"Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 16/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22212 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқаулығының 16-тармағының 60-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15902 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесідей өзгертулер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңмасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметкерлері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 16/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 74 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 60-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) анықтау өндірісі қызметін ұйымдастыруды нақтылайды.

      2. Анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелер Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексiнде (бұдан әрі – ҚПК) белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, Шекара қызметінің тергеулігіне жататын ҚПК-нің 191-бабының 6, 10-бөлімдерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.

      3. Шекара қызметінде анықтау бөлімшелеріне жатады:

      1) Шекара қызметінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу басқармасы (бұдан әрі – АӘІЖБ);

      2) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімдері (бұдан әрі – АӘІЖБ).

      4. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерге:

      1) дайындық, қорларды қолдану және әскери қызмет, шекара күзету басқармасы (бөлімі);

      2) барлау және қарсы барлау іс әрекеттері бойынша басқармасы (бөлімі);

      3) шекаралық бақылау (бөлімдер, бөлімшелер, топтар) басқармасы;

      4) анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшелері, топтары;

      5) шекара бөлімдері (бөлімшелері), шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері), шекаралық кораблдер (катерлер), техникалық бақылау және арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар бөлімдері (топтары).

      5. Егер де анықтау бөлімшелерінің әскери қызметкерлері болмағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған аумақ алшақты болғанда анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген істерді жүргізуге кіретін офицерлер, сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамындағы келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілері Шекара қызметінің құзыретіне жататын қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады, сонымен қатар ҚПК-нің 196-бабының 1-бөлігіне сәйкес кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн өткізеді.

2-тарау. Шекара қызметінде анықтауды ұйымдастыру

      6. Шекара қызметінде анықтау органы бастығының өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры және оның орынбасарлары, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтары және оның орынбасарлары, АӘІЖ басқармасы және АжӘІЖ бөлімдерінің бастықтары және оның орынбасары.

      7. Анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілікті және анықтау бөлімшелерінің әрекетін үйлестіруді АӘІЖ басқармасы жүзеге асырады.

      8. АӘІЖ басқармасы АӘІЖ бөлімінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметін талдау негізінде:

      1) анықтау сапасын жақсартуға бағытталған шараларды, әзірлейді;

      2) АӘІЖ бөлімінің қылмыстық-процестік қызметінің жай-күйін тексеруді ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ic-шараларды әзірлеуге катысады, олардың орындалуын бақылайды;

      3) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік қызметінің нәтижелері туралы шолулар, ақпараттық хаттарды дайындайды, анықтауды жетілдіру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын тергеп-тексерудің тактикасы мен әдістемелерін дайындайды, үздік тәжірибе жинақтайды және таратады, оларды тәжірибеге енгізуді қамтамасыз етеді;

      4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізеді;

      5) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялары берілген бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен жиын өткізеді және ұйымдастырады;

      6) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әрекетінің сұрақтары бойынша азаматтардың өтініштерін карайды;

      7) анықтау бөлімшелері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады;

      8) бағынысты АӘІЖ бөлімдері және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелері тәртіпті және заңдылықтарды бұзу деректері бойынша қызметтік тексеру жүргізеді;

      9) анықтау сұрақтары бойынша Шекара қызметінің бөлімшелерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру, заңдылықты нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлейді және келіседі, бұйрықтардың жобаларын, нұсқауларын, әдістемелік ұсынымдарын, қылмыстық істердің макеттерін дайындайды, белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік іс-қимылды жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізеді.

      9. Анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің қылмыстық-процестік іс-қимылының нәтижелері мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

      1) біріктірілген істерді ескере отырып, сотқа жолданған қылмыстық істер саны (өсу оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу және қылмыстық істерді тоқтату туралы күші жойылған қаулылардың саны (төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      3) прокурорлармен қосымша тергеп-тексеруге қайтарылған, соттармен ақтау үкімдері шығарылған, қылмыстық істердің жоқтығы (оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      4) есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуы (бұзушылықтар фактілерінің төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады);

      5) қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы (бұзушылықтардың төмендеуі оң көрсеткіш ретінде бағаланады).

      10. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде анықтауды ұйымдастыру Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің бастықтарына жүктеледі, олар жүзеге асырады:

      1) анықтау сұрақтары бойынша анықтау өндіріс функциясы жүктелген бөлімшелер мен АӘІЖ бөлімдерінің ұйымдастыру әрекеттерінің үйлестіруін;

      2) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту бойынша, Шекара қызметінің басшылығына және АӘІЖ басқармасына ұсыныстар енгізу, заңнаманы жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шараларын;

      3) анықтау өндірісін талдау жүргізуді және әдістемелік-ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуді;

      4) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің қылмыстық-процестік әрекетінің, инспекциялау, тексеру материалдарын және басқа да ақпаратты шаралардың жағдайы туралы талдау мәліметтерінің негізінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің сапасын жақсартуға, уақытылы кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      11. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері ай сайын есеп беру кезеңінен кейін айдың 5-ші күнінен кешіктірмей АӘІЖ басқармасына ұсынады:

      1) бағынысты АӘІЖ бөлімдерінің анықтау бойынша жұмыстарының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық есептілікті, ал қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтаудың жай-күйі нашарлаған кезде себебін ашып көрсете отырып, түсіндірме жазба жолдайды;

      2) Шекара қызметінің басшылығымен бақылауға алған қылмыстық істер бойынша ақпарат ұсынады.

      12. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері өндірістеріндегі барлық қылмыстық істерге бақылау жасауға және уақтылы есеп жүргізу үшін:

      1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - СДТБТ) тіркелген және ол туралы процестік шешімдер шығарылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметті ведомстволық деректер базасына тұрақты түрде енгізеді;

      2) он бес күндік мерзім ішінде әрбір айыпталғандарды ақтау, қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша тоқтату, заңсыз ұстау және (немесе) күзетпеу ұстау, прокурорлардың қосымша тергеп-тексеру үшін қылмыстық істерді кері қайтару фактілері бойынша анықтаушылар айыптыларды жауапкершілікке тарта отырып, істі қарайды, ол туралы Шекара қызметінің басшылығына қызметтік тергеп-тексерудің қорытындыралы мен бұйрықтардан үзінділерді қоса бере отырып, баяндайды.

      13. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелерінде анықтау өндірісі қызметінің бысшылығын құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына жүктеледі.

      14. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің және оның құрылымдық бөлімшесінің бастығы анықтау өндіріс жұмысын тиімді қамтамасыз ету масқатында:

      1) АӘІЖ бөлімдері мен анықтау жүргізу бойынша функциялар берілген бөлімшелердің олар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылын үйлестіреді;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды тіркеуді және олар бойынша процестік шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді (ҚПК 179-180, 187, 191-баптары);

      3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды СДТБТ-ға, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, уақтылы тіркеуді, тергеу реттілігі бойынша жолдауды, қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау және бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуді, ic бойынша түпкілікті шешім қабылдауды бақылайды;

      4) анықтау өндірісін жүйелі түрде талдау жүргізеді, анықтаудың сапасын және тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүзеге асырады, Шекара қызметінің басшылығына ұсыныстар енгізеді;

      5) анықтаушыларды қызметтік кабинеттермен, байланыс құралдарымен, көлікпен және ұйымдастыру техникасымен, оның ішінде көшіргілерімен, және сканермен қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;

      6) қылмыстық құқық бұзушылықтың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы мен уақытылы жағдайын жасайды;

      7) анықтаушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартуға жол бермейді;

      8) жедел-жауынгерлік, арнайы және денешынықтыру дайындығына анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелердің, анықтау бөлімшелерінің әскери қызметшілерін, прокуратура және сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды жұмылдыра отырып, анықтау сұрақтары бойынша сабақтар ұйымдастырады;

      9) анықтау бөлімшелерінің және анықтау өндірісі бойынша функциялар берілген бөлімшелерінің бос лауазымдарына толықтырма жүргізеді және үміткерлерге іріктеу жұмыстары ұйымдастырады;

      10) Кодекстің 62-бабында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады