"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасын Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудің орнын толтыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 154-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8532 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінің № 229 (28168) санында жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 197 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15231 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығымен бекітілген |
Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына
келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу
мөлшерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруашылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдісін белгілейді.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;
2) шаруашылық қызмет – су объектілерін пайдаланумен, геофизикалық зерттеулер, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізумен, көмірсутекті шикізат өндірумен, құрылыстар мен басқа да объектілер орналастырумен, жобалаумен және салумен, өндірістік процестерді жүзеге асырумен және көлік құралдарын пайдаланумен, кеме қатынасымен байланысты жеке немесе заңды тұлғаның балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі қызметі.
3. Заңның 17-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды осы Әдістемеде айқындалған мөлшерде өтеу уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын көздейтін іс-шараларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су
жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды
өтеу мөлшерін есептеу әдістері
4. Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының толықтай жоғалуы;
2) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан не болмаса кәсіпшілік объектілерінің, олардың уылдырығының, дернәсілінің, шабағының және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының ішінара жоғалуы.
5. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары толық жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
N = Р0×S0, мұнда:
N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;
Р0 – су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар;
S0 – балық шаруашылығы маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен.
6. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
N =
Pi x S0 x F1 /F0 x q, мұнда:N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;
Pi – осы түр бойынша немесе экологиялық тұрғыдан жақын түрлер бойынша су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар;
S0 – балық шаруашылығы маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен;
F0 – су айдынындағы әртүрлі аймақтардың алаңы (осы су айдынындағы уылдырық шашатын орындар, жайылым, қыстау орындары), гектармен;
F1 – қолайсыз әсерге ұшыраған аймақ бөлігінің алаңы, гектармен;
q – түзету коэффициенті, ол қолайсыз әсерге ұшыраған учаскелердің балықтары мен басқа да су жануарларының санын су айдынының басқа учаскелерінің балықтары мен басқа да су жануарларының санына бөлу арқылы анықталады.
кәсіпшілік объектілерінің және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең мынадай формуламен есептеледі:
мұнда:
Nі – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен;
Пі – қолайсыз әсер ету аймағындағы немесе жұмыстар жүргізіліп жатқан аудандағы осы түр, салмақ санаты гидробионттарының қолайсыз әсер ету кезеңінде орташа мөлшерде шоғырлануы (немесе тығыздығы). Нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, Солтүстік Каспий үшін осы Әдістемеге 1-қосымшаның 1 және 2-кестелерінің деректері пайдаланылады;
W0(S0) – қолайсыз әсер ету аймағының көлемі немесе ауданы;
Ki – қолайсыз әсер ету жағдайында гидробионттардың тірі қалу коэффициенті (балық қорғайтын құрылғы болған жағдайда – жобаланған су тартуға арналған балық қорғау құрылғыларының тиімділік коэффициенті), пайызбен.
Екінші кезең азықтық гидробионттардың биомассасын балық өнімінің биомассасына қайта есептеуден тұрады және азықтық гидробионттардың әрбір тобы үшін трофикалық тізбекпен органикалық затты ауыстырудың азықтық коэффициенттерін қолдану арқылы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
Br– балық ресурстарының биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен;
Bk – азықтық гидробионттардың биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен;
P/B – өнімнің өндірілу коэффициенті;
k2 – алынған өнімді балық өніміне ауыстырудың азықтық коэффициенті;
k3 – балықтардың азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен.
Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың азықтық базасының өнімнің өндірілу коэффициенті мен коэффициенттері осы Әдістемеге 3-қосымшада келтіріледі.
Кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілінің, шабағының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу кезінде есептелген зиян шамасы кәсіпшілік қайтарым коэффициентінің көмегімен кәсіпшілік балық түрлерінің шығындарына мына формула бойынша жатқызылады:
мұнда:
ni – кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілі мен шабағының тікелей қырылуы келтіретін заттай түрдегі зиян шамасы;
K1 – кәсіпшілік қайтарым коэффициенті, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес пайызбен.
Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары осы Әдістемеге 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.
7. Күтілетін зиянды есептеу мынадай тәсілдердің біреуімен жүргізілуі мүмкін:
кәсіпшілік өнімділіктен айрылудан;
кәсіпшілік объектілердің, олардың уылдырықтарының, дернәсілдерінің, шабақтарының және балықтардыңқоректік базасының тікелей жоғалуынан.
Қосалқы есеп жүргізбеу үшін осы тәсілдерді бір мезгілде пайдалануға және нәтижелерін бір-біріне қосуға болмайды.
8. Балық ресурстарына келтірілген зиянды есептеудің пайдаланылған тәсіліне қарамастан, су айдынында жүргізілген барлық жұмыс түрлерін есептеу нәтижесі кәсіпшілік таралымының мекендеу шегінде су айдынының және (немесе) учаскесінің нақты кәсіпшілік запастарының шамасынан асып кете алмайды.
9. Қорытынды нәтижені (килограммен немесе тоннамен) алғаннан кейін алынған шығын ауланымдарда балықтардың әр түрінің кездесуіне қарай зерттеулер ауданында (немесе осы су айдынында) пайыздық арақатынаспен барабар бөлінеді (нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, Солтүстік Каспий үшін осы Әдістемеге 1-қосымшаның 3-кестесінің деректері пайдаланылады).
Ақшалай мәнге ауыстыру зиянды өтеу мөлшерін анықтау мақсатында балық түрлері бойынша зиянды өтеу мөлшерінің (бір килограмм үшін) құнын және қолайсыз әсер ету кезеңін ескере отырып, мына формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
M=d х c х y, мұнда:
М – зиянды өтеу мөлшері, ақшалай мәнде;
d – балық ресурстарына келтірілетін немесе келтірілген түпкілікті шығын сомасы, килограммен;
c – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес зиянды өтеу мөлшерінің құны, бір килограмм үшін айлық есептік көрсеткіштермен;
y – қолайсыз әсер ету кезеңі (жыл)*.
Ескертпе: * у=1 (1 жыл=1), көп реттік (тұрақты) у кезінде – қолайсыз әсер ету жылдарының санына сәйкес келеді).
Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
|
1-кесте |
Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары
Балық түрлері | Орташа өсімталдық, дана уылдырық | Топтағы аналықтардың үлесі, пайызбен | Уылдырық шашудың еселілігі, рет | 1 данасының орташа салмағы, килограмм |
Бекіре тұқымдастар | 245500 | 40 | 3 | 8,9 |
Майшабақ тұқымдастар | 160000 | 50 | 2 | 0,27 |
Көкшұбар | 12300 | 50 | 1 | 0,10 |
Тікенді балық | 1500000 | 50 | 2 | 0,81 |
Пайдабалық | 183000 | 50 | 1 | 0,85 |
Хариус | 4500 | 50 | 1 | 0,21 |
Ленок | 12000 | 50 | 1 | 0,50 |
Қаракөз (торта) | 50300 | 50 | 2 | 0,11 |
Ақ амур | 922000 | 30 | 1 | 4,20 |
Дөңмаңдай | 1238000 | 40 | 1 | 10,4 |
Тарақ балық | 3600 | 60 | 2 | 0,07 |
Үкішабақ | 15600 | 60 | 2 | 0,04 |
Ақмарқа | 120000 | 50 | 2 | 1,28 |
Оңғақ | 210850 | 50 | 2 | 0,45 |
Табан | 150000 | 50 | 2 | 0,18 |
Мөңке | 48000 | 90 | 2 | 0,4 |
Сазан (тұқы) | 530000 | 45 | 2 | 2,5 |
Көксерке | 199000 | 50 | 2 | 1,5 |
Жайын | 59200 | 50 | 3 | 3,1 |
Көктыран | 11 500 | 20 | 1 | 0,13 |
Ақкөз балық | 12 500 | 50 | 2 | 0,16 |
Балпан балық | 160000 | 65 | 2 | 0,90 |
Қылыш балық | 33500 | 70 | 2 | 0,22 |
Аққайран | 49 000 | 65 | 2 | 0,50 |
Шортан | 104 200 | 60 | 1 | 1,70 |
Алабұға | 36850 | 70 | 2 | 0,29 |
Нәлім | 150000 | 40 | 1 | 1,61 |
Таутан | 18000 | 60 | 2 | 0,04 |
Шаян | 300 | 40 | 1 | 0,12 |
Итбалық | 1,01 | 50 | 1* | 46,2 |
Ескертпе: * - күшіктеу саны
2-кесте |
Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы (2006-2012 жылдардың мәліметі бойынша гидробионттардың орташа-көпжылдық шоғырлануы)
Гидробионттар | Қыс | Көктем | Жаз | Күз |
Фитопланктон, миллиграмм/ текше метр | 192,32 | 668,76 | 324,57 | |
Зоопланктон, миллиграмм/ текше метр | 206,03 | 758,22 | 168,86 | |
Бентос, грамм/ шаршы метр | 11,08 | 26,94 | 41,16 | 19,55 |
Мейобентос, грамм/ шаршы метр | 142,51 | 12,44 | 91,88 |
3-кесте |
Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесуі
Тұқымдастар | Балық түрлері | Ауланымдарда кездесуі, пайызбен | |
Жағалау (тереңдігі 3 метр және одан аз) |
Ашық акваторий | ||
Бекіре тұқымдастар | Орыс бекіресі | 0,255 | 2,155 |
Бекіре тұқымдастар | Парсы бекіресі | 0,007 | 0,063 |
Бекіре тұқымдастар | Шоқыр | 0,349 | 1,114 |
Бекіре тұқымдастар | Қортпа | 0,145 | 0,352 |
Майшабақ тұқымдастар | Бражников майшабағы | 0,153 | 0,248 |
Майшабақ тұқымдастар | Каспий-қара теңіз қарынсауы | 0,080 | 0,991 |
Майшабақ тұқымдастар | Солтүстік Каспий қарынсауы | 0,051 | 0,677 |
Майшабақ тұқымдастар | Бадырақкөзді қарынсау | 2,269 | 6,748 |
Майшабақ тұқымдастар | Жұмырбасты қарынсау | 0,393 | 1,426 |
Майшабақ тұқымдастар | Каспий тюлькасы (килька) | 0,022 | 0,006 |
Тұқы тұқымдастар | Көктыран | 0,567 | 0,039 |
Тұқы тұқымдастар | Шығыс табан балығы | 6,364 | 4,089 |
Тұқы тұқымдастар | Айнакөз | 4,153 | 2,053 |
Тұқы тұқымдастар | Қарапайым ақмарқа | 2,131 | 0,517 |
Тұқы тұқымдастар | Балпан балық | 1,200 | - |
Тұқы тұқымдастар | Күміс мөңке | 0,560 | - |
Тұқы тұқымдастар | Европа сазаны (тұқы) | 7,659 | 0,066 |
Тұқы тұқымдастар | Аққайраң | 0,793 | 0,000 |
Тұқы тұқымдастар | Қылыш балық | 1,709 | 0,704 |
Тұқы тұқымдастар | Солтүстік Каспий қаракөзі | 41,559 | 70,770 |
Тұқы тұқымдастар | Қызылқанат | 24,358 | 0,127 |
Тұқы тұқымдастар | Оңғақ | 0,116 | 0,006 |
Шортан тұқымдастар | Қарапайым шортан | 0,073 | - |
Тікенді балық тұқымдастар | Сингиль | 0,036 | 0,088 |
Алабұға тұқымдастар | Алабұға | 0,029 | 0,006 |
Алабұға тұқымдастар | Қарапайым көксерке | 3,273 | 4,419 |
Алабұға тұқымдастар | Беріш | 0,378 | 0,077 |
Жайын тұқымдастар | Қарапайым жайын | 0,407 | 0,022 |
Атерина тұқымдастар | Атерина | 0,029 | 0,006 |
Бұзаубас тұқымдастар | Кесслер қарақшысы | 0,007 | 0,066 |
Бұзаубас тұқымдастар | Каспий қарақшысы | 0,516 | 0,996 |
Бұзаубас тұқымдастар | Махмутбеев қарақшысы | - | 0,061 |
Бұзаубас тұқымдастар | Хвалынский бұзаубасы | - | 0,077 |
Бұзаубас тұқымдастар | Каспий бұзаубас-құмқазары | 0,124 | 1,750 |
Бұзаубас тұқымдастар | Каспий бұзаубас-бас алғышы | 0,087 | 0,088 |
Бұзаубас тұқымдастар | Дөңгелек бұзаубас | 0,044 | 0,033 |
Бұзаубас тұқымдастар | Ширман бұзаубасы | 0,102 | 0,165 |
Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне |
|
2-қосымша |
Кәсіпшілік қайтарымның коэффициенттері
пайызбен
Бассейндер, аудандар және балық түрлері | Уылдырық | Дернәсіл | Шабақ, салмақ мөлшерімен (грамм) | ||||||
0,2 | 0,5 | 1,0 | 1,5 | 3,0 | 5,0 | 10,0 | |||
Жайық-Каспий бассейні | |||||||||
Қортпа | 0,001 | 0,11 | 0,8 | ||||||
Бекіре | 0,005 | 0,11 | 1,2 | ||||||
Пілмай | 0,005 | 0,11 | 1,0 | ||||||
Шоқыр | 0,005 | 0,05 | 0,9 | ||||||
Қаракөз | 0,05 | 0,02 | 0,8 | ||||||
Табан балық | 0,01 | 0,17 | 0,4 | 2,1 | |||||
Сазан | 0,001 | 0,02 | 0,1 | 0,3 | 0,4 | 0,5 | 1,2 | 1,5 | 5,0 |
Көксерке | 0,005 | 0,02 | 0,55 | 0,7 | 3,3 | ||||
Ұсақ шағын балық (қызыл қанат, алабұға, балпан балық, қылыш балық және басқалары) | 0,0004 | 0,02 | 0,11 | 0,27 | 0,55 | 0,7 | 1,4 | 2,8 | 4,4 |
Майшабақ | 0,005 | 0,02 | |||||||
Килька | 0,02 | 0,5 | 13,0 | ||||||
Ақ балық | 0,05 | 0,006 | 0,6 | ||||||
Тұрпа, күтім, майбалық | 0,01 | 0,02 | 0,5 | 0,8 | |||||
Албырт | 0,05 | 0,07 | 0,4 | ||||||
Шортан | 0,01 | 0,045 | 0,18 | 0,48 | 0,9 | 1,4 | 2,6 | 4,3 | 7,5 |
Ақмарқа | 0,001 | 0,01 | 0,12 | 0,3 | 0,6 | 1,0 | 1,7 | 2,4 | 4,2 |
Мөңке | 0,005 | ||||||||
Ақ дөңмаңдай, | 0,6 | 3,2 | |||||||
Беріш | 0,001 | 0,01 | 0,1 | 0,25 | 0,4 | 0,8 | 1,2 | 2,1 | 4,0 |
Жайын | 0,005 | ||||||||
Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу және Ертіс бассейндерінің су айдындары | |||||||||
Бекіре | 0,001 | 0,022 | 0,11 | 1,6 | |||||
Сүйрік | 0,05 | 0,5 | 2,75 | 4,6 | |||||
Сылан | 0,005 | 0,11 | 0,8 | 1,8 | |||||
Албырт | 0,05 | ||||||||
Майқан балық | 0,0005 | ||||||||
Пайдабалық | 0,01 | 0,22 | 1,4 | 2,8 | |||||
Көкшұбар | 0,01 | 0,30 | 2,0 | 4,5 | |||||
Хариус | 0,004 | 0,022 | 0,11 | 1,6 | |||||
Аққайраң | 0,05 | 0,18 | 1,9 | 4,5 | |||||
Шортан | 0,05 | 0,28 | 2,2 | 6,0 | |||||
Нәлім | 0,001 | 0,055 | 1,8 | 3,7 | |||||
Көксерке | 0,005 | 0,028 | 0,55 | 1,1 | |||||
Табан балық | 0,006 | 0,055 | 0,80 | 1,6 | |||||
Сазан | 0,005 | 0,028 | 0,75 | 1,8 | |||||
Торта (қаракөз) | 0,050 | 0,23 | 2,30 | 4,6 | |||||
Ақ амур | 0,0004 | 0,02 | 0,06 | 0,11 | 0,17 | 0,25 | 0,37 | 0,53 | 3,0 |
Дөңмаңдай | 0,002 | 0,07 | 0,5 | 2,0 | 5,0 | ||||
Тарақ балық | 0,05 | 0,35 | 2,50 | 5,0 | |||||
Алабұға | 0,05 | 0,22 | 1,6 | 3,0 | |||||
Мөңке, оңғақ және басқалар (ұсақ шағын балықтар – үкішабақ, шаншар балық) | 0,02 | 0,04 | 0,2 | 1,6 | 6,4 | ||||
Таутан | 0,05 | 0,22 | 1,4 | 3,2 | |||||
Шу-Талас, Балқаш-Алакөл және Арал-Сырдария бассейндерінің су айдындары | |||||||||
Арал қаязы | 0,005 | 0,02 | 1,0 | 7 | |||||
Түркістан қаязы | 0,015 | 0,02 | 0,3 | 1,8 | 3,5 | ||||
Храмуля | 0,06 | 0,03 | 0,1 | 1,5 | 3,0 | ||||
Күміс мөңке | 0,01 | 0,04 | 0,2 | 1,6 | 6,4 | ||||
Сазан | 0,005 | 0,06 | 0,5 | 2,0 | 8,0 | ||||
Көксерке | 0,01 | 0,02 | 0,3 | 1,0 | 4,0 | ||||
Табан балық | 0,012 | 0,027 | 1,0 | 2,5 | 5,0 | ||||
Ақмарқа | 0,013 | 0,024 | 0,3 | 1,5 | 3,6 | ||||
Қылыш балық | 0,008 | 0,09 | 0,2 | 1,5 | 5,0 | ||||
Торта, қаракөз | 0,005 | 0,03 | 0,2 | 1,0 | 6,5 | ||||
Шортан | 0,002 | 0,03 | 1,0 | 8,0 | 18 | ||||
Жайын | 0,008 | 0,02 | 5,0 | 9,0 | 15 | ||||
Дөңмаңдай | 0,002 | 0,07 | 0,5 | 2,0 | 5,0 | ||||
Ақ амур | 0,0004 | 0,02 | 0,06 | 0,11 | 0,17 | 0,25 | 0,37 | 0,53 | 3,0 |
Қара балық | 0,005 | 0,01 | 0,5 | 2,0 | 5,0 | ||||
Шармай | 0,005 | 0,01 | 0,5 | 2,0 | 5,0 | ||||
Осман | 0,005 | 0,01 | 0,5 | 2,0 | 5,0 | ||||
Күректұмсық | 0,01 | 0,02 | 0,5 | 2,0 | 8,0 | ||||
Пілмай | 0,01 | 0,02 | 0,6 | 5,0 | 15 | ||||
Жыланбас балық | 0,005 | 0,016 | 0,3 | 1,0 | 3,0 | ||||
Камбала | 0,002 | 0,4 |
Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне 3-қосымша |
Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың азықтық базасының коэффициенттері
Көрсеткіштер | Фитопланктон | Зоопланктон | Бентос |
Р/В, өнім өндіру коэффициенті | 225 | 30 | 4 |
К2, алынған өнімді балық өніміне аударғанда алынатын азықтық коэффициент | 30 | 10 | 20 |
K3, азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен | 20 | 80 | 80 |
Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне 4-қосымша |
Бір килограмм үшін зиянды өтеу мөлшерінің құны
(айлық есептік көрсеткіштермен)
№ | Жабайы хайуанның атауы | Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 | 2 | 3 |
Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері | ||
1 | Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)* | 300 |
2 | Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін) | 100 |
3 | Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін) | 100 |
4 | Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
5 | Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін) | 100 |
6 | Сүйрік (бір килограмм үшін) | 100 |
7 | Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) | 1,2 |
8 | Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) | 1,3 |
9 | Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) | 0,4 |
10 | Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін) | 0,8 |
11 | Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін) | 1,7 |
12 | Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) | 193 |
13 | Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) | 1,2 |
14 | Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін) | 3 |
Ескертпелер: * - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер.