Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 17 қазанда № 15903 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1 Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 20 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 қазан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 309 бұйрығымен
бекітілген

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарды отын сатып алуға субсидиялау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдарды субсидиялау жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың есебінен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырылады.

      3. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялар энергия өндіруші ұйымдарға беріледі.

2-тарау. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдарды субсидиялау тәртібі

      4. Энергия өндіруші ұйымдар отын сатып алуды "Табиғи монополиялар туралы" және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жергілікті атқарушы органдар табиғи-климаттық жағдайды есепке ала отырып, энергия өндіруші ұйымдардың жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді.

      Жергілікті атқарушы органдар энергия өндіруші ұйымдардан отын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      6. Энергия өндіруші ұйымдар отын сатып алуға субсидия алуға өтінімін еркін нысанда (бұдан әрі - өтінім) тиісті жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) отын сатып алуға субсидия алудың қажеттілігі туралы еркін нысандағы түсіндірме жазбахат;

      2) өтінім берген сәтте субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) банктік деректемелері;

      5) жылу энергиясының өндірісіне отын қажеттілігін және оны сатып алуға субсидия сомасын есептеу;

      6) ай сайын субсидияларды бөлу;

      7) отынды жеткiзу шарты, тауар-көлiк жүкқұжаттары;

      8) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша реттелетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;

      9) отын сатып алуға субсидияны бөлген/бөлмеген жағдайда жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф шамаларын талдау;

      10) алдағы жылыту маусымына жылу энергиясын нақты өндіру туралы ақпарат;

      10-1) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;

      11) жылыту маусымын бастау кезеңіне отын қоры туралы ақпарат.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жергілікті атқарушы орган энергия өндіруші ұйымның өтінімін ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.

      8. Энергия өндіруші ұйым құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) күмәнді ақпарат ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде энергия өндіруші ұйымға құжаттарды қайтарады.

      Энергия өндіруші ұйым өтінімді жергілікті атқарушы органға отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсынады.

      9. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидия берілетін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Отын көлемдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге);

      Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге);

      N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%).

      Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Vо – отын көлемі (тонна немесе м3);

      Со – есептік жылға отын құны (теңге).

      Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы (теңге);

      ДБ – өткен күнтізбелік жылдағы дебиторлық берешектің жалпы көлемі (теңге).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.12.2022 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізбенің негізінде жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отынды сатып алуға субсидияларды төлеу ведомостін қалыптастырады.

      12. Жергілікті атқарушы орган ведомостті қалыптастырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлеуге берілетін шотты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      Субсидияларды энергия өндіруші ұйымдардың банктік шоттарына аударуды жергілікті атқарушы органдар бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      13. Энергия өндіруші ұйымдар жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға қосымшада берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі - есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдар ұсынған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады, сондай-ақ оны табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жылыту маусымын іркіліссіз
өткізу үшін энергия өндіруші
ұйымдарға отын сатып алуға
субсидия беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидияларды мақсатты пайдалану туралы есеп

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы)

      20__ жылғы___________________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)

      бойынша __________________________________

      мың. теңге

Табиғи монополия субъектісі

Кезең (ай)

Субсидиялау сомасы

Игермеу себептері

Сатып алынған отынның түрі мен көлемі

Нақты бөлінді

Игерілді










      Ұйым басшысы _______________________

      Бас бухгалтер _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады