Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 қазанда № 15867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.12.2018 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 15 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 29 маусымдағы
№ 227 бұйрығымен бекітілген

Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі – мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты қамтитын жүйе, сондай-ақ мұндай ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар;

      2) есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) – мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдерін өлшеуді, сондай-ақ мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторына ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар кешені;

      3) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға;

      4) мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) – мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      5) шикі мұнай – қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде табиғи газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер.

2-тарау. Өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібі

      3. ЕБА Субъектілердің өндірістік объектілерінің технологиялық схемасына (бұдан әрі – Схема) сәйкес орнатылады.

      4. Субъектінің ЕБА орнату схемасы:

      Субъектінің технологиялық процестерінде қолданылатын кіріс ағындарды (сұйықтық, мұнай, газ, газ конденсаты, су);

      Субъектінің өндірістік қызметтері нәтижесінде алынған шығыс ағындарды толық және тұтас есепке алу мақсатында Субъектінің нақты технологиялық талаптарына қарай анықталады.

      5. Субъектілердің өндірістік объектілеріне ЕБА орнату Заңның 18-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес бекітілетін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. ЕБА көлемдерін өлшеу аттестатталған және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген өлшеулерді жүргізу әдістемесінің негізінде "ӨБҚМЖ. Мұнай және мұнай өнімдерінің салмағы. Өлшеулерді жүргізу әдістемелеріне жалпы талаптар" 8.587-2006 МемСТ талаптарына сәйкес келетін ауытқуымен анықталады.

      7. Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген ЕБА-ны қолдану рұқсат етіледі. ЕБА-ның технологиялық және метрологиялық сипаттамалары есепке алудың белгіленген дәлдігін қамтамасыз етеді.

      8. Субъектілердің Схемаларында орналасқан ЕБА-дағы ақпарат олардың бағдарламалық қамтамасыздандыруында сақталады және өңделеді.

      9. ЕБА-дағы өңделген ақпараттарды мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесіне беру Субъектілердің бағдарламалық қамтамасыздандыруы арқылы жүзеге асырылады.

      10. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі қабылданған ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 211 "Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10828 болып тіркелген) сәйкес порталға немесе Оператордың электрондық мекенжайына беруді жүзеге асырады.

Об утверждении Правил оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 29 июня 2017 года № 227. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 октября 2017 года № 15867. Утратил силу приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 493.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 10.12.2018 № 493 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 23-3) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета.

      2. Департаменту развития нефтяной промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в электронной форме и на бумажном носителе на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      _____________ Ж. Қасымбек

      15 сентября 2017 года

  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 29 июня 2017 года № 227

Правила оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23-3) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее - Закон) и определяют порядок оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета.

      2. В Правилах применяются следующие понятия:

      1) информационная система учета нефти – система, содержащая информацию об объемах добычи, производства, подготовки, переработки, транспортировки, хранения, реализации, отгрузки, потерь, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с территории Республики Казахстан нефти, а также программно-технические средства, обеспечивающие сбор, обработку, хранение и использование такой информации;

      2) контрольные приборы учета (далее – КПУ) – комплекс технических устройств, обеспечивающих измерение объемов добычи, производства, подготовки, переработки, транспортировки, хранения, реализации, отгрузки, потерь, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с территории Республики Казахстан нефти, а также передачу информации в режиме реального времени оператору информационной системы учета нефти, допущенный к применению в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области обеспечения единства измерений;

      3) оператор информационной системы учета нефти (далее - Оператор) - юридическое лицо, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия) которого принадлежат государству, находящееся в ведении уполномоченного органа в области нефти и газа, обеспечивающее функционирование информационной системы учета нефти;

      4) субъекты, осуществляющие деятельность в сфере добычи и оборота нефти (далее – Субъекты) - физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в сфере добычи, производства, подготовки, переработки, транспортировки, хранения, реализации, отгрузки, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с территории Республики Казахстан нефти;

      5) сырая нефть – любые углеводороды вне зависимости от их удельного веса, извлекаемые из недр в жидком состоянии при нормальных атмосферных температуре и давлении, в том числе образовавшиеся из природного газа путем естественной конденсации.

Глава 2. Порядок оснащения производственных объектов контрольными приборами учета и обеспечения функционирования контрольных приборов учета

      3. КПУ устанавливаются в соответствии с технологической схемой производственных объектов (далее - Схема) Субъектов.

      4. Схема установки КПУ Субъекта определяется применительно к конкретным технологическим условиям Субъекта в целях обеспечения полноты и целостности учета:

      входящих потоков (жидкость, нефть, газ, газоконденсат, вода), задействованных в технологических процессах Субъекта;

      исходящих потоков, полученных в результате производственной деятельности Субъекта.

      5. Установка КПУ на производственных объектах Субъектов осуществляется в соответствии с перечнем производственных объектов, подлежащих оснащению контрольными приборами учета, утверждаемым в соответствии с подпунктом 23-2) статьи 18 Закона.

      6. Измерения объемов КПУ определяются на основе аттестованной и зарегистрированной в реестре государственной системы обеспечения единства измерений методики выполнения измерений с погрешностью, соответствующей требованиям ГОСТ 8.587-2006 "ГСОЕИ. Масса нефти и нефтепродуктов. Общие требования к методикам выполнения измерений".

      7. К применению допускаются КПУ, зарегистрированные в реестре государственной системы обеспечения единства измерений и соответствующие законодательству Республики Казахстан в области обеспечения единства измерений. Технологические и метрологические характеристики КПУ обеспечивают заданную точность учета.

      8. Информация с КПУ, расположенных на Схемах Субъектов, сохраняется и обрабатывается в их программном обеспечении.

      9. Передача обработанной информации с КПУ в Информационную систему учета нефти осуществляется посредством программного обеспечения Субъектов.

      10. Информационная система учета нефти осуществляет передачу принятой информации на портал или электронные адреса Оператора в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 211 "Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета нефти" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10828).