ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың тақырыбы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың 1-тармағы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 20 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалардың тақырыбы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалардың 1-тармағы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың (бұдан әрі – Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар) залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалардың 2-тармағы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың есебінен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырылады.
3. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігі 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Залалдарын (борыштарын) өтеуге арналған субсидиялар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға (бұдан әрі – коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар) беріледі.
2-тарау. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің шығындарын субсидиялау тәртібі
4. Жергілікті атқарушы органдар табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді.
Жергілікті атқарушы органдар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден отын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
5. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер отын сатып алуға субсидия алуға өтінімін еркін нысанда (бұдан әрі – өтінім) тиісті жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) отын сатып алуға субсидия алудың қажеттілігі туралы еркін нысандағы түсіндірме жазбахат;
2) өтінім берген сәтте субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) банктік деректемелері;
4) жылу энергиясының өндірісіне отын қажеттілігін және оны сатып алуға субсидия сомасын есептеу;
5) ай сайын субсидияларды бөлу;
6) отынды жеткiзу шарты, тауар-көлiк жүкқұжаттары;
7) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша реттеп көрсетілетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
8) отын сатып алуға субсидияны бөлген/бөлмеген жағдайда жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф шамаларын талдау;
9) алдағы жылыту маусымына жылу энергиясын нақты өндіру туралы ақпарат;
10) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;
11) жылыту маусымын бастау кезеңіне отын қоры туралы ақпарат.
6. Жергілікті атқарушы орган энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектінің өтінімін ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.
7. Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) анық емес ақпарат ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектіге құжаттарды қайтарады.
Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект өтінімді жергілікті атқарушы органға отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсынады.
8. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидияны алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Отын көлемдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
9. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге);
Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге);
N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%).
Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vо – отын көлемі (тонна немесе м3);
Со – есептік жылға отын құны (теңге).
Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы (теңге);
ДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешектің жалпы көлемі (теңге).
10. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбенің негізінде жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге отынды сатып алуға субсидияларды төлеу ведомостін қалыптастырады.
11. Жергілікті атқарушы орган ведомостті қалыптастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлеуге берілетін шотты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
Субсидияларды энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің банктік шоттарына аударуды жергілікті атқарушы органдар 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалардың 12-тармағының бірінші бөлігі 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Энергия өндіруші ұйымдар және жылу өндіруші субъектілер жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер ұсынған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады, сондай-ақ оны табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тарау 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібі.
13. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар тиісті жергілікті атқарушы органға залалдарды (борыштарды) өтеу бойынша субсидия алуға еркін нысанда өтінім береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) залалдарды (борыштарды) өтеуге арналған субсидияны еркін нысанда алу қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
2) өтінім беру сәтінде субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) банк деректемелері;
4) өтінім беру айының басындағы салыстырып тексеру актілері;
5) алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек және кредиторлық берешек туралы мәліметтермен бухгалтерлік баланс.
14. Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың өтінімін ол берілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
15. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйым құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) анық емес ақпарат берген кезде жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарудың себептерін көрсете отырып, коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымның құжаттарын жазбаша нысанда қайтарады.
Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйым ескертулерді жойғаннан кейін жергілікті атқарушы органға өтінімді қайта ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың қайтадан берген өтінімін осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзімдерде қарайды.
16. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келетін коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастырады және оны өтелетін залалдар (борыштар) сомасын және бөлінген субсидиялар сомаларын көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
17. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбе негізінде коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырады.
Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың банк шоттарына субсидияларды аударуды жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
18. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар есепті кезеңнен кейінгі ай сайын айдың 5-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есепті (бұдан әрі – залалдарды (борыштарды) өтеуге арналған есеп) ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік субсидиялар сомалары толық игерілгеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге ұсынылған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалардың 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатылу кезінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есеп ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ұйымның атауы)
20__ жылға ____________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша ___________
мың. теңге
№ | Табиғи монополия субъектісі | Кезең (ай) | Субсидиялау сомасы | Игерілмеу себептері | |
Нақты бөлінді | Игерілді | ||||
Ұйым басшысы_______________________
Бас бухгалтер________________________.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша 01.01.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Энергетика министрінің м.а. 06.11.2024 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуғашығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ___________________________________________________ ___________________________________________________ (ұйымның атауы)
20__ жылға _______________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша ___________________
мың. теңге
№ | Табиғи монополия субъектісі | Кезең (ай) | Субсидиялау сомасы | Игерілмеу себептері | |
Нақты бөлінді | Игерілді | ||||
Ұйым басшысы_______________________
Бас бухгалтер______________________________.