Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидаларын және оның қызметі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15671 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-168/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 № ҚР ДСМ-168/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 614 бұйрығына
1-қосымша

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Комиссия) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссияны қалыптастыру тәртібін реттейді.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы (бұдан әрі - Министрлік) тұрақты жұмыс істейтін консультациялық- кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласында сапаны бақылау және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды дайындау үшін құрылады.

      4. Комиссия Министрліктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) өкілдерінен тұрады.

      Әрбір ҮЕҰ-дан Комиссияның құрамына тек бір ғана өкіл кіреді.

      5. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның құрамындағы ҮЕҰ өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан аспайды.

      6. Комиссияның өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

2-тарау. Комиссияны қалыптастыру тәртібі

      7. Комиссияны қалыптастыру тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) Комиссияға кандидаттарды іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) Комиссияның мүшесіне кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

      3) құжаттарды қарау және Комиссияның мүшесіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобын құру;

      4) жұмыс тобының Комиссияның мүшесіне кандидаттар құжаттарының осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;

      5) жұмыс тобының Комиссияның құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды ұсынуы;

      6) Министрліктің Комиссияның құрамын бекіту туралы шешімі.

      8. Комиссияның мүшесіне кандидаттарды іріктеу мақсатында Министрлік пошталық мекенжайды, құжаттарды беру мерзімдерін, электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, интернет-ресурста хабарландыруды орналастырады.

      9. Хабарландыруды орналастырғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын жұмыс тобына кандидаттар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) өмірбаян деректерін көрсете отырып, фотографиясымен және байланыс деректерімен (телефон, электрондық мекенжайы) кәсіби және (немесе) қоғамдық жұмысы туралы мәліметтен резюме;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың, жоғары білімі туралы дипломының (медициналық, экономикалық, заңгер), қызметкердің денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмелері;

      4) сотталмағанын растайтын құжат, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағанын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмағанын растайтын құжат;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е нысан бойынша диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтамалар.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағының талаптары Комиссияның мүшесіне кандидаттар болып табылатын Министрліктердің қызметкерлеріне-өкілдеріне қолданылмайды.

      11. Жұмыс тобының отырыстарында шешім оның қатысқан мүшелерінің санынан ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда жұмыс тобының жетекшісі дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      12. Қарау нәтижесі бойынша жұмыс тобы Комиссияның құрамын бекіту жөніндегі ұсынымдарды шығарады.

      13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі немесе оның міндетін атқарушы тұлға жұмыс тобы ұсынған ұсынымдарды қарап, мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) Бұйрық шығару арқылы Комиссияның құрамын бекіту туралы;

      2) Комиссияның құрамын бекітуден бас тарту туралы.

      Осы Қағидалардың 13-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылданған жағдайда қайта іріктеу жарияланады.

      14. Министрлік іріктеу рәсімін өткізбей өзінің өкілін ауыстыруды жүзеге асырады.

      15. Комиссияның мүшелері еркін нысанда өтініш бере отырып, Комиссияның құрамынан мерзімінен бұрын шығады. Мұндай жағдайда Министрлік осы Қағидалардың 7, 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес іріктеу жүргізу туралы хабарлайды.

      16. Комиссияның мүшесі отырыстарға үш реттен артық себепсіз қатыспаған жағдайда, Министрлік оны Комиссияның құрамынан шығарады.

      17. Комиссияны құру немесе оның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 614 бұйрығына
2-қосымша

Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы (бұдан әрі - Министрлік) тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссияны құрудың мақсаты клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау саласында сапаны бақылау мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жүйесінің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Комиссия туралы ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      клиникалық хаттамаларды жетілдіру;

      медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру;

      дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру;

      сапаны бақылау және денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі жүйесінің стандарттарын жетілдіру болып табылады.

      5. Комиссия мiндеттердi iске асыру үшiн:

      1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және қарау үшін комитеттерді құрады;

      2) мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) қажет болған кезде, осы Ережемен регламенттелген мәселелер бойынша талдау, бағалау және сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, денсаулық сақтау субъектілерін тартады.

3-тарау. Комиссияның органдары және олардың жұмыс тәртібі

      6. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері, хатшы кіреді.

      7. Құзыретіне медициналық көрсетілетін қызметтерді стандарттау мәселелері кіретін Министрліктің құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:

      1) Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, хаттаманың жобасын қоса бере отырып, Комиссияның отырысы өткенге дейін жеті жұмыс күні бұрын Комиссияның мүшелеріне жіберілетін қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды;

      2) Комиссияның отырысына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) шақырады;

      3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады.

      8. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды және Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      9. Отырыстың күн тәртібі комиссияның бір жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қалыптастырылады. Өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссияның төрағасы айқындайды.

      10. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      11. Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы оған қатысса, Комиссия отырысы заңды деп есептеледі.

      Комиссияның мүшесі Комиссияның отырысына дәлелді себеп бойынша қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда алдын ала бір күннен кешіктірмей төрағаны немесе Комиссияның жұмыс органын хабардар етеді.

      Комиссияның отырысы күндізгі режимде және/немесе селекторлық байланыс режимінде өткізіледі.

      12. Комиссияның отырысын өткізгеннен кейін хатшы хаттаманың жобасын рәсімдейді. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылады және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар.

      13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан мүшелерінің басым көпшілігі ол үшін дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      14. Комиссияның отырыстарында диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын, жаңа медициналық технологияларды мақұлдау немесе бас тарту, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық қызметтің сапасын аккредиттеу және басқару туралы шешімдер қабылданады.

      Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие болады.

      15. Комиссияның мүшелері Комиссияның қызметіне ауыстырусыз қатысады.

      16. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс берудің негізінде үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама рәсімделеді.

      17. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін, материалдарды қоса бере отырып, есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады.

      18. Отырыстардың хаттамалары қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей Министрліктің сайтында орналастырылады.

      19. Комиссия қызметінің шеңберінде олардың құзыретіне жатқызылатын нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындау үшін құрылатын комитеттер тұрақты жұмыс істейді:

      формулярлық комитет;

      медициналық көрсетілетін қызметтерді стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу комитеті;

      медициналық технологияларды бағалау комитеті;

      аккредиттеу және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару комитеті;

      медициналық білім беруді жаңғырту және кадрлық ресурстарды дамыту комитеті.

      Комитет мүшелерінің саны тақ санды құрайды.

      20. Комитеттердің құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі. Қажет болған кезде комитеттердің жұмысына қатысу үшін дауыс беру құқығынсыз бейінді сарапшылар тартылады.

      21. Комитеттердің құрамына басшы, басшының орынбасары, мүшелері және хатшы кіреді. Комитеттердің басшылары Комиссияның құрамына кіреді.

      22. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Министрлікке ведомстволық бағыныстағы ұйым Комитеттердің жұмыс органы болып табылады.

      23. Комитеттердің жұмыс органы комитеттердің қызметін қамтамасыз ету мақсатында комитеттердің жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комитет отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, комитеттердің отырыстарын өткізгенге дейін он жұмыс күні бұрын комитет мүшелеріне жіберілуі тиіс материалдарды дайындайды.

      24. Комитеттердің басшылары комитеттің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, олардың шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Басшы болмағанда басшының орынбасары комитеттің отырысын өткізеді және оған басшы жүктеген функцияларды орындайды.

      Комитеттің хатшылары комитеттің мүшелері болып табылады және комитеттер шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар. Комитеттердің хатшылары комитеттердің жұмыс органының өкілдерінен айқындалады.

      25. Комитеттердің отырыстары Комиссия отырысына дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей өткізіледі, онда Комитеттің құзыретіне сәйкес мәселені қарау жоспарланады.

      26. Формулярлық комиссияның қызметі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары:

      халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

      дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      дәрілік заттарды және формулярлық жүйені ұтымды пайдалану арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қолдау және жетілдіру;

      облыстардың және денсаулық сақтау ұйымдарының Формулярлық комиссиясының қызметін үйлестіру; 

      фармакотерапия кезінде дәлелді медицинаны енгізуге жәрдемдесу; 

      дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша дәрігерлерге арналған ұлттық анықтамаларды әзірлеуге және келісуге қатысу;

      дәрілік заттарды ұтымды қолдану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; 

      дәрілік заттарды пайдалануды бағалау бағдарламасын енгізуге жәрдемдесу;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және Бірыңғай дистрибьюторда дәрілік заттардың және медициналық мақсатты бұйымдардың тізімдерін келісу;

      дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қарау және келісу; 

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропалық одақ өлшемшарттарын ескере отырып, дәрілік заттарды этикалық ілгерілетуге жәрдемдесу;

      әртүрлі аурулардың фармакотерапиясы бойынша халықаралық тәжірибеге және ұлттық стандарттарға талдау, клиникалық және экономикалық тиімділіктің ғылыми дәлелдерін зерделеу; 

      Қазақстан Республикасының халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің нысаналы бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу;

      облыстардың және денсаулық сақтау ұйымдарының формулярлық комиссиясына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету; 

      дәрілік заттар аналогтарының тізімін әзірлеуге және келісуге қатысу.

      27. Медициналық көрсетілетін қызметтерді стандарттау және клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары:

      клиникалық хаттамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; 

      медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын жетілдіру;

      дәлелді медицинаның негізінде денсаулық сақтауды стандарттауды дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстарды, сараптамалық бағалау мен медициналық қызметтердің сапасын бақылауды қарау;

      денсаулық сақтауды стандарттау құралдарын енгізу және тарату бойынша ұсынымдарды қарау және келісу;

      клиникалық хаттамаларды әзірлеуге, дәлелді медицина қағидаттарын енгізуге жәрдемдесу, ұсынымдарды қарау және келісу;

      клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі регламентті, клиникалық хаттамаларды және басқа да стандарттау құралдарын практикалық денсаулық сақтауға енгізу мен тарату бойынша ұсынымдарды әзірлеу және жетілдіру;

      клиникалық хаттамаларды енгізу тиімділігі бойынша сауалнама жүргізу;

      денсаулық сақтауды стандарттауды жетілдіру бойынша халықаралық тәжірибиені талдау;

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын стандарттаудың нысаналы бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

      клиникалық хаттамаларды және өзге де денсаулық сақтауды стандарттау құралдарын әзірлеуге кәсіби медициналық қауымдастыққа консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

      28. Медициналық технологияларды бағалау жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары:

      сапаны басқару тетігі ретінде медициналық технологияларды бағалауды дамытуға жәрдемдесу;

      барынша тиімді медициналық көрсетілетін қызметтер мен дәрілік заттарды іріктеу процесін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасында медициналық технологияларды қолдану жөніндегі ғылыми-негізделген ұсынымдарды дайындау;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - ТМККК/МӘМС) барынша тиімді жаңа медициналық қызметтерді/дәрілік заттарды іріктеу мен енгізуді қамтамасыз ету үшін медициналық технологиялардың басымдылығын келісу;

      медициналық технологияларды бағалау рәсімдері мен әдістерін келісу және медициналық технологияларды бағалау нәтижелеріне негізделген шешімдері қабылдау;

      ТМККК/МӘМС шеңберінде пайдалану үшін өзара байланысты және гибридтік технологияларды бағалау жөніндегі ұсынымдарды келісу;

      енгізілетін денсаулық сақтау технологияларын, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың, медициналық емшаралардың, хирургиялық операциялардың және т.б. бюджетке әсерін бағалау;

      ТМККК/МӘМС шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін қалыптастыру үшін медициналық технологияларды бағалау ұсынымдарын келісу;

      барынша тиімді медициналық көрсететілетін қызметтерді іріктеу үшін медициналық технологияларды бағалау ұсынымдарын келісу (оның ішінде, жоғары технологиялық медициналық қызметтер);

      шешім қабылдауға және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жақсарту арқылы ақы төлеу механизмдері (қауіптерді бөлу, пациенттерге жеңілдетілген қолжетімділік сызбасы, жеңілдіктер туралы келісім) туралы келіссөздер жүргізуге жәрдемдесу;

      медициналық технологиялардың жағымсыз тізбесін қалыптастыру және тұрақты түрде қайта қарау.

      29. Медициналық көрсетілетін қызметтерді аккредиттеу және сапасын басқару жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары:

      денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесін жақсартуға жәрдемдесу;

      медициналық ұйымның, басқарушы органның (байқау кеңесі, директорлар кеңесі, денсаулық сақтау басқармасы) және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының деңгейінде ішкі аудит және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жүйесін жетілдіру;

      денсаулық сақтау саласында аккредиттеу стандарттарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      денсаулық сақтау саласында аккредиттеу қағидалары мен тәртібін әзірлеуге және келісуге қатысу;

      медициналық ұйым, басқарушы органның (байқау кеңесі, директорлар кеңесі, денсаулық сақтау басқармасы) деңгейінде ішкі аудит және медициналық қызметтердің сапасын бақылау құжаттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының деңгейінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жүйесінің құжаттарын жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

      30. Медициналық білім беру саласын жаңғырту және кадрлық ресурстарды дамыту жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары:

      денсаулық сақтау жүйесіндегі адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

      денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау мен болжамдау әдістерін жетілдіруге жәрдемдесу;

      денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлауды және үздіксіз кәсіби дамытуды жоспарлау мен қаржыландыру әдістерін жетілдіруге жәрдемдесу;

      денсаулық сақтаудың адами ресурстарын дамыту жүйесіне дәлелді практиканы енгізуге жәрдемдесу;

      денсаулық сақтау жүйесінің адами ресурстарын дамыту мәселелерін регламенттейтін бағдарламаларды, жоспарларды, әдістерді және өзге де құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу;

      денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжамдау әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қарау және келісу;

      денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрларды даярлауды және үздіксіз кәсіби дамытуды жоспарлау мен қаржыландыру әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қарау және келісу;

      денсаулық сақтаудың адами ресурстарын дамыту мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

Об утверждении Правил формирования объединенной комиссии по качеству медицинских услуг и положения о ее деятельности

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 614. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 сентября 2017 года № 15671. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-168/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.10.2020 № ҚР ДСМ-168/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В cоответствии с пунктом 3 статьи 11-1 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) правила формирования объединенной комиссии по качеству медицинских услуг согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) положение о деятельности объединенной комиссии по качеству медицинских услуг согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

  Приложение 1
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 17 августа 2017 года № 614

Правила формирования
объединенной комиссии по качеству медицинских услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования объединенной комиссии по качеству медицинских услуг (далее – Комиссия) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 11-1 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и регулируют порядок формирования Комиссии.

      2. Комиссия является постоянно действующим консультативно-совещательным органом при Министерстве здравоохранения Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Комиссия создается для выработки рекомендаций по совершенствованию клинических протоколов, стандартов медицинского образования, лекарственного обеспечения, системы контроля качества и доступности услуг в области здравоохранения.

      4. Комиссия состоит из представителей Министерств, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" и неправительственных организаций (далее – НПО).

      От каждого НПО в состав Комиссии включается только один представитель.

      5. Общее количество членов Комиссии составляет нечетное число. Представители НПО в составе Комиссии составляет не более половины от общего количества членов Комиссии.

      6. Срок полномочий Комиссии составляет три года.

Глава 2. Порядок формирования Комиссии

      7. Порядок формирования Комиссии состоит из следующих этапов:

      1) публикация объявления о проведении отбора кандидатов в Комиссию;

      2) прием документов от кандидатов в члены Комиссии;

      3) создание рабочей группы по рассмотрению документов и отбору кандидатов в члены Комиссии;

      4) рассмотрение рабочей группой документов кандидатов в члены Комиссии на соответствие требованиям, установленным в пункте 9 настоящих Правил;

      5) вынесение рабочей группой рекомендаций по формированию состава Комиссии;

      6) решение Министерства об утверждении состава Комиссии.

      8. С целью отбора кандидатов в члены Комиссии Министерство размещает на интернет-ресурсе объявление с указанием почтового адреса, сроков подачи документов, адреса электронной почты.

      9. После размещения объявления в течение семи рабочих дней кандидаты представляют в рабочую группу, которая осуществляет отбор кандидатов, следующие документы:

      1) заявление в произвольной форме;

      2) резюме, содержащее сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности с указанием автобиографических данных, с фотографией и контактными данными (телефон, электронный адрес);

      3) копии документа, удостоверяющего личность, диплома о высшем образовании (медицинское, экономическое, юридическое), документа, подтверждающего трудовую деятельность работника на руководящих должностях в сфере здравоохранения не менее 5 лет;

      4) документ, подтверждающий отсутствие судимости, в том числе отсутствие судимости в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения;

      5) справки с психоневрологической и наркологической организации о состоянии/не состоянии на диспансерном учете по форме № 035-2/у, утвержденные приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697).

      10. Требования пункта 9 настоящих Правил не распространяются на сотрудников – представителей Министерств, являющихся кандидатами в члены Комиссии.

      11. На заседаниях рабочей группы решения принимаются большинством голосов от числа присутствующих ее членов путем открытого голосования. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал руководитель рабочей группы.

      12. По результатам рассмотрения рабочая группа выносит рекомендации по утверждению состава Комиссии.

      13. Министр здравоохранения Республики Казахстан либо лицо, исполняющее его обязанности, рассмотрев представленные рабочей группой рекомендации, выносит одно из следующих решений:

      1) об утверждении состава Комиссии путем издания приказа;

      2) об отказе в утверждении состава Комиссии.

      В случае принятия решения, предусмотренного подпунктом 2) пункта 13 настоящих Правил, объявляется повторный отбор.

      14. Министерство осуществляет замену своего представителя без процедуры отбора.

      15. Члены Комиссии досрочно выходят из состава Комиссии, подав заявление в произвольной форме. В этом случае Министерство объявляет о проведении отбора в соответствии с пунктами 7, 8, 9, 10 настоящих Правил.

      16. В случаях отсутствия члена Комиссии на заседаниях более трех раз по неуважительной причине, Министерство выводит его из состава Комиссии.

      17. Создание или прекращение деятельности Комиссии утверждается приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан и размещается на интернет-ресурсе Министерства. 

  Приложение 2
к приказу Министра
здравоохранения
Республики Казахстан
от 17 августа 2017 года № 614

Положение о деятельности объединенной комиссии по качеству медицинских услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Объединенная комиссия по качеству медицинских услуг (далее - Комиссия) является постоянно действующим консультативно-совещательным органом при Министерстве здравоохранения Республики Казахстан (далее – Министерство).

      2. Целью создания Комиссии является выработка рекомендаций по совершенствованию клинических протоколов, стандартов медицинского образования, лекарственного обеспечения, системы контроля качества и доступности услуг в области здравоохранения.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуются Конституцией Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим положением о Комиссии.

Глава 2. Задачи и права Комиссии

      4. Основными задачами Комиссии является:

      совершенствование клинических протоколов;

      совершенствование стандартов медицинского образования;

      совершенствование лекарственного обеспечения;

      совершенствование стандартов системы контроля качества и доступности услуг в области здравоохранения.

      5. Комиссия для реализации задач:

      1) создает комитеты для обсуждения и рассмотрения вопросов, входящих в компетенцию Комиссии;

      2) взаимодействует с государственными и неправительственными организациями;

      3) привлекает при необходимости независимых экспертов и представителей неправительственных и международных организаций, субъектов здравоохранения для проведения анализа, оценки и экспертизы по вопросам, регламентированным настоящим Положением.

Глава 3. Органы Комиссии и порядок их работы

      6. В состав Комиссии входят председатель, заместитель председателя, члены, секретарь.

      7. Рабочим органом Комиссии является структурное подразделение Министерства, в компетенцию которого входят вопросы стандартизации медицинских услуг.

      Рабочий орган в целях обеспечения деятельности Комиссии:

      1) осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые направляет членам Комиссии за семь рабочих дней до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола;

      2) приглашает на заседания Комиссии представителей структурных подразделений Министерства, подведомственных и неправительственных организаций (по согласованию);

      3) запрашивает необходимую информацию от структурных подразделений Министерства, подведомственных и неправительственных организаций.

      8. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      9. Повестка дня заседания формируется согласно утвержденного плана работы Комиссии на год. Дата, время и место проведения определяются председателем Комиссии.

      10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, не реже одного раза в квартал.

      11. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее половины от общего числа членов Комиссии.

      О невозможности присутствовать на заседании Комиссии по уважительной причине член Комиссии заблаговременно не позднее одного дня информирует председателя или рабочий орган Комиссии.

      Заседания Комиссии проводятся в очном режиме и/или, в режиме селекторной связи.

      12. После проведения заседания Комиссии секретарь оформляет проект протокола. Секретарь является членом Комиссии и имеет право голоса при принятии решения.

      13. Решение Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за него проголосовало большинство членов от общего количества членов Комиссии, присутствующих на заседании. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      14. На заседаниях Комиссия принимает решения об одобрении или отказе в одобрении клинических протоколов диагностики и лечения, новых медицинских технологий, стандартов организации оказания медицинской помощи, медицинского образования, по вопросам лекарственного обеспечения, аккредитации и управления качеством медицинских услуг.

      Решения Комиссии носят рекомендательный характер.

      15. Члены Комиссии принимают участие в деятельности Комиссии без замены.

      16. По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      17. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением материалов осуществляет рабочий орган Комиссии.

      18. Протоколы заседаний размещаются на сайте Министерства не позднее 15 календарных дней со дня подписания.

      19. В рамках деятельности Комиссии действуют постоянные комитеты, которые создаются для выработки предложений по конкретным проблемам и вопросам, отнесенным к их компетенции:

      формулярный комитет;

      комитет по стандартизации медицинских услуг и разработке клинических протоколов;

      комитет по оценке медицинских технологий;

      комитет по аккредитации и управлению качеством медицинских услуг;

      комитет по модернизации медицинского образования и развитию кадровых ресурсов.

      Количество членов комитетов составляет нечетное число.

      20. Состав комитетов утверждается приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан. При необходимости для участия в работе комитетов привлекаются профильные эксперты без права голоса.

      21. В состав комитетов входят руководитель, заместитель руководителя, члены и секретарь. Руководители комитетов входят в состав Комиссии.

      22. Рабочим органом комитетов является подведомственная Министерству организация, утвержденная приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан.

      23. Рабочий орган комитетов в целях обеспечения деятельности комитетов осуществляет организационно-техническое обеспечение работы комитетов, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания комитета, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам комитета за десять рабочих дней до проведения заседания комитетов.

      24. Руководители комитетов председательствуют на заседаниях комитета, планируют их работу, осуществляют общий контроль над реализацией их решений.

      Заместитель руководителя в отсутствие руководителя проводит заседания комитета и выполняет возложенные на него руководителем функции.

      Секретари комитетов являются членами комитетов и имеют права голоса при принятии комитетами решения. Секретари комитетов определяются из числа представителей рабочего органа комитетов.

      25. Заседания комитетов проводятся не позднее 10 календарных дней до заседания Комиссии, когда планируется рассмотрение вопроса в соответствии с компетенцией комитета.

      26. Основные задачи и функции комитета по деятельности формулярной комиссии:

      содействие в обеспечении населения и организаций здравоохранения безопасными, эффективными, качественными и доступными лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения и медицинской техникой; 

      содействие в обеспечении качества и доступности лекарственных средств и изделий медицинского назначения; 

      поддержание и совершенствование лекарственного обеспечения через рациональное использование лекарственных средств и формулярную систему;

      координация деятельности формулярных комиссий областей и организаций здравоохранения; 

      содействие внедрению доказательной медицины при фармакотерапии; 

      участие в разработке и согласовании национальных справочников для врачей по рациональному использованию лекарственных средств;

      разработка рекомендаций по рациональному применению лекарственных средств; 

      содействие внедрению программы оценки использования лекарственных средств;

      согласование списков лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, системе обязательного социального медицинского страхования и Единого дистрибьютора;

      рассмотрение и согласование рекомендаций по совершенствованию системы лекарственного обеспечения; 

      содействие этическому продвижению лекарственных средств с учетом критериев Всемирной организации здравоохранения и Европейского союза;

      анализ международного опыта и национальных стандартов по фармакотерапии различных заболеваний, изучение научных доказательств клинической и экономической эффективности; 

      участие в разработке и согласовании целевых программ лекарственного обеспечения населения Республики Казахстан;

      оказание консультативной и методической помощи формулярным комиссиям областей и организаций здравоохранения; 

      участие в разработке и согласовании списка аналоговой замены лекарственных средств.

      27. Основные задачи и функции комитета по стандартизации медицинских услуг и разработке клинических протоколов:

      выработка предложений по совершенствованию клинических протоколов; 

      совершенствование стандартов организации оказания медицинской помощи;

      рассмотрение предложений по развитию и совершенствованию стандартизации здравоохранения, экспертной оценки и контроля качества медицинских услуг на основе доказательной медицины;

      рассмотрение и согласование рекомендаций по внедрению и распространению инструментов стандартизации здравоохранения;

      содействие внедрению принципов доказательной медицины в разработке клинических протоколов, рассмотрение и согласование рекомендаций;

      разработка и совершенствование регламента по разработке клинических протоколов, рекомендаций по внедрению и распространению клинических протоколов и иных инструментов стандартизации в практическое здравоохранение;

      проведение анкетирования по эффективности внедрения клинических протоколов;

      анализ международного опыта по совершенствованию стандартизации здравоохранения;

      разработка и внедрение целевых программ стандартизации здравоохранения Республики Казахстан;

      оказание консультативной и методической помощи профессиональным медицинским ассоциациям в разработке клинических протоколов и иных инструментов стандартизации здравоохранения.

      28. Основные задачи и функции комитета по оценке медицинских технологий:

      содействие развитию оценки медицинских технологий, как механизма управления качеством;

      обеспечение процесса отбора наиболее эффективных медицинских услуг и лекарственных средств;

      выработка научно-обоснованных рекомендаций по применению медицинских технологий в Республике Казахстан;

      согласование приоритезации медицинских технологий, для обеспечения отбора и внедрения наиболее эффективных новых медицинских услуг/лекарственных средств в гарантированном объеме бесплатной медицинской помощи и системе обязательного социального медицинского страхования (далее – ГОБМП/ОСМС);

      согласование процедур и методов оценки медицинских технологий и принятия решений основанного на результатах оценки медицинских технологий;

      согласование рекомендаций по оценке взаимозависимых и гибридных технологий для использования в рамках ГОБМП/ОСМС;

      оценка воздействия на бюджет внедряемых технологий здравоохранения, в том числе лекарственных средств, изделий медицинского назначения, медицинской техники, медицинских процедур, хирургических операций и др.;

      согласование рекомендаций оценки медицинских технологий для формирования списков лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках ГОБМП/ОСМС;

      согласование рекомендаций оценки медицинских технологий для отбора наиболее эффективных медицинских услуг (в том числе, высокотехнологичных медицинских услуг);

      содействие принятию решений и ведению переговоров о механизмах оплаты путем улучшения взаимодействия с заинтересованными сторонами (соглашение о разделении рисков, схемы облегченного доступа к пациентам, скидки);

      формирование и регулярный пересмотр негативного перечня медицинских технологий.

      29. Основные задачи и функции комитета по аккредитации и управлению качеством медицинских услуг:

      содействие в улучшении системы аккредитации в сфере здравоохранения;

      совершенствование системы внутреннего аудита и контроля качества медицинских услуг на уровне медицинской организации, управляющего органа (наблюдательный совет, совет директоров, управление здравоохранения) и некоммерческого акционерного общества "Фонд социального медицинского страхования";

      участие в разработке и согласовании стандартов аккредитации в сфере здравоохранения;

      участие в разработке и согласовании правил и порядка аккредитации в сфере здравоохранения;

      разработка рекомендаций по совершенствованию документов системы внутреннего аудита и контроля качества медицинских услуг на уровне медицинской организации, управляющего органа (наблюдательный совет, совет директоров, управление здравоохранения);

      разработка рекомендаций по совершенствованию документов системы контроля качества медицинских услуг на уровне некоммерческого акционерного общества "Фонд социального медицинского страхования";

      разработка предложений по совершенствованию перечня медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системе обязательного социального медицинского страхования.

      30. Основные задачи и функции комитета по модернизации медицинского образования и развитию кадровых ресурсов:

      содействие повышению эффективности управления человеческими ресурсами в системе здравоохранения;

      содействие совершенствованию методов планирования и прогнозирования потребности в кадровых ресурсах здравоохранения;

      содействие совершенствованию методов планирования и финансирования подготовки и непрерывного профессионального развития кадров для системы здравоохранения.

      содействие внедрению доказательной практики в систему развития человеческих ресурсов здравоохранения;

      участие в разработке и согласовании программ, планов, методик и иных документов, регламентирующих вопросы развития человеческих ресурсов системы здравоохранения;

      рассмотрение и согласование рекомендаций по совершенствованию методов планирования и прогнозирования кадровых ресурсов здравоохранения;

      рассмотрение и согласование рекомендаций по совершенствованию методов планирования и финансирования подготовки и непрерывного профессионального развития кадров для системы здравоохранения;

      оказание консультативной и методической помощи организациям здравоохранения по вопросам развития человеческих ресурсов здравоохранения.