Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.11.2019 № 850 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.11.2019 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрі |
_________________ А. Айдарбаев | ______________ Т. Сүлейменов |
Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) әуежай қызметі - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;
2) әуежайды пайдаланушы - меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуежайды пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің заңды тұлғасы;
3) жерде қызмет көрсету - әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі;
4) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші (бұдан әрі - қызметті беруші) - әуежайды пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
3. Әуежай аумағында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 515 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы тамыздағы № 302 бiрлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15658 болып тіркелген) әуежай қызметiнiң құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) тізбесінде көзделген жерде қызмет көрсету қызметтері көрсетіледі.
4. Әуежайды пайдаланушы әуежайда жүзеге асырылатын жерде қызмет көрсету қызметтері туралы ақпараттық хабарламаны әуежайды пайдаланушының интернет-ресурсында орналастырады, ол қажеттілігіне қарай жаңартылады.
5. Әуежайды пайдаланушы мен қызметті беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
2-тарау. Әуежайларда жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыру тәртібі 1-параграф. Авиакомпанияның әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
6. Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді авиакомпания өз бетінше тек өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға қызмет көрсету үшін ғана жүзеге асырады.
7. Өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпания әуежайды пайдаланушыға, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерде қызмет көрсету қызметін көрсетуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну жөніндегі технологиялық құжаттар;
2) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі бекітілген жоспар (егер мұндай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және жұмыстарды орындау технологиясымен белгіленсе);
3) меншіктегі немесе жалға алу шарттарындағы материалдық және материалдық емес активтер туралы ақпарат (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе).
Әуежайды пайдаланушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн мерзімінде өтінімді қарайды.
Өтінім бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, әуежайды пайдаланушы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген үлгілік шартқа сәйкес өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсету үшін авиакомпаниямен жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі-шарт) жасасады.
Бұл ретте, Заңның 65-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әуежайды пайдаланушы өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсетуін жүзеге асыруынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.
8. Әуежайды пайдаланушы өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.
2-параграф. Қызметті берушінің әуежайларда жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттары
9. Әуежайды пайдаланушы әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қызметті берушіні іріктеу бойынша конкурсты (бұдан әрі - конкурс) өткізеді.
10. Әуежайды пайдаланушы, қызметті берушіні іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі - қызметті беруші өтінімі) қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешiктiрмей конкурс өткізу туралы хабарландыруды өз интернет-ресурсында орналастырады.
11. Хабарландыру жарияланғанға дейін әуежайды пайдаланушы конкурстық құжаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді.
Конкурстық комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан тұрады.
Конкурстық комиссия құрамына әуежайда тұрақты рейстер жүзеге асыратын авиакомпанияның бір өкілідерін қосуға рұқсат беріледі.
12. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның мүшелері ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде жазылады және ашу немесе конкурстың қорытындыларын шығару хаттамасына қоса беріледі.
13. Конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген талаптардан басқа, мыналарды:
1) конкурсты өткізетін әуежайды пайдаланушының атауы мен орналасқан жерін;
2) жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыруға талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті;
3) әуежайда ұсынылатын жерде қызмет көрсету қызметінің ең жоғары құнын (тариф);
4) өтемақы төлемінің мөлшерін (әуежайда жерде қызмет көрсетуді ұсыну үшін әуежай ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын пайдалану кезінде);
5) қызметті берушінің өтінімдерін ашу, қарау, бағалау және салыстыру рәсімінің сипаттамасын;
6) конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемшарттарды;
7) қызметті берушілердің өтінімдерін ашу уақыты мен күнін қамтиды.
Конкурстық құжаттамада қызметті берушіге өткізілетін конкурс шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
14. Конкурсқа қатысу үшін қызметті беруші жерде қызмет көрсету қызметінің жоспарланған құнын (тарифын), баламалы шарттарды және басқаны көрсете отырып, еркін нысанда қызметті берушінің өтінімін ұсынады.
