Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 20.04.2023 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 477 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының (бұдан әрі – ӘПО) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы автомобиль – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштердің көлік құралдары) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ӘПО балансында тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының көлік құралы;
2) ӘПО-ның жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖЖҚҚ бөлімшесі) бекеті – ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған және ӘПО бастығы бекіткен нақты орын;
3) басқару-реттеу іс-қимылдары – Қарулы Күштердің көлік құралдары колонналарының өтуі кезінде, олардың қозғалысының уақытша, оның ішінде жол-көлік оқиғаларымен байланысты кептеліс орындарында, Қарулы Күштердің көлік құралдарының қатысуымен жаппай және арнайы іс-шаралар өткізу кезінде және басқа да жол жағдайы шиеленіскен жағдайларда таяқшасымен қол қимылы белгілерімен дене тұлғасының қалпын өзгерту арқылы жол қозғалысын реттеу;
4) бірыңғай арнайы рұқсаттама – демалыс алды, демалыс, мереке алды және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін жүктелген міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің көлік құралын пайдалануға құқық беретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөліміне немесе мекемесіне (бұдан әрі – әскери бөлім) еркінше түрде ӘПО беретін құжат;
5) патрульдеу – Қарулы Күштердің көлік құралдарының қозғалысын кезең-кезеңімен бақылауды ұйымдастыру мақсатында автомобиль жолдарының белгілі бір учаскесінде қызмет өткеру. Патрульдеу жаяу немесе арнайы автомобильдермен жасалуы мүмкін;
6) патрульдеу маршруты – ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған және ӘПО бастығы бекіткен автомобиль жолы (көше) учаскесі;
7) ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекеті – арнайы қызметтік үй-жайлармен (шатыр, кунг) жабдықталған, жедел-техникалық және арнайы құралдармен, инженерлік және өзге де құрылыстармен жарақтандырылған ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерлерінің қызмет өткеретін орны, сондай-ақ оларға бекітіліп берілген жауапкершілік аймағы;
8) ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пункті – Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, анықталған кемшіліктерді жойғанға немесе процессуалдық шешім қабылдағанға дейін әскери полиция қызметкерлері ұстаған Қарулы Күштердің көлік құралдарын уақытша сақтауға арналған тұрақ. Ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктін жабдықтау және оны күзету ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын уақытша сақтауды, кемшіліктерді жою мүмкіндігін, сондай-ақ оларды бөлшектеуді және айдап әкетуді болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс;
9) парк – қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау (қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ.
3. ЖЖҚҚ бөлімшелері ұйымдық тұрғыдан ӘПО құрамына кіреді және ӘПО бастықтарына бағынады.
4. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің негізгі міндеттері:
1) Қарулы Күштердің көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Қарулы Күштердің мехникалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
3) ӘПО-да тіркелген Қарулы Күштердің механикалық көлік құралдарына міндетті техникалық қарап тексеру жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі – ЖКО) сақтандыру жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу, осы жұмыста әскери бөлімдердің командирлеріне көмек көрсету болып табылады.
2-тарау. ЖЖҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет атқаруы
5. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлері:
1) Қарулы Күштердің көлік құралдарын тоқтатады, олардың техникалық жай-күйін, пайдалану және басқару құқығына құжаттарды, сондай-ақ тасымалданатын жүктердің көліктік-ілеспе құжаттарына сәйкес келуін тексереді;
2) олар құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылады деп күдіктенген кезде Қарулы Күштердің көлік құралдарына толық қарап тексеруді жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлар тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар бар болған кезде Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға, оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) алумен жол бермейді;
4) тораптар мен агрегаттардың не МТНБ нөмірлері жасырын, жалған, өзгертілген, сол сияқты Қарулы Күштердің көлік құралдарының таңбалары тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген, сондай-ақ жүргізу құқығына құжаттары жоқ жүргізушілерге Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға жол бермейді;
5) Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұстайды, алкогольдік, есірткілік және уыттық масаң күйде болатын адамдарды Қарулы Күштердің көлік құралдарын басқарудан шеттетеді және оларды медициналық куәландыруға жібереді;
6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (ҚР ІІМ) үйлесімділікте автомобиль жолдарында және көшелерде Қарулы Күштердің көлік құралдарының колонналары өткен уақытта жол қозғалысын реттеуді жүзеге асырады, осы колонналарға ілесіп жүруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) әскери бөлімдерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуына тексеруді жүзеге асырады;
8) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы қызметті регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарын сақтау мәніне әскери бөлімдердің парктеріндегі ішкі қызметті және техникалық-бақылау пункттерінің жұмысын ұйымдастыруға тексеруді жүзеге асырады;
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін анықталған кемшіліктерді жойғанға дейін әскери бөлімдердің парктерінен Қарулы Күштердің көлік құралдарын шығаруды тоқтата тұрады;
10) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің жүргізушілері мен лауазымды адамдары жасаған "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ), Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерін (бұдан әрі – КҚПРНЕ) бұзуды қарайды;
11) ЖКО-ның себептері мен алғышарттарына тергеп-тексеру жүргізеді;
12) МТНБ-ны, Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін, міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктердің бланкілерін, Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұстау актілерін және қызметті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да құжаттарды жасауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;
13) қылмыс жасауға күдікті адамдарды ұстау жөніндегі шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көшелердің, автомобиль жолдарының және басқа да аумақтардың жекелеген учаскелерінде көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектейді немесе оған жол бермейді;
14) өзгеше мүмкін болмаған кезде оқиға орнына бару, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшілер мен азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдаланады.
15) жолдың жалпы жағдайын қадағалайды және Қарулы Күштердің көлік құралдары жүргізушілерінің ЖЖҚ және КҚПРНЕ бұзуларының жолын кесуге шаралар қабылдайды;
16) реттеу таяқшасының көмегімен (түнгі уақытта – жанатын) немесе арнайы автомобильдердің арнайы жарық және дыбыс сигналдарын пайдаланумен көлік құралын тоқтатуды жүргізеді. Назар аударту үшін ысқырықпен сигнал берілуі мүмкін. Қарулы Күштердің көлік құралдарын тоқтату қозғалысқа кедергі жасамайтын жерлерде жүзеге асырылады;
17) Қарулы Күштердің көлік құралын тоқтатқаннан кейін жүргізушіге келеді, оған өзін таныстырады, мысалы: "Әскери автомобиль полициясы бөлімінің инспекторы сержант Ыбыраев, жол құжаттамасы мен көлік құралы тексерілуге жатады" және Қарулы Күштердің көлік құралын пайдалану дұрыстығы мен заңдылығын тексеруді жүзеге асырады. Машина жетекшісі ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкеріне сөйлеген жағдайда ол оған өзін таныстырады және тоқтату себебін баяндайды, содан кейін тексеруді жалғастырады;
18) жол құжаттамасын, Қарулы Күштердің көлік құралының техникалық жай-күйін және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да мәселелерді тексереді.
Жол құжаттамасын тексеру кезінде:
жүргізуші куәлігінің, Қарулы Күштердің көлік құралын тіркеу туралы куәліктің және әскери билеттің бар болуы мен түпнұсқалылығы;
жол қағазының дұрыс ресімделуі;
жүк тасымалдау кезінде – көліктік-ілеспе құжаттама;
Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының нұсқауларында белгіленген жағдайларда – бірыңғай арнайы рұқсаттама, 200 километрден астам арақашықтыққа рейс жасау үшін біржолғы рұқсаттама;
ҚР ҚК жүргізуші қызметшілері үшін пайдалану қағидаларының талаптарымен танысқаны туралы қосымша анықтама тексеріледі.
Қарулы Күштердің көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру кезінде:
олар бар болған кезде Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар мен талаптар тізбесіне сәйкес ақаулықтардың болуы;
кабина мен шанақтың жай-күйі, МТНБ-ның, тану белгілерінің, белгілеулердің және жазбалардың бар болуы және анық салынуы;
тораптар мен агрегаттар нөмірлерінің көлік құралын тіркеу туралы куәліктегі жазбаларға сәйкес келуі;
Қарулы Күштердің көлік құралының өрт сөндіргішпен, медициналық дәріқобдишамен және авариялық тоқтату белгісімен жабдықталғаны тексеріледі;
19) тексеру аяқталғаннан кейін ескертулер болмаған кезде құжаттарды жүргізушіге қайтарып береді және Қарулы Күштердің көлік құралының одан әрі жүруіне рұқсат етеді;
20) орында жою мүмкін болатын кемшіліктер анықталған кезде жол қағазына ескертулерді жазады және анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін Қарулы Күштердің көлік құралының одан әрі жүруіне рұқсат етеді;
21) ЖЖҚ немесе КҚПРНЕ бұзулар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдейді, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу актісін жасайды, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алады және кемшіліктерді жою үшін Қарулы Күштердің көлік құралының одан әрі әскери бөлімнің паркіне қарай жүруіне рұқсат етеді;
22) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің көлік құралын ұстау және ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою жүзеге асырылатын бұзушылықтар тізбесінде көзделген бұзушылықтар анықталған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштердің көлік құралын ұстауды және ұсталған машиналардың гарнизондық жиын пунктіне қоюды жүзеге асырады;
23) жүргізуші құжаттары мен Қарулы Күштердің көлік құралын тексеру кезінде, сондай-ақ бұзушылықты ресімдеу кезінде Қарулы Күштердің көлік құралының жүргізушісімен және машина жетекшісімен қызметтік жұмысқа қатысы жоқ тақырыптарға сөйлеспейді.
6. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фельдъегерлік-пошта байланысының Қарулы Күштердің көлік құралдарына арналған рұқсаттамасы бар фельдъегерлік-пошта байланысының көлік құралдары хат-хабарды жеткізу кезінде аз уақытқа тоқтатылады, бұл ретте хат-хабарды қарап тексеруге жол берілмейді.
7. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар арнайы автомобильдердің ілесіп жүруімен Қарулы Күштердің көлік құралдарының колонналары немесе жекелеген автомобильдер жүріп өткен кезде ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері олардың бекеттің немесе патрульдеу маршрутының аумағы бойынша қауіпсіз, кедергісіз жүріп өтуіне шаралар қабылдайды.
8. ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ішінде қылмыс жасауға күдікті адамдар болатын не жүргізушілері ЖКО орындарынан қашып кеткен немесе өз іс-қимылдарымен басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген не әскери полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарын орындамаған Қарулы Күштердің көлік құралдарын қудалауды жүзеге асырады. Егер көрсетілген адамдар қаруланған болған жағдайда ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері бұл туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі кезекшінің нұсқауы бойынша немесе қалыптасқан жағдайға сүйене отырып әрекет етеді.
9. Қудалау уақытында жеке қауіпсіздігін және қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері:
1) арнайы автомобильде арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосады;
2) нақты жағдайларға сүйене отырып, қозғалыс жылдамдығын таңдайды;
3) қудаланушылардың және жол қозғалысына басқа да қатысушылардың әрекеттерін мұқият қадағалайды;
4) өзінің тұрған жері және қозғалыс бағыты туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды;
5) жол қозғалысының басқа да қатысушыларын мұқият болу және сақтық шараларын сақтау туралы хабардар етеді.
10. Ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді тасымалдауды бұзушылықтар анықталған кезде ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамынан немесе ӘПО бойынша кезекшіден тиісті нұсқау алғанға дейін көрсетілген Қарулы Күштердің көлік құралдарын шешім қабылдағанға дейін жолдың жүру бөлігінен алу шараларын қабылдай отырып, көрсетілген Қарулы Күштердің көлік құралдарының одан әрі қозғалысына жол бермейді.
11. ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекетінен немесе патрульдеу маршрутынан тек ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамының және (немесе) ӘПО бойынша кезекшінің рұқсатымен немесе нұсқауы бойынша кетеді.
12. ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері кезекшілік аяқталғаннан кейін анықталған бұзушылықтар, ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдары, алынған құжаттар туралы ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамына баянатпен баяндайды.
13. Анықталған бұзушылықтарды, ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және жүргізушілерден алынған құжаттарды есепке алу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған машиналардың гарнизондық жиын пунктінде ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабында жүргізіледі.
14. Арнайы автомобильде қызметті өткеру уақытында:
1) бөгде азаматтарды және жүктерді тасымалдауға, сондай-ақ автомобильді қараусыз қалдыруға;
2) айқындалған қызметтік міндеттерді орындау қажеттілігіне байланысты жағдайлардан басқа, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
3) өз еркімен белгіленген маршруттан ауытқуға және қызметті өткеру тәртібін өзгертуге;
4) автомобильді басқаруды басқа біреуге беруге;
5) ұсталған адамдарды автомобильде қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
3-тарау. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметтік жұмысын ұйымдастыру
15. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметтік жұмысы қолда бар күштер мен құралдарға сүйене отырып ұйымдастырылады, бұл ретте жауапкершілік аймағында әскери бөлімдердің бар болуы, пайдаланылатын Қарулы Күштердің көлік құралдарының саны, Қарулы Күштердің көлік құралдарының негізгі жүру маршруттары бойынша автомобиль жолдарының ұзақтығы және олардағы қозғалыс ерекшелігі ескеріледі.
16. Гарнизонның ерекшелігін ескере отырып, ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамдары ЖЖҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет өткеру орындарын әзірлейді және оны ӘПО бастығы бекітеді, олар ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекеттеріне және патрульдеу маршруттарына бөлінеді.
17. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттері мен патрульдеу маршруттары міндетті тәртіппен қойылатын және жедел жағдайға байланысты қойылатын болып бөлінеді. Күштер мен құралдардың маневр жасауы туралы шешімді ӘПО бастығы қабылдайды.
18. Әрбір ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекетіне және патрульдеу маршрутына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекет (патрульдеу маршруты) карточкасы жасалады. Карточкалар екі данада жасалады, біреуі ӘПБ-ның кезекші бөлімінде сақталады, екіншісі қызмет өткеру уақытына ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкеріне беріледі. Бекет (патрульдеу маршруты) карточкасы қызмет бабында пайдалану үшін құжат болып табылады және тек ЖЖҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыруға құқылы ӘПО лауазымды адамдарына көрсетілуге тиіс.
19. ЖЖҚҚ бөлімшелерінде қызмет алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау үшін маңызы бар мәліметтерді есепке алу және талдау ұйымдастырылады. ЖКО, жол жүрісі саласындағы қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтар, олардан сақтандыру жөніндегі шаралар, ЖЖҚҚ бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы тәртіптің жай-күйі туралы деректер, сондай-ақ ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметіне қатысты басқа да мәліметтер есепке алынуға және талдануға тиіс.
