Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 маусымда № 32686 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 15865 болып тіркелді).

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28058 болып тіркелді).

      3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен
бекітілген

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару мен жағдайларын бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 16-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды (бұдан әрі – отбасы мүшелері) жұмыссыздар ретінде тіркеу мен есептен шығару тәртібі мен жағдайларын айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы мемлекеттік органдар − Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі − Қор) − аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) жұмыссыз – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      4) құқық қорғау органы − адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;

      5) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға.

2-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды тіркеу тәртібі

      4. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ерікті нысандағы жазбаша өтінішпен және отбасы мүшелерінің тізімін қоса кадрлық қамтамасыз ету және кадрлық саясат (бұдан әрі – кадр бөлімшелері) функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бөлімшелеріне жүгінеді.

      5. Кадр бөлімшелері қызметкерлердің өтініштері негізінде отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады.

      6. Қызметкерлерден өтініштері келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадрлық бөлімшелер Қордың ақпараттық жүйесіне отбасы мүшелерінің "жұмыс істемейтін" деген ағымдағы статусын көрсете отырып олардың дербес деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізеді.

      Қордың ақпараттық жүйесі автоматты режимде "жұмыс істемейтін" деген ағымдағы статуспен отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады және "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне жолдайды.

      7. Ағымдағы "жұмыс істемейтін" мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі Орталық үшін ғана "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

      8. Орталық отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарналардың немесе аударымдардың төленуін автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.

      9. Тексеру қорытындысы бойынша, отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар төленбеген жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

      10. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді Орталық "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.

      11. Орталық Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

3-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде есептен шығару тәртібі

      12. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексеру қорытындысы бойынша ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      13. Кадр бөлімшелері мынадай жағдайлардың біреуі басталған кезде:

      1) отбасы мүшесінің және (немесе) мүшелерінің "жұмыс істемейтін" деген статусы өзгерген;

      2) қызметкерлер қызметін тоқтатқан;

      3) отбасы мүшесі (мүшелер) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен жағдайларда жұмыссыз ретінде есептен шығаруға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кадр бөлімшелері Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді;

      2) жұмыссыздар ретінде шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпарат бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне беріледі;

      3) отбасы мүшелері туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады;

      15. Орталық жүргізетін ай сайынғы негізде тексеру қорытындылары бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар болған жағдайларда, жұмыссыз ретінде отбасы мүшелерін есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.

      16. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтер Қордың ақпараттық жүйесіне автоматты режимде жіберіледі.

      17. Қордың ақпараттық жүйесіне тіркелген отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару туралы мәліметтері енгізілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қор тиісті ақпаратты кадр бөлімшелеріне жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады