Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 35434 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық бұйымдарды қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Науқаста бар және дәрігер тағайындаған медициналық бұйымдарды пайдаланған кезде Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісінде (бұдан әрі - Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі) жазба жазылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жолаушы медпунктке медициналық көмекке жүгінген кезде:

      1) жолаушыға медициналық тексеру жүргізіледі, алдын ала диагноз қойылады және қажетті медициналық көмек көрсетіледі;

      2) жолаушыға қысқа мерзімді демалыс және оны бақылау қамтамасыз етіледі;

      3) стационарлық емдеу үшін көрсетілімдер болған кезде науқас белгіленген тәртіппен аумақтық денсаулық сақтау органының емдеу мекемесіне жіберіледі;

      4) әуе көлігін пайдалану үшін қарсы көрсетілімдер болған кезде науқас жолаушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жолаушыға авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын анықтама беріледі;

      5) тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчеріне әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетілімдері бар жолаушы туралы хабарланады;

      6) жолаушылардың медициналық көмекке жүгіну және медициналық көмекті тіркеу журналына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес тиісті жазба жасалады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Егер жолаушыда әуе кемесін пайдалануға медициналық қарсы көрсетілімдер болса, медпункттің кезекші медициналық қызметкері авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын жолаушының денсаулық жағдайы туралы анықтама береді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Медициналық көмек көрсету бланкісін ресімдеу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көмек көрсетіліп болғаннан кейін жүзеге асырылады. Жазу анық (жазу үлгісімен) жазылады және барлық бағандар толтырылады.";

      59-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) денсаулық жағдайы бойынша шеттету:

      экипаж мүшесін – ұшудан;

      авиадиспетчерді – ауысымнан;

      қызметкерді – жұмыстан;";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әуежолаушыларға медициналық қызмет көрсету *

Р/с №

Іс-шара

Барлығы

Оның ішінде (1-бағаннан)

жүкті әйелдер

балалар (18 жасқа толғанға дейін)

ЖТЖ аурулары

жұқпалы ауруларға күдікті

Басқа

1

Медициналық сұрақтар бойынша және медициналық көмекке жүгінді







2

Өтініш білдіргендердің ішінен медициналық көмек көрсетілді







3

Авиациялық билетті қайтару үшін негіз болып табылатын анықтамалар берілді







      * толтырылған нысанға азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей уәкілетті ұйымның медициналық басқармасына жіберіледі.";

      14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді.

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 393 Бұйрыққа
1-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жолаушының авиабилетін қайтаруға негіз болатын денсаулық жағдайы туралы № _______ анықтама

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда), туған жылы, күні, айы)

      ол денсаулық жағдайына байланысты ұша алмайды.

      Рейс № _________________

      Ұшу күні ____________________

      Авиабилет қайтарылуы тиіс.

      Диагноз: ____________________________________________

      Медпункттің медициналық қызметкері ____________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда), жылы, қолы, күні, айы)

      Авиакомпания өкілі ______________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда), жылы, қолы, күні, айы)

      Авиакомпания өкілі _________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда), жылы, қолы, күні, айы

      Мөр орны (бар болса).

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
4-қосымша

Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың орналасуы

      1. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері

Жолаушылар креслоларының саны

Борттық жиынтықтардың түрлері

Дефибриллятор

Алғашқы көмек жиынтығы (дана)/ First aid kit

Медициналық құралдар жиынтығы (дана)/ Medical kit

Әмбебап профилактикалық жиынтық (дана)/Universal precaution kit

Автоматттық сыртқы дебриллятор

Кабиналық экипаж мүшелерімен немесе кабиналық экипаж мүшелерінсіз

Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда

Кабиналық экипаж мүшелерімен

Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда

0-10

1*

-

-

-

10-100

1

-

1


101-200

2

Пайдаланушының қарауы бойынша 1 артық

1

Пайдаланушының қалауы бойынша ұшу қауіпсіздігі мен ұшу орнына қауіп төндіретін жағдайларды талдауды есепке ала отырып

201-300

3

2

301-400

4

Әрі қарай Пайдаланушының қарауы бойынша

401-500

5

>500

6

      * жолаушыларды тасымалдаумен айналыспайтын әуе кемелері үшін;

      ** әуе кемесі бортында тропикалық климаты бар елдерге және бортта дезинсекция рәсімін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде пайдаланылады;

      жолаушылар тасымалымен айналыспайтын жеңіл авиация және аса жеңіл авиация әуе кемелері "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 21399 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес алғашқы көмек қобдишасымен жасақталады.

      2. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы

      2.1. Алғашқы көмек жиынтығы мына дәрі-дәрмектен жинақталады:

      1) антисептикалық тығындар (10 данадан тұратын қаптама);

      2) бұластыр таңғыштар (бұластыр кесінділері);

      3) өлшемі 7,5 см х 4,5 м дәке бинт;

      4) өлшемі 1,0м х1,0м х 1,5м қауіпсіз түйреуіштері бар үшкіл таңғыш немесе аяқ-қолға арналған бандаж;

      5) өлшемі 10 х 10 см. күйікке қарсы таңғыш;

      6) өлшемі 7,5 х 12 см. компрессиялық зарарсыздандырылған таңғыш;

      7) өлшемі 10,4 х 10,4 см. зарарсыздандырылған дәке таңғыш;

      8) ені 2,5 см (орам) жабысқақ таспа;

      9) зарарсыздандырылған жабысқақ кесінділер (немесе ұқсас жабысқақ кесінділер);

      10) қолға арналған тазартқыш құралдар және залалсыздандыратын сулықтар;

      11) қалқаншасы бар төсемшелер немесе көзге арналған таспа;

      12) өлшемі 10 см мұқал басты қайшылар;

      13) өлшемі 1,2 см х 4,6 м. хирургиялық жабысқақ таспа;

      14) жарықшақтарды алуға арналған пинцеттер;

      15) бір рет пайдаланылатын қолғаптар (жұп);

      16) термометрлер (сынабы жоқ);

      17) жасанды тыныс алуға арналған кері қақпақшасы бар реанимациялық маска;

      18) алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық (ағымдағы басылым);

      19) медициналық көмек көрсету бланкісі 10 дана;

      20) ауруды әлсіз немесе орташа әсер ету арқылы басатын дәрі;

      21) құсуға қарсы дәрі;

      22) мұрынның бітелуіне қарсы дәрі;

      23) антацидті (қышқылға қарсы) дәрі;

      24) антигистамин дәрісі;

      25) диареяға қарсы дәрі;

      26) қан тоқтатуға арналған бұрау.

      2.2. Әмбебап профилактикалық жиынтық мыналардын жинақталады:

      1) аз мөлшерде төгілген сұйықтықты кем дегенде 500 мл түйіршікті гельге айналдыратын құрғақ ұнтақ;

      2) беткі қабаттарды тазартуға арналған бактерецидті залалсыздандырушы дәрі (дайын күйінде, газ және ұшпа органикалық қосылыстар бөлмейді);

      3) теріні тазартуға арналған сулықтар;

      4) бетке немесе көзге арналған маскалар (жеке немесе құрамдастырылған);

      5) қолғаптар (бір рет пайдаланатын);

      6) қорғану алжапқышы;

      7) үлкен сіңіргіш сүлгі;

      8) қырғышы бар алу қасығы (биологиялық қалдықтарды жинау үшін);

      9) биологиялық қауіпті қалдықтарға арналған қап;

      10) әмбебап профлактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным;

      11) рейсте бортта инфекциялық немесе паразиттік науқас анықталған кездегі экипаж алгоритмі;

      12) медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана.

      2.2. 1. Қобди 2* былай жинақталады:

      1) аэрозоль баллондарындағы инсектицид;

      2) маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес);

      3) бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім - 1 дана;

      4) қорғану көзілдірігі - 1 дана;

      5) инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық

      * тропикалық климатты елдерге және бортта дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде бортта қолданылады.

      2.3. Медициналық құралдар жиынтығы жинақталады:

      мазмұн тізімі:

      1) медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана;

      2) стетоскоп;

      3) сфигмоманометр;

      4) ауыз-жұтқыншақпен тыныс алу түтікшелері (3 өлшем);

      5) шприцтер (тиісті өлшемдерде);

      6) көктамыр ішіне енгізуге арналған катетерлер (тиісті өлшемдерде);

      7) антисептикалық сулықтар;

      8) қолғаптар (бір рет пайдаланатын);

      9) "В" сыныбындағы медициналық қалдықтарға арналған жәшік (қорап);

      10) зәр шығару катетері;

      11) көктамыр ішіне енгізу жүйесі;

      12) күретамырдың қанын тоқтатуға арналған бұрау;

      13) дәке тығын;

      14) жабысқақ таспа;

      15) хирургиялық маска;

      16) шұғыл көмек көрсетуге арналған кеңірдек катетері (немесе күретамырдың ішіне салынатын үлкен диаметрі канюля);

      17) кіндікке арналған қысқыш;

      18) босандыруға арналған жиынтық;

      19) термометр (сынабы жоқ);

      20) реанимациялық қызметтің негізгі карталары;

      21) қақпақшасы бар маска;

      22) электрлік қалта шамы және батареялар;

      23) адреналин 1:1000;

      24) антигистаминді дәрі (инъекциялық);

      25) глюкоза 40% (немесе оның баламасы) (инъекциялық 10 мл);

      26) нитроглицерин (таблеткаларда немесе спрейде) (немесе оның аналогы);

      27) ауырсынуды басатын негізгі дәрілер;

      28) тыныштандыратын антиконвульсанттар (инъекциялық);

      29) құсуға қарсы дәрілер (инъекциялық);

      30) бронхты инъекциялық кеңейткіш;

      31) атропин (инъекциялық);

      32) адренокортикалды стероид (инъекциялық);

      33) несеп айдайтын дәрі (инъекциялық);

      34) босануға қарсы қан кетумен күресетін дәрі;

      35) хлорлы натрий 0,9% (минимум 250 мл);

      36) ацетилсалицил қышқылы (ауыз арқылы қабылдайтын аспирин);

      37) ауыз арқылы бета-блокатор.

      3. Борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы:

      1) алғашқы көмек, медициналық құралдар жиынтығы және әмбебап профилактикалық жиынтық жолаушылар кабинасында бортсеріктерге оңай қолжетімді жерлерге бірқалыпты қойылады. Әрбір жиынтық сенімді қаптамада, пломбаланған түрде сақталады.

      2) рейсті орындау кезінде барлық борттық дәрі қобдишалары пломбаланған түрде сақталады, оларды рейсте ашқан кезде, рейс аяқталғаннан кейін әуе кемесінің тұрағы кезінде оларды пломбалау қажет, ол үшін олар қосымша пломбалармен жабдықталады.

      3) әуе кемесінің бортында борттық дәрі қобдишалары сақталатын орындар (авариялық-құтқару жабдығының жүк сөрелері (бөліктері)) таңбаланады. Жүк сөрелеріндегі таңбалардың өлшемдері мен нысандары Ұшақ түріне техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта берілген. Борттық дәрі қобдишалары таңбаланады:

Борттық қобдишаның атауы

Белгілеу атауы

Белгілеу түрі

Алғашқы көмек жиынтығы

"+" жасыл түсті белгісі



 

Медициналық құралдар жиынтығы

"+" қызыл түсті белгісі



 

Әмбебап профилактикалық жиынтығы

биологиялық қауіптілік белгісі



 

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
6-қосымша

"Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" әрекет ету алгоритмі

Жауапты

Әуе кемесінің командирі

Әуе кемесінің бортында қатыстырылған функциялар

Бортсерік/Аға бортсерік

Сыртқы тараптар

Орындаушылар

Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчері / әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчер. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары.

1-жағдай: Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, реанимациялық іс-шаралар жүргізуді талап ететін жай-күй немесе ауру

1. Әуе кемесінің бортында ден қою шаралары

Функция/ Басқару органы

Әрекет ету шаралары

Мерзімі


1.1

Бортсерік

Жолаушыдан 1-жағдайдың сыртқы белгілері анықталған, не болмаса, көзімен көрген адамнан осындай ақпарат келіп түскен кезде, кабиналық экипаждың аға бортсерігіне жолаушыға алғашқы көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлайды.

1 минут

Лауазымдық нұсқаулық

Жолаушыға алғашқы көмек көрсетеді.

1 минут

Дауыс зорайтқыш байланыс арқылы медициналық білімі мен тиісті дайындығы бар рейстің басқа жолаушыларды зардап шеккен жолаушыға борттағы медициналық құралдар жиынтығын пайдалану арқылы жедел/шұғыл түрдегі медициналық көмек көрсетуге шақырады.

1 минут

1.2

Аға бортсерік

Әуе кемесінің командиріне бортта болып жатқан жағдайды хабарлайды, атап айтқанда:
1. Зардап шеккен жолаушының жай-күйін (есі бар/ ессіз).
2. Белгілерін көрсете отырып жай-күйінің нашарлау себебін: жүрек (өкпе) жұмысының бұзылуы; акроцианоз; ауыр тыныс алу; магистральды артерияларда пульстің болмауы; артериальды қан қысымының болмауы; гипергидроз (бетте жабысқақ тердің пайда болуы); асқынған іш; өмірге қауіп төндіретін кенеттен қан кету; босану қызметінің басталуы; психиканың бұзылуы.
3. реанимациялық іс-шараларды жүргізу қажеттілігі

1 минут

Лауазымдық нұсқаулық

1.3

Әуе кемесінің командирі

Ұшуды жалғастыру жолаушы денсаулығы үшін қауіпті болған жағдайда әуе кемесін шұғыл қондыру туралы шешім қабылдайды.

1 минут


Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчеріне/ әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчерге "Реанимация" хабарламасын төмендегілерді нақтылай отырып береді:
1) жай-күйінің нашарлау себебі (жүрек ұстамасы, босану, психиканың бұзылуы);
2) зардап шеккен жолаушының жай-күйі (есі бар/ ессіз);
3) жедел медициналық жәрдемнің реанимациялық бригадасын шақыру қажеттілігі.

1 минут


2. Көлік объектісінде ден қою шаралары

2.1

Әуеайлақтық диспетчерлік пункттің диспетчері/ әуе кемесінің жүру маршруты бойынша диспетчер

Әуе кемесінің командирінен "Реанимация" сигналы бойынша ақпарат алған кезде жедел медициналық жәрдемнің реанимациялық бригадасын шақырады.

1 минут

Лауазымдық нұсқаулық

Зардап шеккен жолаушысы бар әуе кемесі тұрған орынға жедел медициналық жәрдем бригадасының автокөлігін өткізу және ертіп бару қажеттілігі туралы әуежайдың қызметіне хабарлайды.

1 минут

Трапты әуе кемесі тұрған орынға жібереді.

1 минут


2.2

Әуежайдың медпунктінің кезекші персоналы

Әуе кемесіне барады және науқасқа медициналық көмек көрсетеді.

10 минут

Лауазымдық нұсқаулық

3. Шұғыл жедел қызметттердің ден қою шаралары

3.1

Жедел медициналық жәрдем станциясының жедел медициналық көмек шақыртуларды қабылдау жөніндегі диспетчері

Құзыреті бойынша әуежай қызметтеріне анестезиология-реанимациясының мамандандырылған жедел медициналық жәрдемінің көшпелі бригадасы жіберілгендігі туралы хабарлайды.

1 минут

Нақты әуежай әкімшілігі мен медициналық ұйымның арасында белгіленетін әуежай қызметтерінің шұғыл жедел қызметтермен өзара әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулық

3.2

Анестезиология-реанимацияның мамандандырылған жедел медициналық жәрдемінің көшпелі бригадасы

Әуежайдың бақылау-өткізу пунктіне келеді.

15 минут

Әуежайдың бақылау-өткізу пункті арқылы қарап-тексеруден өтеді.

5 минут

Әуе кемесінің тұрақ орнына келеді.

5 минут

Әуе кемесінің бортына траппен көтеріледі.

2 минуты

Әуе кемесінің бортында жағдайға сәйкес жұмыс істейді.

10 минут

Реанимациялық шара жүргізуді қажет ететін жолаушымен бірге әуе кемесінің бортынан траппен түседі.

2 минут

Бейінді медициналық ұйымға пациентті медициналық эвакуациялауды жүзеге асырады.

40 минутқа дейін

Орындаушылар іс-шаралардың аяқталғандығы туралы баяндаманы ұсынады (кімге екендігін анықтау қажет)

5 минут


  Бұйрыққа
4-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі

COMPLETED FORM TO BE RETURNED TO:
ЗАПОЛНЕННАЯ ФОРМА ВОЗВРАЩАЕТСЯ В:
ТОЛТЫРЫЛҒАН НЫСАН ҚАЙТАРЫЛУЫ КЕРЕК ОРЫНЫ:

CABIN CREW DEPARTMENT
СЛУЖБУ БОРТПРОВОДНИКОВ
БОРТСЕРІКТЕР ҚЫЗМЕТІ

NAME OF PERSON COMPLETING FORM:
ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО (ПРИ НАЛИЧИИ) ЗАПОЛНЯЕМОГО:
ТОЛТЫРҒАН АДАМНЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА):


DATE:
ДАТА:
КҮНІ:


FLIGHT №:
№ РЕЙСА:
САПАР №:


FROM:
ОТКУДА: ҚАЙДАН:


TO:
КУДА:
ҚАЙДА:


PASSENGER DETAILS/ ИНФОРМАЦИЯ ПАССАЖИРА/ ЖОЛАУШЫ АҚПАРАТЫ

NAME:
ФАМИЛИЯ,ИМЯ, ОТЧЕСТВО (ПРИ НАЛИЧИИ):
ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА):


Seat №:
№ места:
Орын №:


HOME ADDRESS:
АДРЕС:
МЕКЕНЖАЙЫ


Age:
Возраст:
Жасы:


SYMPTOM SANDSIGNS (circle appropriate) / СИМПТОМЫ И ПРИЗНАКИ (обведите кругом) /СИМПТОМДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ (шеңбер сызыңыз)

Pain:
Боль:
Ауру сезімі:

Site:
Место:
Орналасуы:


Character:
Особенность:
Ерекшелігі:

Mild /Moderate / Severe
Легкая / Умеренная / Сильная
Жеңіл/ Орташа/ Ауыр

Severity:
Степень тяжести:
Ауырлық дәрежесі:

Sharp / Cramping / Aching / Throbbing
Острая / Спазмирующая / Ноющая / Пульсирующая
Жедел/Түйілген /Сыздаулы/ Бүлкілдеген

Pattern:
Характер:
Сипаты:

Constant /Variable
Постоянная / Переменная
Тұрақты/ Ауыспалы

BLEEDING:
Кровотечение:
Қан кету:

Site:
Место:
Орналасуы:


Severity:
Степень тяжести:
Ауырлық дәрежесі:

Sharp / Cramping / Aching / Throbbing
Острая / Спазмирующая / Ноющая / Пульсирующая
Жедел/Түйілген /Сыздаулы / Ырғағылықты

Nausea:
Тошнота:
Лоқсу:


Vomiting:
Рвота:
Құсу:


Diarrhea:
Диарея:
Іш өту:


Cough:
Кашель:
Жөтел:


Breathless or wheezy:
Задыхающийся или хриплый:
Тұншықтырушы немесе сырылды:


Faint:
Головокружение:
Бас айналу:


Pale:
Бледный:
Бозарған:


Blue:
Посиневший:
Көгерген:


Flushed:
Покрасневший:
Қызарған:


Clammy/sweating:
Влажный/потеющий:
Ылғалды/тер


Hot/ Feverish:
Жар / Лихорадка:
Қызу/ Қалтырау:


Cold:
Простуда:
Суық тию:


Dizzy:
Головокружение:
Бас айналу:


Weakness:
Слабость:
Әлсіздік:


Fit/convulsion:
Припадок/конвульсии:
Ұстама/ тырыспа:


Anxious:
Тревога:
Алаңдау сезімі:


Confused:
В замешательстве:
Абдырған:


Aggressive:
Агрессивность:
Агрессияшылдық:


Intoxicated:
Интоксикация:
Улану:




Rash/spots:
Покраснение / сыпь:
Қызару/ бөрітпе:


Where:
Где:
Қайда:


Other/ specify:
Другое / уточнить:
Басқасы/ айқындаңыз:


Observations:
Наблюдения:
Бақылау:

Pulse:
Пульс:
Тамырдың соғуы:


Blood pressure: mm/Hg
Кровяное давление: мм рт. ст.
Қан ысымы: мм.сын.бағ.


Temperature:
Температура:
Температурасы:


Respiration: /minutes
Дыхание:/в минуту
Тыныс алуы: / минутына


Other symptoms:
Другие симптомы:
Басқа симптомдар:


CABIN CREW ACTIONS (circle orcomplete a sindicated) / ДЕЙСТВИЯ БОРТПРОВОДНИКОВ (по кругу или по порядку)/ БОРТСЕРІКТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ (қайта айналып немесе ретімен)

Oxygengiven?
Дан кислород?
Оттегі берілді ме?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


If yes, did condition improve?
Если да, улучшилось ли состояние?
Егер берілсе, жағдайы жақсарды ма?

YES
ДА ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


Medication given? (specify)
Даны лекарства? (указать)
Дәрі берілді ме? (көрсетіңіз)


Was own medication or from another passenger used? (specify)
Были ли использованы медикаменты от других пассажиров? (указать)
Басқа жолаушылардан қолданылған дәрілер болды ма? (көрсетіңіз)


Defibrillator used?
Использован дефибриллятор?
Дефибрилляторды пайдаланды ма?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


If yes, were any shocks administered?
Если да, применялся ли разряд?
Егер пайдаланса, разряд қолданылды ма?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


Other onboard medical equipmentused (specify)
Использование другого медицинского оборудования (указать)
Бақсқа медициналық жабдықтарды пайдалану (көрсетіңіз)


Defibrillator used?
Использован дефибриллятор?
Дефибрилляторды пайдаланды ма?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


If yes, were any shocks administered?
Если да, применялся ли разряд?
Егер пайдаланса, разряд қолданылды ма?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


Was CPR performed?
Проведена ли сердечно-легочная реанимация?
Жүрек-өкпелік реанимация өткізілді ме?

Pulse Restored?
Пульс восстановился?
Тамыр соғуы қалпына келді ме?

Respiration restored?
Дыхание восстановилось?
Тыныс алуы қалпына келді ме?

Consciousness regained?
Сознание восстановилось?
Есі қалпына келді ме?

YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ
ЖОҚ


YES
ДА
ИӘ


NO
НЕТ ЖОҚ


Assistance of on-board Doctor or Health Professional:
Помощь врача или медицинского специалиста на борту воздушного судна:
Әуе кемесінің дәрігері немесе медициналық маманының көмегі:

Successful
Успешно
Сәтті

Unsuccessful
Неуспешно
Сәтсіз

Contacts details of Doctor or Health Professional:
Контактные данные доктора или медицинского специалиста на борту ВС:
Әуе кемесінің дәрігері немесе медициналық маманының байланыс ақпараты:

Name
Ф.И.О
Аты- жөні

Phone
Телефон
Телефон нөмері

Аddress:
Адрес:
Мекенжайы:

OUTCOME / Результат / Нәтиже

Diversion
Отклонения
Ауытқушылық


Patient recovered before landing
Пациент восстановился до посадки
Науқас келіп қонуға дейін қалпына келді


Patient walked off aided/unaided
Пациент вышел с помощью/без помощи
Науқас көмекпен/көмексіз шықты


Patient left aircraft by wheelchair
Пациент вышел на инвалидной коляске
Науқас мүгедектер арбасымен шықты


Patient left aircraft by stretcher
Пациент вышел на носилках
Науқасты зембілмен шығарды


Patient died on aircraft
Пациент умер на борту воздушного судна
Науқас әуе кемесінде өлді


TREATMENT / ЛЕЧЕНИЕ / ЕМДЕУ

NONE
Не оказывалось
Көрсетілмеген


First aid
Первая помощь
Бірінші көмек


Ground medical
Наземная медицинская помощь
Жердегі медициналық көмек


Hospital
Больница
Аурухана


CREW/Экипаж

Fit to operate
Способен к дальнейшей работе
Кейінгі жұмысқа қабілетті


Fit to fly as passenger
Способен лететь как пассажир
Жолаушы ретінде ұшуға қабілетті


Remained in hotel /hospital
Остался в гостинице/больнице
Қонақ үйде / ауруханада қалды


TRANSFER OF CARE TO GROUND MEDICAL SERVICE/ ИНФОРМАЦИЯ О МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ МЕДИЦИНСКИМ РАБОТНИКОМ/ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ:

Name of Casualty:
Название случая:
Оқиғаның атауы:


Date and time of onset:
Дата и время начала:
Басталған уақыты мен күні:


Brief Details of Incident:
Короткая информация инцидента:
Оқиға жайлы қысқаша мағлұмат:


Oxygengiven?
Дан кислород?
Оттегі берілді ме?

YES
ДА
Иә


NO
НЕТ
Жоқ

If yes, did condition improve?
Если да, улучшилось ли состояние?
Егер берілсе, жағдайы жақсарды ма?

YES
ДА
Иә


NO
НЕТ
ЖОҚ


MEDICATION ADMINISTERED:
ИСПОЛЬЗОВАНЫ МЕДИКАМЕНТЫ:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДӘРІ-ДӘРІМЕКТЕР:
DRUG: DOSE: Time (GMT)
Лекарство: ДОЗА: Время (Среднее время по Гринвичу)
Дәрі: МӨЛШЕРІ: Уақыты (Гринвич бойынша орташа уақыт)

Any other treatment given:
Оказана ли другая помощь:
Басқа көмек көрсетілді ме?


Crew member name (cabin crew):
Фамилия, имя, отчество (при наличии) члена экипажа (бортпроводника):
Экипаж мүшесінің (бортсеріктің) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

Signature
Подпись:
Қолы:

  Бұйрыққа
5-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
11-қосымша

Медпункт кабинеттерінің (ауданы) тізбесі және оларды жарақтандыру *

Р/с №

Жабдықтың атауы

Саны - кем емес (дана (жиынтық))

Күту орны **, 12 шаршы метр

1.

Киім ілгіш

1 данадан кем емес

2.

Орындықтар

5 данадан кем емес

Қабылдау бөлмесі (медициналық қарап-тексеру бөлмесі) **, 18 шаршы метр

1.

Электр шамы

Қажеттілікке сәйкес

2.

Байланыс құралы (рация)

Қажеттілікке сәйкес

3.

Орындықтары бар жұмыс үстелі

1 жиынтық

4.

Аспаптарға арналған үстел

1 дана

5.

Сфигмоманометр

1 дана

6.

Стетофонендоскоп

1 дана

7.

Портативті пульсоксиметр

1 дана

8.

Бір рет қолданылатын мундштуктар жиынтығы бар алкотестер

1 данадан кем емес

9.

Медициналық термометрлер (байланыссыз)

1 данадан кем емес

10.

Бір рет қолданылатын қалақша

Қажеттілікке сәйкес

11.

Бір рет қолданылатын маскалар

Қажеттілікке сәйкес

12.

Зембіл -каталка

1 дана

13.

Кресло-арба

1 дана

14.

Киім ілгіш

1 дана

15.

Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор)

1 дана

16.

Антисептиктерге арналған қабырғалық медициналық мөлшерлегіш

1 дана

17.

Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі - ҚЖКЖК)

1 данадан кем емес

18.

"А" сыныбындағы қалдықтарға арналған шелек

1 дана

Шұғыл және кезек күттірмейтін
медициналық көмек көрсетуге арналған бөлме **, 12 шаршы метр

1

Манипуляциялық үстел

1 дана

2.

Аспаптарға арналған үстел

1 дана

3.

Медициналық кушетка

1 данадан кем емес

4.

Бір рет қолданылатын әртүрлі көлемдегі медициналық шприцтер

Қажеттілікке сәйкес

5.

Бір рет қолданылатын көктамыр ішіне енгізуге арналған жүйе

Қажеттілікке сәйкес

6.

Медициналық термометрлер (байланыссыз)

1 данадан кем емес

7.

Бір рет қолданылатын қалақша

Қажеттілікке сәйкес

8.

Бір рет қолданылатын маска

Қажеттілікке сәйкес

9.

Хирургиялық қолғаптар

20 дана

10.

Анатомиялық пинцет

1 дана

11.

Хирургиялық қайшы

1 дана

12.

Эсмарх саптыаяғы 1,5 мл.

1 дана

13.

Резеңке жылытқыш

2 дана

14.

Мұзға арналған көпіршік

2 дана

15.

Мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш

1 дана

16.

Бұластыр ені 2.0 см.

5 дана

17.

Бір реттік жайма

Қажеттілікке сәйкес

18.

Матаны кесуге арналған қайшы

1 дана

19.

Қан тоқтатуға арналған бұрау

1 данадан кем емес

20.

Зарарсыздандырылмаған қолғаптар

Қажеттілікке сәйкес

21.

Зарарсыздандырылған қолғаптар

Қажеттілікке сәйкес

22.

Қол терісін өңдеуге арналған құралдар

Қажеттілікке сәйкес

23.

Медициналық клеенка

Қажеттілікке сәйкес

24.

Мақта және (немесе) спирт майлықтары

Қажеттілікке сәйкес

25.

Бинттер (зарарсыздандырылған, зарарсыздандырылмаған)

Қажеттілікке сәйкес

26.

Таңғыш материалға арналған қайшы

1 дана

27.

Құсық массасына арналған пакет

Қажеттілікке сәйкес

28.

"А" сыныбындағы қалдықтарға арналған пакет

Қажеттілікке сәйкес

29.

"Б" сыныбындағы қалдықтарға арналған пакет

Қажеттілікке сәйкес

30.

ҚЖКЖК

Қажеттілікке сәйкес

31.

Барлық мөлшердегі зәр шығару катетері

1 жиынтық

32.

Ауа өткізгіштердің жиынтығы (барлық өлшемдері 1 данадан)

1 жиынтық

33.

Ауыздыкеңейткіш

1 дана

34.

Тілұстағыш

1 дана

35.

Коникотомиялық жиынтық

1 жиынтық

36.

Аяқ-қолдарға арналған қатты шиналар жиынтығы

1 жиынтық

37.

Қатты мойын жағасы

1 дана

38.

Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы қант концентрациясының экспресс-өлшегіші

1 жиынтық

39.

Жүйеге арналған штатив

1 дана

40.

Санитариялық зембілдер

1 дана

41.

Арқаға арналған қатты қалқан

1 дана

42.

Өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі ингаляторы

1 дана

43.

Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор)

1 дана

44.

Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш

1 дана

45.

"А" сыныбындағы қалдықтарға арналған шелек

1 дана

46.

Бүйрек тәрізді науа

2 дана

47.

Амбу қабы

1 дана

48.

Портативті ЭКГ ****

1 дана

49.

Дефибриллятор ****

1 дана

50.

Кіндікке салу үшін қапсырмасы бар акушерлік төсеу

1 жиынтық

51.

Әр түрлі өлшемдегі перифериялық көктамырішілік катетерлер

1 жиынтық

52.

Әр түрлі мөлшердегі ларингеальды маскалар

1 жиынтық

53.

Жылу көрпе

Қажеттілікке сәйкес

54.

Күйікке қарсы таңғыштар

Қажеттілікке сәйкес

55.

Спейсер

Қажеттілікке сәйкес

Санитарлық торабы бар оқшаулағыш**, 10 шаршы метр

1.

Медициналық кушетка

2 дана

2.

Киімге арналған шкаф

1 дана

3.

Ширма

1 дана

4.

Астарлы кеме

2 дана

5.

Кварц шамы (немесе сәулелендіргіш – рециркулятор)

1 дана

6.

Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш

1 дана

7.

ҚЖКЖК

1 данадан кем емес

8.

Қауіпсіздік көзілдірігі (экран)

5 дана

9.

Әрбір қызметкерге арналған жиынтықтағы обаға қарсы 1 типті костюм***

Қажеттілікке сәйкес

Шешінетін бөлме **, 11 шаршы метр

1.

Жеке шкафтар

1 ауысымдағы персонал саны бойынша

2.

Антисептикалық құралдарға арналған жиынтықтағы қабырғалық медициналық мөлшерлегіш

1 дана

Жуу раковинасы бар тұрмыстық бөлме**– 8 шаршы метр

1.

Тамақтануға арналған үстел

1 дана

2.

Тұрмыстық тоңазытқыш

1 дана

3.

Микротолқынды пеш

1 дана

4.

Электршәйнек

1 дана

Дезинфекциялық құралдарды дайындауға және сақтауға арналған және жуу раковинасы бар медициналық қалдықтарды сақтауға бөлме **, 4 шаршы метр

1.

Мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш

1 дана

2.

ҚЖКЖК сақтау үшін шкаф

1 дана

3.

Дезинфекциялық ерітінділерді сақтауға арналған шкаф

1 дана

4.

ЖҚҚ сақтауға арналған шкаф ***

1 дана

5.

Еден немесе қол таразысы

1 дана

      * медпунктті жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай сыныбына және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді;

      **кабинеттерді жарақтандыру олар азаматтық авиация ұйымдарының құрылымында болған кезде және медициналық пунктке жүктелген функциялар ерекшелігі мен орындалатын міндеттер көлеміне қарай жүзеге асырылады;

      *** медпункт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген "Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 25254 болып тіркелген) сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады;

      **** үлкен және ірі топ аэровокзалдары үшін;

      өлшеу құралдары калибрленеді (тексеріледі). "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық бұйымдарды (өлшем құралдарын) тексеру;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау үй-жайларын (аймақтарын) орналастыру, құрамы, алаңдарының мөлшері, жабдықтау және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 22230 болып тіркелген) бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларымен реттеледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған үй-жайлар ауаның температурасын, ылғалдылығын бақылауға арналған тиісті жабдықпен (термометрлермен, гигрометрлермен ауаның температурасы мен ылғалдылығын бақылайтын аспаптардың басқа түрлерімен) қамтамасыз етіледі.

  Бұйрыққа
6-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
12-қосымша

Медициналық пункт дәрілік заттарының тізбесі*

Р/с №

АТХ коды

Фармако-терапиялық тобы

Атауы

1

A03A

Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препараттар


A03AD02

Антиспазмдық зат

Но-шпа 40 мг. табл.


A03BA

Алкалоидтар, үшінші аминдер


A03BA01

Атропин сульфаты

Инъекция үшін ерітінді 1мг./ мл. 1 мл.

2

A07

Диареяға қарсы, ішектің қабынуға қарсы және микробқа қарсы препараттары


A07ВА01

Энтеросорбтық зат

Белсендірілген көмір 250 мг. табл.

3

B01AC

Тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)

4

B05AA

Қан плазмасының препараттары және плазма алмастыратын препараттар


B05AA07

Плазманы алмастыратын зат

Гидрооксиэтил 10%


B05CB

Тұзды ерітінділер


B05CB01

Еріткіш

Натрий хлориді 0,9% - 250; 500 мл.


B05CX

Басқа ирригациялық ерітінділер


B05CX01

Көмірсулармен тамақтану заты

Глюкоза 25 мг. -5,0 мл.


B05CX01

Көмірсулармен тамақтану заты

Глюкоза 40% - 200; 500 мл.


B05XA

Электролиттік ерітінділер

Магния сульфат инъекция үшін ерітінді 25% 5 мл.

5

C01DA

Органикалық нитраттар


C01DA02

Вазодилататор, нитрат

Нитроглицерин 0,5 мг. табл. (0,4 мг. спрей)


C01DA02

Вазодилататор, нитрат

Нитроглицерин 1%, изосорбит динетрат 0,01%, 2,0

6

C01CA

Адренергетиктер и допаминомиметиктар


C01CA24 

Альфа - ж/е бета-адреномиметик

Адреналин (эпидефрин) 1:1000

7

C03CA

Сульфонамидты диуретик


C03CA01

Диуретикалық зат

Фурасемид 2 мг. 2,0

8

C07AB

Селективты бета-адреноблокатор


C07AB02 

Бета1-адреноблокатор селектвты

Метопрол 5мг. -5 мл..

9

C08CA

Дигидропиридин туындылары


C08CA05

II типті кальций арналарының блокаторы. Антиангиналды ж/е антигипертензивты препарат.

Нифедипин 10 мг. табл.

10

C09A

Ангиотензин-түрлендіретін фермент тежегіштері (АТФ)


C09AA01

АПФ блокатор

Каптоприл 50 мг. (АТФ ингибиторы)

11

D03A

Қалыпты тыртыққа ықпал ететін дәрілер


D03AX03

Тіндердің регенерациясы стимуляторы

Пантенол, құтқарушы (аналогтары)

12

D08

Антисептиктер ж/е дезинфекциялық препараттар


D08AC02

Антисептикалық зат

Хлоргексидин биглюконаты ерітінді (хлоргексидин) 0,05% 100 мл


D08AX

Басқа антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар


D08AX01

Антисептакалық зат

Сутегі тотығы ерітінді 3%

13

C07AA

Селективті емес бета-блокаторлар


C07AA05

Бета-адреноблокатор

Пропранолол 40 мг. (селективті емес адреноблокатор)

14

G01AX

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар


G01AX11

Антисептакалық зат

Йод повидон ерітінді 10% 100 мл. (сыртқа)

15

H02

Жүйелі қолдануға арналған кортикостероидтар


H02AB02 

Глюкокортикостероид

Дексаметазон 8 мг. 5,0 мл.


H02AB06

Глюкокортикостероид

Преднизалон 30 мг-1,0 немесе метилпреднизалон

16

M01AE

Пропион қышқылының туындылары


M01AE03

Стероид емес қабынуға қарсы препараттар

Кетонал 50 мг. табл.

17

N02BE

Анилидтер


N02BA01

Стероид емес қабынуға қарсы препараттар

Ацетилсалицил қышқылы 250 мг.


N02BE01

Анальгетикалық есірткеге жатпайтын дәрі

Парацетамол 500 мг. табл.

18

N05BA

Бензодиазепин туындылары


N05BA01

Анксиолитикалық дәрі. Бензодиазепин туындылары


19

R01

Мұрын ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттар


R01AA08

Антиконгестивтік дәрі - вазоконстриктор (альфа-адреномиметик)

Нафтизин 0,1 % (капли)

20

R03DA

Ксантин туындылары


R03DA05

Бронходилататор - фосфодиэстераз ингибиторы

Эуфилин 2,4% 5,0 мл.

21

R07

Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар


R07AB

Тыныс алу орталығының стимуляторлары


R07AB 

Антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі

Аммиак 10% ерітінді 50,0 мл.

22

S01A

Антимикробты препараттар


S01AB

Антимикробты дәрі, сульфаниламид

Көз тамшылары натрий сульфацилі (альбуцид) 20%


S01AВ04

Сульфонамидтер

Құлақ тамшылары Альбуцид-DF 20%

23

V03AN01


Ылғалы О2

      *медпунктті жарақтандыру практикаға заманауи тиімді дәрілік заттарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай мен жолаушылар ағынының класына (тобына) байланысты өзгереді.

  Бұйрыққа
7-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
14-қосымша

Медициналық фургон жабдықтарының тізбесі

Р/с №

Атауы

Саны

1

Аяқ-қолды иммобилизациялау шиналары

ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%

2

Санитариялық зембілдер

ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%

3

Жұлын қалқаны

3 данадан кем емес

4

Брезент төсемі 10х2 м

2 данадан кем емес

5

Жылы көрпе

ӘК ең жоғары жолаушылар сыйымдылығының 25%

6

Бағандары бар шатыр (немесе үрлемелі)

1 данадан кем емес

7

Маусымдық қызметтік киім жиынтығы

әрбір медицина қызметкеріне

8

Электр шамы

3 данадан кем емес

9

Жиналмалы үстел

1 данадан кем емес

10

Жиналмалы орындықтар

4 данадан кем емес

      Фургонның жай-күйі мен жабдықталуын тексеру туралы белгімен бақыланады: медпункт меңгерушісі-ай сайын, ал азаматтық авиация ұйымының жетекшілік ететін басшысы-жарты жылда 1 рет;

      фургонды жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежайдың класына (тобына) және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді.

  Бұйрыққа
8-қосымша
  Азаматтық авиацияда
жолаушыларға медициналық
көмек көрсету қағидаларына
15-қосымша

Жиналмалы сөмке жабдықтарының тізбесі

Р/с №

Атауы

Саны

1

Йод тұнбалары 10 мл.

1 флакон

2

Нашатыр спирті 10 мл.

1 флакон

3

Этил спирті (медициналық) 70%

100 г.

4

Кетопрофен инъекцияға арналған ерітінді 100 мг.-2 мл. (немесе аналогы)

10 ампула

5

Пантенол (немесе аналогы)

1 флакон

6

Димедрол ерітіндісі 1%- 1,0

10 ампула

7

Натрий хлорид инфузияға арналған ерітінді 0,9%–500 мл.

2 флаконнан кем емес

8

Көктамыр ішіне құюға арналған бір реттік жүйе

2 дана

9

"Ауызба-ауыз" жасанды тыныс алуға арналған ауа өткізгіші

1 дана

10

Қан тоқтатуға арналған бұрау

2 дана

11

Ауыздыкеңейткіш

1 дана

12

Тілұстағыш

1 дана

13

Қайшы

1 дана

14

Үшкір скальпель

1 дана

15

Хирургиялық пинцет

1 дана

16

Қан тоқтататын қысқыштар

3 дана

17

Бір рет қолданылатын шприцтер 5 мл

10 дана

18

Гигроскопиялық мақта 250 г. (зарарсыздандырылған)

2 бума

19

5х10 см зарарсыздандырылмаған бинттер

20 дана

20

7х14 см зарарсыздандырылған бинттер

10 дана

21

Зарарсыздандырылған майлықтар 10х10см.

2 бума

22

Түйреуіштері бар медициналық орамал

15 дана

23

Зарарсыздандырылмаған сүлгілер

8 дана

24

Зарарсыздандырылмаған жайма

4 дана

25

Бұластыр 2х300см.

2 дана

26

Қарындашпен блокнот

1 жиынтық

27

Батареялары бар электр шамы (маңдай)

1 дана

28

Зардап шеккендерді біріздендіру карточкасы, немесе зардап шеккендерді біріздендіру үшін түсті карта, немесе түсті білезік

10 дана

29

Викасол ерітіндісі 1% 1 мл. (немесе аналогы)

1 қаптама

30

Коллагенді гемостатикалық губка 50х50см.

10 қаптама

      Жиынтықтардың (жинақтардың) жай-күйі мен жабдықталуы тексеру туралы белгімен бақыланады: медпункт меңгерушісі - ай сайын, ал азаматтық авиация ұйымының жетекшілік ететін басшысы-жарты жылда 1 рет;

      жиынтықтарды (жинақтарды) жарақтандыру практикаға қазіргі заманғы тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежайдың класына (тобына)және жолаушылар ағынына байланысты өзгереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады