"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 41-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөнінде жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 9 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиажолаушыларға әуе кемесі бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Халықаралық ұшуларды орындау кезінде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағында, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай ұшулар жүзеге асырылатын елдің заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Әуе кемесінің бортында әуежолаушыларға, кейбір жағдайларда әуе кемесінің экипажына дәрігерге дейінгі, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық бұйымдарды қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.
Науқаста бар және дәрігер тағайындаған медициналық бұйымдарды пайдаланған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісінде (бұдан әрі - Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі) жазба жазылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) алғашқы көмек – бұл оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізетін, шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін құтқаруға, асқынулардың алдын алуға арналған, сондай-ақ кезек күттірмейтін жағдай кезінде зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді төмендету мақсатындағы жедел базалық іс-шаралар кешені.
Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар көрсете алады;
4) алғашқы көмек жиынтығы "first aid kit" (бұдан әрі – алғашқы көмек жиынтығы) – әуе кемесінің бортында алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдар;
5) әуежай – әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
6) әуе кемесі – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
7) әуе кемесінің ұшуы – әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;
8) әуе кемесінің экипажы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiпте ұшуды орындау бойынша әуе кемесін басқару және оған қызмет көрсету жөнiндегі белгiлi бiр мiндеттердi атқару тапсырылған авиация персонал;
9) әмбебап профилактикалық жиынтығы "universal precaution kit" (бұдан әрі – әмбебап профилактикалық жиынтығы) – әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және этиологиясы анық емес аурулармен ауруларға күдікті науқас адам (мәйіт) анықталған жағдайларда бастапқы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;
10) бортсерік – қауіпсіздік мүддесінде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында оған әуе кемесінің пайдаланушысы немесе командирі тапсыратын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын міндеттерді орындайтын авиация персоналына жататын тұлға;
11) борттық дәрі қобдишасы – дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жиынтығы;
12) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедек адамдар мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;
13) дәрілік зат затты не заттардың комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
14) деконтаминация – адам немесе жануар денесінің үстіндегі, тұтыну үшін дайындалған өнімдегі немесе өнім ішіндегі, не басқа да заттардағы, оған қоса жолаушылардың денсаулығы үшін қауіпті тасымалдау құралдарындағы жұқпалы және уытты агенттерді жоюға арналған рәсім;
15) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуе тасымалы шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке тұлға;
16) жолаушылар салоны – әуе кемесі жолаушылар кабинасының жолаушылар креслоларымен жабдықталған және жолаушыларды орналастыруға арналған бөлігі;
17) инфекциялық және паразиттік аурулар – өмір сүру ортасының биологиялық факторларының әсерінен пайда болатын және таралатын, ауырған адамнан, жануардан сау адамға жұғу ықтималдығымен байланысты адам аурулары;
18) кабиналық экипаж мүшесi – қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
19) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
20) медициналық құралдар жиынтығы "medical kit" (бұдан әрі – медициналық құралдар жиынтығы) – әуе кемесінің бортында медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жиынтығы;
21) медициналық пункт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсететін азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
22) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
23) ұшуға арналған тапсырма – ұшу (ұшулар) бағыты мен мақсатын айқындайтын, экипаж, әуе кемесі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын белгіленген нысандағы құжат;
24) ұшу қауіпсіздігі – ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;
25) ұшу экипажының мүшесі – авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
26) халықаралық ұшу – ұшу кезінде әуе кемесі шетел мемлекеттерінің шекарасын кесіп өтетін ұшу;
27) шұғыл медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Әуежайдың медициналық пунктінде және әуе кемесі тұрақта тұрған кезде
оның бортында медициналық көмек көрсету тәртібі
7. Медициналық пункттің (бұдан әрі – медпункт) қызметкерлері әуе кемесінің жолаушылары мен экипажына әуежай аумағында, сондай-ақ әуе кемесі тұрақта тұрған кезде оның бортында медициналық көмек көрсетеді.
8. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Медпунктте медициналық қызметтер кешенін және әуежай аумағындағы санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек нысандарында медициналық көмек көрсетіледі.
Медициналық пункттің қызметі осы Қағидаларға 4-тарауға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Бортта медициналық көмек қажет науқас жолаушы бар екендігі туралы хабарламаны алған кезде, медпункттің медициналық қызметкері әуе кемесінің тұрақта тұрған кезінде келіп, науқасқа тиісті көмек көрсетеді және жолаушының одан әрі қарай ұшуы (емханаға жатуы) туралы шешімді қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жолаушы медпунктке медициналық көмекке жүгінген кезде:
1) жолаушыға медициналық тексеру жүргізіледі, алдын ала диагноз қойылады және қажетті медициналық көмек көрсетіледі;
2) жолаушыға қысқа мерзімді демалыс және оны бақылау қамтамасыз етіледі;
3) стационарлық емдеу үшін көрсетілімдер болған кезде науқас белгіленген тәртіппен аумақтық денсаулық сақтау органының емдеу мекемесіне жіберіледі;
4) әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетілімдер болған кезде науқас жолаушы ұшудан шеттетіледі, оған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын анықтама беріледі;
5) тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчері ұшудан шеттетілген жолаушы туралы хабардар етіледі;
6) Жолаушылардың медициналық көмекке жүгіну және медициналық көмекті тіркеу журналына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-1. Шетелдік жолаушыларға медициналық көмек көрсету:
1) кедендік ресімдеуден өткен жерде - сол жерде, сондай-ақ кеден органы қызметкерінің рұқсатымен - медпунктте;
2) визасы жоқ адамдарға – науқастың болған жерінде;
3) санитариялық - карантиндік пункттегі (бұдан әрі – СКП) немесе санитариялық-карантиндік бақылаудағы (бұдан әрі – СКБ) медпункттің медицина қызметкері СКП немесе СКБ дәрігерімен бірлесіп жүргізеді.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Медициналық пункттің кезекші медициналық қызметкері денсаулық жағдайына байланысты авиажолаушыны одан әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер анықталған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын ұшудан шеттету анықтамасын бере отырып ұшудан шеттетуді жүзеге асырады.
13. Жолаушыларға азаматтық авиацияның әуе кемелерінде ұшуға медициналық көрсетімдер (қарсы көрсетімдер) мәселелері бойынша кеңес беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді (авиажолаушыларды) тасымалдауға медициналық көрсетімдер (қарсы көрсетімдерге) бойынша жүргізіледі.
Науқас жолаушының әуе көлігімен тасымалдануының жай-күйін анықтау науқасты жіберетін емдеу-алдын алу мекемесінің құзыретіне жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Медициналық көмек науқастың орналасқан жерінде немесе медициналық айғақтары бойынша медпунктте көрсетіледі.
15. Әуежайдың аумағында авиациялық оқиға туындаған кезде медпункттің медициналық қызметкерлері осы Қағидаларға 5-тарауға сәйкес авариялық құтқару жұмыстарына авариялық-құтқару командасының құрамында қатысады.
Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсету және сұрыптау мақсатында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес зардап шеккендерді біріздендіру карточкасы пайдаланылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Әуе кемесінің бортында (ұшу барысында) медициналық көмек көрсету тәртібі
16. Әуе кемесінің бортында жолаушылар арасында медицина қызметкері болған жағдайда дәрігерге дейінгі, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және маңызды халықаралық мәні бар этиологиясы айқын емес ауруларға күдік тудыратын науқас адам, жолаушы (экипаж) мүшесі қаза болуы анықталған жағдайларда алғашқы іс-шаралар жүргізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Әуе кемесі бортындағы дәрілік заттарды пайдалана отырып алғашқы көмек тиісті даярлықтан өткен әуе кемесінің кабиналық экипажы мүшелері немесе әуе кемесінде кабиналық экипажы көзделмеген кезде ұшу экипажы мүшелерімен көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Пайдаланушы әуе кемесінде медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтықтар мен дефрибиллятордың мына түрлерінің болуын қамтамасыз етеді:
1) алғашқы көмек жиынтығы (жиынтықтары);
2) медициналық құралдар жиынтығы (жиынтықтары);
3) әмбебап профилактикалық жиынтық (жиынтықтар);
4) автоматтық сыртқы дефрибиллятор.
Борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, борттық дәр дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың орналасуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес реттеледі.
Борттық жиынтықтарды жинақтау, сақтау және оның құрамындағы медициналық және өзге де басқа заттарды кәдеге жарату жөніндегі басшылық нұсқау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес реттеледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Алғашқы көмек көрсету үшін алғашқы көмек жиынтығы қолданылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Алғашқы көмек жиынтығын әуе кемесі экипажының кез келген мүшесі қолданады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Алғашқы көмек жиынтығының дәрілік заттары тиісті даярлықтан өткен экипаж мүшелері береді.
Медициналық құралдар жиынтығының дәрілік заттарын медициналық қызметкер (ауызша, жазбаша, қашықтықтан) берген ұсыныс және кеңес бойынша қолданады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Жолаушының денсаулығы медициналық қызметкердің араласуын талап ететін күйде болған кезде, аға бортсерік ол туралы әуе кемесінің командиріне келу әуежайына ақпарат жіберу үшін хабарлайды.
26. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жолаушының жағдайы жақсармаса, жолаушының өміріне қауіп төндіретін белгілер пайда болса, аға бортсерік әуе кемесінің командиріне науқастың жағдайы нашарлағаны туралы баяндайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Әуе кемесінің командирі ұшуды жалғастыру авиажолаушының денсаулық жағдайына қауіпті деп санаған жағдайда шұғыл қонуды жүзеге асырады.
28. Әуе кемесінің бортынан науқастың бар екендігі хабарлама беру бірізділігі:
1) әуе кемесінің командирі хабарламаны әуедиспетчерлік қызметке береді;
2) әуедиспетчерлік қызмет хабарламаны әуе кемесінің келу (шұғыл) қону әуежайына хабарлайды;
3) келу (шұғыл) қону әуежайы елінің денсаулық сақтау органдарына хабарлайды.
Келу (шұғыл) қону әуежайы елінің денсаулық сақтау органдары, әуежайдың құзыретті органдары ауру туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін авиакомпаниямен байланысады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Жолаушыға медициналық көмек көрсетуде тиімді ден қою үшін кабиналық және ұшу құрамының мүшелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" әрекет ету алгоритмін қолданады.
30. Медициналық білімі бар жолаушыны медициналық көмек көрсетуге тарту үшін дауыс зорайтқыш байланысты пайдалану қажет.
