаттың деректемелері ______________________________________________

      Су есептеуіш аспаптың маркасы________________________________________

      Су есептеуіш аспаптың соңғы тексеру күні ____________________________

Су объектісінің атауы (су шаруашылығы құрылысының немесе жер бедерінің)

Су тартқыштың (су ағызғыштың) координаттары

Су тартқыштың (су ағызғыштың)

Су алудың (су ағызудың) белгіленген көлемі, мың текше метр

Есепті тоқсандағы су алудың (су ағызудың) нақты көлемі, мың текше метр

енділігіне

нөмірі ұзақтығына

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

Арнайы су пайдалануға рұқсатта

Ағымдағы жылдың белгіленген лимитіне сәйкес

тоқсанына барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


      кестенің жалғасы

Есепті тоқсандағы су алудың (су ағызудың) нақты көлемі,

мың текше метр

Қосалқы су пайдаланушыларға су беруді есептеу торабының нөмірі

Қосылқы су пайдаланушыларға берілді

Ысырап

нормативтік

нормативтен тыс

оның ішінде

тоқсанына барлығы

оның ішінде

1 ай

2 ай

3 ай

1 ай

2 ай

3 ай

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21


      Су пайдалануға жауапты адам тексерді:

      ___________________________________________ 20___жылғы "___"_________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, қолы мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады