Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 31 шілдедегі № 515 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 302 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15658 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 750 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 47 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 № 750 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2018 № 149 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.04.2018 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2018 № 149 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.04.2018 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 81-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 5 наурыздағы № 119 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6857 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 5 тамыздағы № 112 (1928) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
_________________ А. Айдарбаев
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономика министрі_____________ Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 515 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2017 жылғы 14 тамыздағы
№ 302 бiрлескен бұйрығымен
бекітілген

Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2018 № 149 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.04.2018 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2018 № 149 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.04.2018 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету:

      1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;

      2) ұшу алаңын күту мен пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) ұшуларды жарықтехникалық қамтамасыз ету;

      4) әуежай ауданында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

      5) әуенавигациялық ақпараттардың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша әуенавигациялық жағдайдың жедел өзгерісін ұсыну;

      6) әуежай ауданында ұшуларды авариялық құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;

      7) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағат ішінде тұрақ орнын беру;

      8) жүк және жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелерінің түрлері қонғаннан кейін, өңдеуге жататын жүк (пошта) болу кезінде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;

      9) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету;

      10) Әуеайлақ аймағында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда қону сәтінен бастап тоқтау сәтіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген басқа да қызметтер.

      2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

      1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін тексеру;

      2) әуежайдың өткізу және ішкі объектілік режимдерін қамтамасыз ету (бақылау-өткізу мен тексеру пунктерін (оның ішінде жалпы қолжетімді аймақтарды қоса алғанда), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, тексеруге арналған жабдықтарды құру, күтіп-ұстау және пайдалану, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкі объект режимдерін қамтамасыз етуге арналған персонал, басқа да сүйемелдеуші қызметтер);

      3) әуе кемесін, жүктерді, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;

      4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарға дайындықта ұстау;

      5) әуе кемелеріне бөгде адамдардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;

      6) әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;

      7) әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;

      8) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін күзету;

      9) әуежай аймағында пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

      3. Әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру.

      4. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру:

      1) тұрақ орнын дайындау;

      2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.

2-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2018 № 149 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.04.2018 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру:

      1) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін жұмыс орнын дайындау;

      2) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;

      3) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін терминалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.

      6. Жолаушыларды тіркеу:

      1) жолаушыларды рейске тіркеу;

      2) багажды өлшеу мен ресімдеу;

      3) нормативтен тыс багажды ресімдеу;

      4) бос орынның бар болуын анықтау;

      5) тіркеу қорытындысын жүргізу;

      6) жолаушыларды тіркеу ведомостілерін және багаж ведомостілерін жасау;

      7) құжаттарды және рейс бойынша бір мәртелік жинақ квитанцияларын экипажға беру;

      8) тиеуді бақылау мақсатында жолаушылар саны және оларды әуе кемеде орналастыру бойынша ақпарат беру;

      9) әуе кемесіне отырғызғаннан кейін жолаушылардың санын тексеру.

      7. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларға қызмет көрсету:

      1) жолаушыларды жинақтау және әуе кемесіне дейін ілесіп жүру;

      2) келетін жолаушыларды күтіп-алу және аэровокзалға дейін алып жүру;

      3) жолаушыларды отырғызу және түсіруін бақылау;

      4) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

      5) жолаушыларға багаж арбаларын беру.

      6) арнайы жолаушылар санаттары үшін арнайы құралдарын беру және қызмет көрсету (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, депортацияланатын жолаушылар, қараусыз балалар және басқалар);

      7) вокзал маңындағы алаңдар және аэровокзал аймағындағы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, үй-жайлар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету үй-жайларын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана), оларды пайдаланғаны үшін бөлек төлем алынбайды) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету.

      8. Мыналарды қоса алғанда, телескоптық трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру:

      1) трапты беру;

      2) трапты орнату;

      3) трапты алу.

      9. Мыналарды қоса алғанда, жылжымалы трап арқылы жолаушыларды отырғызу-түсіру:

      1) трапты беру;

      2) трапты орнату;

      3) трапты алу.

      10. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды жеткізу:

      1) көлік құралын беру;

      2) жолаушыларды әуе кемесіне дейін және кері жеткізу;

      3) көлік құралын алу.

      11. Мыналарды қоса алғанда, багажды өңдеу:

      1) багажды сұрыптау;

      2) пакеттеу құралдарына және багаждық арбаларға жүкті жиынтықтау;

      3) багаждың орын саны мен салмағын айқындау;

      4) багаждың орындарының саны, салмағы бойынша ақпарат беру;

      5) багажды бөліп іріктеу;

      6) басымдығын ескере отырып багажды беруге сұрыптау;

      7) багажды беру;

      8) трансферттік багажды сұрыптау және сақтау.

      12. Мыналарды қоса алғанда, багажды тасымалдау:

      1) багажды жолаушылар терминалының багаж бөлімшесінен әуе кемесіне дейін және кері қарай жеткізу терминалдық кешен;

      2) әуе кемелері арасындағы багажды тасымалдау.

      13. Багажды тиеу және түсіру:

      1) әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған багажды тиеу;

      2) әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған багажды түсіру;

      3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін қолдана отырып) багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;

      4) әуе кемесінің жүк бөлігінде багажды (багаж тиеген қаптау құралдарын) бекіту;

      5) басымдылығын ескере отырып багажды тиеу және түсіру үшін сұрыптау;

      6) багаж орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау.

      14. Мыналарды қоса алғанда, келіп түскен және жөнелтілетін жүкті (поштаны) өңдеу:

      1) қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;

      2) өлшеу және маркерлеу;

      3) жүк алушылар бойынша сұрыптауды қоса алғанда қоймада сұрыптау, құжаттамалар ресімдеу;

      4) контейнерлерге және табандықтарға іріктеуді қоса алғанда, рейстер бойынша іріктеу, бөліп іріктеу;

      5) жүкті жиырма төрт сағаттан артық емес аз мерзімге сақтау;

      6) тиеу-түсіру құралдарына тиеу және түсіру;

      7) әуе кемесінде жүктерді тиеу мен түсіру процесін бақылау;

      8) жүк құжаттарын жасау, қол қою, жеткізу, келісу, тіркеу;

      9) пакеттеу құралдарын өңдеу;

      10) жүктерді өңдеу үшін қоймалар мен жабдықтар беру;

      11) жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;

      12) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау және дайындау;

      13) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;

      14) трансферттік поштаны ілеспе пошталық құжат бойынша өңдеу;

      15) кіріс және шығыс пошталық құжаттамаларды беру;

      16) кедендік бақылау және жүк қабылдап алушыларды ескерту (халықаралық ұшулар үшін);

      17) санитарлық бақылау (халықаралық ұшулар үшін);

      18) құжаттарды тиісті тәртіппен ішкі ережеге және халықаралық ұйымдардың регламентіне немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша сәйкес дайындау, ресімдеу;

      19) мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;

      20) мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша жүк алушыға немесе агентке жүкті беру.

      15. Мыналарды қоса алғанда, жүкті (поштаны) тасымалдау:

      1) жүкті (поштаны) жүк терминалынан әуе кемеге дейін және кері қарай жеткізу;

      2) жүкті (поштаны) әуе кемелер арасында тасымалдау.

      16. Жүкті (поштаны) тиеу және түсіру:

      1) әуе кемесінің жүк бөліктеріне қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) тиеу;

      2) әуе кемесінің жүк бөліктерінен қапталған және қапталмаған жүкті (поштаны) түсіру;

      3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кемесінің едендік тетігін қолдана отырып) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) орналастыру;

      4) әуе кемесінің жүк бөлігінде жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген қаптау құралдарын) бекіту;

      5) жүк (пошта) орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау;

      6) жүктің (поштаның) құжаттарын әуе кемесіне және кейін қарай жеткізу.

      17. Мыналарды қоса алғанда, айырбастау қорының қаптау құралдарын өңдеу:

      1) қаптау құралдарын сақтау үшін алаңдар беру;

      2) қаптау құралдарын сақтау және өңдеу, есепке алу, бақылау, тұтастығын тексеру, халықаралық стандарттар мен әуе компаниялары белгілеген талаптарына сәйкес акт жасау.

