Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 қазанда № 15865 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 197 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ______________ Ж. Асанов

      2017 жылғы 12 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ______________Е. Біртанов

      2017 жылғы 13 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 14 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _____________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 15 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

      ______________А. Күреңбеков

      2017 жылғы 15 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      ______________ Қ. Қожамжаров

      2017 жылғы 14 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы "Сырбар"

      сыртқы барлау қызметінің

      директоры __________ Ғ. Байжанов

      2017 жылғы 14 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы_________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 15 қыркүйек

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 18 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
міндетін атқарушының
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 320 бұйрығына
қосымша

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек
қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен
шығару қағидалары мен жағдайлары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды (бұдан әрі – отбасы мүшелері) жұмыссыздар ретінде тіркеу мен есептен шығару тәртібі мен жағдайларын айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы мемлекеттік органдар − Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі − Қор) − аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) жұмыссыздар − жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      5) құқық қорғау органы − адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары
қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін
жүзеге асырмайтын адамдарды тіркеу тәртібі

      4. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ерікті нысандағы жазбаша өтінішпен және отбасы мүшелерінің тізімін қоса кадрлық қамтамасыз ету және кадрлық саясат (бұдан әрі – кадр бөлімшелері) функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бөлімшелеріне жүгінеді.

      5. Кадр бөлімшелері қызметкерлердің өтініштері негізінде отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады.

      6. Қызметкерлерден өтініштері келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадрлық бөлімшелер Қордың ақпараттық жүйесіне отбасы мүшелерінің "жұмыс істемейтін" деген ағымдағы статусын көрсете отырып олардың дербес деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізеді.

      7. Қор енгізілген мәліметтердің негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде отбасы мүшелерінің пайдасына жарналардың болуын тексереді.

      8. Қордың ақпараттық жүйесі автоматты режимде "жұмыс істемейтін" деген ағымдағы статуспен отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады және "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне жолдайды.

      9. Ағымдағы "жұмыс істемейтін" мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган үшін ғана "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарналардың немесе аударымдардың төленуін автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тексеру қорытындысы бойынша, отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар төленбеген жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек
қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде есептен шығару тәртібі

      14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексеру қорытындысы бойынша ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Кадрлар бөлімшелері мынадай жағдайлардың біреуі басталған кезде:

      1) отбасы мүшесінің және (немесе) мүшелерінің "жұмыс істемейтін" деген статусы өзгерген;

      2) қызметкерлер қызметін тоқтатқан;

      3) отбасы мүшесі (мүшелер) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен жағдайларда жұмыссыз ретінде есептен шығаруға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      16. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадрлар бөлімшелерінің ақпараты негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кадрлар бөлімшелері Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді;

      2) жұмыссыздар ретінде шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпарат бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне беріледі;

      3) отбасы мүшелері туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады;

      17. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ай сайынғы негізде тексеру қорытындылары бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар болған жағдайларда, жұмыссыз ретінде отбасы мүшелерін есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтер Қордың ақпараттық жүйесіне автоматты режимде жіберіледі.

      19. Қордың ақпараттық жүйесіне тіркелген отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару туралы мәліметтері енгізілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қор тиісті ақпаратты кадрлар бөлімшелеріне жібереді.

On approval of Rules and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity

Order No. 320 of the acting Minister of labour and social protection of the Republic of Kazakhstan dated 29 September 2017. Registered in the Ministry of justice of the Republic of Kazakhstan on October 10, 2017 № 15865. Abolished by the Order of the Minister of Labor and Social Protection of the Population of the Republic of Kazakhstan dated June 2, 2023 No. 197.

      Unofficial translation

On approval of Rules and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity

      Footnote. Abolished by the Order of the Minister of Labor and Social Protection of the Population of the Republic of Kazakhstan dated June 2, 2023 No. 197 (effective from 01.07.2023).


      In accordance with subparagraph 4) of paragraph 2, Article 8 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On Public Employment” dated April 6, 2016, I hereby ORDER:

      1. Approve the Rules and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity, in accordance with the appendix to this order.

      2. In accordance with the procedure established by law, the Department of employment and labor market development shall:

      1) provide the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days from the date of state registration of this order, direct its copy in paper and electronic forms in the Kazakh and Russian languages to the Republican State Enterprise with the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” for official publication and inclusion in the Reference Control Bank of Regulatory Legal Acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) place this order on the Internet resource of the Ministry of Labor and Social Protection of the Population of the Republic of Kazakhstan;

      4) within ten working days after the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, submit the data to the Legal Service Department on execution of the actions provided for in subparagraphs 1), 2) and 3) of this paragraph.

      4. I shall personally supervise the execution of this order.

      5. This order shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Acting
      Minister of Labor and Social
      Protection of the Population
      of the Republic of Kazakhstan B. Nurymbetov

      AGREED

      Prosecutor General

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ Zh. Asanov

      September 12, 2017

      AGREED

      Minister of Healthcare

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ E. Birtanov

      September 13, 2017

      AGREED

      Minister of Finance

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ B. Sultanov

      September 14, 2017

      AGREED

      Minister of Defense

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ S. Zhasuzakov

      September 15, 2017

      AGREED

      Head of State Guard Service

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ A. Kurenbekov

      September 15, 2017

      AGREED

      Chairman of the Agency

      of the Republic of Kazakhstan

      for Civil Service Affairs

      and Anti-Corruption

      ______________ K. Kozhamzharov

      September 14, 2017

      AGREED

      Director of Foreign Intelligence Service

      of the Republic of Kazakhstan "Syrbar"

      ______________ G. Bayzhanov

      September 14, 2017

      AGREED

      Chairman

      of the National Security Committee

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ K. Massimov

      September 15, 2017

      AGREED

      Minister of Internal Affairs

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ K. Kassymov

      September 18, 2017

  Appendix to
  Order No. 320
  of the acting Minister
  of Labor and Social Protection
  of the Population
  of the Republic of Kazakhstan
  dated September 29, 2017

Rules and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity Chapter 1. General Provisions

      1. These Rules and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity (hereinafter referred to as Rules), are developed in accordance with sub-paragraph 4) of paragraph 2, Article 8 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On Public Employment” dated April 6, 2016.

      2. The rules determine the procedure and cases of registration and deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity (hereinafter - family members).

      3. In these Rules the following basic concepts shall be used:

      1) special state bodies - state bodies directly subordinate and accountable to the President of the Republic of Kazakhstan that are an integral part of the national security forces of the Republic of Kazakhstan, performing intelligence and counterintelligence activities, and also a set of legal, organizational, operational-search and technical measures aimed at ensuring the safety of protected persons and objects in order to prevent threats to the national security of the Republic of Kazakhstan;

      2) The Social Health Insurance Fund (hereinafter referred to as the Fund) – a non-profit organization that accumulates contributions and fees, and also carries out procurements and payments for services of healthcare subjects, providing medical care in the amounts and on the conditions stipulated by the contract on medical services procurement and other functions, determined by the laws of the Republic of Kazakhstan;

      3) The Center for labor resources development (hereinafter - the Center) - a legal entity established by the resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan, providing information and analytical support for government policies on labor market regulation and active assistance measures to employment, methodological support to local authorities on employment issues and to the population employment centers;

      4) the unemployed - persons not belonging to the employed population, looking for work and ready to work;

      5) law enforcement body - a state body that ensures observance and protection of the rights and liberties of an individual and a citizen, legitimate interests of individuals and legal entities, the state, implements the state policy on countering crime and other wrongdoings within its competence, is endowed with special powers of maintaining the rule of law and public order, detection, prevention, suppression, investigation of offenses, execution of criminal judgments.

Chapter 2. Procedure for registration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity

      4. Military personnel, employees of special state and law enforcement bodies (hereinafter referred to as the staff) shall make a written application (in arbitrary form) for registration of the family members as the unemployed with attached lists of family members to structural subdivisions of the Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan, special state and law enforcement bodies, carrying out the functions of human resourcing and personnel policy (hereinafter - personnel units).

      5. On the basis of applications of the staff, the personnel units shall form lists of the family members.

      6. Within two working days from the date of the applications receipt from the employees, the personnel units shall enter personal data (individual identification number) of the family members in the information system of the Fund, indicating their current status as “not working”.

      7. On the basis of the entered data, the Fund shall check for availability of contributions to the family members’ benefit within mandatory social health insurance.

      8. The Fund’s information system automatically generates lists of the family members with the current status of “not working” and transfers them to the Labor Market information system.

      9. Lists of the family members with the current status of “not working” shall be reflected in the Labor Market information system solely for the Center.

      10. The Center shall automatically check the family members for payment of contributions or fees in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan.

      11. Upon the checking results, in cases of non-payment of contributions or deductions to the family members’ benefit, within one working day the Center shall adopt a decision on registering the family members as the unemployed.

      12. Registration of the family members as the unemployed shall be made by the Center in the Labor Market information system within one working day in automatic mode.

      13. The Center shall ensure confidentiality of personal data of the family members registered as the unemployed in accordance with the legislation of the Republic of Kazakhstan on personal data and their protection.

Chapter 3. Procedure for deregistration as the unemployed of the family members of the military personnel, staff of special state and law enforcement bodies, and also of persons in their dependence not engaged in labor activity

      14. Deregistration of the family members as the unemployed shall be carried out on the basis of information from personnel units, and also on the basis of the checking conducted by the Center monthly.

      15. Personnel units shall enter data in the information system of the Fund on the family members subject to deregistration as the unemployed upon occurrence of one of the following events:

      1) change of the "non-working" status of the family member (members);

      2) termination of service by the employees;

      3) death or departure for permanent residence of a member (members) of the families outside the Republic of Kazakhstan.

      16. Removal from the register of the family members as the unemployed on the basis of the data from personnel units shall be carried out in the following order:

      1) personnel units shall enter the data in the information system of the Fund on the family members who are subject to deregistration as the unemployed in accordance with paragraph 15 of the Rules;

      2) the data on family members subject to deregistration as the unemployed is automatically transferred to the Labor Market information system within one working day;

      3) within one working day from the date of receipt of information on the family members, their deregistration as the unemployed is automatically carried out.

      17. Upon results of the checking carried out by the Center on a monthly basis, in the availability of contributions or deductions to the benefit of the family members registered as the unemployed, their deregistration as the unemployed is automatically carried out.

      18. Within one working day from the date of deregistration of family members as the unemployed, data on them shall be forwarded to the information system of the Fund automatically.

      19. Within one working day from the date of entering information in the Fund’s information system on deregistration of the family members as the unemployed, the Fund shall forward the relevant data to the personnel units.