"Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15465 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 ақпандағы № 372 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11235 болып тіркелген, 2015 жылы 19 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 11 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 417 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 372 бұйрығына
қосымша

Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi

      1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас.

      2. Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы.

      3. Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 372 "Об определении перечня общераспространенных полезных ископаемых"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 417. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2017 года № 15465. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 325 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 11.05.2018 № 325 (вводится в действие с 29.06.2018).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 372 "Об определении перечня общераспространенных полезных ископаемых" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11235, опубликованный 19 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Перечень общераспространенных полезных ископаемых, утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_____________ Т. Сулейменов
11 июля 2017 года

  Приложение
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года
№ 417
  Приложение
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года
№ 372

Перечень
общераспространенных полезных ископаемых

      1. Нерудное сырье для металлургии, формовочный песок, глиноземсодержашие породы (полевой шпат, пегматит), известняк, доломит, известняково-доломитовые породы, известняк для пищевой промышленности.

      2. Прочее нерудное сырье, огнеупорная глина, каолин, вермикулит, соль поваренная.

      3. Местные строительные материалы, вулканические пористые породы (туфы, шлаки, пемзы), вулканические водосодержащие стекла и стекловидные породы (перлит, обсидиан), галька и гравий, гравийно-песчаная смесь, гипс, гипсовый камень, ангидрит, гажа, глина и глинистые породы (тугоплавкая и легкоплавкая глина, суглинок, аргиллит, алевролит, глинистые сланцы), мел, мергель, мергельно-меловые породы, кремнистые породы (трепел, опоки, диатомит), кварцево-полевошпатовые породы, камень бутовый, осадочные, изверженные и метаморфические породы (гранит, базальт, диабаз, мрамор), песок (строительный, кварцевый, кварцево-полевошпатовый), кроме формовочного, песчаник, природные пигменты, ракушечник.