Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15818 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 460 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1 "Ауылдық оқу орындарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары білім беру мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7674 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274 - 278 (27352) санында жарияланған).

      2. "Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013 жылғы 19 маусымдағы № 151 (28090) санында жарияланған).

      3. "Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 326 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13739 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған).

      4. "Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8479 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 151 (28090) санында жарияланған).

      5. "Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына және "Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11423 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 121 (28599) санында жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 460. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 сентября 2017 года № 15818

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства образования и науки Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Кобенова Г.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Аймагамбетова А.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Приложение
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 13 сентября 2017 года
№ 460

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан

      1. Приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 211 "Об утверждении перечня специальностей высшего образования, по которым для лиц, окончивших сельские организации образования, установлена квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан, и перечня специальностей с указанием предметов по выбору и профильных предметов единого национального тестирования и комплексного тестирования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7674, опубликованный 29 мая 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 157-158 (26976-26977).

      2. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 апреля 2013 года № 145 "О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 211 "Об утверждении перечня специальностей бакалавриата и высшего специального образования, по которым для лиц окончивших сельские организации образования, установлена квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан, и перечня специальностей с указанием предметов по выбору и профильных предметов единого национального тестирования и комплексного тестирования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8446, опубликованный 19 июня 2013 года в газете "Казахстанская правда" № 207-208 (27481-27482).

      3. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 326 "О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 211 "Об утверждении перечня специальностей бакалавриата и высшего специального образования, по которым для лиц окончивших сельские организации образования, установлена квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан, и перечня специальностей с указанием предметов по выбору и профильных предметов единого национального тестирования и комплексного тестирования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13739, опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" 31 мая 2016 года).

      4. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 апреля 2013 года № 153 "Об утверждении перечня специальностей, требующих специальной или творческой подготовки, и Правил проведения специальных или творческих экзаменов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8479, опубликованный 19 июня 2013 года в газете "Казахстанская правда" № 207-208 (27481-27482).

      5. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 июня 2015 года № 362 "О внесении изменений и дополнений в приказы исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 211 "Об утверждении перечня специальностей бакалавриата и высшего специального образования, по которым для лиц окончивших сельские организации образования, установлена квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан, и перечня специальностей с указанием предметов по выбору и профильных предметов единого национального тестирования и комплексного тестирования" и Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 апреля 2013 года № 153 "Об утверждении перечня специальностей, требующих специальной или творческой подготовки, и Правил проведения специальных или творческих экзаменов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11423, опубликованный 30 июня 2015 года в газете "Казахстанская правда" № 121 (27997).