Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 32354 болып тіркелді

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 477 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15764 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 355 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі – ӘПО) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы автомобиль – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштердің көлік құралдары) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ӘПО көлік құралы;

      2) ӘПО-ның жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖЖҚҚ бөлімшесі) бекеті – ЖЖҚҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған және ӘПО бастығы бекіткен нақты орын;

      3) басқару-реттеу іс-қимылы – Қарулы Күштердің көлік құралдары легінің өтуі кезінде, олардың қозғалысының уақытша, оның ішінде жол-көлік оқиғасымен байланысты кептеліс орындарында, Қарулы Күштер көлік құралдарының қатысуымен жаппай және арнайы іс-шаралар өткізу кезінде және басқа да жол жағдайы шиеленіскен жағдайда таяқшасымен қол қимылы белгілерімен дене тұлғасының қалпын өзгерту арқылы жол қозғалысын реттеу;

      4) бірыңғай арнайы рұқсаттама – демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін (машинаны пайдалану нарядында белгіленген уақыт мөлшерінен тыс) гарнизон шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің көлік құралын пайдалануға құқық беретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөліміне немесе мекемесіне (бұдан әрі – әскери бөлім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘПО беретін құжат;

      5) ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекеті – арнайы қызметтік үй-жаймен (шатыр, кунг) жабдықталған, жедел-техникалық және арнайы құралдармен, инженерлік және өзге де құрылыспен жарақтандырылған ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшілерінің қызмет өткеретін орны, сондай-ақ оларға бекітіліп берілген жауапкершілік аймағы;

      6) Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалану қағидалары – Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалану тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтары (өкімдері, жеделхаттары);

      7) парк – қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау (тұраққа қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ;

      8) патрульдеу – Қарулы Күштер көлік құралдарының қозғалысын кезең-кезеңімен бақылауды ұйымдастыру мақсатында автомобиль жолының белгілі бір учаскесінде қызмет өткеру;

      9) патрульдеу маршруты – ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған және ӘПО бастығы бекіткен автомобиль жолы (көше) учаскесі;

      10) ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пункті – Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қағидаларда көзделген жағдайда анықталған кемшіліктерді жойғанға немесе процессуалдық шешім қабылдағанға дейін әскери полиция әскери қызметшілері ұстаған Қарулы Күштердің көлік құралдарын уақытша сақтауға арналған тұрақ.

      3. ЖЖҚҚ бөлімшесі ұйымдық тұрғыдан ӘПО құрамына кіреді және ӘПО бастығына бағынады.

      4. ЖЖҚҚ бөлімшесінің негізгі міндеттері:

      1) Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) Қарулы Күштердің мехникалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      3) ӘПО-да тіркелген Қарулы Күштердің механикалық көлік құралдарына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу;

      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасынан (бұдан әрі – ЖКО) сақтандыру жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу, осы жұмыста әскери бөлімдердің командирлеріне көмек көрсету болып табылады.

2-тарау. Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқару тәсілі, нысандары мен мақсаттары

      5. Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруы көзбен шолуды немесе арнайы техникалық құралдар көмегімен Қарулы Күштердің көлік құралдары жүргізушілерінің "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ), Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерін (бұдан әрі – КҚПРНЕ) орындауын бақылауды және қадағалауды, әкімшілік және басқа да бұзушылықты анықтауды және жолын кесуді қамтиды.

      6. Қызмет өткеру нысаны:

      1) ЖЖҚҚ бөлімшелерінің, оның ішінде стационарлық бекеттерде қызмет өткеру;

      2) арнайы автомобильдермен патрульдеу;

      3) жаяу патрульдеу болып табылады.

      7. Қызмет өткеру кезінде ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері Қарулы Күштердің көлік құралдарының жүргізушілеріне жақсы көрінеді, ал арнайы автомобильдер арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түсті графикалық схемалар бойынша боялған болады.

      8. Стационарлық ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттері Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекет жабдығының, мүлкінің, керек-жарағы мен құжаттамасының тізбесі бойынша мүлікпен және құжаттамамен жабдықталады.

      9. Жүріп бара жатқан көлікті тексеруге қолайлы болу, бұл ретте жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекетіне іргелес аумаққа жарық жақсы түсірілген болады.

      10. Нарядтар құрамында қызмет өткеру үшін стационарлық ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттерінде ӘПО бастықтарының шешімі бойынша ӘПО-ның басқа бөлімшелерінің әскери қызметшілері тартылады.

      11. Арнайы автомобильдермен патрульдеу кезінде мынадай негізгі тәсілдер қолданылады:

      1) ЖЖҚ-мен белгіленген жылдамдықтан аспай, көлік құралдары ағымында жүру және ЖЖҚ мен КҚПРНЕ-ні бұзудың алдын алу және оларды анықтау мақсатында көлік құралдары жүргізушілерінің іс-әрекетін бақылау;

      2) арнайы автомобильді патрульдеу маршруты бойынша ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшілерінің бір уақытта жаяу жүруімен ауыстырып жүргізушілер үшін олар анағұрлым жақсы көрінетін орында тоқтату қолданылады.

      12. Жаяу патрульдеу жол ұзақтығы бойынша 2 км дейінгі қысқа учаскелерде Қарулы Күштердің көлік құралдарына қатысты жол жүрісін бақылау және басқару-реттеу іс-қимылын орындау үшін қолданылады. Бұл ретте қызмет өткеру орны ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері жол жүрісіне қатысушыларға анық көрінетін және бұзушылықтың уақтылы жолын кесу үшін мүмкін болатындай етіп таңдалады.

      13. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттерінде және патрульдеу маршруттарында қызмет өткеру кезінде ЖЖҚҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау, Қарулы Күштер көлік құралдарының жүргізушілері жасайтын қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, жолын кесу, құзыреті шегінде басқару-реттеу іс-қимылын жүзеге асыру;

      2) ЖЖҚ-ны және КҚПРНЕ-ні бұзуды анықтау және жолын кесу;

      3) қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Қарулы Күштердің көлік құралдарын, жүкті, тіркеу және жүргізуші құжаттарын, көліктік-ілеспе құжаттамасын тексеру;

      4) ЖКО орындарынан жасырынған Қарулы Күштердің көлік құралдарын іздестіру жүктеледі.

      14. ЖЖҚҚ бөлімшелері лауазымды адамдарының жол жүрісіне қатысушылармен және әскери бөлімдердің лауазымды адамдарымен қарым-қатынасы аудио, бейнетіркеу құралдарымен ол бар болған кезде тіркеледі.

      15. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен лауазымдық міндеттерін орындау кезінде Қарулы Күштер көлік құралдарының жүру жылдамдығын айқындау үшін арнайы техникалық құралдары ол бар болған кезде пайдаланылады. Метрологиялық салыстырып тексеруден өтпеген немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы куәліктің мерзімі өткен техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.

      16. Арнайы техникалық құралдарын есепке алу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы техникалық құралдарын пайдалануды есепке алу журналында жүргізіледі. Журналды жол жүрісін бақылау кезінде аспапты қолданған ЖЖҚҚ бөлімшесінің қызметкері ауысым аяқталғаннан кейін толтырады. ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы арнайы техникалық құралдарды пайдалануды күнделікті бақылауды қамтамасыз етеді, ол туралы есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.

      17. Байланыс құралдары (радио, транкілі, сымды) ЖЖҚҚ бөлімшелері әскери қызметшілерінің басқаруын қамтамасыз ету және олардың арасында өзара іс-қимыл жасау үшін қолданылады.

3-тарау. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметтік ісін ұйымдастыру

      18. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметтік ісі қолда бар күштер мен құралдарға сүйене отырып ұйымдастырылады, бұл ретте жауапкершілік аймағында әскери бөлімдердің бар болуы, пайдаланылатын Қарулы Күштер көлік құралдарының саны, Қарулы Күштер көлік құралдарының негізгі жүру маршруттары бойынша автомобиль жолдарының ұзақтығы және олардағы қозғалыс ерекшелігі ескеріледі.

      19. Гарнизонның ерекшелігін ескере отырып, ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамдары ЖЖҚҚ бөлімшелері әскери қызметшілерінің қызмет өткеру орындарын әзірлейді және оны ӘПО бастығы бекітеді, олар ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекеттеріне және патрульдеу маршруттарына бөлінеді.

      20. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекеттері мен патрульдеу маршруттары міндетті тәртіппен қойылатын және жедел жағдайға байланысты қойылатын болып бөлінеді. Күштер мен құралдардың маневр жасауы туралы шешімді ӘПО бастығы қабылдайды.

      21. Әрбір ЖЖҚҚ бөлімшелерінің бекетіне және патрульдеу маршрутына Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекет (патрульдеу маршруты) карточкасы жасалады. Карточкалар екі данада жасалады, біреуі ӘПБ-ның кезекші бөлімінде сақталады, екіншісі қызмет өткеру уақытына ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілеріне беріледі. Бекет (патрульдеу маршруты) карточкасы қызмет бабында пайдалану үшін құжат болып табылады және тек ЖЖҚҚ бөлімшелері әскери қызметшілерінің қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыруға құқылы ӘПО лауазымды адамдарына көрсетілуге тиіс.

      22. ЖЖҚҚ бөлімшелерінде қызмет алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау үшін мәні бар мәліметтерді есепке алу және талдау ұйымдастырылады. ЖКО, жол жүрісі саласындағы қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық, олардан сақтандыру жөніндегі шаралар, ЖЖҚҚ бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы тәртіптің жай-күйі туралы деректер, сондай-ақ ЖЖҚҚ бөлімшелерінің қызметіне қатысты басқа да мәліметтер есепке алынуға және талдануға тиіс.

      23. Есепке алу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқық тәртібін есепке алу электрондық ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ есепке алу құжаттарында, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Құжаттар, кітаптар және журналдар тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      24. Нұсқау беру арнайы жабдықталған сыныпта немесе ӘПО бастығы айқындаған аумақта (алаңда) сапқа тұрғызу кезінде өткізіледі.

      25. Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару үшін тағайындалған адамдарға нұсқау беруді ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы өткізеді.

      26. ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы нұсқау беру кезінде:

      1) ЖЖҚҚ бөлімшесі жеке құрамының қызмет өткеруге әзірлігін қадағалайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      2) ЖЖҚҚ бөлімшесі жеке құрамының өз құқықтары мен міндеттерін, қаруды, арнайы құралдарды қолдану және пайдалану қағидаларын, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын білуін тексереді;

      3) ЖЖҚҚ бөлімшесінің жеке құрамын қызмет көрсетілетін аумақтағы авариялық және жедел жағдай, бағдарлар, жоғары тұрған органдардың нұсқаулары туралы хабардар етеді;

      4) патрульдеу бекеттері мен маршруттарын жариялайды;

      5) ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшілерінің мәліметіне өткен тәулік ішіндегі жұмыс нәтижесін, сондай-ақ заңдылықты және қызмет өткеру тәртібін бұзудың мән-жайын, оның ішінде басқа да гарнизондардың ӘПО әскери қызметшілері жол берген бұзушылығын жеткізеді;

      6) ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекетіне (патрульдеу маршрутына) екі және одан астам ӘПО әскери қызметшілері түскен кезде үлкенін тағайындайды;

      7) ЖЖҚҚ бөлімшесінің жеке құрамына әскери қызметшілермен мұқият, ілтипатты және сыпайы қарым-қатынас жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қажетті көмек көрсету, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы жеткізеді.

      27. ЖЖҚҚ бекеттеріне (патрульдеу маршруттарына) түсетін ӘПО әскери қызметшілерінде сыртқы келбеті жинақы, ақаусыз керек-жарағы, маусым бойынша нысанды киімі, жарық шағылдыратын киім-кешегі, омырауға тағатын белгісі, таяқшасы, ысқырығы, пластмассалық корпустағы көк түсті сиясы бар автоқаламы, қарындашы, жабдықталған командирлік (сержанттық) сөмкесі, бекет немесе патрульдеу бағдарының карточкасы, қызметтік және жүргізуші куәлігі және ӘПО бастығының шешімі бойынша травматикалық не табельдік қаруы болады.

      28. Нұсқау беру таралыммен және қызметке түсу туралы бұйрық берумен аяқталады.

      29. Қызметке түскені туралы ЖЖҚҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілері ӘПО бойынша кезекшіге және ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамына баяндайды. Қызмет өткеру кезеңінде ӘПО бастығы бекіткен кестеге сәйкес, бірақ екі сағатта бір реттен сиретпей жедел жағдай туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды.

      30. ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері:

      1) Қарулы Күштердің көлік құралдарын тоқтатады, олардың техникалық жай-күйін, пайдалану және басқару құқығына құжаттарды, сондай-ақ тасымалданатын жүктің көлік-ілеспе құжаттамасына сәйкес келуін тексереді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда осындай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлар тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар бар болған кезде Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға, оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) алумен жол бермейді;

      3) тораптар мен агрегаттардың не МТНБ нөмірлері жасырын, жалған, өзгертілген, сол сияқты Қарулы Күштер көлік құралдарының таңбалары тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген, сондай-ақ жүргізу құқығына құжаттары жоқ жүргізушілерге Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға жол бермейді;

      4) Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұстайды, алкогольдік, есірткілік және уыттық масаң күйде болатын адамдарды Қарулы Күштердің көлік құралдарын басқарудан шеттетеді және оларды медициналық куәландыруға жібереді;

      5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үйлесімділікте автомобиль жолында және көшелерде Қарулы Күштер көлік құралдарының легі өткен уақытта жол қозғалысын реттеуді жүзеге асырады, осы лекке ілесіп жүруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      6) әскери бөлімдерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және профилактикалық іс-шаралардың орындалуына тексеруді жүзеге асырады;

      7) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы қызметті регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарын сақтау мәніне әскери бөлімдердің парктеріндегі ішкі қызметті және техникалық-бақылау пункттерінің жұмысын ұйымдастыруға тексеруді жүзеге асырады;

      8) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін анықталған кемшіліктерді жойғанға дейін әскери бөлімдердің парктерінен Қарулы Күштердің көлік құралдарын шығаруды тоқтата тұрады;

      9) әскери бөлімдердің лауазымды адамдары мен жүргізушілері жол берген ЖЖҚ, КҚПРНЕ бұзушылықтарын қарайды;

      10) ЖКО-ның себептері мен алғышарттарына тергеп-тексеру жүргізеді;

      11) МТНБ-ны, Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін, міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктердің бланкілерін, Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұстау актілерін және қызметті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да құжаттарды жасауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;

      12) өзгеше мүмкіндік болмаған кезде оқиға орнына бару, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әскери қызметшілер мен азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қарулы Күштердің көлік құралдары пайдаланылады.

      13) жалпы жол жағдайын қадағалайды және Қарулы Күштер көлік құралдары жүргізушілерінің ЖЖҚ-ны және КҚПРНЕ-ні бұзуының жолын кесуге шаралар қабылдайды;

      14) реттеу таяқшасының көмегімен (түнгі уақытта – жанатын) немесе арнайы автомобильдердің арнайы жарық және дыбыс сигналдарын пайдаланумен көлік құралын тоқтатуды жүргізеді. Назар аударуды қажет еткен жағдайда ысқырықпен сигнал береді. Қарулы Күштердің көлік құралдарын тоқтату қозғалысқа кедергі жасамайтын жерде жүзеге асырылады;

      15) Қарулы Күштердің көлік құралын тоқтатқаннан кейін жүргізушіге келеді, оған өзін таныстырады, мысалы: "Әскери автомобиль полициясы бөлімінің инспекторы сержант Ыбыраев, жол құжаттамасы мен көлік құралы тексерілуге жатады" және Қарулы Күштердің көлік құралын пайдалану дұрыстығы мен заңдылығын тексеруді жүзеге асырады. Машина жетекшісі ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілеріне сөйлеген жағдайда ол оған өзін таныстырады және тоқтату себебін баяндайды, одан кейін тексеруді жалғастырады;

      16) жол құжаттамасын, Қарулы Күштердің көлік құралының техникалық жай-күйін және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да мәселелерді тексереді.

      Жол құжаттамасын тексеру кезінде:

      жүргізуші куәлігінің, Қарулы Күштердің көлік құралын тіркеу туралы куәліктің және әскери билеттің бар болуы мен түпнұсқалылығы;

      жол қағазының дұрыс ресімделуі;

      жүк тасымалдау кезінде – көліктік-ілеспе құжаттама;

      Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауларында белгіленген жағдайда – бірыңғай арнайы рұқсаттама, 200 километрден астам арақашықтыққа рейс жасау үшін біржолғы рұқсаттама;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметші жүргізушілері үшін пайдалану қағидаларының талаптарымен танысқаны туралы қосымша анықтамасы тексеріледі.

      Қарулы Күштердің көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру кезінде:

      КҚПРНЕ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар мен талаптар тізбесіне сәйкес ақаулықтың бар болуы;

      кабина мен шанақтың жай-күйі, МТНБ-ның, тану белгілерінің, белгілеу мен жазбалардың болуы және анық салынуы;

      тораптар мен агрегаттар нөмірлерінің Қарулы Күштері көлік құралының тіркеу туралы куәлігіндегі жазбаларға сәйкес келуі;

      Қарулы Күштер көлік құралының өрт сөндіргішпен, медициналық дәріқобдишамен және авариялық тоқтату белгісімен жабдықталғаны тексеріледі.

      17) тексеру аяқталғаннан кейін ескерту болмаған кезде құжаттарды жүргізушіге қайтарып береді және Қарулы Күштердің көлік құралының одан әрі жүруіне рұқсат етеді;

      18) орнында жою мүмкін болатын кемшіліктер анықталған кезде жол парағына ескертуді жазады және анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін Қарулы Күштер көлік құралының одан әрі жүруіне рұқсат етеді;

      19) ЖЖҚ-ны немесе КҚПРНЕ-ні бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ресімдейді;

      20) Қарулы Күштердің көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу анықталған жағдайда (Қағидалардың 30-тармағының 21) тармақшасымен көзделген жағдайды қоспағанда), ұстау, жеткізу және Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу актісі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылып, Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу туралы куәлігі алынады және Қарулы Күштердің көлік құралдарына әскери бөлімдердің паркіне кемшіліктерді жою үшін одан әрі баруына рұқсат береді;

      21) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің көлік құралын ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою жүзеге асырылатын бұзушылық тізбесінде көзделген бұзушылық анықталған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда ұстау, жеткізу және Қарулы Күштердің көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу актісі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қарулы Күштердің көлік құралын ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қоюды жүзеге асырады;

      22) жол берген бұзушылық үшін алынған Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу туралы куәлігі және ұсталған машиналардың гарнизондық жинау пунктіне Қарулы Күштердің ұсталған көлік құралдары әскери бөлім командирінің бұзушылыққа жол берген кінәлі адамдарға қатысты қабылданған шешімінен кейін және ӘПО-ға тиісті растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін әскери бөлімнің өкілдеріне қайтарылады;

      23) жүргізуші құжаттары мен Қарулы Күштердің көлік құралын тексеру кезінде, сондай-ақ бұзушылықты ресімдеу кезінде көлік құралының жүргізушісімен және машина жетекшісімен қызметтік іс-әрекетке қатысы жоқ тақырыптарға сөйлеспейді.

      31. Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фельдъегерлік-пошта байланысының Қарулы Күштердің көлік құралдарына арналған рұқсаттамасы бар фельдъегерлік-пошта байланысының көлік құралдары хат-хабарды жеткізу кезінде аз уақытқа тоқтатылады, бұл ретте хат-хабарды қарап-тексеруге жол берілмейді.

      32. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар арнайы автомобильдердің ілесіп жүруімен Қарулы Күштер көлік құралдарының легі немесе жекелеген автомобильдер жүріп өткен кезде ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері олардың бекеттің немесе патрульдеу маршрутының аумағы бойынша қауіпсіз, кедергісіз жүріп өтуіне шаралар қабылдайды.

      33. ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері ішінде қылмыс жасауға күдікті адамдар болатын не жүргізушілері ЖКО орындарынан қашып кеткен немесе өз іс-қимылымен басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген не ӘПО әскери қызметшілерінің тоқтау туралы талаптарын орындамаған Қарулы Күштердің көлік құралдарын қудалауды жүзеге асырады. Егер көрсетілген адамдар қаруланған болған жағдайда ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері бұл туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды, одан әрі кезекшінің нұсқауы бойынша немесе қалыптасқан жағдайға сүйене отырып әрекет етеді.

      34. Қудалау уақытында жеке қауіпсіздігін және қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшісі:

      1) арнайы автомобильде арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосады;

      2) нақты жағдайға сүйене отырып, қозғалыс жылдамдығын таңдайды;

      3) қудаланушылардың және жол қозғалысына басқа да қатысушылардың әрекетін мұқият қадағалайды;

      4) өзінің тұрған жері және қозғалыс бағыты туралы ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды;

      5) жол қозғалысының басқа да қатысушыларын мұқият болу және сақтық шараларын сақтау туралы хабардар етеді.

      35. ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері ЖЖҚҚ бөлімшесінің бекетінен немесе патрульдеу маршрутынан тек ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамының және (немесе) ӘПО бойынша кезекшінің рұқсатымен немесе нұсқауы бойынша кетеді.

      36. ЖЖҚҚ бөлімшесінің әскери қызметшілері кезекшілік аяқталғаннан кейін анықталған бұзушылық, ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдары, алынған құжаттар туралы ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамына баянатпен баяндайды.

      37. Анықталған бұзушылықты, ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және жүргізушілерден алынған құжаттарды есепке алу осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған машиналардың гарнизондық жиын пунктінде ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабында жүргізіледі.

      38. Арнайы автомобильде қызмет атқару уақытында:

      1) бөгде азаматтарды және жүкті тасымалдауға, сондай-ақ автомобильді қараусыз қалдыруға;

      2) ЖЖҚ-ны бұзу, ЖЖҚ 6-бөлімінің 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда;

      3) өз еркімен белгіленген маршруттан ауытқуға және қызметті өткеру тәртібін өзгертуге;

      4) автомобильді басқаруды басқа біреуге беруге;

      5) ұсталған адамдарды автомобильде қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарына арналған бірыңғай арнайы рұқсаттама

      Беткі жағы                                                 Артқы жағы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
БІРЫҢҒАЙ АРНАЙЫ
РҰҚСАТТАМА
№ _________________
________________________________
_______________ әскери бөліміне
(мекемесіне) берілді
___________________________
гарнизоны әскери полиция
_______________________ бастығы
_____________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)
"___" ___________ 20__ ж. берілді. МП
Берілген күннен бастап 2 жыл ішінде жарамды.

Бірыңғай арнайы рұқсаттаманы пайдалану бойынша талап
1. Рұқсаттама демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін (машинаны пайдалану нарядында белгіленген уақыт мөлшерінен тыс) гарнизон шегінде жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралын пайдалануға құқық береді.
2. Рұқсаттама әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекшінің бөлмесінде сақталады, әскери бөлім (мекеме) командирінің нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының шығу мақсаты мен уақыты әскери полициямен келісілгеннен кейін жүргізушіге беріледі.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының қайтып келуі бойынша рұқсаттама дереу әскери бөлім (мекеме) кезекшісіне тапсырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

ЖЖҚҚ бөлімшесінің стационарлық бекет жабдығының, мүлкінің, керек-жарағы мен құжаттамасының тізбесі

Р/с №

Жабдықтың, мүліктің, керек-жарақ пен құжаттар атауы

Саны,
данасы

Ескертпе

1

Ауданы 8 – 12 м2 қызметтік үй-жай немесе шатыр, кунг

1


2

Тасымалданатын пеш

1


3

Үстел

1


4

Орындық

2


5

Құжаттарға арналған тумбочка

1


6

Мынадай құжаттармен құжаттама тақтасы: жол құжаттамасының үлгілері, қызмет өткеру жөніндегі нұсқаулықтар, функционалдық міндеттер

1


7

Киім-кешекке арналған шкаф немесе киім ілгіш

1


8

Телефон аппараты

1


9

Медициналық дәрі қобдиша

1


10

Стационарлық радиостанция

1

бекетте қызмет өткеру үшін тағайындалған ӘПО әрбір әскери қызметшісіне

11

Броньды кеудеше

1

12

Қорғану, оққа төзімді дулығасы

1

13

Қалта шамы

1

14

Қолкісен

2


15

Жол белгілері

12


16

Жедел-техникалық құралдарды сақтауға арналған шкаф

1


17

Алып жүретін радиостанциялар батареясына арналған зарядтау құрылғысы

1


18

Қоршау конусы

10


19

Тіркеп сүйрейтін арқан

1


20

"Штанга" типіндегі қатты тіркеме

1


21

"Үш бұрыш" типіндегі қатты тіркеме

1


  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Арнайы техникалық құралдарын пайдалануды есепке алу журналы _______________________________________________ (аспаптың атауы және зауыттық нөмірі)

Күні

Аспапты қолданған әскери қызметшінің ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

Аспаптың жұмыс ұзақтығы, іс жүзінде сағатпен

Анықталған жол жүрісі қағидалары бұзушылығының саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
Бастық _____________________
(ӘПО атауы)
____________________________
ә/а, қолы, Т.А.Ә
(ол бар болған кезде)
20____ ж. "___" _____________
(жылы, күні, айы)

Бекет карточкасы (патрульдеу маршруты) ____________________________________________ (бекеттің нөмірі мен шартты атауы (патрульдеу маршруты)

      Бекеттің орналасу схемасы (патрульдеу маршруты)



      Схемаға мыналар түсіріледі:

      1. Көшелердің және негізгі бағдарлардың (қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық тамақтану мекемелері, көрікті жерлер және т.б.) атауымен бекеттің орналасқан ауданы (патрульдеу маршруты).

      2. Жергілікті жер учаскесіне байланыстырумен бекеттің орналасқан орны (патрульдеу маршруты).

      3. Патрульдеу маршрутында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелері, медицина мекемелері, ішкі істер органдары, жергілікті басқару органдары.

      4. Схеманы жасау кезінде қолданылатын шартты атаулар.

Түсіндірме жазба

      Түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:

      1. Қызмет атқару әдісі.

      2. Патрульдеу маршрутының ұзақтығы.

      3. Тамақ ішуге, үзіліс жасауға арналған уақытты және т.б. көрсетумен қызмет өткеру графигі.

      4. Бекет орналасқан аудандағы, патрульдеу маршрутындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, денсаулық сақтау субъектілерінің, ішкі істер органдарының, жергілікті атқарушы органдарының (мекенжайларын көрсете отырып) тізбесі.

      5. Қарулы Күштер әскери көлігінің қозғалыс маршруты, учаскеде анағұрлым ықтимал болу орны.

      6. Маршрутта қызмет өткеруге арналған негізгі орын.

      7. ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшісінің киім-кешегі.

      8. Әскери полиция органы бойынша кезекшімен байланысқа шығу тәртібі мен кезеңділігі.

      Бекетте (патрульдеу маршрутында) қызмет өткеру тәртібі

      1. Бекетте (патрульдеу маршрутында) қызмет өткерудің негізгі талаптары мен ерекшеліктерін көрсетеді.

      2. Қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

      ____________________ гарнизонының штаб бастығы

      (ӘПО атауы)

      _____________________________

      (ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

Құжаттардың, кітаптар мен журналдардың тізбесі

      1. Ұсталған машиналардың гарнизондық жинау пунктіне ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабы.

      2. 200 километрден астам арақашықтыққа рейс жасайтын Қарулы Күштердің көлік құралдарын тіркеу кітабы.

      3. Қатаң есептегі бланкілерді есепке алу және беру кітабы.

      4. Орындалған ілесіп жүруді есепке алу кітабы.

      5. ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшілерінің жұмысын есепке алу кітабы.

      6. ЖЖҚҚ бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне нұсқау беру кітабы.

      7. Жол-көлік оқиғасын есепке алу журналы.

      8. Өлшеу құралдарын пайдалануды есепке алу журналы.

      9. Күштер мен құралдардың есептобы.

      10. Жасалған жұмыс туралы ЖЖҚҚ бөлімшесі әскери қызметшісінің баянаты.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша

Корешок временного талона № _____________ Актіге түбіршек
__________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) лауазымы/воинское звание, Ф.И.О
(при его наличии), должность)
Күні/Дата "___" ____________ 20__ ж/г.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу актісі/Акт задержания, доставления и запрещения эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан
№ _______
Актіні толтырған адамның лауазымы, ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)/Должность, в/зв., Ф.И.О (при его наличии), составившего акт _________________________
ә/б/в/ч ________, жүргізуші/водитель_________________________
(ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / в/з, Ф.И.О (при его наличии)
басқаруымен, машина жетекшісі/старший машины _________________________
(ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / в/з, Ф.И.О (при его наличии)
МТНБ/ГРНЗ _________________________, марка _________________________
Ұсталған көлік құралы / Задержанное транспортное средство
Мынадай бұзушылығы үшін / За следующие нарушения:
1. _________________________
2. _________________________
3. _________________________
4. _________________________
Алынған құжаттары / Изъятые документы:
1. _________________________
2. _________________________
3. _________________________
Көлік құралы жіберілді / Транспортное средство направлено _________________________
_________________________
(орны көрсетілсін / указать место)
Көлік құралдарын ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу актісімен жүргізуші және машинаның жетекшісі танысты / Водитель и старший машины ознакомлены с актом задержания, доставления и запрещения транспортного средства:
жүргізушінің қолы/роспись водителя _________________________
машина жетекшісінің қолы/роспись старшего _________________________
ӘПО ЖЖҚҚ бөлімшесінің инспекторы/ _________________________
Инспектор подразделения ОБДД ОВП (ӘПО атауы / наименование ОВП)
_________________________
(ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / в/з, Ф.И.О (при его наличии)

Корешок
к акту № актіге
түбіршек
Алынған құжаттарсыз көлік құралын пайдалану құқығына/На право эксплуатации транспортного средства без наличия изъятых документов.
Марка _______________________
МТНБ/ГРНЗ _______________________
Жүргізуші/Водитель _________________
(ә/а., Т.А.Ә. (ол бар болған кезде /в/з, Ф.И.О (при его наличии)
Жетекші/Старший ___________________
(ә/а., Т.А.Ә. (ол бар болған кезде /в/з, Ф.И.О (при его наличии)
Алынған құжаттары/Изъятые документы:
1. _______________________
2. _______________________
3. _______________________
Мынадай бұзушылық үшін/За следующие нарушения:
1. _______________________
2. _______________________
3. _______________________
Алынған құжаттарсыз " " дейін пайдалануға рұқсат етілді/Разрешена эксплуатация, без наличия изъятых документов до "__" _______ 20__ ж/г.
ЖЖҚҚ бөлімшесіне құқық бұзушылықты қарауға келсін/Прибыть на рассмотрение правонарушения в подразделение ОБДД ОВП _______________________
(ӘПО атауы / наименование ОВП)
"__" _______ 20__ ж/г.
Көлік құралын жіберу/Транспортное средство направить: _______________________
_______________________
(Актіні толтырған адамның лауазымы, ә/а, қолы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)/Должность, в/зв., подпись, Ф.И.О (при его наличии) лица, составившего акт) "____"_______________20___ж/г

      Артқы жағы


Шешім/Решение
_____________________________гарнизоны ӘПБ-ның уәкілетті лауазымды адамы Уполномоченного должностного лица ОВП ________________________ гарнизона "____" __________________ 20___ жылы/года.
Мен, ___________________________________________ гарнизоны ӘПБ
_____________________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)
Я, __________________________________________________________________
(должность, в/з, Ф.И.О (при его наличии)
ОВП_______________________________________ гарнизона
осы бұзушылық бойынша мынадай шешім қабылдадым/по данному нарушению принял следующее решение: ____________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Ұсталған құжаттарды алдым/Задержанные документы получил:
Жүргізуші/___________________________________________________________________
Водитель (ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / в/з, Ф.И.О (при его наличии)
Машина жетекшісі/___________________________________________________________
Старший машины (ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / в/з, Ф.И.О (при его наличии)
________________________________________________________ гарнизоны ӘПБ __________________________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / должность, в/з, Ф.И.О (при его наличии)
__________________________________________________________________________
(лауазымы, ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде) / должность, в/з, Ф.И.О (при его наличии)
ОВП ___________________________________________________________ гарнизона
"___" __________________ 20 __ ж./г.


  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша

Қарулы Күштердің көлік құралын ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою жүзеге асырылатын бұзушылықтар тізбесі

      Қарулы Күштердің көлік құралдарын ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне қою мынадай жағдайда жүргізіледі:

      1. Жүргізуші немесе машина жетекшісі алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған.

      2. Тораптар мен агрегаттардың жасырын, жалған, өзгертілген нөмірлерін немесе МТНБ анықтау, ал көлік құралдары таңбасының тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген КҚПРНЕ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлардың тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар бар болған кезде.

      4. Белгіленген мерзімде көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеуі.

      5. Спидометрдің (мотосағаттар есептеуіші) немесе олардың жетегінің ақаулықтары.

      6. Жүргізушінің немесе машина жетекшісінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің заңды талаптарына бағынбауы.

      7. Тасымалданатын жүктің тауар-көлік құжаттарына немесе олар болмаған кезде сәйкес келмеуі.

      8. Қарулы Күштердің көлік құралын арналуы бойынша пайдаланбау, оның ішінде Қарулы Күштердің көлік құралын қызметтік іспен байланысты емес мақсатта пайдалану.

      9. Жүргізушінің, машина жетекшісінің немесе лек бастығының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін ЖЖҚ және КҚПРНЕ талаптарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауларын орындамау.

      10. ЖКО.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Фельдъегерлік-пошта байланысының көлік құралдарына арналған рұқсаттама

      Беткі жағы



Фельдъегерлік-пошта байланысы
Фельдъегерско-почтовая связь


20___ ж. "___" __________ дейін жарамды/
действителен до "___" __________ 20___ г.


      Артқы жағы

1. Осы рұқсаттама жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау үшін оларды пайдалану кезінде фельдъегерлік-пошта байланысының жылжымалы құралдарына беріледі.
2. Рұқсаттама автомобильдің алдыңғы терезесі ішкі жағының оң жағына ілінеді немесе ЖЖҚҚ бөлімшесі лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетіледі.
3. Рұқсаттама барлық жолмен және өткелде жүруге, сондай-ақ лектен басып озуға және ФПБ торабы (станциясы) құпия пошта жөнелтілімдерімен алмасуды жүргізетін әскери бөлімдердің аумағына кіруге құқық береді.
4. Жүргізушілер Жол жүрісі қағидаларын бұзған немесе жол-көлік оқиғасын жасаған кезде қажетті құжаттарды жасау үшін осы жылжымалы құралдарды тоқтату қысқа мерзімді болуға тиіс.
5. Әскери фельдъегердің куәлігі болған кезде жарамды.
1. Настоящий пропуск выдается на подвижные средства фельдъегерско-почтовой связи при использовании их для выполнения задания по доставке.
2. Пропуск выставляется справа, с внутренней стороны лобового стекла автомобиля или предъявляется по требованию должностных лиц подразделений ОБДД.
3. Пропуск предоставляет преимущественное право движения по всем дорогам и на переправах, а также право обгона колонн и въезда на территорию воинских частей, с которыми узел (станция) ФПС производит обмен секретными почтовыми отправлениями.
4. При нарушении водителями Правил дорожного движения или совершении дорожно-транспортного происшествия задержка этих подвижных средств для составления необходимых документов должна быть кратковременной.
5. Действителен при наличии удостоверения войскового фельдъегеря.


      Рұқсаттаманың мөлшері 200 х 150 мм

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
әскери полиция органдарының
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері көлік
құралдарының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Ұсталған машиналарды гарнизондық жинау пунктіне ұсталған Қарулы Күштердің көлік құралдарын және алынған жүргізуші құжаттарын есепке алу кітабы

Р/с №

Күні

Инспектордың ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

Көлік құралының маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Алынған құжаттардың атауы, олардың нөмірлері

Жүргізушінің ә/а, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

Анықталған бұзушылық

Қолданылған шаралар

Көлік құжатын қайтару және (немесе) алынған құжаттар) туралы белгі

Көлік құралын алған адамның Т.А.Ә (ол бар болған кезде) және (немесе) алынған құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады