Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 мамырда № 8479 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 460 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.2017 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтар тiзбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

      1) осы бұйрықтың белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б.Жұмағұлов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2015 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Коды

Мамандықтардың атаулары


Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар

5В010300

Педагогика және психология*

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

5В021500

Исламтану

5В020600

Дінтану


Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар 

5В010600

Музыкалық білім

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

5В040100

Музыкатану

5В040200

Аспаптық орындаушылық

5В040300

Вокалдық өнер

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

5В040500

Дирижерлеу

5В040600

Режиссура

5В040700

Актерлік өнер

5В040800

Эстрада өнері

5В040900

Хореография

5В041000

Сценография

5В041100

Композиция

5В041200

Операторлық өнер

5В041300

Кескіндеме

5В041400

Графика

5В041500

Мүсін

5В041600

Өнертану

5В041700

Сән өнері

5В042000

Сәулет

5В042100

Дизайн

5В042300

Арт-менеджмент

5В050400

Журналистика

5В090600

Мәдени-тынығу жұмысы

5В140100

Орындаушылық өнер

5В140200

Халық аспаптары

5В140300

Ән айту өнері

      *өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
2-қосымша

Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі – шығармашылық емтихандар) жоғары оқу орындарына арнайы немесе шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін өткізіледі.

      3. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.

      4. Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындарының пәндік комиссиялары өткізеді.

      5. Әрбір мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең.

      6. Шығармашылық мамандықтарға талапкерлерден өтінімдерді қабылдау олардың таңдаған жоғары оқу орнының мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

      7. Шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұныосы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталады.

      8. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

      9. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

      10. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны – 10 балл.

      11. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.

2. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі

      12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы Қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

      13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

      14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

      15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

      16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

      17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады.

      18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

      19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.

      20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:

      1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;

      2) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;

      3) шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

      21. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.

      22. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

      Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:

      1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

      2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады);

      3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап алушылар, асырап алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі) қайтыс болуы (анықтамамен расталады).

      23. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі.

      24. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.

      25. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      26. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.

      27. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.

      28. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

      29. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

      30. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

      31. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.

      Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      32. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

      33. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.

      34. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      35. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан:

      1) апелляция аяқталған күні шығармашылық емтихандарды өткізу нәтижелерін Ұлттық тестілеу орталығына тапсырады;

      2) он күнтізбелік күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 153 бұйрығымен бекітілген
Арнайы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу қағидаларына
қосымша

Арнайы немесе шығармашылық емтихандардың нысаны мен мазмұны

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2015 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Коды

Мамандықтардың атаулары

Бірінші шығармашылық емтихан

Екінші шығармашылық емтихан

1

2

3

4

Арнайы дайындықты талап ететін мамандықтар

5В010300

Педагогика және психология*

Музыкалық аспапта жеке орындаушылық

Музыкалық білім берудегі педагогика және психология бойынша сұрақтар – ауызша

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

Спорт түрлері бойынша нормативтер

Спорт ойындары

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

Мамандану бойынша нормативтер

Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

5В020600

Дінтану

Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу

Дін негіздері бойынша ауызша емтихан

5В021500

Исламтану

Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу

Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар

5В010600

Музыкалық білім

Соло орындау

Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

Сурет

Кескіндеме

5В040100

Музыкатану

Музыкалық шығарманы сынап талдау.

Музыкалық викторина.

Музыкалық тақырыптарды орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В040200

Аспаптық орындаушылық

Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В040300

Вокалдық өнер

Соло бағдарламаны орындау

Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В040500

Дирижерлеу

Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В040600

Режиссура

Жазбаша жұмыс

Режиссура бойынша ауызша емтихан

5В040700

Актерлік өнер

Актер шеберлігі, сахна тілі

Би, вокал

5В040800

Эстрада өнері

Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан, сольфеджио

5В040900

Хореография

Орындау шеберлігі

Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан

5В041000

Сценография

Сурет, кескіндеме

Композиция

5В041100

Композиция

Шағын нысанды жанрдағы шығармалардан көрініс. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В041200

Операторлық өнер

Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру

Физика бойынша ауызша емтихан

5В041300

Кескіндеме

Сурет, кескіндеме

Композиция

5В041400

Графика

Сурет, кескіндеме

Композиция

5В041500

Мүсін

Сурет, мүсін

Композиция

5В041600

Өнертану

Жазбаша жұмыс

Өнертану бойынша ауызша емтихан

5В041700

Сән өнері

Сурет, кескіндеме

Композиция

5В042000

Сәулет

Сурет

Сызу

5В042100

Дизайн

Сурет

Сызу

5В042300

Арт-менеджмент

Коллоквиум. Арт-жобаны таныстыру

"Психологиялық менеджмент" тренингі

5В050400

Журналистика

Шығарма

Кәсіпке жарамдығын анықтау үшін әңгімелесу

5В090600

Мәдени-тынығу жұмысы

Орындау шеберлігі

Ұйымдастырушы-режиссерлік шеберлік

5В140100

Орындаушылық өнер

Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В140200

Халық аспаптары

Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант

5В140300

Ән айту өнері

Соло бағдарламаны орындау

Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан.

Сольфеджио бойынша диктант


      *өнер саласындағы жоғары оқу орындарының мамандығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады