"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15593 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.

      1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.";

      7-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) персоналды даярлау (қолданылатын болса);

      6) сапаны бақылау (қолданылатын болса)";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      Басқа ұйымдармен белгілі бір жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге шарт жасасатын пайдаланушыңа шарттарға сәйкес уағдаластық жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау сапасы барлық жауапкершілікті өзі алады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Пайдаланушының штат саны 20 қызметкерден астам құраған жағдайда бір адамның басқа пайдаланушының (тағайындалған) басшыларының лауазымын қоса атқаруын бірлестірмейді".

      22-тармақтың 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кабиналық экипажды басқару нұсқауын (қолданылатын болса) Сертификаттық талаптарға 5-қосымшада келтірілген үлгі мазмұнына сәйкес.";

      "6) сапа жөніндегі нұсқауды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді (қолданылатын болса).";

      55-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Багаж-жүк бөліктері ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сай келетін және "Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 76-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ӘК.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген) бекітілген пайдаланушы Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын азаматтық авицация саласындағы уәкілетті органның авимациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық персоналды және басқа да мамандарды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Азаматтық ӘК пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБПҮ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасында белгіленген авиациялық қауіпсіздік бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.

      65. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.";

      67-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс. Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.

      5) саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін – бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін – тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын мерзімге жол беріледі.

      6) жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты мыналар:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған;

      2) жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау қадағалау болмаған,

      3) пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда кері қайтарып алады.";

      1-қосымшада:

      1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушылардың ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулығының құрылымы (пайдаланушы сертификаты үшін)";

      1-қосымшаның 1-тармағының 2 және 3-абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның 2-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, І-бөлім. Халықаралық коммерциялық көлік. Ұшақтар – ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін;

      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның G-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, ІІІ бөлім. Халықаралық ұшулар, Тікұшақтар – тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін.";

      2-қосымшада:

      2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушылардың ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулығының құрылымы (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік үшін)";

      3-қосымшада:

      3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушы нұсқаулығының құрылымы (пайдаланушы сертификаты үшін)";

      4-қосымшада:

      4-қосымша тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығының құрылымы (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік үшін)";

      осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда 5-қосымшамен толықтырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Т.Сүлейменов

      2017 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 422 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық әуе
кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық
талаптарына
5-қосымша

Кабиналық экипаж нұсқаулығының үлгі мазмұны

      1. Кабиналық экипаждың міндеттері

      2. Нұсқаулық құрылымы және оны құрастыру

      3. Экипажбен орындалатын рәсімдер

      4. Ұшу экипажы кабинасына кіру

      5. Ұшу экипажы кабинасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімі

      6. Ұшу экипажы кабинасындағы зарарсыздануды қамтамасыз ету рәсімі

      7. Экипажбен байланыс

      8. Экипаж іс-қимылдарын үйлестіру

      9. Кабиналық экипаж

      10. Жолаушыларға арналған ақпарат

      11. Су бетінде орындалатын үлкен арттырылған қашықтықта ұшу кезіндегі нұсқаулық (қолданылатын болса)

      12. Оттегі жүйесін пайдалану (қолданылатын болса)

      13. Қауіпсіздіктің жарық таблолары

      14. Мүгедек жолаушылар, сәбилер мен балалар

      15. Жолаушылар туралы ережелер

      16. Қауіпсіздік рәсімдері

      17. Есіктер

      18. Дәрі-дәрмектер

      19. Электрондық құрылғылар

      20. Қауіпті жүктер

      21. Жарықтандыру

      22. Турбуленттік

      23. Өмір сүру

      24. Ұшақты басып алу

      25. Қару-жарақ

      26. Ауыру/зақымдану

      27. Оттегі: қолданылуы және көрсеткіші (бортта оттегі болған жағдайда)

      28. Өртке қарсы шаралар мен бақылау

      29. Эвакуация рәсімдері

      30. ӘК сипаттамасы

      31. ӘК авариялық құтқару жабдықтары

      32. Еден деңгейіндегі шығулар

      33. Эвакуациялау трапы

      34. Терезе арқылы авариялық шығар жол

      35. Кіріктірме трап (фюзеляж астындағы трап)

      36. Ұшақ құйрығындағы орай ағызғыштың трапы

      37. Ұшу экипажы кабинасындағы авариялық шығар есік

      38. Салоннан басқа да эвакуация жолдары

      39. Басқа шығу жолдары

      40. Есік ойығының сақтық ленталары

      41. Жарамсыз есік жағдайындағы рәсімдер

      42. Кабиналық экипаждың жұмыс орны

      43. Электр жабдықтары

      44. Авариялық жарықтандыру

      45. Дыбысты және ішкі байланыс жүйесі

      46. Эвакуация сигналдары

      47. Оттегі жүйелері (жүйенің бортта бар болу жағдайында)

      48. Тасымалды оттегі жабдықтары

      49. Асүйлік жабдықтарды белгілеу жүйесі

      50. Багажды шектеу бекітпелері

      51. Түтіндік өрт хабарлағыш (түтін детекторы)

      52. Қоқысқа арналған контейнерлер есігі

      53. Үстіңгі/астыңғы палуба

      54. Жедел сатылар

      55. Жүзу құралдары ретінде кресло жастықтары

      56. Құтқару жилеттері

      57. Құтқарушы салдар мен үрлемелі траптар

      58. Жұмысқа жарамсыз жабдықтар

      59. Өрт сөндіргіш/Қорғаныш тыныс алу жабдығы

      60. Түтінге қарсы құрылғылар (экрандар)

      61. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы/Медициналық жинақ.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 153 "Об утверждении сертификационных требований к эксплуатантам гражданских воздушных судов"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 422. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2017 года № 15593.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 153 "Об утверждении сертификационных требований к эксплуатантам гражданских воздушных судов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11459, опубликованный 28 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Сертификационных требованиях к эксплуатантам гражданских воздушных судов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Сертификационные требования устанавливают требования к эксплуатантам воздушных судов (далее - ВС), осуществляющих воздушные перевозки, авиационные работы.

      При сертификационном обследовании заявитель продемонстрирует способность и средства, а также финансово-экономическое положение и правоспособность, необходимые для выполнения заявленного вида деятельности.

      Несоответствия сертификационным требованиям, выявленные при сертификационном обследовании, подразделяются на три категории: категория 1, категория 2 и категория 3.

      К категории 1 относится несоответствие сертификационным требованиям, не препятствующее осуществлению деятельности и подлежащее его устранению при совершенствовании производства.

      К категории 2 относится несоответствие сертификационным требованиям, не препятствующее осуществлению деятельности при условии его устранения в сроки, согласованные с уполномоченным органом, или введения ограничений.

      К категории 3 относится несоответствие сертификационным требованиям, препятствующее осуществлению деятельности.";

      подпункты 5) и 6) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "5) подготовку персонала (если применимо);

      6) контроль качества (если применимо)";

      часть вторую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Эксплуатант, заключающий договора с другими организациями, на выполнение определенных работ или оказание услуг, сохраняет за собой всю ответственность за качество выполнения договорных работ или услуги в соответствий с договорами."

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. В случае, если штатная численность эксплуатанта, составляет более 20 сотрудников, не совмещается одним лицом должностей (назначенных) руководителей у другого эксплуатанта.";

      подпункты 3) и 6) пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "3) руководство кабинного экипажа (если применимо) согласно типовому содержанию, приведенному в приложении 5 к Сертификационным требованиям";

      "6) руководство по качеству (если применимо).";

      подпункт 3) пункта 55 изложить в следующей редакции:

      "3) ВС, багажно-грузовые отсеки которых отвечают требованиям норм летной годности и позволяют осуществлять безопасную перевозку опасных грузов в соответствии с требованиями Правил перевозки опасных грузов по воздуху на гражданских воздушных судах, утверждаемыми уполномоченным органом согласно пункту 5 статьи 76 Закона "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации";

      пункт 58 изложить в следующей редакции:

      "58. Эксплуатант организует подготовку и переподготовку авиационного персонала и других сотрудников, по авиационной безопасности в соответствии с Программой подготовки и переподготовки специалистов служб авиационной безопасности, должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации по вопросам авиационной безопасности и безопасности полетов, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года №1083. (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12568).";

      пункт 59 изложить в следующей редакции:

      "59. Эксплуатанты гражданских ВС, обеспечивают соблюдение требований по авиационной безопасности, установленных Программой по авиационной безопасности гражданской авиации Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2011 года № 973 ДСП.";

      пункты 64 и 65 изложить в следующей редакции:

      "64. Аренда эксплуатантом Республики Казахстан воздушного судна без экипажа, зарегистрированного в иностранном государстве, или иностранным эксплуатантом воздушного судна Республики Казахстан без экипажа осуществляется только при наличии соглашения, заключенного между уполномоченным органом и компетентным органом иностранного государства, в котором зарегистрировано это воздушное судно, в соответствии с Конвенцией о Международной гражданской авиации. Такое соглашение регистрируется в Международной организации гражданской авиации (ИКАО).

      65. Аренда эксплуатантом Республики Казахстан воздушного судна с экипажем, принадлежащего гражданам или юридическим лицам Республики Казахстан, осуществляется на срок действия договора без внесения в сертификат эксплуатанта (свидетельство на выполнение авиационных работ) арендатора.";

      подпункты 4), 5) и 6) пункта 67 изложить в следующей редакции:

      "4) Пассажировместимость и грузоподъемность арендуемого воздушного судна сопоставимо с пассажировместимостью и грузоподъемностью воздушных судов арендатора. При этом пассажиры уведомляются арендатором о том, какой перевозчик фактически выполняет рейс;

      5) для арендатора, располагающего парком в количестве до пяти воздушных судов, – не более одного воздушного судна и для арендатора, располагающего парком в количестве свыше пяти воздушных судов, – не более двадцати процентов от общего парка воздушных судов, используемых для осуществления регулярных и нерегулярных полетов;

      6) сроком не более двух месяцев в течение одного года без внесения в сертификат эксплуатанта арендатора.";

      пункт 68 изложить в следующей редакции:

      "68. Уполномоченный орган отзывает ранее выданное эксплуатанту Республики Казахстан разрешение на аренду воздушного судна с экипажем в случаях:

      1) несоответствия требованиям по обеспечению безопасности полетов;

      2) отсутствия эффективного эксплуатационного контроля со стороны арендатора или арендодателя;

      3) отсутствия эффективного надзора со стороны государства, выдавшего сертификат эксплуатанта и сертификат летной годности на арендуемое воздушное судно.";

      в приложении 1:

      заголовок приложения 1 изложить в следующей редакции:

      "Структура Руководства по производству полетов эксплуатантов (для сертификата эксплуатанта)";

      части 2 и 3 пункта 1 приложения 1 изложить в следующей редакции:

      "в Добавлении 2, приложения 6 к Конвенции о международной гражданской авиации. Эксплуатация воздушных судов, Часть I. Международный коммерческий транспорт. Самолеты - для заявителей, эксплуатирующих самолеты;

      в Добавлении G, приложения 6 к Конвенции о международной гражданской авиации. Эксплуатация воздушных судов Часть III. Международные полеты, Вертолеты - для заявителей, эксплуатирующих вертолеты.";

      в приложении 2:

      заголовок приложения 2 изложить в следующей редакции:

      "Структура Руководства по производству полетов эксплуатантов (для свидетельства на право выполнения авиационных работ)";

      в приложении 3:

      заголовок приложения 3 изложить в следующей редакции:

      "Структура Руководства эксплуатанта по регулированию технического обслуживания эксплуатантов (для сертификата эксплуатанта)";

      в приложении 4:

      заголовок приложения 4 изложить в следующей редакции:

      "Структура Руководства эксплуатанта по регулированию технического обслуживания эксплуатантов (для свидетельства на право выполнения авиационных работ)";

      дополнить приложением 5 в редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
___________________ Т. Сулейменов
27 июля 2017год

  Приложение к приказу
Министра по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года № 422
  Приложение 5
к Сертификационным
требованиям к эксплуатантам
гражданских воздушных судов 

Типовое содержание руководства кабинного экипажа

      1.      Обязанности кабинного экипажа

      2.      Структура Руководства и его составление

      3.      Процедуры, выполняемые экипажем

      4.      Доступ в кабину летного экипажа

      5.      Процедура обеспечения безопасности в кабине летного экипажа

      6.      Процедура обеспечения стерильности в кабине летного экипажа

      7.      Связь с экипажем

      8.      Координация действий экипажа

      9.      Кабинный экипаж

      10.      Информация для пассажиров

      11.      Инструктаж при полетах увеличенной дальности, выполняемых над водной поверхностью (если применимо)

      12.      Использование кислородной системы (если применимо)

      13.      Световые табло безопасности

      14.      Пассажиры - инвалиды, младенцы и дети

      15.      Положения о пассажирах

      16.      Процедуры безопасности

      17.      Двери

      18.      Медикаменты

      19.      Электронные устройства

      20.      Опасные грузы

      21.      Освещение

      22.      Турбулентность

      23.      Выживание

      24.      Захват самолета

      25.      Оружие

      26.      Заболевания/Повреждения

      27.      Кислород: Использование и показания (при наличии кислорода на борту)

      28.      Противопожарные меры и контроль

      29.      Процедуры эвакуации

      30.      Описание ВС

      31.      Аварийное - спасательное оборудование ВС

      32.      Выходы на уровне пола

      33.      Эвакуационные трапы

      34.      Аварийные выходы через окно

      35.      Встроенный трап (подфюзеляжные трапы)

      36.      Трап в хвостовом обтекателе

      37.      Аварийные выходы в кабине летного экипажа

      38.      Пути эвакуации, кроме салона

      39.      Другие выходы

      40.      Предохранительные ленты дверного проема

      41.      Процедуры в случае нерабочей двери

      42.      Рабочее место кабинного экипажа

      43.      Электрическое оборудование

      44.      Аварийное освещение

      45.      Система громкой и внутренней связи

      46.      Сигналы эвакуации

      47.      Кислородные системы (при наличии системы на борту)

      48.      Переносное кислородное оборудование

      49.      Система фиксации кухонного оборудования

      50.      Ограничительные крепления багажа

      51.      Дымовая пожарная сигнализация (детекторы дыма)

      52.      Двери контейнеров для мусора

      53.      Верхняя/нижняя палуба

      54.      Лифты

      55.      Подушки кресел как плавсредства

      56.      Спасательные жилеты

      57.      Спасательные плоты и надувные трапы

      58.      Нерабочее оборудование

      59.      Огнетушители/Защитное дыхательное оборудование (PBE)

      60.      Противодымные устройства (экраны)

      61.      Аптечка первой помощи/ Медицинский комплект.