31. Дәрігерге дейінгі, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін алғашқы көмек жиынтығы, сондай-ақ медициналық құралдар жиынтығы қолданылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Медициналық құралдар жиынтығын әуе кемесінің бортындағы медициналық білімі бар жолаушы, не болмаса, аға бортсерік (ауызша, жазбаша, қашықтықтан) медициналық қызметкерден ұсыныс және кеңес алғаннан кейін қолданады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Кабиналық экипаж мүшесі, қажет болған кезде, медициналық білімі бар жолаушының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
34. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Медициналық көмек көрсету бланкісі барлық борттық дәрі қобдишаларында сақталады, олардың саны жүкқұжатта көрсетіледі.
37. Медициналық көмек көрсету бланкісін ресімдеу медициналық көмек көрсетіліп болғаннан кейін жүзеге асырылады. Жазу анық (жазу үлгісімен) жазылады және барлық бағандар толтырылады.
38. Медициналық көмек көрсету бланкісі екі данада жасалады. Түпнұсқасы науқасқа немесе оны ертіп жүрген тұлғаға беріледі, көшірмесі ұшуға арналған тапсырмаға тіркеліп, ұшып келгеннен кейін авиакомпанияға қайтарады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Медициналық көмек көрсету бланкісінің көшірмесі одан әрі қарай ұшып келу, жедел қону әуежайының немесе авиакомпанияның (бар болған жағдайда) медициналық қызметке немесе медициналық қызметкерге (болған жағдайда) есепке алу үшін беріледі.
40. Егер экипаж мүшелерінде немесе жолаушыларда ұшу алдында инфекциялық және паразитарлық аурулардың белгісі бар болса, олар әуе кемесі бортына жіберілмейді.
Әуе кемесінің кабиналық экипаж мүшелері немесе ұшу экипаж мүшелері жұқпалы және паразитарлық аурулардың белгілері туралы білімдері бар.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Әуе кемесі экипажының мүшелерінің жұқпалы аурулардың белгілері туралы білімдері болуы тиісті.
41. Жұқпалы және паразиттік аурулардың белгілері бар науқас анықталған жағдайда кабиналық және ұшу экипажының әрекет ету алгоритмі осы Тәртіпке 8-қосымшада қарастырылған.
42. Зақымданған аудандары бар елдерге ұшатын әуе кемелері қорғану киімдерімен, қажетті медициналық жабдықпен, емдік және профилактикалық дәрі-дәрмектермен, дезинфекциялайтын, дезинсекциялайтын құралдармен және ратицидтермен жарақталады.
43. Әуе кемесінің командирі ұшу кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылардың және экспаждың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды.
44. Егер жерден медициналық қолдау болса, әуе кемесі экипажының мүшелері, қажет болған кезде, олардың медициналық ұсыныстарын орындайды.
45. Эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізу үшін әмбебап жиынтық қолданылады.
46. Әмбебап профилактикалық жиынтықты әуе кемесі экипажының кез келген мүшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әмбебап профилактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсынымға сәйкес пайдалана алады.
47. Рейсте эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізетін экипаж мүшесі рейс кезінде әуе кемесі бортында жұқпалы ауруы бар науқас анықталған жағдайдағы экипаж мүшелерінің алгоритмі, әмбебап профилактикалық жиынтықты пайдалану бойынша ұсынымды пайдаланады және осы құжаттардың орындалуын қадағалайды.
48. Аға бортсерік авиакомпанияның (болған кезде)/келу (шұғыл қону) әуежайының медициналық қызметіне немесе дәрігеріне қызметтік жазба жасау арқылы әмбебап профилактикалық жиынтықты әрбір қолдану туралы хабарлайды.
4-тарау. Азаматтық авиация ұйымының (пайдаланушының) медициналық пунктінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49. Медпунктті меңгеруші (дәрігер, орташа медицина қызметкері) басқарады.
50. Медпункт меңгерушісінің әкімшілік бағыныстылығын, құрылымы мен штатын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы айқындайды.
51. Медпункт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы бекітеді, медициналық мәселелер бойынша медпункт меңгерушісі уәкілетті ұйымның Авиациялық медицина департаментімен өзара іс-қимыл жасайды.
52. Медпункт:
1) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) және медпункт кабинеттерінің (ауданы) тізбесіне және оларды жарақтандыру осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес үй-жайлармен және қажетті мүлікпен;
2) сумен жабдықтау, жылыту, электр энергиясымен;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерімен (ұшу басшысымен), өндірістік-диспетчерлік қызметпен және аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық жәрдем станциясымен тікелей телефон байланысымен;
4) интернетпен және радиобайланыспен;
5) әуе кемелерінің әуежайда барлық ұшу уақытында, әуежайдың басқа бөлімшелерімен байланыс үшін, күнделікті жұмыс үшін және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар кезінде авариялық жабдықты жедел іске қосу үшін кезекші санитариялық радиофицирленген автокөлікпен;
6) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Медпункттің дәрілік заттар тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
53. Медпункттің жұмыс кестесі азаматтық авиация ұйымының (пайдаланушының) жұмыс регламентіне сәйкес келеді.
54. Медпункт үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, перронға және күту залына шығатын есігі, санитариялық көлік үшін ыңғайлы кіреберісі болады. Есіктердің ені және олардың орналасуы зембілдермен өтуді қамтамасыз етеді.
55. Медпунктте:
1) күту орны;
2) қабылдау бөлмесі (медициналық қарап-тексеру бөлмесі);
3) дәрігерге дейінгі (шұғыл және кезек күттірмейтін) медициналық көмек көрсетуге арналған бөлме;
4) санитарлық торабы бар изолятор;
5) қосалқы үй-жайлар (авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу кезінде медициналық мүлікті, карантиндік инфекциямен науқас (күдікті) анықталған жағдайда өз құзыреті шегінде эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған құралдарды сақтау үшін).
56. Медпункттің заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін тиісті кіші түрдің медициналық қызметіне лицензиясы болады.
57. Медпункт медициналық құжаттаманы жүргізеді және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның Авиациялық медицина департаментіне азаматтық авиация ұйымдарының медпункт қызметі туралы есеп береді.
58. Медпункт міндеттері:
1) ұшуларды медициналық қамтамасыз ету;
2) жолаушыларға, азаматтық авиация ұйымының қызметкерлеріне және авиациялық персоналға медициналық көмек көрсету;
3) өз құзыреті шегінде инфекциялық және карантиндік аурулардың таралуына жол бермеу бойынша алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
59. Медпункт қызметі:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын 3-тарауға сәйкес әуе кемелері экипаждарының мүшелерін ұшу алдындағы медициналық қарап-тексеруді және авиадиспетчерлерді ауысым алдындағы медициналық қарап-тексеруді жүргізу;
2) азаматтық авиация ұйымы қызметкерлерінің ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу;
3) авиация персоналын кезекті медициналық куәландыруға дайындау (авиакомпания үшін);
4) авиация персоналы мен жұмыскерлерінің (штатында дәрігер, авиация персоналы болған кезде) денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу;
5) жолаушыларға, қызметкерлерге және авиация персоналына дәрігерге дейінгі, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
6) медициналық қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде азаматтық авиация ұйымының жауапкершілігі аумағында авиациялық оқиға кезінде авариялық-құтқару жұмыстарына қатысу;
7) экипаж мүшелері мен жолаушыларға ұшуда медициналық көмек көрсету үшін борттық дәрі қобдишаларын бақылау (авиакомпания үшін);
8) мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп азаматтық авиация ұйымдарында жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықтың, жарақаттанудың себептерін есепке алуды және талдауды жүргізуге қатысу;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы бастапқы іс-шараларды ұйымдастыру;
10) жұмыс практикасына ғылымның, клиникалық және авиациялық медицинаның қазіргі заманғы жетістіктерін енгізу;
11) азаматтық авиация ұйымында жұмыс істейтіндердің денсаулығын, кәсіби жұмыс қабілеттілігін және ұзақ өмір сүруін нығайту және сақтау мақсатында салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру;
12) медпункттің функцияларына қатысты бөлігінде қызмет процесінде медпункттің денсаулық сақтау және азаматтық авиация ұйымдарымен өзара іс-қимылы;
13) денсаулық жағдайы бойынша шеттету:
экипаж мүшесін – ұшудан;
авиадиспетчерді – ауысымнан;
жолаушыны – ұшудан;
қызметкерді – жұмыстан;
14) азаматтық авиацияның әуе кемелерінде ұшу үшін медициналық көрсетілімдер немесе қарсы айғақтар мәселелері бойынша жолаушыларға консультация беру.
60. Медпункттің атауы көрсетілген ұшу алдындағы (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мөртабаны (бар болса) болады.
5-тарау. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 5-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
61. Әуежай аумағында авиациялық оқиға туындаған кезде медпункттің медицина қызметкерлері авариялық-құтқару команда (бұдан әрі – АҚК) құрамында іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысады.
Медпункттің медицина қызметкерлерінің іс-қимылы "Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12216 болып тіркелген) сәйкес ұшудың жергілікті жағдайлары мен қарқындылығын ескере отырып әзірленген Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Авариялық жоспармен (бұдан әрі Авариялық жоспар) айқындалады.
62. Медициналық персонал авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу кезінде Авариялық жоспардың құрамдас бөлігі болып табылатын Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспарын басшылыққа алады.
Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспарын күнтізбелік жылға азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді және оны аумақтық денсаулық сақтау органның Қоғамдық денсаулық департаментінің (Басқармасының) басшысымен келіседі.
Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспары медпункттің кезекші медицина персоналының құжаттар топтамасында болады және ауысым бойынша беріледі. Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспарынан үзінділер оларға қатысты бөлігінде аумақтық денсаулық сақтау органдарында болады.
63. Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспарында мыналар көзделеді:
1) іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібі;
2) АҚК медициналық жасағын қалыптастыру тәртібі;
3) "Дабыл" немесе "Дайындық" сигналдарын беру тәртібі;
4) "Дабыл" немесе "Дайындық" сигналдарын алғаннан кейін медпункттің кезекші медицина персоналының, АҚК медициналық жасақ басшысының іс-қимылы;
5) әуежайдың, аумақтық денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелерінің, жедел жәрдем станцияларының, шұғыл медициналық көмек қызметінің қызметкерлерін (күндіз, кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері) жауапты лауазымды тұлғалардың телефон нөмірлері (телефон тізімдері жүйелі түрде нақтыланады) және басқа байланыс бойынша хабардар ету тәртібі;
6) АҚК медициналық жасақтың авиациялық оқиға орнына баратын жолы;
7) медпунктте қалатын кезекші медицина персоналының іс-қимылы;
8) жедел медициналық көмек станциясының және (немесе) шұғыл медициналық көмек қызметінің кезекші дәрігерінің іс-қимылы;
9) зардап шеккендерді эвакуациялау үшін емдеу мекемелері, авариялық ұшыраған әуе кемесінің үлгісіне сәйкес эвакуациялау үшін қажетті санитариялық көлік саны.
64. Емдеу-эвакуациялық іс-шаралар жоспарына мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) АҚК медициналық медициналық жасақтың хабардар ету схемасы;
2) әуеайлақ ауданының, тұрақтардың және әуеайлақ бойынша көлік қозғалысы жолдарының орналасу схемасы;
3) әуежай қызмет көрсететін әуе кемелерінде авариялық шығуларды орналастыру схемасы және оларды ашу тәртібі;
4) АҚК медициналық жасағына кіретін медпункт персоналының тізімі;
5) күшейту тобының құрамы, оны хабардар ету, жинау және жеткізу схемасы;
6) емдеу мекемелерінің орналасу картасы және оларға баратын жол.
65. Авиациялық оқиға орнында АҚК медициналық жасақтың іс-қимылы:
1) эвакуациялау құралдары келгенге дейін АҚК медициналық жасағы:
зардап шеккендерді сұрыптайды, тасымалдау тәртібі мен кезектілігін анықтайды, зардап шеккендерді эвакуациялауға дайындайды. Зардап шеккендерді сұрыптау кезінде зардап шеккендерді біріздендіру карточкалары пайдаланылады.
АҚК есеп айырысу күшімен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді басқарады;
зардап шеккендерге шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді;
зардап шеккендерді эвакуациялау құралдарына келу үшін қауіпсіз және ыңғайлы жерде жинауды жүзеге асырады;
2) эвакуациялау құралдары келгеннен кейін АҚК медициналық жасағы зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне жібереді және қалған зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастырады.
66. АҚК медициналық жасағын жарақтандыру:
1) санитариялық автомобиль және (немесе) медициналық фургон:
санитариялық автомобиль АҚК медициналық жасағы авиациялық оқиға орнына немесе жинау орнына жеткізуді қамтамасыз етеді. Авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізу кезеңінде санитариялық автокөліктің жүргізушісі медпункттің кезекші дәрігеріне (орта медицина қызметкеріне) бағынады;
санитариялық автомобильде өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі ингаляторы, зембілдер, қатты қалқан қатты қалқан, электр шамы үнемі болады;
2) медициналық жасаққа арналған жиналмалы сөмке:
жиналмалы сөмкелер зардап шеккен он адамға медициналық көмек көрсету есебінен дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады;
жиналмалы сөмкелер саны азаматтық авиация ұйымы қызмет көрсететін ең үлкен әуе кемесінің түрімен айқындалады;
жиналмалы сөмкелер пломбаланған түрде дәрілік заттар үшін тиісті температуралық режим қамтамасыз етілген жағдайда медпунктте (немесе медициналық фургонда) сақталады;
әрбір жиналмалы сөмкеге жарамдылық мерзімі көрсетілген дәрілік заттардың тізімдемесі салынады.
Медициналық фургон мен жиналмалы сөмкелер осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес медициналық фургонды жарақтандыру тізбесіне және 15-қосымшаға сәйкес жиналмалы сөмкесін жарақтандыру тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және авариялық жарақтармен жинақталады.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Жолаушының авиабилетін қайтаруға негіз болатын ұшудан шеттетуге арналған
№ _______ анықтама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, күні, айы)
ол денсаулық жағдайына байланысты ұшудан шеттелгені үшін берілді және ұша алмайды.
Рейс № ____________________________ Ұшу күні ________________________
Авиабилет қайтарылуы тиіс.
Диагноз: ___________________________________________________________
Медпункттің медициналық қызметкері _________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)
Авиакомпания өкілі __________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)
Авиакомпания өкілі __________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы
Мөр орны (бар болса).Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді/авиажолаушыларды
тасымалдауға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдер
Диагноздар | Авиациялық медицинада тәжірибесі бар дәрігердің бағалауы | Жарамды | Түсіндірме | |||
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы | ||||||
Жүрек қыспасы | Тұрақсыз жүрек қыспасы немесе жүктемесі төмен жүрек қыспасы | Емдік дәрілермен бақыланады. Тыныштық күйде білінбейді | ||||
Миокард инфарктісі | Соңғы 10 күн ішінде болған немесе жоғары тәуекелмен (ФВ <40%, жүрек жеткіліксіздігі, бұдан әрі тексерудің қажеттілігі, реваскуляризация немесе емдеуге арналған қосымша құрылғы | асқынып кетпесе ≥10 күн және одан астам | ||||
Жүрек жеткіліксіздігі | Асқынған жүрек жеткіліксіздігі немесе бақыланбайтын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Егер жүрек жеткіліксіздігі бақыланатын болса және жағдайы қалыпты болса | Егер 50 метр жүре алатын болса немесе қалыпты қарқынмен сатымен жоғары демікпестен көтерілетін болса қалыпты бақылау. Олай болмаған жағдайда ұшу уақытында оттегі қажет. | |||
Өкпе ісінуі | Рұқсат етілмеген | Рұқсат етілген өкпе ісінуі немесе кез келген қоздыратын фактор | Миокард инфаркты кезінде тактика сақтау талап етілуі мүмкін | |||
Туа біткен жүрек кемістігі | Барлық жағдайлар | Ұшу кезінде барлық жағдайларда оттегі қажет | ||||
Жүрекке жасалған оталар | Жүрекке ота 9 күн және ҚТАТ және жүрек құлақшасына хириугиялық араласу кезінде үшін одан аз күн. ЖААК, ЖҚАК, трансплантация бойынша жақында жасалған оталар және басқалары | 10 күн және одан артық |
ЖААК – жүрекше алды аралығындағы кемістік | |||
Ангиография/коронарография | 24 сағат және одан аз | Жағдайы қалыпты болса, 24 сағат және одан артық | ||||
Стенталы және стентасыз ангиопластика | 2 күн және одан аз | Симптомсыз болса, онда 3 күн және одан артық | ||||
Пейсмекер немесе дефибриллятор имплантациясы | Пневмоторакс болмаса және жүрек соғысы қалыпты болса, онда 2 күн және одан артық | |||||
Радиожиілікті абляция | 2 күн және одан артық | Пациент апта бойы ұшады және терең күретамырларда қанның ұю қаупі жоғары | ||||
Аяқ көктамырларының тереңде ұйып қалуы | Егер ағымы белсенді болса | Симптомсыз өтіп жатса | Ішетін антикоагулянттармен жағдайы тұрақты | |||
Өкпе эмболиясы | Егер жағдай 4 және одан да аз күн ішінде болған болса | Егер антикоагуляция тұрақты болса, 5 және одан да артық күн, PAO 2 бөлме жағдайларында қалыпты | Ха факторының жаңа тура ингибиторы-мен жарамды бола алады | |||
Қантүзілімінің бұзылуы | ||||||
Анемия | Созылмалы аурулар болмаса, гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) аз | Гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) артық |
Егер асқынған анемия болса, гемоглобиннің деңгейін соңғы тоқтатылған қан жоғалтудан кейін | |||
Орақ-жасушалы анемия (Sickle cell disease) | Орақ-жасушалы анемия эритроциттерініңалдыңғы 9 күндегі өнімділігі | 10 және одан да артық күн | Әрдайым оттегімен қолдап отыру керек | |||
Тыныс алу жүйесінің аурулары | ||||||
Пневмоторакс (үшкір қарудан болған жараға байланысты өкпе айналасындағы ауа немесе күтпеген пневмоторакс) | Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 6 және одан да аз күн. Жағдайы адекватты болса, онда жарамды, "Heimlich" үлгісінің дренажымен ерте тасымалдау және дәрігердің немесе мейіргердің еріп жүруі | Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 7 және одан да артық күн. Жарақат пневмоторакста толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 14 күн | ||||
Кеуде қуысына хирургиялық араласулар | 10 және одан да аз күн | Асқынбай қалпына келген жағдайда 11 және одан артық күн | мысалы, лобэктомия, плеврэктомия, ашық өкпе биопсиясы | |||
Пневмония | Симптомдары бар | Толық рұқсат берілген немесе егер рентгендік белгілер өтпесе, симптомдар болмаса | ||||
Туберкулез | Емделмеген немесе емдеудің алғашқы 2 аптасы | Ең аз дегенде екі апта тиісті ем алғаннан кейін және симптомдарсыз | ||||
ХОБЛ, эмфизема, фибриозы фиброзы, өкпеқап сарысуы (өкпе қуысындағы сұйықтық) және гемоторакс (өкпе қуысындағы қан) және т.б. |
Жерде оттегі қажет. | Жаттығуларға (жаяу) шыдамды >50 метрді демікпестен жүріп өту және жалпы жай-күйі адекватты. Жақында асқыну болған болса, онда толық қалпына келу. Қазіргі уақытта инфекция жоқ. | ||||
Іріңді фиброз | Жерде 1 минутта < 50% ауа үрлеу | Қазіргі уақытта инфекция жоқ. | ||||
Астма | Қазіргі уақытта ауруға тән белгілер мен инфекция жоқ. | |||||
Обыр | Белсенді емделуден кейін (радио және химия). өкпеқап сарысуы. Жерде демігу | Белгілері жоқ. Үлкен гемоптаз – қарсы көрсетім болып табылады | ||||
Бронхоэктаз | Жерде гипоксемияның болуы | Қазіргі уақытта инфекция жоқ | ||||
Жүйке бұлшық еттерінің ауруы | Өкпеден тыс күшті шектеулер. Үй жағдайындағы желдету қажет | |||||
Артериа-веналық өкпе мальформациясы | Егер ауыр гипоксемия болса (Жердегі оттегі сатурациясы < 80%) | |||||
Орталық нерв жүйесінің аурулары | ||||||
Транзиторлық ишемиялық шабуыл | 2 және одан да аз күн | 2 күннен кейін өзінің бақылауынан кейін | ||||
Инсульт | 4 және одан да аз күн | Жағдайы қалыпты болса, 5-14 күн немесе жазылып келе жатса, орта медициналық персоналдың еріп жүруімен. Жолаушы инсульт алғаннан кейін алғашқы екі аптада оттегінің сүйемелдеуімен сапарға шығады. | Егер қалпына келу ешбір қиындықсыз, орта медициналық персоналдың сүйемелдеуі талап етілмесе | |||
