"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 134 бұйрығымен бекітілді |
Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме әкімшілік деректер мен ұлттық санақтарды өткізу қорытындылары бойынша алынған деректерді пайдалануға негізделген халық саны мен құрылымының көрсеткіштерін есептеудің негізгі аспектілері мен қағидаттарын айқындайды.
3. Осы Әдістемені халық санының және құрылымының көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарының қызметкерлері қолданады.
4. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеудің мақсаты тиімді әлеуметтік және экономикалық саясат жүргізу, елдің және өңірлердің даму бағдарламаларын әзірлеу үшін қажет халықтың саны және құрылымы туралы толық және анық ақпарат алу болып табылады.
5. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
1) халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімі (кемуі) мен көші-қон өсімі (кемуі) арасындағы алгебралық сома;
2) халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – өңір аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма;
3) халықтың табиғи өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңге тірі туғандар саны мен өлгендер саны арасындағы айырма.
2-тарау. Халық санының көрсеткіштерін есептеу
6. Елдің және оның өңірлерінің халық саны туралы ақпараттың негізгі дереккөздері ұлттық санақтар өткізудің қорытындылары бойынша алынған деректер болып табылады.
7. Санақ аралығындағы кезеңде елдің және оның өңірлерінің халық саны табиғи (туғандар және өлгендер туралы деректер) және көші-қон (тұрақты тіркелген жері бойынша келгендер және кеткендер туралы деректер) өсімі (кемуі) есебінен өзгереді.
8. Тұрақты халықтың жалпы санын есептеу тұтастай Қазақстан Республикасы және оның өңірлері бойынша жүргізіледі. Есептеулерде әкімшілік-аумақтық қайта құрулардың нәтижесінде жекелеген өңірлердің халық санының артуы немесе қысқаруы ескеріледі.
9. Жыл басына халықтың тұрақты санын ағымдағы бағалаулар ұлттық санақты жүргізу күнінен санақ жылының 1 қаңтарына келтірілген соңғы ұлттық санақты жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде есептеледі, оған жыл сайын туғандар мен Қазақстан Республикасының аумағына немесе өңірлеріне тұрғылықты тұруға келгендер саны қосылады және олардан қайтыс болғандар мен Қазақстан Республикасының аумағынан немесе өңірлерінен тыс тұрғылықты тұруға кеткендер саны шегеріледі.
10. Есепті жылдың 1 қаңтарына халық саны табиғи және көші-қон өсімдерін (кемуін), сондай-ақ өткен жыл ішінде болған әкімшілік-аумақтық қайта құрулар нәтижесінде халық санының өзгеруін есепке ала отырып, өткен жылдың 1 қаңтарындағы деректерге сүйене отырып анықталады. Есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
P(t+1) = P(t) + B(t) – D(t) + А(t) – V(t) + T(t),
мұнда:
P(t+1) – есепті жылғы 1 қаңтарға халық саны;
P (t) – өткен жылдың басына халық саны;
B(t) – өткен жылы туғандар саны;
D(t) – өткен жылы өлгендер саны;
А(t) – өткен жылы Қазақстан Республикасының немесе оның өңірінің аумағына келгендер саны;
V(t) – өткен жылы Қазақстан Республикасының немесе оның өңірінің шегінен тыс кеткендер саны;
T(t) – шекараларының өзгеруі нәтижесінде өңір халқы санының өзгеруі. Бұл шама теңдеуде аумақ шекараларының кеңеюі немесе тарылуына байланысты қосу немесе шегерумен есепке алынады.
Өңірлер шекараларының елеулі өзгерістері кезінде демографиялық оқиғаларды (есепті кезеңнен кейін статистикалық әзірлемеге түскен) олардың туындау жылына сәйкес бөлуді ескере отырып соңғы ұлттық санақ сәтінен бастап халық санына қайта есептеу жүргізіледі.
11. Белгілі кезең үшін халықтың өсуінің немесе қысқаруының сандық көрінісін анықтау үшін халықтың табиғи, көші-қон және жалпы өсімінің (кемуінің) көрсеткіштері есептеледі.
12. Халықтың табиғи өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі:
Sе = B – D,
мұнда:
Sе – есепті кезеңде халықтың табиғи өсімі (кемуі);
B – есепті кезеңде туғандар саны;
D – есепті кезеңде өлгендер саны.
Халықтың көші-қоны өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі:
Sm = P-V,
мұнда:
Sm – есепті кезеңде халықтың көші-қон өсімі (кемуі);
P
– есепті кезеңде келгендер (келулер) саны;V – есепті кезеңде кеткендер (кетулер) саны.
Халықтың жалпы өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі:
St = Sе+ Sm,
мұнда:
St – есепті кезеңде халықтың жалпы өсімі (кемуі);
Sе – есепті кезеңде халықтың табиғи өсімі (кемуі);
Sm – есепті кезеңде халықтың көші-қон өсімі (кемуі).
13. Демографиялық, әлеуметтік, экономикалық есептеулерді жүргізу кезінде жылдың басына және соңына халық санынан арифметикалық орта мән ретінде есептелетін халықтың орташа жылдық санының көрсеткіші пайдаланылады:
где:
– халықтың орташа жылдық саны;
Sn
– жыл басына халық саны;Sk – жыл соңына халық саны.
14. Халық санының өсу (кему) қарқыны уақыт кезеңі ішінде халық санының өскендігін анықтайды. Есепті кезеңнің соңына халық санын есепті кезеңнің басына халық санына бөлуден алынған бөліндіні ретінде есептеледі:
мұнда:
r
– халық санының өсу (кему) қарқыны;P1 – есепті кезеңнің соңына халық саны;
P
– есеп кезеңнің басына халық саны.3-тарау. Халық құрылымының көрсеткіштерін есептеу
15. Халықты жынысы және жасы белгілері бойынша жіктеу үшін келесі көрсеткіштер: халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі, белгілі бір жастағы халық үлесінің халықтың жалпы санына, демографиялық жүктеме коэффициенттері пайдаланылады.
16. Халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі ерлер (әйелдер) санының халықтың жалпы санына қатынасы ретiнде есептеледі. Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Dm(f) – халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі;
Pm(f) – ерлер (әйелдер) саны;
Pt– халықтың жалпы саны.
Осыған ұқсас есептеулер әртүрлі жас және жас топтары бойынша жүргізіледі.
17. Халықтың жас құрылымын есептеу негізінде "жасы бойынша жылжыту" әдісі (адамдардың кейбір "х" жастан келесі "х+1" жасқа өтуін білдіреді, адамдардың саны өлім-жітім салдарынан азаяды және көші-қон есебінен өзгереді) пайдаланылады. Есептеу 0-ден 99 жасқа дейін және 100 жас пен одан үлкен бір жылдық жас топтары бойынша ерлер мен әйелдерге бірдей жүргізіледі. Есептеу жылдың басына жүргізіледі және әр жасқа туған жылы сәйкес келеді.
18. Барлық халықтың санына белгілі бір жастағы халықтың үлесі "х" жастағы адамдар санының халықтың жалпы санына қатынасы ретiнде есептеледі. Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Dx – барлық халықтың санына "х" жастағы халықтың үлесі;
Px – "х" жастағы халық саны;
Pt – халықтың жалпы саны.
19. Демографиялық жүктеме коэффициенттері 16 жастан бастап 63 жасқа дейінгі (ерлер), 16 жастан бастап 58 жасқа дейінгі (әйелдер) халықтың 1000 адамына шаққандағы балалар мен зейнеткерлік жастағы адамдардың санын анықтайды. 2017 жыл үшін демографиялық жүктеме коэффициенттері келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
kd– балалар демографиялық жүктеме коэффициенті;
S0-15 – 0 жастан 16 жасқа дейінгі халықтың жалпы саны;
S16-62(57) – 16 жастан бастап 63 жасқа дейінгі (ерлер), 16 жастап бастап 58 жасқа дейінгі (әйелдер) халықтың жалпы саны.
мұнда:
ks – зейнеткерлік жастағы адамдармен демографиялық жүктеме коэффициенті;
S63(58)+ – 63 жастағы (ерлер) және 58 жастағы (әйелдер) және одан асқан жастағы халықтың жалпы саны;
S16-62(57) – 16 жастан бастап 63 жасқа дейінгі (ерлер), 16 жастан бастап 58 жасқа дейінгі (әйелдер) халықтың жалпы саны.
мұнда:
kt– демографиялық жүктеменің жалпы коэффициенті.
Келесі жылдары демографиялық жүктеме коэффициенттерін есептеу кезінде әйелдердің зейнеткерлік жасы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандару туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес ескеріледі.
20. Халықтың қартаю деңгейін сипаттау үшін халықтың қартаю индексі және Биллетер индексі есептеледі.
21. Халықтың қартаю индексі 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайды. 65 жастан асқан халық санының 0 ден 15 жасқа дейінгі жастағы халықтың санына қатынасы ретінде есептеледі.
22. Биллетер индексі репродуктивті емес жастағы (0-14 жас, 50 жастағы және одан асқан) адамдар үлесінің репродуктивті жастағы (15-49 жас) халықтың 100 адамына шаққандағы "жүктемесін" сипаттайды. 0-14 жас пен 50 жас және одан үлкен жастағы адамдар санының 15-49 жастағы халық санына қатынасының айырмасы ретінде есептеледі. Индекстің мәні халықтың жас құрылымына байланысты. Халық санында балалар үлесі 50 жастан асқан адамдардың үлесінен көп болған кезде оң мәнді қабылдайды және 50 жастан асқан адамдардың үлесі балалар үлесіне қарағанда көп болған кезде теріс мәнді қабылдайды.
23. Өңірдегі қоныстануды сипаттау үшін халық тығыздығы көрсеткіші пайдаланылады. Халықтың тығыздығы халық санының тиісті өңірдің шаршы километрдегі алаңына бөліндісі ретінде есептеледі.