20. Есепке алу ҚР ҚК-да құқық тәртібін есепке алу электрондық ақпарат жүйесі арқылы, сондай-ақ есепке алу құжаттарында, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Құжаттар, кітаптар және журналдар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
21. Қарулы Күштердің көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеру үшін тағайындалған ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлерін даярлау, нұсқау беру және тарату осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
22. Нұсқау беру арнайы жабдықталған сыныпта немесе ӘПО бастығы айқындаған аумақта (алаңда) сапқа тұрғызу кезінде өткізіледі.
23. Қарулы Күштердің көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеру үшін тағайындалған адамдарға нұсқау беруді ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы өткізеді.
24. ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы нұсқау беру кезінде:
1) ЖЖҚҚ бөлімшесі жеке құрамының қызмет өткеруге әзірлігін қадағалайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
2) ЖЖҚҚ бөлімшесі жеке құрамының өз құқықтары мен міндеттерін, қаруды, арнайы құралдарды қолдану және пайдалану қағидаларын, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білуін тексереді;
3) ЖЖҚҚ бөлімшесінің жеке құрамын қызмет көрсетілетін аумақтағы авариялық және жедел жағдай, бағдарлар, жоғары тұрған органдардың нұсқаулары туралы хабардар етеді;
4) патрульдеу бекеттері мен маршруттарын жариялайды;
5) ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерлерінің мәліметіне өткен тәулік ішіндегі жұмыс нәтижелерін, сондай-ақ заңдылықты және қызмет өткеру тәртібін бұзулардың мән-жайын, оның ішінде басқа да гарнизондардың ӘПО қызметкерлері жол берген бұзушылықтарды жеткізеді;
6) ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекетіне (патрульдеу маршрутына) екі және одан астам ӘПО қызметкері түскен кезде үлкенін тағайындайды;
7) ЖЖҚҚ бөлімшесінің жеке құрамына әскери қызметшілермен мұқият, ілтипатты және сыпайы қарым-қатынас жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қажетті көмек көрсету, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы жеткізеді.
25. ЖЖҚҚ бекеттеріне (патрульдеу маршруттарына) түсетін ӘПО қызметкерлерінде сыртқы келбеті жинақы, ақаусыз жарағы, маусым бойынша нысанды киімі, жарық шағылдыратын киім-кешегі, омырауға тағатын белгісі, таяқшасы, ысқырығы, пластмассалық корпустағы көк түсті сиясы бар автоқаламы, қарындашы, жабдықталған командирлік (сержанттық) сөмкесі, бекет немесе патрульдеу бағдарының карточкасы, қызметтік және жүргізуші куәлігі және ӘПО бастығының шешімі бойынша травматикалық не табельдік қаруы болады.
26. Нұсқау беру таралыммен және қызметке түсу туралы бұйрық берумен аяқталады.
27. Қызметке түскені туралы ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлері ӘПО бойынша кезекшіге және ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамына баяндайды. Қызмет өткеру кезеңінде ӘПО бастығы бекіткен кестеге сәйкес, бірақ екі сағатта бір реттен сиретпей жедел жағдай туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды.
4-тарау. Қарулы Күштердің көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті өткеру тәсілдері, нысандары мен мақсаттары
28. Қарулы Күштердің көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті өткеруі көзбен шолуды немесе арнайы техникалық құралдар көмегімен Қарулы Күштердің көлік құралдары жүргізушілерінің ЖЖҚ және КҚПРНЕ орындауын бақылауды және қадағалауды, әкімшілік және басқа да бұзушылықтарды анықтауды және жолын кесуді қамтиды.
29. Құқық бұзушылықтардың жолын кесу ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерінің оқиғаларға жол бермеу және олардың мүмкін болатын салдарынан сақтандыру, бұзушыларға қатысты белгіленген ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қарулы Күштердің көлік құралдарының жүргізушілері мен машиналар жетекшілерінің заңға сыйымсыз іс-әрекеттеріне міндетті тәртіппен ден қоюды қамтиды.
30. Қызмет өткеру нысандары мыналар:
1) ЖЖҚҚ бөлімшелерінің, оның ішінде стационарлық бекеттерде қызмет өткеру;
2) арнайы автомобильдермен патрульдеу;
3) жаяу патрульдеу болып табылады.
31. Қызмет өткеру кезінде ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері Қарулы Күштердің көлік құралдарының жүргізушілеріне жақсы көрінеді, ал арнайы автомобильдер арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түсті графикалық схемалар бойынша боялған болады.
32. Стационарлық ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекет жабдығының, мүлкінің, керек-жарақтары мен құжаттамасының тізбесі бойынша мүлікпен және құжаттамамен жабдықталады.
33. Жүріп бара жатқан көлікті тексеруге қолайлы болу, бұл ретте жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекетіне іргелес аумаққа жарық жақсы түсірілген болады.
34. Нарядтар құрамында қызмет өткеру үшін стационарлық ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттерінде ӘПО бастықтарының шешімі бойынша ӘПО-ның басқа бөлімшелерінің қызметкерлері тартылуы мүмкін.
35. Арнайы автомобильдермен патрульдеу кезінде мынадай негізгі тәсілдер:
1) ЖЖҚ-мен белгіленген жылдамдықтан аспай, көлік құралдарының ағымында жүру және ЖЖҚ және КҚПРНЕ-ні бұзулардан сақтандыру және оларды анықтау мақсатында көлік құралдары жүргізушілерінің іс-әрекеттерін бақылау;
2) арнайы автомобильді патрульдеу маршруты бойынша ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерінің бір уақытта жаяу жүруімен ауыстырумен жүргізушілер үшін олар анағұрлым жақсы көрінетін орындарда тоқтату қолданылады.
36. Жаяу патрульдеу жол ұзақтығы бойы бойынша қысқа учаскелерде (2 км дейін) Қарулы Күштердің көлік құралдарына қатысты жол жүрісін бақылау және басқару-реттеу іс-қимылдарын орындау үшін қолданылады. Бұл ретте қызмет өткеру орны ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері жол жүрісіне қатысушыларға анық көрінетін және бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу үшін мүмкіндігі болатындай етіп таңдалады.
37. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттерінде және патрульдеу маршруттарында қызмет өткеру кезінде ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлеріне:
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау, Қарулы Күштердің көлік құралдарының жүргізушілері жасайтын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау, жолын кесу, құзыреті шегінде басқару-реттеу іс-қимылдарын жүзеге асыру;
2) ЖЖҚ және КҚПРНЕ-ні бұзуларды анықтау және жолын кесу;
3) қылмыстардан және әкімшілік құқық бұзушылықтардан сақтандыру және жолын кесу мақсатында Қарулы Күштердің көлік құралдарын, жүктерді, тіркеу және жүргізуші құжаттарын, көліктік-ілеспе құжаттамасын тексеру;
4) ЖКО орындарынан жасырынған Қарулы Күштердің көлік құралдарын іздестіру жүктеледі.
5-тарау. Арнайы техникалық құралдарды пайдалану
38. ЖЖҚҚ бөлімшелері лауазымды адамдарының жол жүрісіне қатысушылармен және әскери бөлімдердің лауазымды адамдарымен қарым-қатынасы аудио-, бейнетіркеу құралдарымен тіркелуі мүмкін.
39. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау кезінде Қарулы Күштердің көлік құралдарының жүру жылдамдығын айқындау үшін өлшем құралдарын, ЖЖҚ-ны бұзуларды тіркейтін басқа да аппаратураны, көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған айла-бұйымдарды, жүргізуші куәліктеріндегі, Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің қолдан жасалғанын анықтауға арналған аспаптарды және басқа да техникалық құралдарды пайдаланылуы мүмкін. Метрологиялық салыстырып тексеруден өтпеген немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы куәліктің мерзімі өткен техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
40. Өлшем құралдарын есепке алу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын пайдалануды есепке алу журналында жүргізіледі. Журналды жол жүрісін бақылау кезінде аспапты қолданған ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ауысым аяқталғаннан кейін толтырады. ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы техникалық құралдарды пайдалануды күнделікті бақылауды қамтамасыз етеді, ол туралы есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.
41. Байланыс құралдары (радио, транкілі, сымды) ЖЖҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің басқаруын қамтамасыз ету және олардың арасында өзара іс-қимыл жасау үшін қолданылады.
6-тарау. ЖЖҚҚ бөлімше қызметкерінің жол-көлік оқиғасы туралы хабарламаны алған кездегі және ол жасалған орындағы іс-қимылдары
42. ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері хабардар болған Қарулы Күштердің көлік құралдарының қатысуымен болған әрбір оқиға туралы ол шұғыл немесе бірінші мүмкіндік болған кезде ӘПО бойынша кезекшіге немесе ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамына баяндайды, одан әрі алынған нұсқауларға сәйкес әрекет етеді.
43. ӘПБ жедел тобы келгенге дейін ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ЖКО орнына келгенде:
1) зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге және оларды медициналық мекемелерге жеткізуге шаралар қабылдайды, зардап шеккендердің тегін, атын және тұрғылықты жерін (жұмыс орнын), егер олар медициналық мекемелерге жіберілген болса, онда қайда және қандай көлікпен (маркасы мен МТНБ) екенін анықтайды. Оқиға орнына жедел көмек шақырту мүмкін болмаған жағдайда ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетеді және зардап шеккендерді қолда бар қызметтік немесе сонымен қатар маркасын, МТНБ және жүргізушінің деректерін алдын ала жазып алып, жолшыбай көлік құралымен медициналық мекемелерге жеткізу үшін шаралар қабылдайды.
2) оқиғаға қатысы бар Қарулы Күштердің көлік құралдарының маркасы мен МТНБ-сын, жүргізушілерді және басқа да адамдарды анықтайды;
3) оқиғаның куәларын, олардың тегі мен мекенжайларын анықтайды;
4) егер жүргізуші оқиға орнынан қашып кетсе, оның ықтимал қозғалыс бағытын, Қарулы Күштердің көлік құралының маркасын, түсін, МТНБ-сын және ерекшеліктерін, жүргізушінің белгілерін анықтайды.
44. ӘПО жедел тобы келгеннен кейін басшының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
45. ЖКО материалдарын ресімдеуде ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы қатысады, ЖКО-ны есепке алу осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол-көлік оқиғаларын есепке алу журналында жүргізіледі.
7-тарау. ЖЖҚ және КҚПРНЕ бұзуларды қарау
46. ЖЖҚ және КҚПРНЕ бұзулар туралы материалдар әскери біліктілік комиссиясының отырыстарында қаралады.
47. Әскери біліктілік комиссиясының құрамы және жұмыс кестесі ӘПО бастығының бұйрығымен айқындалады.
48. Материалдарды қарау бұзушылыққа жол берген Қарулы Күштердің көлік құралы жүргізушісінің, әскери бөлімнің көлік құралдарын пайдалануға жауапты өкілінің, сондай-ақ әскери бөлімнің бұзушылық жасауға қатысқан және (немесе) қатысы бар басқа да лауазымды адамдарының қатысуымен жүзеге асырылады.
49. ЖЖҚ және КҚПРНЕ бұзулар туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша әскери біліктілік комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бөлім командирі қабылдаған шаралармен шектелу, ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралын және (немесе) алынған құжаттарды әскери бөлім өкілдеріне қайтару;
2) мынадай себептер бойынша бұзушылықты қарауды кейінге қалдыру:
кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы әскери бөлім комндирі қабылдаған шаралар туралы құжаттарды ұсынбағанда не дұрыс ресімделмеген құжаттарды ұсынғанда;
отырысқа Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға жауапты әскери бөлім өкілінің, сондай-ақ әскери бөлімнің бұзушылық жасауға қатысқан және (немесе) қатысы бар басқа да лауазымды адамдарының келмеуі;
3) жол берілген бұзушылықтар туралы материалдарды Қарулы Күштердің көлік құралы тіркелген әскери полиция органының әскери біліктілік комиссиясына қарауға жолдау.
50. ЖЖҚ және КҚПРНЕ бұзушылықтар туралы материалдарды қарау нәтижелері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
Корешок временного талона № _____________ Актіге түбіршек |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу актісі/Акт задержания, доставления и запрещения эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан |
Корешок |
Келесі беті
|
Қарулы Күштердің көлік құралын ұстау және ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою жүзеге асырылатын бұзушылықтар тізбесі
Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұстау және ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1. Жүргізушінің немесе машиналар жетекшісінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйінде болған.
2. Тораптар мен агрегаттардың жасырын, жалған, өзгертілген нөмірлерін немесе МТНБ анықтау, ал көлік құралдары таңбасының тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуіне тең.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген, ол кезінде Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін ақаулықтар мен жағдайлардың тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар болған кезде.
4. Жүргізушінің Қарулы Күштердің көлік құралын басқару құқығына арналған құжатының болмауы немесе оларды қолдану мерзімінің өтуі.
5. Белгіленген мерзімдерде көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеуі.
6. Спидометрдің (мотосағаттар есептеуіші) немесе олардың жетегінің ақаулықтары.
7. Жүргізушінің немесе машина жетекшісінің ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерінің заңды талаптарына бағынбауы.
8. Тасымалданатын жүктің тауар-көлік құжаттарына немесе мұндайлар болмаған кезде сәйкес келмеуі.
9. Қарулы Күштердің көлік құралын арналуы бойынша пайдаланбау, оның ішінде Қарулы Күштердің көлік құралын қызметтік істермен байланысты емес мақсатта пайдалану.
10. Жүргізушінің немесе машина жетекшісінің (лек бастығының) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін ЖЖҚ және КҚПРБНЕ талаптарын, Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының нұсқауларын орындамау.
11. ЖКО.
Фельдъегерлік-пошталық байланыстың көлік құралдарына арналған рұқсаттамасы
Бет жағы
№ ___ РҰҚСАТТАМА (ПРОПУСК №___ ) Фельдъегерлік-пошталық байланыс Фельдъегерско-почтовая связь ФПБ ФПС 20___ ж. “___” __________ дейін жарамды/ действителен до “___” __________ 20___ г. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Первый заместитель Министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан ________________________________________________________________________ (әскери атағы/воинское звание) (қолы/подпись) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) |
---|
Артқы жағы
1. Осы рұқсаттама жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау үшін оларды пайдалану кезінде фельдъегерлік-пошталық байланыстың жылжымалы құралдарына беріледі. 2. Рұқсаттама автомобильдің алдыңғы терезесінің ішкі жағының оң жағына ілінеді немесе ЖЖҚҚ бөлімшесі лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетіледі. 3. Рұқсаттама барлық жолдармен және өткелдерде жүруге, сондай-ақ лектерді озуға және ФПБ торабы (станциясы) құпия пошталық жөнелтілімдермен алмасуды жүргізетін әскери бөлімдердің аумағына кіруге құқық береді. 4. Жүргізушілер Жол жүру қағидаларын бұзған немесе жол-көлік оқиғасын жасаған кезде қажетті құжаттарды жасау үшін осы жылжымалы құралдарды тоқтату қысқа мерзімді болуға тиіс. 5. Әскери фельдъегердің куәлігі болған кезде жарамды. 1. Настоящий пропуск выдается на подвижные средства фельдъегерско-почтовой связи при использовании их для выполнения задания по доставке. 2. Пропуск выставляется справа, с внутренней стороны лобового стекла автомобиля или предъявляется по требованию должностных лиц подразделений ОБДД. 3. Пропуск предоставляет преимущественное право движения по всем дорогам и на переправах, а также право обгона колонн и въезда на территорию воинских частей, с которыми узел (станция) ФПС производит обмен секретными почтовыми отправлениями. 4. При нарушении водителями Правил дорожного движения или совершении дорожно-транспортного происшествия задержка этих подвижных средств для составления необходимых документов должна быть кратковременной. 5. Действителен при наличии удостоверения войскового фельдъегеря. КЕЛІСІЛДІ: СОГЛАСОВАНО: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы Начальник Главного управления военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан ____________________________________________________________________________________ (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде). /воинское звание, фамилия, имя, отчество (при его наличии) |
---|
Рұқсаттаманың мөлшері 200 х 150 мм
Ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабы
Р/с | Күні | Инспектордың ә/а, тегі, аты-жөні | Көлік құралының маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | Алынған құжаттардың атауы, олардың нөмірлері | Жүргізушінің ә/а, тегі, аты-жөні | Анықталған бұзушылықтар | Қолданылған шаралар | Көлік құжатын қайтару және (немесе) алынған құжаттар) туралы белгі | Көлік құралын алған адамның тегі, аты-жөні және (немесе) алынған құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бекет карточкасы (патрульдеу маршруты) ____________________________________________ (бекеттің нөмірі мен шартты атауы (патрульдеу маршруты) Бекеттің орналасу схемасы (патрульдеу маршруты)
Схемаға мыналар түсіріледі:
1. Көшелердің және негізгі бағдарлардың (қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық тамақтану мекемелері, көрікті жерлер және т.б.) атауымен бекеттің орналасқан ауданы (патрульдеу маршруты);
2. Жергілікті жер учаскесіне байланыстырумен бекеттің орналасқан орны (патрульдеу маршруты);
3. Патрульдеу маршрутында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелері, медицина мекемелері, ішкі істер органдары, жергілікті басқару органдары;
4. Схеманы жасау кезінде қолданылатын шартты атаулар.
Түсіндірме жазба
Түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:
1. Қызметті өткеру әдісі.
2. Патрульдеу маршрутының ұзақтығы.
3. Тамақ ішуге, үзілістерді жүзеге асыруға арналған уақытты және т.б. көрсетумен қызмет өткеру графигі.
4. Бекет орналасқан аудандағы, патрульдеу маршрутындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, медицина мекемелерінің, ішкі істер органдарының, жергілікті басқару органдарының (мекенжайларын көрсете отырып) тізбесі.
5. Әскери көліктің жол жүру маршруты, учаскеде анағұрлым ықтимал болу орындары.
6. Маршрутта қызмет өткеруге арналған негізгі орындар.
7. ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшісінің киім-кешегі.
8. Әскери полиция органы бойынша кезекшімен байланысқа шығу тәртібі мен кезеңділігі.
Бекетте (патрульдеу маршрутында) қызмет өткеру тәртібі
1. Бекетте (патрульдеу маршрутында) қызмет өткерудің негізгі талаптары мен ерекшеліктерін көрсетеді.
2. Қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
____________________ гарнизонының штаб бастығы
(ӘПО атауы)
_________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Құжаттардың, кітаптар мен журналдардың тізбесі
1. Ұсталған машиналардың гарнизондық жинау пунктіне ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабы;
2. 200 километрден астам арақашықтыққа рейстер жасайтын Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу кітабы;
3. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру кітабы;
4. Орындалған ілесіп жүрулерді есепке алу кітабы;
5. ЖЖҚҚ бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысын есепке алу кітабы;
6. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметкерлеріне нұсқау беру кітабы;
7. Жол-көлік оқиғаларын есепке алу журналы;
8. Өлшеу құралдарын пайдалануды есепке алу журналы;
9. Күштер мен құралдардың есептобы;
10. Атқарылған жұмыс туралы ЖЖҚҚ қызметкерінің баянаты.
ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекет жабдығының, мүлкінің, керек-жарақтары мен құжаттамасының тізбесі
Р/с № | Жабдықтың, мүліктің, керек-жарақтары мен құжаттарының атауы |
Саны, | Ескертпе |
1 | Ауданы 8 – 12 м2 қызметтік үй-жай немесе шатыр, кунг | 1 | |
2 | Тасымалданатын пеш | 1 | |
3 | Үстел | 1 | |
4 | Орындық | 2 | |
5 | Құжаттарға арналған тумбочка | 1 | |
6 | Мынадай құжаттармен құжаттама тақтасы: жол құжаттамасының үлгілері, қызмет өткеру жөніндегі нұсқаулықтар, функционалдық міндеттер | 1 | |
7 | Киім-кешекке арналған шкаф немесе киім ілгіш | 1 | |
8 | Телефон аппараты | 1 | |
9 | Медициналық дәрі қобдиша | 1 | |
10 | Мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғы | 2 | |
11 | Стационарлық радиостанция | 1 | бекетте қызмет өткеру үшін тағайындалған ӘПО әрбір қызметкеріне |
12 | Броньды кеудеше | 1 | |
13 | Қорғану, оққа төзімді дулығасы | 1 | |
14 | Қалта шамы | 1 | |
15 | Қолкісендер | 2 | |
16 | Жол белгілері | 12 | |
17 | Жедел-техникалық құралдарды сақтауға арналған шкаф | 1 | |
18 | Алып жүретін радиостанциялар батареясына арналған зарядтау құрылғысы | 1 | |
19 | Автономды электрмен қоректендіру көзі | 1 | |
20 | Қоршау конусы | 10 | |
21 | Тіркеп сүйрейтін арқан | 1 | |
22 | "Штанга" типіндегі қатты тіркеме | 1 | |
23 | "Үш бұрыш" типіндегі қатты тіркеме | 1 | |
24 | Тасымалданатын шлагбаум | 2 |
Өлшеу құралдарын пайдалануды есепке алу журналы
_______________________________________________
(аспаптың атауы және зауыттық нөмірі)
Күні | Аспапты қолданған қызметкердің әскери атағы, тегі және аты-жөні | Іс жүзінде сағаттарда аспаптың жұмыс ұзақтығы | Анықталған жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жол-көлік оқиғаларын есепке алу журналы
Р/с № | Оқиға болған күн | Әскери бөлім, бағыныстылығы | Көлік құралының маркасы, МТНБ | Оқиғаға қатысқан әскери қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) | Оқиғаның мазмұны | ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер | Келтірілген зақымдар, келтірілген материалдық зиянның сомасы | Қабылданған шаралар (соттың, бөлім қолбасшылығының шешімі), материалдық зиянның өтелгені туралы ақпарат | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Әскери біліктілік комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ ПРОТОКОЛ заседания военной квалификационной комиссии №_____
"___" ______ 20 ж./г. _________________________________
(елді мекен/ населенный пункт)
__________________________________________________________________________
(бұзушылықты қарастырған органның атауы және құрамы/наименование и состав коллегиального органа, рассмотревшего нарушение)
Комиссия төрағасы/ Председатель комиссии ____________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
Комиссия мүшелері /Члены комиссии__________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
Лауазымды адамдардың қатысуымен/В присутствии должностных лиц ә/б / в/ч_______
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
Әскери бөліміне_____________ тиесілі _____________________ ЖЖҚ және КҚПРБНЕ
(маркасы және МТНБ)
тәртібін бұзу жөніндегі материалдарды қарады/Рассмотрела материалы о нарушении ПДД и ОПДТСЭ _________________________________________________________________,
(марка и ГРНЗ)
принадлежащего войсковой части_____________
Водитель ________________________ Старший машины _________________________
(должность, воинское звание, фамилия и инициалы) (должность, воинское звание, фамилия и инициалы)
__________________________________________________________________________
(бұзушылықты жасаған күні және орны / дата и место совершения нарушения)
Келесі бұзушылығы үшін / Допущены следующие нарушения:
Қатысып отырған ______________әскери бөлімінің лауазымды адамы келесіні
түсіндірді: / Присутствующие должностные лица в/ч________________ пояснили следующее:
_________________________ – _______________________________________________
(ә/а, тегі, аты-жөні / в/з, фамилия, инициалы) ____________________________________
_________________________ – _______________________________________________
(ә/а, тегі, аты-жөні / в/з, фамилия, инициалы) ____________________________________
_________________________ – _______________________________________________
(ә/а, тегі, аты-жөні / в/з, фамилия, инициалы) ___________________________________
Артқы жағы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ/ПРИНЯТО РЕШЕНИЕ
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы / Председатель комиссии ___________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
Комиссия мүшелері/Члены комиссии: ___________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)
________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, тегі, аты-жөні/должность, в/з, фамилия, инициалы)