Қызметті берушінің өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) қажетті меншіктегі немесе жалға алу шартындағы материалдық және материалдық емес активтерді (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе), жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну үшін технологиялық құжаттарды, жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі бекітілген жоспарларды (егер мұндай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және жұмыстарды орындау технологиясымен белгіленген жағдайда) көрсете отырып, техникалық сипаттамасы;
2) атап айтқанда жерде қызмет көрсету қызметтерін үздіксіз жүзеге асыру үшін жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі бар (кемінде 2 жыл) білікті мамандардың немесе авиациялық персонал туралы ақпарат (азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген авиациялық персоналға және мамандарға қойылатын талаптар бар болған кезде);
3) өткізілетін конкурстың мәні болып табылатын жерде қызмет көрсету қызметтерінің көлемі;
4) өтемақы төлемінің төлеу мөлшері мен шарттары.
15. Қызметті беруші өтінімін ашу сәтінен бастап конкурстық комиссия қызметті беруші ұсынған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды толықтығына және дұрыстығына күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурстық комиссия қызметті берушіге конкурсқа қатысуға рұқсат береді.
16. Конкурстық комиссия қызметті берушінің өтінімін, егер:
1) қызметті беруші осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
2) қызметті берушінің өтінімі және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
3) жерде қызмет көрсету қызметінің құны (тариф) конкурстық құжаттамада белгіленген мөлшерден асып кетсе;
4) осы Қағидалардың 3-тарауында және 14-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпаратты ұсыну фактісі анықталса, қабылдамайды.
17. Әуежайда жерде қызмет көрсету қызметінің ең төменгі тарифын ұсынған қызметті беруші жеңімпаз деп танылады.
Өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде конкурстық комиссия қызметті берушінің ұсынылған өтемақы төлемі мөлшерін ескереді.
Конкурсты өткізу кезінде жерде қызмет көрсету қызметтерінің бір түрі бойынша біреуден артық конкурс жеңімпазын анықтауға жол беріледі.
18. Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға бір өтінімнен кем ұсынылса, конкурсты өтпеді деп таниды.
19. Конкурс жеңімпазымен әуежайды пайдаланушы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген үлгілік нысан бойынша шарт жасасады.
3-тарау. Жерде қызмет көрсету қызметті берушіге қойылатын талаптар
20. Қызметті берушілерге мынадай негізгі талаптар қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің болуы;
2) жерде қызмет көрсету қызметтерін үздіксіз жүзеге асыру үшін жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың немесе авиациялық персоналдың (кемінде 2 жыл) жеткілікті санының болуы (азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген авиациялық персоналға және мамандарға қойылатын талаптар бар болған кезде);
3) меншікте немесе жалға алу шартында материалдық және материалдық емес активтердің болуы (егер мұндай жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс технологиясына сәйкес талап етілсе);
4) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну үшін технологиялық құжаттардың болуы;
5) әуежай аумағында қызмет кезеңінде үшінші тұлғалар алдында сақтандыру жауапкершілігін қамтудың болуы;
6) қызметті беруші бекіткен жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну бойынша персоналды даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысына рұқсат беру жөніндегі жоспардың болуы (егер мұндай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және жұмыстарды орындау технологиясымен белгіленсе).
Жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған өтінім
Жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну үшін мынадай жерде қызмет көрсету қызметтеріне рұқсат беруіңізді сұраймын:
№ | Жерде қызмет көрсету қызметтерінің атауы | Қызметті жүзеге асырудың жоспарланған кезеңі | Қызметтер көлемі |
қажетті инфрақұрылым объектілерінің тізбесі:
№ р/с | Инфрақұрылым объектілерінің, арнайы техниканың атауы | Талап етілетін инфрақұрылым көлемі (саны) |
1 | 2 | 3 |
Авиакомпания деректемелері:
Толық атауы: _______________________________________________________
Заңды мекенжайы: __________________________________________________
БСН ______________________________________________________________
Банктік деректемелер: ______________________________________________
__________________________________________________________________
Телефон, факс, e-mail: _______________________________________________
__________________________________________________________________
20____жылғы "____" _______
_________ ________________________________________________________
(қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Жерде қызмет көрсету қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарты
(Әуежайды пайдаланушының атауы) бұдан әрі "Әуежай" деп аталатын, (әуежай басшысының лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда) атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін, бір тараптан және (Қызметті беруші немесе авиакомпанияның атауы) бұдан әрі "Қызметті беруші" немесе "Авиакомпания" деп аталып, (лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда) атынан______________________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға осы шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
Қызметті беруші әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін (жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрі көрсетілсін) тарифтер бойынша (жерде қызмет көрсету қызметтерінің түрлері бойынша тарифтер көрсетілсін) көрсетуге міндеттенеді, ал Әуежай жерде қызмет көрсетуге қажетті инфрақұрылымға (инфрақұрылым атауы көрсетілсін) қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Ескерту: Авиакомпаниямен шарт жасасқан кезде шарттың мәні авиакомпания тек қана өз әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктерге және поштаға өз бетінше жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну болып табылады.
2. Тараптардың міндеттері
2.1. Қызметті беруші немесе Авиакомпания:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық қамтамасыз етуге және тиісінше орындауға;
2) жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынған кезде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) қызмет тұтынушылары үшін әуежайда жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынған кезде тең жағдайда жерде қызмет көрсету қызметтерін беруге;
4) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасының тиісті талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде өтемақы төлемін төлеуге;
6) жерде қызмет көрсету қызметтерінің құны өзгерген кезде Әуежайды уақтылы хабардар етуге;
7) әуежайдың бірінші талабы бойынша Шарттағы міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға;
8) Қызметті берушімен немесе Авиакомпаниямен Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттерінен туындаған, Әуежайға келтірілген шығындарды толық көлемде оған өтеуге;
9) Әуежайдың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге бермеуге міндеттенеді.
Ескерту: 2.1-тармақтың 3) және 6) тармақшалары Авиакомпанияның міндеттемелеріне кірмейді.
2.2. Қызметті беруші:
1) осы шартта белгіленген шарттық міндеттемелерді орындауын Әуежайдан талап етуге;
2) Әуежайдың инфрақұрылым объектілері мен құрал-жабдығын жұмыс жағдайында ұстауын Әуежайдан талап етуге құқылы.
2.3. Әуежай:
1) жерде қызмет көрсету қызметін ұсыну үшін қажетті әуежайдың инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну үшін Қызметті беруші немесе Авиакомпания мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
3) жерде қызмет көрсету қызметтерінің сәйкессіздіктерін анықтаған кезде Қызметті берушіні немесе Авиакомпанияны дереу жазбаша хабардар етуге;
4) Әуежаймен Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттерінен туындаған, Қызметті берушіге немесе Авиакомпанияға келтірілген шығындарды толық көлемде оған өтеуге міндеттенеді.
2.4. Әуежай:
1) жерде қызмет көрсетудің көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруге;
2) Қызметті берушінің немесе Авиакомпанияның әуежай аумағында олар ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздігі бойынша қамтамасыз ету талаптарын бұзғанда немесе сақтамаған жағдайда персоналын мен техникалық құралдарды шеттетуге құқылы.
3. Шарттың сомасы және төлеу шарттары
3.1. Қызметті беруші немесе Авиакомпания өтемақы төлемін _____________ мөлшерінде төлейді. Өтемақы төлемі тиісті инфрақұрылым объектісін жұмыс жарамдылығында ұстап тұру шығыстарын, оның ішінде қолайлы рентабельділік деңгейін есепке ала отырып, ағымдағы және күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтер шығыстарын одан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Қызметті беруші немесе Авиакомпания өтемақы төлемін Әуежайдың есеп-шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, ақы төлеуге шотты ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүргізеді.
3.2. Өтемақы төлемін төлеу мерзімдерін кешіктірген жағдайда, тұрақсыздық айыбының сомасын Қызметті беруші немесе Авиакомпания Әуежайға _________________________ ________________________________________________________________________________ (шарттың жалпы сомасынан %-ды немесе әрбір кешіктірілген күн үшін тіркелген сомасын көрсету) төлейді.
3.3. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу осы Шартта көзделген міндеттемелерін Тараптарды орындаудан босатпайды.
4. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу шарттары
4.1. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және __________ жылға дейін қолданыста болады.
4.2. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
5. Хабарлама
5.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хат арқылы жіберіледі.
5.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
6. Форс-мажор
6.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.
6.2. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
7. Даулы мәселелерді шешу
7.1. Тараптар Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
7.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
7.3. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Өзге де шарттар
8.1. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әр Тарап үшін бір-бір данадан жасалады.
8.2. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi мен қолдары
Әуежай: ________________________ |
Қызметті беруші немесе Авиакомпания: |