Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 15379 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 15025 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 115 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А.Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2017 жылғы кезеңге төлеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 21 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын жоғары
оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Студенттерге арналған стипендия

1.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

3

2.

Қазақ ұлттық өнер университеті

4

3.

Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

4

Барлығы:

11


О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2017 год

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 21 июня 2017 года № 184. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2017 года № 15379.

      В соответствии с пунктом 4 постановления Президента Республики Казахстан от 5 марта 1993 года № 1134 "Об учреждении стипендии Президента Республики Казахстан", в целях реализации приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 марта 2017 года № 115 "О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2017 год", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15025, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое распределение стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2017 год.

      2. Департаменту образовательной, научной деятельности и международного сотрудничества Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (А. Суюнов) в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" копий настоящего приказа в бумажном и электронном виде, заверенные электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для официального опубликования, включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа в течение двух рабочих дней после официального опубликования на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом в течение двух рабочих дней после исполнения.

      3. Департаменту экономики и финансов Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (А. Досходжаева) обеспечить выделение средств высшим учебным заведениям согласно прилагаемого распределения на 2017 год в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы

  Утверждено приказом
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 21 июня 2017 года № 184

Распределение стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2017 год

Наименование высших учебных заведений

Стипендия для студентов

1.

Казахская национальная консерватория имени Курмангазы

3

2.

Казахский национальный университет искусств

4

3.

Казахская национальная академия искусств имени Т.К.Жургенова

4

Итого:

11