      18. Мыналарды қоса алғанда тиеуді бақылау:

      1) әуе кемесіне тиеуді жоспарлау;

      2) тиеу схемасын шығару;

      3) әуе кемесінің салмақтық және орталықтанған сипаттамаларын есептеу;

      4) орталықтандырылған кесте құру;

      5) әуе кемесінің тиеуін перронда бақылау, әуе кемесінде нақты тиеудің жоспарланған тиеуге сәйкестігін тексеру, багаждың, жүктің (поштаның) (қаптау құралдарының) тұтастығын тексеру, багаждың, жүк (поштаның), қаптау құралдарының бекітілуін тексеру;

      6) тиеу жинақтық ведомстілерді мен басқа да құжаттаманы технологияға сәйкес дайындау және тексеру;

      7) рейстік құжаттаманы жинақтау және беру;

      8) авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес жеделхаттарды жөнелту (қажетті жағдайда).

      19. Мыналарды қоса алғанда, жүк терминалында жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау:

      1) қоймада жүкті орналастыру және ресімдеу;

      2) жүкті сақтау;

      3) жүкті беру.

      20. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету:

      1) авиациялық жанар-жағармай материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) авиациялық жанар-жағармай материал сапасын талдау;

      3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, құю және жіберу;

      4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін персонал (оператор) және техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құралдар беру.

      21. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай құю:

      1) авиациялық жанар-жағармай материал сапасын талдау (техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құю құралдарында, әуеайлақтық бақылау);

      2) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуді басқару;

      3) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағар май материалын құю үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесімен және көлік құрал арасында теңестіру арқанын қосу;

      4) әуе кемесінде техникалық құю қақпақтарын ашу және жабу;

      5) әуе кемесінде құю жеңдерін қосу және ажырату;

      6) әуе кемесі бактарына авиациялық жанар-жағар май материалдарын құю;

      7) есепке алу аспаптары бойынша құйылған авиациялық жанар-жағармай материалдар санын бақылау, массасын есептеу үшін жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;

      8) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалдарын құюға шығыс ордерін ресімдеу.

      22. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу:

      1) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу үшін техникалық жылжымалы құралдардың келуін және кетуді басқару;

      2) әуе кемесінен авиациялық жанар-жағар май материалын төгу үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемесімен және көлік құрал арасында теңестіру арқанын қосу;

      3) әуе кемесінде техникалық құю қақпақтарын ашу және жабу;

      4) әуе кемесінде құю жеңдерін қосу және ажырату;

      5) әуе кемесінен жанар-жағар май материалдарын төгу;

      6) есепке алу аспаптары бойынша төгілген авиациялық жанар-жағармай материал санын бақылау, массасын есептеу үшін авиациялық жанар-жағармай материалының тығыздығын өлшеу;

      7) әуе кемесінен төгілген авиациялық жанар-жағармай материалына кіріс ордерін ресімдеу.

      23. Жанар-жағармай материалдарын сақтау бойынша қызметтер:

      1) жанар-жағармай материалдарын қабылдау;

      2) жанар-жағармай материалының сапасын талдау;

      3) жанар-жағармай материалын сақтау;

      4) жанар-жағармай материалын жіберу.

      24. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне транзиттік формасы (A-check) бойынша техникалық қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сай әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттамалар ресімдеу:

      1) әуе кемесіне ағымдағы жедел қызмет көрсету;

      2) техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, жедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, анықтамаларды, каталогтар мен әуе кемесінің әрбір типі бойынша басқа қажетті құжаттар беру;

      3) әуе кемесінде, оның ішінде жолаушылар салонын, асхананы, әжетхана бөлмелерін, жедел сыртқы тексеруді іске асыру;

      4) әуе кемесінде жедел тексеру жүргізу туралы борттық журналына мәліметтер енгізу;

      5) борттық журналына әуе кемесін тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулер енгізу;

      6) ұшу алдында әуе кемесінің үстінде мұздың жоқтығын тексеру;

      7) әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы құжаттамалар ресімдеу.

      25. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін күтіп алуды және жөнелтуді қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесі келгенге дейін тұрақ орындарды және рульдеу жолдарын қарау;

      2) әуе кемесін тұрақ орнына қабылдау және шығару (көзбен шолу сигналдарын беру немесе әуе кемесін тұрғызуға автоматтық жүйесін қамтамасыз ету);

      3) доңғалақтың астына тұрақ қалыптарын орнату және жинау;

      4) сигналдық конустарды орнату және жинау;

      5) шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстарын орнату және алып тастау;

      6) әуе кемесінің жерге тұйықтау;

      7) ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон және экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;

      8) әуе кемесін зақымдану тұрғысынан, қосылған жабдықтарды көзбен шолу;

      9) қозғалтқышты іске қосуын бақылау;

      10) әуе кемесінің тұрақ орнынан жүруін бақылау.

      26. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрелеу:

      1) әуе кемесіне және тягачқа сүйрегішті жалғау және ажырату;

      2) сүйрелеуді басқару;

      3) техникалық персоналды беру.

      27. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйрелеу үшін арнайы техникалық құралдар беру:

      1) сүйрегішті әуе және тягачты беру;

      2) сүйрегіш тягачты басқару.

      28. Мыналарды қоса алғанда, жолаушылар мен әуе кемесі экипаждарын борттық тамақпен қамтамасыз ету:

      1) көлік құралының келуін және кетуін басқару;

      2) әуе кемесінің бортынан алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарын қабылдау және түсіру;

      3) көлік құралдарына тиеу, борттық тамақ кешенге (цехке) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;

      4) борттық тамақ кешенінде (цехте) борт тамағын көлік құралдарына тиеу;

      5) әуе кемесіне борт тамағын өткізу және тиеу.

      29. Мыналарды қоса алғанда, борттық тамақты тиеу және түсіру үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:

      1) персоналды, автокөлік құралдарын беру;

      2) борттық тамақты әуе кемесіне және әуе кемесінен жеткізу;

      3) автокөлік құралдарын әуе кемесіне орнату;

      4) автокөлік құралдарын әуе кемесінен алу.

      30. Мыналарды қоса алғанда, алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарын санитарлық өңдеу:

      1) персоналды беру;

      2) санитарлық өңдеу үшін техникалық құралдар беру.

      31. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ішкі тазалау:

      1) ілеспе жабдықтарды мен жолаушылар орындықтарын тәртіпке келтіру және тазарту;

      2) күл сауыттарды тазарту;

      3) орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жинау;

      4) үстелдерді жуу;

      5) еденді тазалау (кілемдерді және айналадағы үстілерін);

      6) борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарын ылғалдап тазалау;

      7) әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;

      8) әуе кемесіндегі қоқысты жинау;

      32. Мыналарды, қоса алғанда әуе кемесінен қоқысты шығару және кәдеге жарату:

      1) персоналды беру;

      2) қоқысты шығару және кәдеге жарату үшін техникалық құралдар беру.

      33. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің сантораптарына (әжетханаларына) қызмет көрсету:

      1) технологиялық шлангілерді әуе кемесінің жүйесіне жалғау;

      2) әуе кемесінің берілген типі бойынша технологиялық нұсқауға сәйкес немесе пайдаланушының нұсқауы бойынша әуе кемесінің қабылдау бөшкесін төгу және жуып тазалау;

      3) әуе кемесінің қабылдау бөшкелерін химиялық реагентер қосумен техникалық сумен толтыру;

      4) технологиялық шлангілерді ажырату, технологиялық қақпақтарды, жапқыштарды жабу.

      34. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің санторапына (әжетханаларына) қызмет көрсету үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:

      1) техникалық персоналды, қалдықты төгу және сантораптарды (әжетханаларды) техникалық сумен толтыру үшін арнайы автокөлік беру;

      2) арнайы машинаны қою және алу.

      35. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ауыз сумен толтыру:

      1) технологиялық шлангілерді әуе кемесінің жүйесіне жалғау;

      2) әуе кемесінің су бөшкелерін төгу, жуып тазалау және толтыру;

      3) технологиялық шлангіні ажырату, крандарды, қақпаларды мен жапқыштарды жабу;

      36. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін ауыз сумен толтыру үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:

      1) ауыз суды дайындау, тазалау мен фильтрлеу;

      2) судың санитарлық нормаларға сәйкестілігінің құжаттарын беру;

      3) персоналды, арнайы машинаны беру;

      4) арнайы машинаны қою және алу.

      37. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін электр энергиясымен қамтамасыз ету:

      1) әуе кемесіне технологиялық кабельдер қосу;

      2) электрэнергия беру және арнайы техниканың немесе стационарлы кернеу көзінің берген параметрлерін бақылау;

      3) электрэнергияның тұтынған көлемін анықтау;

      4) кабельдерді ажырату және алып кету.

      38. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін жылжымалы немесе стационарлық электрмен қоректендіру көзін беру:

      1) персоналды, жылжымалы немесе стационарлық электрмен қоректендіру көзін беру;

      2) жылжымалы электрмен қоректендіру көзін қою және алу.

      39. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін кондиционерлеу:

      1) келуді және кетуді басқару;

      2) әуе кемесіне технологиялық жеңдерді қосу;

      3) қажетті температураға дейін әуе кемесі салонын кондиционерлеуін жүргізу;

      4) әуе кемесінен технологиялық жеңдерді ажырату және алу.

      40. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін кондиционерлеу үшін жылжымалы немесе стационарлық қондырғы беру:

      1) әуе кемесін кондиционерлеу үшін техникалық персонал, жылжымалы немесе стационарлық қондырғы беру;

      2) жылжымалы қондырғыны қою және алу.

      41. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қарды қолмен тазалау:

      1) техникалық персоналды, техникалық құралдарды, арнайы баспалдақтарды беру;

      2) әуе кемесі үстіндегі қарды алып тастау.

      42. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінен қар мен мұзды механикалық тазалау, қоса алғанда:

      1) арнайы техниканы пайдаланып әуе кемесі үстіндегі қарды және мұзды алып тастау;

      2) әуе кемесінің үстерін арнайы сұйықтықпен өңдеу;

      3) әуе кемесінің айналасында арнайы техниканың қозғалысын басқару және жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету;

      43. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің үстінен қарды, мұзды, қырауды алып тастау үшін арнайы құралдармен қамтамасыз ету:

      1) сыртқы ауа температурасына байланысты арнайы сұйықтықтарды дайындау;

      2) әуе кемесінің үстінен мұздануды кетіру үшін персоналмен (оператормен) қоса арнайы техника беру.

      44. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышқа май құю:

      1) авиақозғалтқышты толтыру үшін май дайындау;

      2) майдың сапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;

      3) май құю үшін арнайы машина беру;

      4) техникалық персонал (оператор) беру;

      5) толтыру үшін қозғалтқыш пен май бөшкесін дайындау;

      6) әуе кемесінің бөшкесіндегі майдың мөлшерін тексеру;

      7) сертификатталған маман немесе экипаждың бақылауымен май бөшкесін қажетті мөлшерде маймен толтыру;

      8) май бөшкесінің қақпақшаларын, қақпақтарды жабу;

      9) арнайы машинаны әуе кемесінен алу;

      10) құжаттамаларды ресімдеу.

      45. Мыналарды қоса алғанда, жүйені оттегімен толтыру:

      1) жүйені оттегімен толтыру үшін арнайы жабдықты беру;

      2) оттегінің cапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;

      3) техникалық персонал (оператор) беру;

      4) жүйенің саңылаусыздығын тексеру;

      5) оттегі баллондарында қысымды тексеру;

      6) сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауымен осы типті әуе кемесі технологиялық көрсеткішіне сәйкес әуе кемесі оттегі баллондарын толтыру;

      7) әуе кемесінен арнайы қондырғыны ажырату және алу;

      8) құжаттамаларды ресімдеу.

      46. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру:

      1) әуе кемесін азот немесе сығылған ауамен толтыру үшін арнайы машина немесе арнайы қондырғы беру;

      2) техникалық персонал (оператор) беру;

      3) баллондарда қысымның болуын тексеру;

      4) әуе кемесіне технологиялық шлангіні жалғау;

      5) жүйені қажетті мөлшерге дейін толтыру;

      6) әуе кемесінен технологиялық шлангіні ажырату және арнайы қондырғыны алу;

      7) құжаттамаларды ресімдеу.

      47. Мыналарды қоса алғанда, гидрожүйені тексеру және толтыру:

      1) әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;

      2) гидросұйықтықтың сапасын және техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжат беру;

      3) гидросұйықтықпен жылжымалы арнайы құрылғыны беру;

      4) техникалық персонал (оператор) беру;

      5) гидрожүйесіне қосымша құю үшін технологиялық шлангілерді жалғау;

      6) технологиялық шлангілерді ажырату және әуе кемесінен арнайы құрылғыны алу;

      7) құжаттамаларды ресімдеу.

      48. Мыналарды қоса алғанда, авиақозғалтқышты ауамен іске қосу:

      1) ауамен іске қосу қондырғысының келуін және кетуін басқару;

      2) техникалық персонал (оператор) беру;

      3) әуе кемесіне технологиялық жеңдерді жалғау;

      4) ауамен іске қосу қондырғысын қосу және тиісті параметрлерді бақылау.

      5) технологиялық жеңдерді ажырату және авиақозғалтқышты іске қосу панелін жабу;

      49. Мыналарды қоса алғанда, ауамен іске қосу қондырғысын беру:

      1) ауамен іске қосу қондырғысын беру;

      2) ауамен іске қосу қондырғысын қою алу.

      50. Мыналарды қоса алғанда, экипажды жеткізу:

      1) көлік құралдарын (автобус, шағын автобус), персонал беру;

      2) әуе кемесіне және кері қарай экипажды жеткізу;

      3) көлік құралдарды алу.

      51. Мыналарды қоса алғанда, экипаж мүшелерін медициналық тексеріп-қарау:

      1) экипаж мүшелерін көзбен шолып қарау;

      2) техникалық құралдарды пайдаланып экипаж мүшелерін қарау;

      3) экипаж мүшелерінің тексеруден өткендігі туралы тиісті құжаттар (тіркеу) беру.

      52. Мыналарды қоса алғанда, ангардан әуе кемесіне тұрақты орын:

      1) ангарда тұрақты орын беру;

      5) әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) тиісті жердегі технологиялық құралдар беру (сұрау бойынша).

      53. Әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығын орындау үшін техникалық персонал беру (сұрау бойынша).

      54. Әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығын орындау үшін арнайы көлік құралдарын және жердегі жабдықтар құралдарын беру (сұрау бойынша).

      55. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесін сүйемелдеу:

      1) әуеайлақтың жұмыс алаңында әуе кемесінің рульдеу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлік ұсыну.

      2) әуеайлақта әуе кемесіне көшбасшылықты қамтамасыз ету.

      56. Мыналарды қоса алғанда, коммерциялық ұйымдарға тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын әуежай жайларын жалға беру:

      1) алаң беру;

      2) өзге де басқа негізгі құралдарды беру.

      57. Мыналарды қоса алғанда, жарнамаларды орналастыруға орын беру:

      1) орын беру;

      2) персоналды беру.

      58. Мыналарды қоса алғанда, мемлекеттік ұйымдарға әуежай жайларын жалға беру:

      1) алаң беру;

      2) өзге де басқа негізгі құралдарды беру.

      59. Мыналарды қоса алғанда, багажды буып түю:

      1) багажды буып түю үшін орын дайындау;

      2) багажды буып түюге қондырғы беру;

      3) багажды буып түю үшін буып түю материалмен қамтамасыз ету;

      4) багажды буып түюін қамтамасыз ету.

      60. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесіне техникалық желілік қызмет көрсету:

      1) техникалық көмек;

      2) техникалық қолдау;

      3) желілік қызмет көрсету.

      61.Тікұшақтарды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуеайлақтан тыс жерде ұшу-қону кезінде, авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету кешенін беруін қоса алғанда ұсынылады.

      62. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ мерзімде тұруға арналған залдар беру:

      1) үй-жайлар беру;

      2) қызмет көрсететін персоналды беру;

      3) жолаушыларға ұзақ мерзім залында қызмет көрсету.

      63. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер:

      1) қызметкер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін коммерциялық ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;

      2) көлік құралының өтуі үшін жолдарды күтуді қамтамасыз ету;

      3) бақылау жүргізілетін зонада өтініш арқылы тұлғаларды алып жүру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады