Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бір данада қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің дщиректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов _____________
2017 жылғы 8 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы
Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.02.2021 № 16/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) анықтау өндірісі қызметін ұйымдастыруды нақтылайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелер Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексiнде (бұдан әрі – ҚПК) белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, Шекара қызметінің тергеулігіне жататын ҚПК-нің 191-бабының 6, 10-бөлімдерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
3. Шекара қызметінде анықтау бөлімшелеріне жатады:
1) Шекара қызметінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу басқармасы (бұдан әрі – АӘІЖБ);
2) Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімдері (бұдан әрі – АӘІЖБ).
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерге:
1) дайындық, қорларды қолдану және әскери қызмет, шекара күзету басқармасы (бөлімі);
2) Шекара қызметінің жедел бөлімшелері;
3) шекаралық бақылау (бөлімдер, бөлімшелер, топтар) басқармасы;
4) анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшелері, топтары;
5) шекара бөлімдері (бөлімшелері), шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері), шекаралық кораблдер (катерлер), техникалық бақылау және арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар бөлімдері (топтары).
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Егер де анықтау бөлімшелерінің әскери қызметкерлері болмағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған аумақ алшақты болғанда анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген істерді жүргізуге кіретін офицерлер, сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамындағы келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілері Шекара қызметінің құзыретіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады, сонымен қатар ҚПК-нің 196-бабының 1-бөлігіне сәйкес кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн өткізеді.
2-тарау. Шекара қызметінде анықтауды ұйымдастыру
6. Шекара қызметінде анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры және оның орынбасарлары, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтары және оның орынбасарлары, АӘІЖ басқармасы және АжӘІЖ бөлімдерінің бастықтары және оның орынбасары.
7. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілікті және анықтау бөлімшелерінің әрекетін үйлестіруді АӘІЖ басқармасы жүзеге асырады.
8. АӘІЖ басқармасы АӘІЖ бөлімінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметін талдау негізінде:
1) анықтау сапасын жақсартуға бағытталған шараларды, әзірлейді;
2) АӘІЖ бөлімінің қылмыстық-процестік қызметінің жай-күйін тексеруді ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ic-шараларды әзірлеуге катысады, олардың орындалуын бақылайды;
3) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметінің нәтижелері туралы шолулар, ақпараттық хаттарды дайындайды, анықтауды жетілдіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын тергеп-тексерудің тактикасы мен әдістемелерін дайындайды, үздік тәжірибе жинақтайды және таратады, оларды тәжірибеге енгізуді қамтамасыз етеді;
4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
5) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен жиын өткізеді және ұйымдастырады;
6) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әрекетінің сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін карайды;
7) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады;
8) бағынысты АӘІЖ бөлімдері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері тәртіпті және заңдылықтарды бұзу деректері бойынша қызметтік тексеру жүргізеді;
9) анықтау сұрақтары бойынша Шекара қызметінің бөлімшелерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру, заңдылықты нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлейді және келіседі, бұйрықтардың жобаларын, нұсқауларын, әдістемелік ұсынымдарын, қылмыстық істердің макеттерін дайындайды, белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді.
9. Анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік іс-қимылының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) сотқа жолданған қылмыстық істердің саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
2) прокурордың анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ анықтау органы бастықтарының қаулыларын келісуден бас тарту және өзге де шешімдер мен нұсқаулардың күшiн жою туралы қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
3) прокурорлармен қосымша тергеп-тексеруге қайтарылған, соттармен ақтау үкімдері шығарылған және соттармен ақтау негізінде тоқтату туралы қаулылары қабылданған, сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда күдіктінің әрекеті сараланғаннан кейін ақтау негізінде тоқтатылған қылмыстық істердің жоқтығы (оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
4) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеу және олар бойынша шешім қабылдау мерзімдерінің сақталуы (бұзушылық фактілерінің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);
5) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады).
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінде анықтауды ұйымдастыру Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтарына жүктеледі, олар мыналарды жүзеге асырады:
1) анықтау сұрақтары бойынша анықтау өндіріс функциясы жүктелген бөлімшелер мен АӘІЖ бөлімдерінің ұйымдастыру әрекеттерінің үйлестіруін;
2) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту бойынша, Шекара қызметінің басшылығына және АӘІЖ басқармасына ұсыныстар енгізу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шараларын;
3) анықтау өндірісін талдау жүргізуді және әдістемелік-ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуді;
4) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік әрекетінің, инспекциялау, тексеру материалдарын және басқа да ақпаратты шаралардың жағдайы туралы талдау мәліметтерінің негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің сапасын жақсартуға, уақытылы кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері ай сайын есеп беру кезеңінен кейін айдың 5-ші күнінен кешіктірмей АӘІЖ басқармасына ұсынады:
1) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің анықтау бойынша жұмыстарының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық есептілікті, ал қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтаудың жай-күйі нашарлаған кезде себебін ашып көрсете отырып, түсіндірме жазба жолдайды;
2) Шекара қызметінің басшылығымен бақылауға алған қылмыстық істер бойынша ақпарат ұсынады.
12. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері өндірістеріндегі барлық қылмыстық істерге бақылау жасауға және уақтылы есеп жүргізу үшін:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - СДТБТ) тіркелген және ол туралы процестік шешімдер шығарылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметті ведомстволық деректер базасына тұрақты түрде енгізеді;
2) он бес күндік мерзім ішінде әрбір айыпталғандарды ақтау, қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша тоқтату, заңсыз ұстау және (немесе) күзетпеу ұстау, прокурорлардың қосымша тергеп-тексеру үшін қылмыстық істерді кері қайтару фактілері бойынша анықтаушылар айыптыларды жауапкершілікке тарта отырып, істі қарайды, ол туралы Шекара қызметінің басшылығына қызметтік тергеп-тексерудің қорытындыралы мен бұйрықтардан үзінділерді қоса бере отырып, баяндайды.
13. Алып тасталды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің бастығы анықтау өндірісі бойынша жұмысты тиімді қамтамасыз ету мақсатында:
1) АӘІЖ бөлімдері мен анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген бөлімшелердің олар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылын үйлестіреді;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды тіркеуді және олар бойынша процестік шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді (ҚПК 179-180, 187, 191-баптары);
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды СДТБТ-ға, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, уақтылы тіркеуді, тергеу реттілігі бойынша жолдауды, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуді, ic бойынша түпкілікті шешім қабылдауды бақылайды;
4) анықтау өндірісін жүйелі түрде талдау жүргізеді, анықтаудың сапасын және тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүзеге асырады, Шекара қызметінің басшылығына ұсыныстар енгізеді;
5) анықтаушыларды қызметтік кабинеттермен, байланыс құралдарымен, көлікпен және ұйымдастыру техникасымен, оның ішінде көшіргілерімен, және сканермен қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы мен уақытылы жағдайын жасайды;
7) анықтаушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол бермейді;
8) жедел-жауынгерлік, арнайы және денешынықтыру дайындығына анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің, анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілерін, прокуратура және сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды жұмылдыра отырып, анықтау сұрақтары бойынша сабақтар ұйымдастырады;
9) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің бос лауазымдарына толықтырма жүргізеді және үміткерлерге іріктеу жұмыстары ұйымдастырады;
10) Кодекстің 62-бабында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.01.2024 № 1/ҚЕ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.