Үлкен талма (Grand Mal) | 24 және одан да аз сағат | Жалпы жай-күйі жақсы бақыланса, онда 24 және одан да артық сағат | ||||
Бас сүйек ішіне араласулар | 9 және одан да аз күн | 10 және одан да артық күн адекватты жалпы жағдай | ||||
Асқазан-ішек аурулары | ||||||
Асқазан-ішек жолынан қан кету | Қан кеткеннен кейін 24 және одан да аз сағат | 10 және одан да артық күн | Эндоскопиялық немесе басқа да әдістермен қанның тоқтағандығы анықталса, онда 1-9 күннен кейін рұқсат етуге болады (мысалы, гемоглобин нің деңгейі көтерілсе және қан кету тоқтаса) | |||
Құрсақ қуысына үлкен хирургиялық араласулар | 9 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 10 және одан да артық күн | мысалы, ішектердің резекциясы, ашық гистерэкто-мия, бүйректерге араласулар және т.б. | |||
Аппендэктомия | 4 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн | ||||
Лапароскопиялық хирургия (Keyhole) | 4 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн | мысалы, холецистэкто-мия (өт қабын алып тастау), жатыр түтігіне араласу | |||
Диагностикалық лапароскопия | 24 және одан да аз күн | Егер газ тараса, онда 24 және одан да артық сағат | ||||
ЛОР аурулары | ||||||
Ортаңғы құлақтың қабынуы және синуситтер | Асқынған ауру және Евстахиев түтігінің функциясынан айырылу | Құлағын тазартатын халде болса | ||||
Ортаңғы құлаққа хирургиялық араласулар | 9 және одан да аз күн | ЛОР мүшелеріне жүргізілген ем туралы медициналық қорытындымен 10 және одан да артық күн | Мысалы, стапедэктомия | |||
Тонзилэктомия | 10 және одан да аз күн | |||||
Төменгі жақ сүйектерді сыммен бекіту | Еріп жүретін адамсыз | Еріп жүретін адаммен (+ кескіштер) немесе сымды өзі алып тастау | ||||
Психиатриялық аурулар | ||||||
Асқынған психоз | 30 күн ішіндегі эпизодтар (мысалы, шизофрения немесе дәрілік заттардан болған мания) | Бұл қауіпсіздікті ойлау бойынша | ||||
Психикалық созылмалы бұзылулар | Ұшу кезінде нашарлап кету тәуекелі болса | Егер дәрілермен бақыланатын және жағдайы қалыпты болса (мысалы, қоғамда өмір сүру және өзінің барлық мұқтаждықтарын орындай алса, оның дәрілерді іше алса) | ||||
Көз аурулары | ||||||
Көздің ойық жарасы | 6 және одан да аз күн | 7 және одан да артық күн | ||||
Көз ішіне араласулар | 6 және одан да аз күн | 7 және одан да артық күн | SF6 инъекциясы үшін кемінде 2 апта және C3F8 инъекциясы үшін кемінде 6 апта; | |||
Шелді алып тастауға қатысты хирургиялық араласулар | 24 және одан да аз сағат | 24 және одан да артық сағат | ||||
Көздің мүйізгек қабығына лазерлік хирургия | 24 және одан да аз сағат | 24 және одан да артық сағат | ||||
Жүктілік | ||||||
Бір нәрестеге жүктілік, бірақ асқынбаған | туу күн шамамен есептегенде 36 аптаның соңына дейін – (EDD) | |||||
Көп нәрестеге жүктілік, бірақ асқанбаған | туу күн шамамен есептегенде 32 аптаның соңына дейін – (EDD) | |||||
Күрделі жүктілік | Дәрігердің рұқсаты бойынша жеке негіздерде | |||||
Түсік тастау | Қарқынды қан кету | Жағдайы қалыпты болғаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы қан кету мен ауырудың болмауы | ||||
Жаңа туған нәрестелер | ||||||
Жаңа туылу | 48 сағаттан кем сағатқа инкубатор астында +/-ажелдету жағдайлары |
Дені сау балалар 7 күн ішінде | ||||
Жарақат | ||||||
Толық гипстеу (ұзақтығы 2 сағаттан артық) | Гипсті таңғыш жармалы лонгета болмаса, онда жарақат алғаннан кейін кемінде 48 сағаттан соң | 48 және одан да артық сағат | Сан/жамбас индексі үшін анемия ережелерін сақтау, мысалы гемоглобин 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) | |||
Күйік | Егер осы уақытқа дейін есеңгіреп тұрса немесе инфекция кең таралған болса | Егер жалпы жағдайы тұрақты болса | ||||
Жасанды желдету | Аурудың қауіпті жағдайы, авиакомпания, медициналық ұйым дәрігерімен егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін қолайлы болуы мүмкін | Тек қана ауаны желдету арқылы, ұзақ мерзімді тұрақты жағдай | ||||
Әр түрлі аурулар | ||||||
Берілетін жұқпалы аурулар | Аурудың жұқпалы сатысында | |||||
Омыртқаға араласу | Араласудан кейін 7 күн ішінде | 7 күннен кейін | Жолаушылар ұшу және қону аралығында тіке отыра алады, ұшуға байланысты күтпеген жерден болатын турбуленттілік пен дірілге шыдайды төтенше жағдайлардағы құтқару жилетін киюдің алдын алатын Halo жақшасы сияқты жақшалар | |||
Терминалдық сатыдағы аурулар (егер ұшу болжам қолайсыз болса) | Жеке бағалау | |||||
Декомпрессия ауруы | Емделмеген немесе белгілері бар |
кессон ауруын емдеуден кейін |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Зардап шеккендерді сәйкестендіру карточкасы Медициналық эмблеманың үстінде таспалы шағын тесік бар
Сол жақ бұрышы САРЫ ТҮСТІ және көрсетілген сызық бойы тесілген. |
Оң жақ бұрышы САРЫ ТҮСТІ және көрсетілген сызық бойы тесілген |
Зардап шегушіні сәйкестендіру карточкасының беттік жағы
Жалғасы
Карточканың жыртпалы бөліктерінің сипаттамасы зардап шегушіні сәйкестендіру карточкасының беттік жағындағы суретте берілген |
|
Зардап шегуші карточкасының сырт жағы
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың орналасуы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері
Жолаушылар креслоларының саны | Борттық жиынтықтардың түрлері | Дефибриллятор | ||
Алғашқы көмек жиынтығы (дана)/ First aid kit | Медициналық құралдар жиынтығы (дана)/ Medical kit | Әмбебап профилактикалық жиынтық (дана)/Universal precaution kit | Автоматттық сыртқы дебриллятор | |
Кабиналық экипаж мүшелерімен немесе кабиналық экипаж мүшелерінсіз | Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда | Кабиналық экипаж мүшелерімен | Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда | |
0-10 | 1* | - | 1** | Пайдаланушының қалауы бойынша ұшу қауіпсіздігі мен ұшу орнына қауіп төндіретін жағдайларды талдауды есепке ала отырып |
10-100 | 1 | - | 1 | |
101-200 | 2 | Пайдаланушының қарауы бойынша 1 артық | 1 | |
201-300 | 3 | 2 | ||
301-400 | 4 | Әрі қарай Пайдаланушының қарауы бойынша | ||
401-500 | 5 | |||
>500 | 6 |
* жолаушыларды тасымалдаумен айналыспайтын әуе кемелері үшін;
** ӘК бортында тропикалық климаты бар елдерге және бортта дезинсекция рәсімін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде пайдаланылады.
2. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы
1. Алғақы көмек жиынтығы мына дәрі-дәрмектен жинақталады:
1) антисептикалық тығындар (10 данадан тұратын қаптама);
2) Бұластыр таңғыштар (бұластыр кесінділері);
3) өлшемі 7,5 см х 4,5 м дәке бинт;
4) өлшемі 1,0м х1,0м х 1,5м қауіпсіз түйреуіштері бар үшкіл таңғыш немесе аяқ-қолға арналған бандаж;
5) өлшемі 10 х 10 см күйікке қарсы таңғыш;
6) өлшемі 7,5 х 12 см компрессиялық зарарсыздандырылған таңғыш;
7) өлшемі 10,4 х 10,4 см зарарсыздандырылған дәке таңғыш;
8) ені 2,5 см (орам) жабысқақ таспа;
9) зарарсыздандырылған жабысқақ кесінділер (ұқсас жабысқақ кесінділер);
10) қолға арналған тазартқыш құралдар және залалсыздандыратын сулықтар;
11) қалқаншасы бар төсемшелер немесе көзге арналған таспа;
12) өлшемі 10 см мұқал басты қайшылар;
13) өлшемі 1,2 см х 4,6 м хирургиялық жабысқақ таспа;
14) жарықшақтарды алуға арналған пинцеттер;
15) бір рет пайдаланылатын қолғаптар (жұп);
16) термометрлер (сынабы жоқ);
17) жасанды тыныс алуға арналған кері қақпақшасы бар реанимациялық маска;
18) алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық (ағымдағы басылым);
19) медициналық көмек көрсету бланкісі 10 дана;
20) ауруды әлсіз немесе орташа әсер ету арқылы басатын дәрі;
21) құсуға қарсы дәрі;
22) мұрынның бітелуіне қарсы дәрі;
23) антацидті (қышқылға қарсы) дәрі;
24) антигистамин дәрісі;
25) диареяға қарсы дәрі.
63. Әмбебап профилактикалық жиынтық мыналардын жинақталады:
1) азғана төгілген сұйықтықтың мөлшерін түйіршік гельге айналдыратын құрғақ ұнтақ; құрғақ ұнтақ, кем дегенде 500 мл.; 2) беткі қабаттарды тазартуға арналған бактерецидті залалсыздандырушы дәрі (дайын күйінде, газ және ұшпа органикалық қосылыстар бөлмейді);
3) теріні тазартуға арналған сулықтар;
4) бетке немесе көзге арналған маскалар (жеке немесе құрамдастырылған);
5) қолғаптар (бір рет пайдаланатын);
6) қорғану алжапқышы;
7) үлкен сіңіргіш сүлгі;
8) қырғышы бар алу қасығы (биологиялық қалдықтарды жинау үшін);
9) биологиялық қауіпті қалдықтарға арналған қап;
10) әмбебап профлактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным;
11) рейсте бортта инфекциялық немесе паразиттік науқас анықталған кездегі экипаж алгоритмі;
12) медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана.
Қобди 2* былай жинақталады:
1) аэрозоль баллондарындағы инсектицид;
2) маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес);
3) бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім – 1 дана;
4) қорғану көзілдірігі – 1 дана;
5) инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық
*- тропикалық климатты елдерге және бортта дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде бортта қолданылады.
3. Медициналық құралдар жиынтығы:
мазмұн тізімі:
1) медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана;
2) стетоскоп;
3) сфигмоманометр;
4) ауыз-жұтқыншақпен тыныс алу түтікшелері (3 өлшем);
5) шприцтер (тиісті өлшемдерде);
6) ішке құюға арналған катетерлер (тиісті өлшемдерде);
7) антисептикалық сулықтар;
8) қолғаптар (бір рет пайдаланатын);
9) "В" сыныбындағы медициналық қалдықтарға арналған жәшік (қорап);
10) есеп шығаратын катетер;
11) ішке құю жүйесі;
12) күретамырдың қанын тоқтатуға арналған бұрау;
13) дәке тығын;
14) жабысқақ таспа;
15) хирургиялық маска;
16) шұғыл көмек көрсетуге арналған кеңірдек катетері (күретамырдың ішіне салынатын үлкен диаметрі канюля);
17) кіндікке арналған қысқыш;
18) босандыруға арналған жиынтық;
19) термометр (сынабы жоқ);
20) реанимациялық қызметтің негізгі карталары;
21) қақпақшасы бар маска;
22) электрлік қалта шам және батареялар;
23) адреналин 1:1000;
24) антигистаминді дәрі (инъекциялық);
25) глюкоза 40% (оның баламасы) (инъекциялық 50 мл);
26) нитроглицерин (таблеткаларда/спрейде) (оның аналогы);
27) ауру басатын негізгі дәрілер;
28) тыныштандыратын антиконвульсанттар (инъекциялық);
29) құсуға қарсы дәрілер (инъекциялық);
30) бронхты инъекциялық кеңейткіш;
31) атропин (инъекциялық);
32) адренокортикалды стероид (инъекциялық);
33) несеп айдайтын дәрі (инъекциялық);
34) босануға қарсы қан кетумен күресетін дәрі;
35) хлорлы натрий 0,9% (минимум 250 мл);
36) ацетилсалицил қышқылы (ауыз арқылы қабылдайтын аспирин);
37) ауыз арқылы бета-блокатор.
3. Борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы
1. Алғашқы көмек, медициналық құралдар жиынтығы және әмбебап профилактикалық жиынтық жолаушылар кабинасында бортсеріктерге оңай қолжетімді жерлерге бірқалыпты қойылады. Әрбір жиынтық сенімді қаптамада, пломбаланған түрде сақталады.
2. Рейсті орындау кезінде барлық борттық дәрі қобдишалары пломбаланған түрде сақталады, оларды рейсте ашқан кезде, рейс аяқталғаннан кейін әуе кемесінің тұрағы кезінде оларды пломбалау қажет, ол үшін олар қосымша пломбалармен жабдықталады.
3. Әуе кемесінің бортында борттық дәрі қобдишалары сақталатын орындар (авариялық-құтқару жабдығының жүк сөрелері (бөліктері) таңбаланады. Жүк сөрелеріндегі таңбалардың өлшемдері мен нысандары Ұшақ түріне техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта берілген. Борттық дәрі қобдишалары төмендегі таңбаламаларға сәйкес таңбаланады:
Борттық қобдишаның атауы | Белгілеу атауы | Белгілеу түрі |
Алғашқы көмек жиынтығы | "+" жасыл түсті белгісі | |
Медициналық құралдар жиынтығы | "+" қызыл түсті белгісі | |
Әмбебап профилактикалық жиынтығы | биологиялық қауіптілік белгісі |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Борттық дәрі қобдишаларының медициналық және өзге құралдарын жарақтау, сақтау және жою бойынша басшылық нұсқау
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Борттық дәрі қобдишалары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрілік заттармен, екінші (тұтынушылық) қаптамасындағы пайдалану бойынша нұсқаулығы алынбастан жинақталуға тиіс.
2. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және басқа да құралдардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін немесе олар пайдаланылған жағдайда борттық дәрі қобдишаларының жиынтықтары толықтырылу қажет.
3. Қанмен және (немесе) басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған медициналық бұйымдарды және басқа да құралдарды қолдануға, оның ішінде қайтадан қолдануға рұқсат етілмейді.
4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес сақталады.
5. Көмек көрсету кезінде жиналған қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін "В" сыныбындағы (сары түсті) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер қолданылады.
6. Борттық дәрі қобдишаларын жинақтауды ұйымдастыруды және оларды жинақтауды бақылауды, оның ішінде оларды бақылаудың жарамдылық мерзімдерін бақылауды авиакомпанияның медициналық қызметі немесе медициналық қызметкерлері (болған жағдайда), не болмаса, медициналық ұйыммен шарт бойынша жүзеге асырады.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша |
"Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін
жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" әрекет ету алгоритмі
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша |
"Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" ден қою алгоритмі
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жауапты | Әуе кемесінің командирі | |||
Әуе кемесінің бортында қатыстырылған функциялар | Бортсерік Аға бортсерік | |||
Сыртқы тараптар | Орындаушылар | Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчері / әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчер. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары. | ||
1-жағдай: Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, реанимациялық іс-шаралар жүргізуді талап ететін жай-күй немесе ауру | ||||
1. Әуе кемесінің бортында ден қою шаралары | ||||
Функция/ Басқару органы | Әрекет ету шаралары | Мерзімі | ||
1.1 | Бортсерік | Жолаушыдан 1-жағдайдың сыртқы белгілері анықталған, не болмаса, көзімен көрген адамнан осындай ақпарат келіп түскен кезде, кабиналық экипаждың аға бортсерігіне жолаушыға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды. | 1 минут | Лауазымдық нұсқаулық |
Жолаушыға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді. | 1 минут | |||
Дауыс зорайтқыш байланыс арқылы медициналық білімі мен тиісті дайындығы бар басқа жолаушыларды зардап шеккен жолаушыға борттағы дәрігерге дейінгі медициналық көмек қобдиын пайдалану арқылы жедел/шұғыл түрдегі медициналық көмек көрсетуге шақырады. | 1 минут | |||
1.2 | Аға бортсерік |
Әуе кемесінің командиріне бортта болып жатқан жағдайды хабарлайды, атап айтқанда: | 1 минут | Лауазымдық нұсқаулық |
1.3 | Әуе кемесінің командирі | Ұшуды жалғастыру жолаушы денсаулығы үшін қауіпті болған жағдайда әуе кемесін шұғыл қондыру туралы шешім қабылдайды | 1 минут | |
Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчеріне/ әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчерге "РЕАНИМАЦИЯ" хабарламасын төмендегілерді нақтылай отырып береді: жай-күйінің нашарлау себебі (жүрек ұстамасы, босану, психиканың бұзылуы); Зардап шеккен жолаушының жай-күйі (есі бар/ ессіз); жедел медициналық жәрдемнің реанимациялық бригадасын шақыру қажеттілігі | 1 минут | |||
2. КӨЛІК ОБЪЕКТІСІНДЕ ДЕН ҚОЮ ШАРАЛАРЫ | ||||
2.1 | Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчері/ әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчер | Әуе кемесінің командирінен "РЕАНИМАЦИЯ" сигналы бойынша ақпарат алған кезде жедел медициналық жәрдемнің реанимациялық бригадасын ШАҚЫРАДЫ | 1 минут | |
Зардап шеккен жолаушысы бар әуе кемесі тұрған орынға жедел медициналық жәрдем бригадасының автомобилін өткізу және ертіп бару қажеттілігі туралы әуежайдың қызметіне ХАБАРЛАЙДЫ. | 1 минут | Лауазымдық нұсқаулық | ||
Трапты әуе кемесі тұрған орынға ЖІБЕРЕДІ. | 1 минут | |||
Әуежайдың денсаулық сақтау пунктінің кезекші персоналы | Әуе кемесіне барады және науқасқа медициналық көмек көрсетеді | 10 минут | ||
3. ШҰҒЫЛ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДЕН ҚОЮ ШАРАЛАРЫ | ||||
3.1 | Жедел медициналық жәрдем станциясының жедел медициналық көмек шақыртуларды қабылдау жөніндегі диспетчері | Құзыреті бойынша әуежай қызметтеріне анестезиология-реанимациясының мамандандырылған жедел медициналық жәрдемінің көшпелі бригадасы жіберілгендігі туралы хабарлайды | 1 минут | Нақты әуежай әкімшілігі мен медициналық ұйымның арасында белгіленетін әуежай қызметтерінің шұғыл жедел қызметтермен өзара әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулық |
3.2 | Анестезиология-реанимацияның мамандандырылған жедел медициналық жәрдемінің көшпелі бригадасы | Әуежайдың бақылау-өткізу пунктіне КЕЛЕДІ | 15 минут | |
Әуежайдың бақылау-өткізу пункті арқылы қарап-тексеруден ӨТЕДІ | 5 минут | |||
Әуе кемесінің тұрақ орнына КЕЛЕДІ | 5 минут | |||
Әуе кемесінің бортына траппен КӨТЕРІЛЕДІ | 2 минуты | |||
Әуе кемесінің бортында жағдайға сәйкес ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ | 10 минут | |||
Реанимациялық шара жүргізуді қажет ететін жолаушымен бірге әуе кемесінің бортынан траппен ТҮСЕДІ | 2 минут | |||
Бейінді медициналық ұйымға пациентті медициналық эвакуациялауды ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ | 40 минутқа дейін | |||
Орындаушылар іс-шаралардың аяқталғандығы туралы баяндаманы ұсынады (кімге екендігін анықтау қажет) | 5 минут |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі
COMPLETED FORM TO BE RETURNED TO : Ф.И.О. ЗАПОЛНЯЕМОГО: ТОЛТЫРҒАН АДАМНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
DATE: |
FLIGHT №: |
FROM: |
TO : | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
PASSENGERDETAILS/ ИНФОРМАЦИЯ ПАССАЖИРА/ ЖОЛАУШЫ АҚПАРАТЫ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
NAME: |
Seat №: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
HOME ADDRESS: |
Age: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
SYMPTOMSANDSIGNS(circleappropriate) / СИМПТОМЫИПРИЗНАКИ /СИМПТОМДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Pain: |
Site: |
Character: |
Mild /Moderate / Severe | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Severity: |
Sharp / Cramping / Aching / Throbbing |
Pattern: |
Constant /Variable | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
BLEEDING |
Site: |
Severity: |
Sharp / Cramping / Aching / Throbbing | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Nausea: |
Vomiting: |
Diarrhea: |
Cough: |
Breathless or wheezy: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Faint: |
Pale: |
Blue: |
Flushed: |
Clammy/sweating: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Hot/ Feverish : |
Cold: |
Dizzy: |
Weakness: |
Fit/convulsion: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Anxious: |
Confused: |
Aggressive: |
Intoxicated: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Rash / spots: |
Where: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Other/ specify : | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Observations: |
Pulse: |
Bloodpressure:mm/Hg | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Temperature: |
Respiration: /minutes | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Other symptoms: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
CABINCREWACTIONS(circleorcompleteasindicated) / ДЕЙСТВИЯБОРТПРОВОДНИКОВ (по кругу или по порядку)/ БОРТСЕРІКТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ (қайта айналып немесе ретімен) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Oxygengiven? |
YES | / |
NO |
If yes, did condition improve? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Medication given?( specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Was own medication or from other passenger used?(specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Defibrillatorused? |
YES | / |
NO |
If yes, were any shocks administered? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Otheronboardmedicalequipmentused (specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Defibrillator used? |
YES | / |
NO |
If yes, were any shocks administered? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
WasCPRperformed? |
PulseRestored? |
Respiration restored? |
Consciousness regained? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
YES | / |
NO |
YES | / |
NO |
YES | / |
NO |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Assistance of on-board Doctor or Health Professional: |
Successful |
Unsuccessful | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Contacts details of Doctor or Health Professional: |
Name |
Phone | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аddress: |
OUTCOME /.Результат / | ||||||||||||||||||||
Diversion |
Patient recovered before landing |
Patient walked off aided/unaided | ||||||||||||||||||
Patient left aircraft by wheelchair |
Patient left aircraft by stretcher |
Patient died on aircraft | ||||||||||||||||||
TREATMENT / ЛЕЧЕНИЕ | ||||||||||||||||||||
NONE |
First aid |
Ground medical |
Hospital | |||||||||||||||||
CREW: | ||||||||||||||||||||
Fit to operate |
Fit to fly as passenger |
Remained in hotel /hospital | ||||||||||||||||||
TRANSFER OF CARE TO GROUND MEDICAL SERVICE/ ИНФОРМАЦИЯ О МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ МЕДИЦИНСКИМ РАБОТНИКАМ/ МЕД.ИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ: | ||||||||||||||||||||
Name of Casualty: |
Date and time of onset: | |||||||||||||||||||
Brief Details of Incident: | ||||||||||||||||||||
Oxygengiven? |
YES | / |
NO |
If yes, did condition improve? |
YES | / |
NO | |||||||||||||
MEDICATION ADMINISTERED: | ||||||||||||||||||||
Anyothertreatmentgiven: | ||||||||||||||||||||
Crew member name (CAPITAN): |
Signature |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Әуе кемесінің бортында жұқпалы немесе паразиттік ауру жұқтырған науқас анықталған жағдайдағы ұшу және кабина экипажының алгоритмі
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әуе кемесінің бортындағы жұқпалы немесе паразиттік аурулардан зардап шегуі мүмкін адамдарға, әсіресе, оларда тұмауға ұқсас белгілер мен симптомдар болса, ерекше көңіл бөлінеді.
1. Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:
1) әуе кемесінің командиріне хабарлау;
2) егер медициналық мамандардың қолдауы жерден берілетін болса, онда жердегі қолдау қызметімен хабарласып, туындаған жағдай туралы ақпарат беру;
3) егер медициналық қолдау жерден берілетін болса, не ӘК бортында медициналық қызметкер бар болса, экипаж мүшелері, қажет болған жағдайда, олардың медициналық ұсынымдарын орындайды;
4) егер медициналық қызметкерлердің қолдау жоқ болса:
науқас жолаушыны оқшауланған орынға, егер ондай орын бар болса ауыстырады. Науқас жолаушыны ауыстырғаннан кейін, басқа жолаушылар пайдаланбас үшін, межелі пунктте залалсыздандыру бригадасы келгенге дейін науқастың орны оқшауланады;
науқас жолаушыға қарау үшін, мүмкіндігінше, сол жолаушымен сөйлескен кабиналық экипаж мүшесінің бір адамын бөлу керек. Аса мұқият күтім қажет болған жағдайда экипаждың бір мүшесінен артық адам қажет болуы мүмкін;
мүмкіндік болса, тек науқас жолаушы ғана пайдаланатын жеке дәретхана бөлу керек. Егер ол мүмкін болмаса, әдетте адамдардың қолы тиетін дәретхана ішінің үстіңгі беттері (су краны, есік тұтқалары, қоқыс багының қақпағы, унитаз қақпағы және т. б.) науқас жолаушы дәретханаға әрбір барғаннан кейін тазалануы және дезинфекциялануы тиіс;
5) егер науқас жолаушы жөтелетін болса, одан тыныс алуға байланысты гигиена ережелерін сақтау сұралады: оны майлық/сүлгімен қамтамасыз етіп және оларды сөйлескенде, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауызды және мұрынды жабу үшін пайдаланатындығы жөнінде нұсқама беріледі;
науқас жолаушыға тиісті қол гигиенасын сақтау ұсынылады. Егер қолында көрінетін кір болса, оларды сабындап сумен жуу керек майлық/сүлгіні қауіпсіз жою үшін гигиеналық пакет беру керек.
6) науқас жолаушыдан (хирургиялық және процедуралық) маска киіп жүретін жағдайда болса, оны киіп жүруін өтіну қажет. Пайдаланылған маска дымқылданған/ылғалданған бойда оны бірден жаңасына ауыстыру керек. Масканы ұстағаннан кейін (мысалы, оны лақтырып тастау үшін) қолды дереу мұқият жуу қажет. Бір рет пайдаланатын маскалар қайта пайдаланылмайды және пайдаланылғаннан кейін қауіпсіз жойылады;
7) егер жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын экипаж мүшелеріне организм сұйықтықтарымен тікелей байланысу қаупі болатын болса, онда бір рет пайдаланатын қолғаптарды қолданады. Қолғап тиісті қол гигиенасын ауыстыра алмайды. Қолғапты абайлап шешіп, қауіпсіз жою керек. Қолғапты шешкеннен кейін қолды сабындап сумен жуып, құрамында спирт бар қолға арналған залалсыздандыру құралымен сүрту керек;
8) егер науқас жолаушы маска кие алмаса, науқасқа күтім жасау үшін бөлінген бортсерік немесе науқаспен тығыз байланыста болатын (кемінде 1 м) жолаушы медициналық (хирургиялық немесе процедуралық) масканы пайдаланады. Ауру жұқтыру (мысалы, бетті жиі ұстау немесе масканы түзету және шешу кезінде) қаупін шектеу үшін авиакомпания бортсеріктерге масканы пайдалану жөнінде оқытулар ұйымдастырады;
9) ластанған заттар (пайдаланылған орамалдар, бір рет пайдаланатын маскалар, оттегімен демалу маскасы мен түтіктер, киім-кешек, көрпелер, жастықтар, жеке пакеттегі заттар және т. б.) қысқышы және "Биологиялық қауіптілік" деген құлақшасы бар пакетке салынады. Ол болмаған кезде жабылатын пластикалық пакет пайдаланылады және оған "Биологиялық қауіптілік" құлақшасы ілінеді;
10) ертіп жүретін адамдардан (әйелінен, балаларынан, достарынан және т. б.) оларда аурудың қандай да бір ұқсас белгілерінің бар-жоқтығы сұралады;
11) келу елінің денсаулық сақтау органдары немесе жерден медициналық қолдау қызметі өзгені белгілемесе, онда науқас жолаушымен бір қатарда, оның алдындағы екі қатарда және оның артындағы екі қатарда (жалпы алғанда бес қатарда) отырған барлық жолаушыларға жеке деректерін енгізу арқылы денсаулық сақтау мақсатында жолаушының орналасқан жері туралы ақпарат картасын толтыру қағидалары жөнінде ақпарат беріледі;
12) межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.
2. Әуе кемесінің командирі ұшу уақытында әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешімдерді қабылдауға уәкілетті.
3. Жұқпалы аурудың белгілері бар науқастың анықталуына байланысты оқиғаны әуе кемесінің бас декларациясының медициналық-санитариялық бөліміне жазу қажет.
4. Әуе кемесінің командирі кабиналық экипаждан әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік табиғатты аурулардың бар екендігін растайтын кез келген жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар екендігі туралы ақпарат алғаннан кейін, авиадиспетчерлік қызметке хабарлайды.
5. Әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік ауруларға күдік тудыратын жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін басқа да қауіп бар екендігі анықталған кейін жолда келе жатқан әуе кемесінің ұшу экипажы ұшқыш байланысып отырған әуе қозғалысын басқару қызметінің бөліміне төменде көрсетілген деректерді береді:
әуе кемесінің тіркеу нөмірі;
ұшып шыққан әуежайы;
ұшып келетін әуежайы;
ұшып келудің есептік уақыты;
борттағы адамдар саны;
әуе кемесінің бортындағы ауруға күдікті адамдар саны;
егер ол белгілі болса, қоғамдық денсаулық үшін қауіптің табиғаты.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 9- қосымша |
Әмбебап профилактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным
Дезинфекциялау рәсімі:
1. Қорғану қолғаптарын киіңіз.
2. Егер шашырау қаупі болса, онда көзге арналған қорғанышты (қорғану көзілдірігін) пайдаланыңыз.
3. Биологиялық қалдықтар үшін қап дайындаңыз және оны төгілген жердің қасына қойыңыз. Егер биологиялық қалдықтарға арналған қап жоқ болса, онда кәдімгі қапты "Биологиялық қалдықтар үшін" деген жазумен таңбалаңыз.
4. Күдікті науқастың (науқастардың) креслосының, сол қатардағы (қатарындағы), іргелес қатардағы (қатарындағы) аралас-креслоның беттерін және басқа да аймақтарды тазалаңыз, содан кейін:
1) креслоның айналасын:
шынтақ қойғыштарды;
орындықтардың арқаларын (пластмасса және/немесе металл бөліктерін);
қайырмалы үстелдерді;
қауіпсіздік белдігінің тоғаларын;
жарықты және желдетуді басқару құралын, бортсерікті шақыру түймесі мен жоғарғы бөліктің тұтқасын;
жанындағы қабырға мен терезелерді;
жеке видеомониторды;
2) дәретханаларды:
науқас жолаушы пайдаланған жабдықтарды:
есіктің тұтқасын;
есіктің құлпын;
дәретхана отырғышын;
кранды;
шұңғылшаны;
жанындағы қабырғалар мен бағандарды залалсындандырыңыз.
5. Лас жерлерді тазалаңыз (қатты бөлшектерді алып тастаңыз немесе сұйықтық сіңдіріп алыңыз).
Дезинфектантты (Хлоргексидин ерітіндісі) жағыңыз.
Орын суланған уақытта оны сіңіргіш сүлгімен тазалап, оларды қапқа лақтырып тастаңыз.
6. Үстіңгі беттер мен дезинфектант арасындағы байланыс уақыты микроорганизмдерді жою үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз.
Барлық сақтық шараларын көрсетілгендей орындаңыз (мысалы, дәретханалар сияқты жабық үй-жайларда тиісті желдетуді қамтамасыз етіңіз, аэрозольдің кездейсоқ шашырауынан аулақ болыңыз).
7. Егер қолғап бүлініп қалса, онда оны ауыстырыңыз.
8. Кілем жабының барлық тиген бөлігін алып тастаңыз.
9. Бетін сумен жуып, кептіріңіз. Сүлгіні бүктеп қапқа салыңыз.
10. Қолғаптарды шешіп, оларды қапқа салыңыз.
11. Пайдаланылған қапты байлап, тиісті дәрежеде тасымалдануын және кәдеге жаратылуын қамтамасыз етіңіз.
12. Тазалау және дезинфекциялауды аяқтап, қолғапты шешкеннен кейін қолды сабындап жуыңыз немесе сулықпен сүртіңіз. Қолғаппен немесе жуылмаған қолмен бетті ұстаудан сақ болыңыз.
13. Тазалау үшін сығылған ауаны және/немесе қысым астындағы суды, сондай-ақ, аэрозоль сияқты инфекциялық материалды шашыратуы немесе таратуы мүмкін әдістерді пайдаланбаңыз. Шаңсорғыштарды тек дұрыс жүргізілген дезинфекциядан кейін пайдалануға болады.
14. Ауа салқындату жүйесінің жұмысы да инфекциялық материалдың таратылуына кедергі жасайды (кем дегенде күдікті жолаушыны түсіргенге дейін немесе түсіру процесі аяқталғанша). Олай болмаған жағдайда желдетуді жердегі көзден қамтамасыз ету керек.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 10-қосымша Нысан |
Жолаушылардың медициналық көмекке жүгіну және медициналық көмекті тіркеу журналы
Ескерту. 10-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2022 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Өтініш берген күні | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жасы | Рейстің № | Тұрақты тұрғылықты жері | Жүгіну уақыты | Шағымдар. Қысқа объективті мәртебе | Өткізілген іс-шаралар. Қайда кетті | Медициналық қызметкердің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 11-қосымша |
Медпункт кабинеттерінің (ауданы) тізбесі және оларды жарақтандыру *
Ескерту. Қағида 11-қосымшамен толықтырлыды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Жабдықтың атауы | Саны - кем емес (дана, жиынтық) |
Күту орны * *, 12 шаршы метр | ||
1. | Киім ілгіш | 1 данадан кем емес |
2. | Орындықтар | 5 данадан кем емес |
Қабылдау бөлмесі (медициналық қарап-тексеру бөлмесі) **, 18 шаршы метр | ||
1. | Электр шамы | Қажеттілікке сәйкес |
2. | Байланыс құралы (рация) | Қажеттілікке сәйкес |
3. | Орындықтары бар жұмыс үстелі | 1 жиынтық |
4. | Аспаптарға арналған үстел | 1 дана |
5. | Сфигмоманометр | 1 дана |
6. | Стетофонендоскоп | 1 дана |
7. | Портативті пульсоксиметр | 1 дана |
8. | Бір рет қолданылатын мундштуктар жиынтығы бар алкотестер | 1 данадан кем емес |
9. | Медициналық термометрлер (байланыссыз) | 1 данадан кем емес |
10. | Бір рет қолданылатын қалақша | Қажеттілікке сәйкес |
11. | Бір рет қолданылатын маскалар | Қажеттілікке сәйкес |
12. | Зембіл -каталка | 1 дана |
13. | Кресло-арба | 1 дана |
14. | Киім ілгіш | 1 дана |
15. | Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор) | 1 дана |
16. | Антисептиктерге арналған қабырғалық медициналық мөлшерлегіш | 1 дана |
17. | Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі - ҚЖКЖК) | 1 данадан кем емес |
18. | "А" сыныбындағы қалдықтарға арналған шелек | 1 дана |
Дәрігерге дейінгі (шұғыл және кезек күттірмейтін) медициналық көмек көрсетуге арналған бөлме **, 12 шаршы метр | ||
1 | Манипуляциялық үстел | 1 дана |
2. | Аспаптарға арналған үстел | 1 дана |
3. | Кушетка медицинская | 1 данадан кем емес |
4. | Бір рет қолданылатын, әртүрлі көлемдегі медициналық шприцтер | Қажеттілікке сәйкес |
5. | Жүйеге арналған штатив | 1 дана |
6. | Бір рет қолданылатын инфузиялық ерітінділерді енгізуге арналған жүйе | Қажеттілікке сәйкес |
7. | Медициналық термометрлер (байланыссыз) | 1 данадан кем емес |
8. | Бір рет қолданылатын қалақша | Қажеттілікке сәйкес |
9. | Бір рет қолданылатын маска | Қажеттілікке сәйкес |
10. | Хирургиялық қолғаптар | 20 дана |
11. | Анатомиялық пинцет | 1 дана |
12. | Хирургиялық қайшы | 1 дана |
13. | Эсмарх саптыаяғы 1,5 мл | 1 дана |
14. | Резеңке жылытқыш | 2 дана |
15. | Мұзға арналған көпіршік | 2 дана |
16. | Мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш | 1 дана |
17. | Бұластыр ені 2.0 см. | 5 дана |
18. | Бір реттік жайма | Қажеттілікке сәйкес |
19. | Матаны кесуге арналған қайшы | 1 дана |
20. | Қан тоқтатқыш жгут | 1 данадан кем емес |
21. | Стерильденбеген емес қолғаптар | Қажеттілікке сәйкес |
22. | Стерильденген қолғаптар | Қажеттілікке сәйкес |
23. | Қол терісін өңдеуге арналған құралдар | Қажеттілікке сәйкес |
24. | Медициналық клеенка | Қажеттілікке сәйкес |
25. | Мақта және (немесе) спирт майлықтары | Қажеттілікке сәйкес |
26. | Бинттер (стерильденген, стерильденбеген) | Қажеттілікке сәйкес |
27. | Құсық массасына арналған пакет | Қажеттілікке сәйкес |
28. | "А" сыныбындағы қалдықтарға арналған пакет | Қажеттілікке сәйкес |
29. | "Б" сыныбындағы қалдықтарға арналған пакет | Қажеттілікке сәйкес |
30. | ҚЖКЖК | Қажеттілікке сәйкес |
31. | Барлық мөлшердегі зәр шығару катетері | 1 жиынтық |
32. | Ауа өткізгіштердің жиынтығы (барлық өлшемдері 1 данадан) | 1 жиынтық |
33. | Ауыздыкеңейткіш | 1 дана |
34. | Тілұстағыш | 1 дана |
35. | Коникотомиялық жиынтық | 1 жиынтық |
36. | Аяқ-қолдарға арналған қатты шиналар жиынтығы | 1 жиынтық |
37. | Қатты мойын жағасы | 1 дана |
38. | Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы қант концентрациясының экспресс-өлшегіші | 1 жиынтық |
39. | Санитариялық зембілдер | 2 дана |
40. | Жесткий щит для спины | 1 дана |
41. | Өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі ингаляторы | 1 дана |
42. | Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор) | 1 дана |
43. | Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш | 1 дана |
44. | "А" сыныбындағы қалдықтарға арналған шелек | 1 дана |
45. | Бүйрек тәрізді науа Бүйрек тәрізді науа | 2 дана |
46. | Амбу қабы | 1 дана |
47. | Портативті ЭКГ **** | 1 дана |
48. | Дефибриллятор**** | 1 дана |
49. | Кіндікке салу үшін қапсырмасы бар акушерлік төсеу | 1 жиынтық |
Санитарлық торабы бар оқшаулағыш**- 10 шаршы метр | ||
1. | Медициналық кушетка | 2 дана |
2. | Киімге арналған шкаф | 1 дана |
3. | Ширма | 1 дана |
4. | Кеме төселді | 2 дана |
5. | Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор) | 1 дана |
6. | Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш | 1 дана |
7. | ҚЖКЖК | 1 данадан кем емес |
8. | Қауіпсіздік көзілдірігі (экран) | 5 дана |
9. | Әрбір қызметкерге арналған жиынтықтағы обаға қарсы 1 типті костюм*** | Қажеттілікке сәйкес |
Шешінетін бөлме * *, 11 шаршы метр | ||
1. | Жеке шкафтар | 1 ауысымдағы персонал саны бойынша |
2. | Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш | 1 дана |
Жуу раковинасы бар тұрмыстық бөлме**– 8 шаршы метр | ||
1. | Тамақтануға арналған үстел | 1 дана |
2. | Тұрмыстық тоңазытқыш | 1 дана |
3. | Микротолқынды пеш | 1 дана |
4. | Электршәйнек | 1 дана |
Дезинфекциялық құралдарды дайындауға және сақтауға арналған және жуу раковинасы бар медициналық қалдықтарды сақтауға бөлме **, 4 шаршы метр | ||
1. | Мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш | 1 дана |
2. | ҚЖКЖК сақтау үшін шкаф | 1 дана |
3. | Дезинфекциялық ерітінділерді сақтауға арналған шкаф | 1 дана |
4. | ЖҚҚ сақтауға арналған шкаф *** | 1 дана |
5. | Еден немесе қол таразысы | 1 дана |
* медпунктті жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай сыныбына және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді;
** кабинеттерді жарақтандыру олар азаматтық авиация ұйымдарының құрылымында болған кезде және медициналық пунктке жүктелген функциялар ерекшелігі мен орындалатын міндеттер көлеміне қарай жүзеге асырылады;
*** медпункт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 25254 болып тіркелген) сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады;
**** үлкен және ірі топ аэровокзалдары үшін;
өлшеу құралдары калибрленеді (тексеріледі). "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық бұйымдарды (өлшем құралдарын) тексеру;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау үй-жайларын (аймақтарын) орналастыру, құрамы, алаңдарының мөлшері, жабдықтау және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 22230 болып тіркелген) бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларымен реттеледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайлар ауаның температурасын, ылғалдылығын бақылауға арналған тиісті жабдықпен (термометрлермен, гигрометрлермен ауаның температурасы мен ылғалдылығын бақылайтын аспаптардың басқа түрлерімен) қамтамасыз етіледі.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 12-қосымша |
Медициналық пункт дәрілік заттарының тізбесі*
Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырлыды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Код АТХ | Фармако-терапиялық тобы | Атауы |
A03A | Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препараттар | ||
1 | A03AD02 | Антиспазмдық зат | Но-шпа 40 мг. таблетка |
A03BA | Алкалоидтар, үшінші аминдер | ||
2 | A03BA01 | Атропин сульфаты | Инъекция үшін ерітінді 1мг/мл. 1 мл. |
A07 | Диареяға қарсы, ішектің қабынуға қарсы және микробқа қарсы препараттары | ||
3 | A07ВА01 | Энтеросорбтық зат | Белсендірілген көмір 250 мг. таблетка |
B01AC | Тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда) | ||
4 | B01AC04 | Антиагреганттық зат | Клопидогрел 75 мг. таблетка |
B05AA | Қан плазмасының препараттары және плазма алмастыратын препараттар | ||
5 | B05AA07 | Плазманы алмастыратын зат | Гидрооксиэтил 10% |
B05CB | Тұзды ерітінділер Тұзды ерітінділер | ||
6 | B05CB01 | Еріткіш | Натрий хлориді 0,9% - 250; 500 мл. |
B05CX | Басқа ирригациялық ерітінділер | ||
7 | B05CX01 | Көмірсулармен тамақтану заты | Глюкоза 25 мг. -5,0 мл. |
8 | B05CX01 | Көмірсулармен тамақтану заты | Глюкоза 40% -200; 500 мл. |
C01DA | Органикалық нитраттар | ||
9 | C01DA02 | Вазодилататор, нитрат | Нитроглицерин 0,5 мг. таблетка (0,4 мг. спрей) |
10 | C01DA02 | Вазодилататор, нитрат | Нитроглицерин 1%, изосорбит динетрат 0,01%, 2,0 |
C01CA | Адренергетиктер и допаминомиметиктар | ||
11 | C01CA04 | Гликозидті емес құрылымның кардиотоникалық заты | Допамин 4% - 5,0 |
12 | C01CA24 | Альфа- ж/е бета-адреномиметик | Адреналин (эпидефрин) 1:1000 |
C03CA | Сульфонамидты диуретик | ||
13 | C03CA01 | Диуретикалық зат | Фурасемид 2 мг. 2,0 |
C07AB | Селективты бета-адреноблокатор | ||
14 | C07AB02 | Бета1-адреноблокатор селектвты | Метопрол 5мг -5 мл. |
C08CA | Дигидропиридин туындылары | ||
15 | C08CA05 | II типті кальций арналарының блокаторы. Антиангиналды ж/е антигипертензивты препарат. | Нифедипин 10 мг. таблетка |
C09A | Ангиотензин-түрлендіретін фермент тежегіштері (бұдан әрі - АТФ) | ||
16 | C09AA01 | АПФ блокатор | Каптоприл 50 мг (АТФ ингибиторы) |
17 | C09AA01 | АПФ блокатор | Каптоприл 6,25 aмпула |
D03A | Қалыпты тыртыққа ықпал ететін дәрілер | ||
18 | D03AX03 | Тіндердің регенерациясы стимуляторы | Пантенол, спасатель (аналогтары) |
D08 | Антисептиктер ж/е дезинфекциялық препараттар | ||
19 | D08AC02 | Антисептикалық зат | хлоргексидин биглюконата еріт.(хлоргексидин) 0,05% 100 мл. |
D08AX | Басқа антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар | ||
20 | D08AX01 | Антисептакалық зат | Сутегі тотығы еріт. 3% |
C07AA | Селективті емес бета-блокаторлар | ||
21 | C07AA05 | Бета-адреноблокатор | Пропранолол 40 мг. (селективті емес адреноблокатор) |
G01AX | Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар | ||
22 | G01AX11 | Антисептакалық зат | йод повидон ерітінді 10% 100 мл. (сыртқа) |
H02 | Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар | ||
23 | H02AB02 | Глюкокортикостероид | Дексаметазон 8 мг. 5,0 мл. |
24 | H02AB06 | Глюкокортикостероид | Преднизалон 30 мг. - 1,0 немесе метилпреднизалон |
M01AE | Пропион қышқылының туындылары | ||
25 | M01AE03 | Стероид емес қабынуға қарсы препараттар | Кетонал 50 мг. таблетка |
N02BE | Анилидтер | ||
26 | N02BA01 | Стероид емес қабынуға қарсы препараттар | Ацетилсалицил қышқылы 250 мг. |
27 | N02BE01 | Анальгетикалық есірткеге жатпайтын дәрі | Парацетамол 500 мг. таблетка |
N05BA | Бензодиазепин туындылары | ||
28 | N05BA01 | Анксиолитикалық дәрі. Бензодиазепин туындылары | Диазепам 0,15 мг/кг. |
R01 | Мұрын ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар | ||
29 | R01AA08 | Антиконгестивтік дәрі - вазоконстриктор (альфа-адреномиметик) | Нафтизин 0,1 % (тамшылар) |
R03DA | Ксантин туындылары | ||
30 | R03DA05 | Бронходилататор - фосфодиэстераз ингибиторы | Эуфилин 2,4% 5,0 мл. |
R07 | Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар | ||
31 | R07AB02 | Аналептикалық дәрі | Кардиомин |
R07AB | Тыныс алу орталығының стимуляторлары | ||
32 | R07AB | Антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі | Аммиак 10% ерітінді 50,0 мл. |
S01A | Антимикробты препараттар | ||
33 | S01AB | Антимикробты дәрі, сульфаниламид | Көз тамшылары натрий сульфацилі (альбуцид) 20% |
34 | S01AВ04 | Сульфонамидтер | Құлақ тамшылары Альбуцид-DF 20% |
35 | V03AN01 | Ылғалды О2 |
*медпунктті жарақтандыру практикаға заманауи тиімді дәрілік заттарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай мен жолаушылар ағынының класына (тобына) байланысты өзгереді.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 13-қосымша |
|
Нысан |
20 жылғы азаматтық авиация ұйымдарының медпункт қызметі туралы есеп
Ескерту. Қағида 13-қосымшамен толықтырлыды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ауысым алдындағы медициналық қарап-тексеру*
Р/с № | Атауы | Барлығы өткізілген ұшу алдындағы және ауысым алдындағы | Жұмыстан шеттетілгені барлығы | Оның ішінде себептер бойынша: | |||
шаршау | алкогольдік мас болу опьянение | артериялық гипертензия | басқа | ||||
1 | Әуедиспетчерлер | ||||||
2 | Ұшқыштар | ||||||
3 | Бортсеріктер | ||||||
4 | Өзгелері | ||||||
5 | Барлығы |
2. Әуежолаушыларға медициналық қызмет көрсету *
Р/с № | Іс-шара | Барлығы | Оның ішінде (1-бағаннан) | ||||
жүкті әйелдер женщины | балалар (18 жасқа толғанға дейін) | ЖТЖ аурулары | жұқпалы ауруларға күдікті | басқа | |||
1 | Медициналық сұрақтар бойынша және медициналық көмекке жүгінді | ||||||
2 | Өтініш білдіргендердің ішінен медициналық көмек көрсетілді | ||||||
3 | Ұшудан шеттету туралы анықтама берілді (ұшудан шеттетілді) |
* толтырылған нысанға азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей уәкілетті ұйымның медициналық басқармасына жіберіледі
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 14-қосымша |
Медициналық фургон жабдықтарының тізбесі
Ескерту. Қағида 14-қосымшамен толықтырлыды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Атауы | Саны |
1 | Аяқ-қолды иммобилизациялау шиналары | ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%, бірақ 10 жиынтықтан кем емес |
2 | Санитариялық зембілдер | ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%, бірақ 10 жиынтықтан кем емес |
3 | Жұлын қалқаны | 3 данадан кем емес |
4 | Брезент төсемі 10х2 м | 2 данадан кем емес |
5 | Байкалық көрпе | ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%, бірақ 10 жиынтықтан кем емес |
6 | Бағандары бар шатыр (немесе үрлемелі) | 1 данадан кем емес |
7 | Маусымдық қызметтік киім жиынтығы Маусымдық қызметтік киім жиынтығы | әрбір медицина қызметкеріне |
8 | Электрфонарь | 3 данадан кем емес |
10 | Жиналмалы үстел | 1 данадан кем емес |
11 | Жиналмалы орындықтар | 4 данадан кем емес |
Фургонның жай-күйі мен жабдықталуын тексеру туралы белгімен бақыланады: медпункт меңгерушісі-ай сайын, ал азаматтық авиация ұйымының жетекшілік ететін басшысы-жарты жылда 1 рет;
фургонды жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежайдың класына (тобына)және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 15-қосымша |
Жиналмалы сөмке жабдықтарының тізбесі
Ескерту. Қағида 15-қосымшамен толықтырлыды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.03.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Атауы | Саны |
1 | Йод тұнбалары | 1 флакон |
2 | Нашатыр спирті | 1 флакон |
3 | Ректификат спирті 96% | 100 г. |
4 | Кетопрофен еріт. инъекция үшін 100 мг-2 мл. (аналог) | 10 ампула |
5 | Кордиамин еріт. 25%-2мл. | 10 ампула |
6 | Димедрол еріт. 1%- 1,0 | 10 ампула |
7 | Натрий хлорид инфузия үшін еріт.0,9%–500 мл. | 2 флаконнан кем емес |
8 | Көктамырға құюға арналған бір реттік жүйе | 2 дана |
9 | "Ауызба-ауыз" жасанды тыныс алуға арналған ауа өткізгіші | 1 дана |
10 | Қан тоқтатқыш бұрау | 2 дана |
11 | Ауызкергіш | 1 дана |
12 | Тілқысқыш | 1 дана |
13 | Қайшы | 1 дана |
14 | Үшкір скальпель | 1 дана |
15 | Хирургиялық пинцет | 1 дана |
16 | Қан тоқтататын қысқыштар | 3 дана |
17 | Бір рет қолданылатын шприцтер 5 мл | 10 дана |
18 | Гигроскопиялық мақта 250 г. (стерильденген) | 2 бума |
19 | 5х10 см стерильденбеген бинттер | 20 дана |
20 | 7х14 см стерильденген бинттер | 10 дана |
21 | Стерильденген майлықтар | 2 бума |
22 | Түйреуіштері бар медициналық орамал | 15 дана |
23 | Стерильденбеген сүлгілер | 8 дана |
24 | Стерильденбеген жайма | 4 дана |
25 | Лейкопластыр | 2 дана |
26 | Қарындашпен блокнот | 1 жиынтық |
27 | Батареялары бар электрфонарь (маңдай) | 1 дана |
28 | Зардап шеккендерді біріздендіру карточкасы | 30 дана |
Жиынтықтардың (жинақтардың) жай-күйі мен жабдықталуы тексеру туралы белгімен бақыланады: медпункт меңгерушісі-ай сайын, ал азаматтық авиация ұйымының жетекшілік ететін басшысы – жарты жылда 1 рет;
жиынтықтарды (жинақтарды) жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежайдың класына (тобына)және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді.