"Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 15348 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 536 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11122 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымының атауы;

      2) жоғары оқу орнының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон көрсетілген атауы;

      3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Конкурстық комиссияны қалыптастыру";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Конкурстық комиссия мына құрамда құрылады:

      1) конкурстық комиссияның төрағасы – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор);

      2) конкурстық комиссия төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор) немесе жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      3) конкурстық комиссияның хатшысы – жоғары оқу орнының штаттық қызметкері;

      4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадрлық қызметтің басшысы, заң кеңесшісі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар өкілдері).";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

      1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

      2) өмірбаян;

      3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

      6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

      8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

      10) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

      Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бөлім. Конкурсты өткізу тәртібі";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы негізінде үміткерлермен әңгімелесу өткізу;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.

      Әңгімелесу қорытындылары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалау парағына енгізіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бұдан кейін конкурстық комиссия профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыру үшін конкурстық іріктеу бойынша ашық немесе жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "16-1. Ашық дауыс беру жағдайында конкурстық комиссияның шешімі бағалау парақтарының нәтижелері негізінде конкурстық комиссияның мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссия отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі отырысқа қатысқанда заңды деп саналады.

      Талқылау барысы және конкурстық комиссияның қабылданған шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.

      Ерекше пікірі бар конкурстық комиссияның мүшелері оны білдірген жағдайда оны комиссия хаттамасына қоса берілетін жазбаша нысанда баяндайды.

      16-2. Жасырын дауыс беру барысында конкурстық комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін үміткерді бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) енгізу туралы шешім қабылдайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.";

      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бөлім. Шағымдану тәртібі";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.";

      Қағидаларға қосымшада:

      Қағидаларға қосымшаның оң жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушы құрамы
мен ғылыми қызметкерлерін
лауазымдарға конкурстық
тағайындау қағидаларына
2-қосымша";

      Қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 305 бұйрығына қосымша
  Жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушы құрамы
мен ғылыми қызметкерлерін
лауазымдарға конкурстық
тағайындау қағидаларына
1-қосымша

БАҒАЛАУ ҚАҒАЗЫ

      Конкурстық комиссия

      (ректордың №___ "__" _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)

      20___ жылғы "__" _______ отырыс.

      Хаттама №___

      лауазым__________________________________________________________

      кафедра/институт/мектеп____________________________________________

      үміткердің Т.А.Ә.________________________________________________

      1 ДЕРЕКТЕРДІ БАҒАЛАУ

Біліктілік талаптар

Бағалау өлшемдері

Ескертпе

Білімі

сәйкес/сәйкес емес


Дәрежесі/атағы

сәйкес/сәйкес емес



5

4

3

2

1


Кәсіби тәжірибесі







Кәсіби талаптар (жарияланымдардың болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы, мұғалім студенттердің көзімен сауалнама нәтижелері және т.б.)







Тілдерді білу







      2 ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫ БАҒАЛАУ

Бағалау критерийлері

5

4

3

2

1

Ескертпе

Мазмұны мен тақырыптың сәйкестігі







Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану







Жағдаяттық тапсырмалар және кейстердің болуы







Берілген ақпараттың өзектілігі







Баяндау мәнері және аудиторияның қатысуы







      3 ӘҢГІМЕЛЕСУДІ БАҒАЛАУ

Сұрақтар

5

4

3

2

1

Ескертпе















      4 ҚОРЫТЫНДЫ ШЕШІМ

Шешім

Негіздеме

Ескертпе

Бос лауазымға орналасуға ұсынылады



Бос лауазымға орналасуға ұсынылмайды



      __________________________________________________

      Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Қолы__________________             күні____________________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства образования и науки Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 230 "Об утверждении Правил конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 305. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2017 года № 15348. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 октября 2018 года № 536 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 04.10.2018 № 536 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 36) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 230 "Об утверждении Правил конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11122, опубликованный в информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет" 12 июня 2015 года) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений, утвержденных указанным приказом (далее – Правила):

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В случае наличия в высшем учебном заведении вакантной должности профессорско-преподавательского состава и научных работников, соответствующее высшее учебное заведение размещает объявление о проведении конкурса в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, интернет-ресурсах, не менее чем за тридцать календарных дней до даты завершения приема документов.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Объявление о проведении конкурса содержит следующие сведения:

      1) название вакантной должности профессорско-преподавательского состава и научных работников;

      2) наименование высшего учебного названия с указанием местонахождения, почтового адреса, телефона;

      3) дату и время окончания приема документов;

      4) основные требования к участнику конкурса, определяемые в соответствии с типовыми квалификационными характеристиками, за исключением случаев установленных законодательством Республики Казахстан.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Формирование конкурсной комиссии";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Конкурсная комиссия создается в следующем составе:

      1) председатель конкурсной комиссии – заместитель руководителя (проректор) вуза;

      2) заместитель председателя конкурсной комиссии – заместитель руководителя (проректор) вуза или руководитель структурного подразделения вуза;

      3) секретарь конкурсной комиссии – штатный сотрудник вуза;

      4) члены конкурсной комиссии в составе не менее трех человек (из числа штатных преподавателей или научных сотрудников вуза, руководителя кадровой службы, юрисконсульта, а также представителей организаций независимо от формы собственности).";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Прием и рассмотрение документов участников конкурса";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление (в произвольной форме) на имя руководителя вуза. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) личный листок по учету кадров;

      2) автобиография;

      3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании и подлинники для сверки;

      4) копии сертификатов о переподготовке и повышении квалификации (при наличии) и подлинники для сверки;

      5) список научных работ и изобретений (при наличии);

      6) медицинская справка по форме № 086, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);

      7) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам выдаваемая Комитетом правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;

      8) презентация проекта по образовательной программе на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава или проекта научно-исследовательской работы на замещение вакантных должностей научных работников (в электронном виде, объемом не более 10 слайдов);

      9) справка наркологической организации о том, что участник конкурса на учете не состоит по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Выдача справки с наркологической организации", утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 272 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11304) (далее – Приказ № 272);

      10) справка с психоневрологической организации о том, что участник конкурса на учете не состоит по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Выдача справки с психоневрологической организации", утвержденной Приказом № 272.

      Представление неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренного настоящим пунктом, является основанием для отказа в произвольной форме в приеме заявления.

      Участник конкурса вправе представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, профессионального уровня (список научных публикаций, рекомендации от руководства предыдущего места работы), а также документы подтверждающие опыт работы и квалификацию.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок проведения конкурса";

      подпункт 2) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "2) проведение собеседования с кандидатами на основе презентации проекта по образовательной программе на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава или проекта научно-исследовательской работы на замещение вакантных должностей научных работников;";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Целью собеседования является оценка профессиональных и личностных качеств кандидатов с учетом типовых квалификационных характеристик, особенностей конкретного вуза, на вакантную должность которого объявлен конкурс.

      Итоги собеседования вносятся в оценочный лист согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. После этого конкурсная комиссия принимает решение о проведении открытого или тайного голосования по конкурсному отбору на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников.";

      дополнить пунктами 16-1, 16-2 следующего содержания:

      "16-1. При открытом голосовании решение конкурсной комиссии принимается на основе результатов оценочных листов простым большинством голосов от общего числа членов конкурсной комиссии. При равенстве голосов, голос председателя конкурсной комиссии является решающим. Заседание конкурсной комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов конкурсной комиссии.

      Ход обсуждения и принятое конкурсной комиссией решение оформляются в виде протокола, который подписывается всеми членами и секретарем конкурсной комиссии.

      Члены конкурсной комиссии, имеющие особое мнение, в случае его выражения, излагают его в письменной форме, которое прикладывается к протоколу.

      16-2. При тайном голосовании конкурсная комиссия принимает решение о включении кандидатуры в бюллетень для тайного голосования по конкурсному отбору на должность, согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – Бюллетень).";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. По итогам конкурса на замещение должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений заключается трудовой договор в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Порядок обжалования";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Участники и кандидаты конкурса вправе обжаловать решение комиссии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.";

      в приложении к Правилам:

      правый верхний угол приложения к Правилам изложить в следующей редакции:

      "

  Приложение 2
к Правилам конкурсного
замещения должностей
профессорско-
преподавательского состава и
научных работников высших
учебных заведений

      ";

      дополнить Правила приложением 1 в редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Ахмед-Заки Д.Ж.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копий в периодические печатные издания для официального опубликования, а также в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      образования и науки
      Республики Казахстан Е. Сагадиев

  Приложение
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 26 июня 2017 года № 305
  Приложение 1
к Правилам конкурсного
замещения должностей
профессорско-
преподавательского
состава и научных работников
высших учебных заведений

                              ОЦЕНОЧНЫЙ ЛИСТ

                                    Конкурсная комиссия
            (утверждена приказом ректора № ___ от "__" _______ 20___ года.)

            Заседание от "__" _______ 20___ года.
      Протокол № ___
      на должность ______________________________________________________________
      кафедры/института/школы __________________________________________________
      Ф.И.О (при наличии) кандидата______________________________________________

            1 ОЦЕНКА ДАННЫХ

Квалификационные требования

Критерии оценивания

Примечание

Образование

соответствует/
не соответствует


Степень/звание

соответствует/
не соответствует



5

4

3

2

1


Профессиональный опыт







Профессиональные требования (наличие публикаций, участие в качестве руководителя или исполнителя в фундаментальных и/или научно-прикладных проектах, результаты анкетирования преподаватель глазами студентов)







Знание языков







            2 ОЦЕНКА ПРЕЗЕНТАЦИИ

Критерии оценивания

5

4

3

2

1

Примечание

Соответствие содержания и темы







Использование интерактивных методик преподавания







Наличие ситуационных задач и кейсов







Актуальность представленной информации







Стиль изложения и вовлеченность аудитории







            3 ОЦЕНКА СОБЕСЕДОВАНИЯ

Вопросы

5

4

3

2

1

Примечание















            4 ИТОГОВОЕ РЕШЕНИЕ     

Решение

Обоснование

Примечание

Рекомендуется к занятию вакантной должности



Не рекомендуется к занятию вакантной должности



            ___________________________________________
      Ф.И.О (при наличии) члена конкурсной комиссии
      Подпись __________________ дата_____________