Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 12 қазандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15957 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемеcі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г. М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 19 қазан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 12 қазандағы
№ 145 бұйрығымен бекітілді

Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптыстырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесіне (бұдан әрі – ҰШЖ 2008) сәйкес өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу үшін арналады.

      3. Әдістемені жалпы ішкі өнімді есептеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қолданады.

      4. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есепке алу үшін:

      1) ресми статистикалық ақпарат;

      2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері ақпараттық қор болып табылады.

2-тарау. 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінде өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды жіктеу және көрсету

      5. Салықтарды жіктеу:

      1) өнімдерге салынатын салықтарды:

      қосылған құн салықтарын (бұдан әрі – ҚҚС);

      ҚҚС қоспағанда импортқа салынатын салықтар және баждарды;

      экспортқа салынатын салықтарды;

      ҚҚС, импорт пен экспортқа салынатын салықтарды қоспағанда өнімдерге салынатын салықтарды;

      2) өндіріске салынатын басқа да салықтарды қамтиды.

      6. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтардың тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      7. Өнімдерге салынатын салықтар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салынатын салықтарды қамтиды және олар:

      тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру;

      сату немесе импорт;

      экспорт немесе жалға беру;

      трансферт ретінде беру;

      басқа бірліктерге жеткізу;

      жеке тұтыну немесе жинақтау үшін пайдаланылған сәтте төлеуге жатады.

      8. Салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін тиісті қызмет түрлері, операциялар немесе оқиғаларды жүзеге асыру кезінде салықтар есептеу әдісі бойынша көрсетіледі.

      9. Салықты көрсету уақыты салықтық міндеттеменің туындау сәтіне сәйкес келеді. Өнімді сатуға, трансфертке немесе пайдалануға салынатын салық сату, трансферт немесе пайдалану сәтінде шоттарда көрсетіледі.

      10. Салықтарды өлшеу төленбеген салықтық міндеттемелерді есепке алмағанда, нақты төленген салықтармен ғана шектеледі. Нақты салықтық төлемдер есептеулер әдісі негізінде салықтық міндеттемелердің туындауы нәтижесінде тіркеледі.

3-тарау. Тұрақты бағаларда өнімдерге және импортқа салынатын салықтарды есептеу

      11. Тұрақты бағаларда салықты есептеу ҚҚС, акциздер, кедендік төлемдер, мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы және өнімдерге салынатын өзге де салық түрлері бойынша жүргізіледі.

      12. ҚҚС тұрақты бағаларда есептеу ҚҚС туындататын ҰШЖ 2008 компоненттеріне негізделеді: үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, негізгі капиталдың жалпы қорланымы, аралық тұтыну.

      13. Тұрақты бағаларда ҚҚС есептеу келесі түрде жүргізіледі:

      1) ҚҚС сомасы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес "Ресурстар-Пайдалану" кестесінің компоненттеріне сәйкес бөлінеді.

      2) Тұрақты бағаларда ҚҚС үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, негізгі капиталдың жалпы қорланымы (бұдан әрі – НКЖҚ) және аралық тұтынуы тауарлардың әрбір топтарын сәйкес баға индекстері арқылы дефляторлау жолымен келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


- тұрақты бағалардағы тиісті ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- ағымдағы кезеңдегі тиісті ҚҚС;

      d - дефлятор.

      Дефлятор ретінде:

      түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстар үшін – тұтыну бағаларының индекстері;

      НКЖҚ үшін – өндірушілер бағаларының, импорттық түсімдер бағаларының және тұтыну бағаларының индекстері;

      аралық тұтыну үшін – өндірушілер бағаларының, тұтыну бағаларының индекстері пайдаланылады;

      3) ҚҚС нақты көлем индексі үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары, НКЖҚ және аралық тұтыну бойынша келесі формуламен есептеледі:



      мұндағы:


- тиісті ҚҚС нақты көлем индексі;

- тұрақты бағалардағы тиісті ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- базистік кезеңдегі тиісті ҚҚС.

      4) ҚҚС салмақталған нақты көлем индексі базалық кезең құрылымы бойынша есептеледі.

      5) Алдыңғы кезеңдегі ҚҚС-ты салмақталған нақты көлем индексімен формула бойынша экстраполяциялау:



      мұндағы:


- тұрақты бағалардағы ҚҚС (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- базистік кезеңдегі ҚҚС;

      I - ҚҚС салмақталған нақты көлем индексі.

      14. Тұрақты бағаларда акциздерді есептеу келесі формула бойынша ағымдағы кезеңдегі акциздерді мөлшерлемелердің өзгеру индексіне дефляторлау әдісімен жүргізіледі:



      мұндағы:


- тұрақты бағалардағы акциздер (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- ағымдағы кезеңдегі акциздер;

      СӨИ - салық мөлшерлемесінің өзгеру индексі.

      Салық мөлшерлемесінің өзгеру индексінің есептелуі келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      СӨИ - салық мөлшерлемесінің өзгеру индексі;

      ТСМ - t және t-1 кезеңіндегі тауар тобына салық мөлшерлемесі.

      15. Тұрақты бағаларда кедендік төлемдерді есептеу ағымдағы кезеңдегі кедендік төлемдерді экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерімен дефляторлау арқылы жүзеге асырылады:



      мұндағы:


- тұрақты бағалардағы кедендік төлемдер (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- ағымдағы кезеңдегі кедендік төлемдер;

      БИЭИ - экспорттық жеткізілімдердің баға индексі (импорттық түсімдердің).

      16. Тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығы:

      1) экспорттық жеткізілімдердің баға индексінің көмегімен дефляторлау арқылы есептеледі:



      мұндағы:


- тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- ағымдағы кезеңде мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі;

      БИЭ - экспорттық жеткізілімдердің баға индексі.

      2) экспортқа салынатын рента салығының сомасын шикі мұнай экспортының нақты көлем индексіне экстраполяциялау арқылы есептеледі:



      мұндағы:


- тұрақты бағаларда мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі (базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезең);

- базистік кезеңдегі мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа салынатын рента салығының көлемі;

      Е - шикі мұнай экспортының нақты көлем индексі.

      17. Өнімдерге салынатын өзге де салықтар тұрақты бағаларда тұтыну бағаларының сәйкес индекстерімен дефляторлау әдісі арқылы есептеледі.

      18. Өнімдерге және импортқа салынатын салықтар бойынша нақты көлем индексін есептеу базалық кезеңнің құрылымы бойынша өнімдерге және импортқа салынатын салықтар түрлерін салмақтау жолымен жүзеге асырылады.

  Өнімдерге және импортқа
салынатын салықтарды есепке
алу әдістемесіне 1-қосымша

Өнімдерге және импортқа салынатын салықтардың тізбесі

      1. ҚҚС;

      2. акциздер;

      3. үстiңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

      4. мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда экспортқа рента салығы;

      5. мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы;

      6. аукционнан алынатын алым;

      7. автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

      8. сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

      9. ойын бизнесі салығы;

      10. кедендік төлемдері;

      11. арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар;

      12. арнайы қорғаныштық, демпингке қарсы және үлестірімге жатпайтын өтемақылық баждар.

  Өнімдерге және импортқа
салынатын салықтарды есепке
алу әдістемесіне 2-қосымша

"Ресурстар–Пайдалану" кестесінің компоненттері

Код

Өнімнің атауы

Аралық тұтыну

Үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуға жұмсаған шығыстары

Негізгі капиталдың жалпы қорланымы

A

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдері




B

Кен өндіру өнеркәсібінің өнімдері




C

Өңдеу өнеркәсібінің өнімдері




D

Электр энергиясы, газ, бу және ауа баптау




Е

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және жою бойынша қызметтер




F

Құрылыс жұмыстары




G

Көтерме және бөлшек сауда бойынша қызметтер; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу бойынша қызметтер




H

Көлік, қойма шаруашылығының қызметтері




I

Тұру және тамақтандыру бойынша қызметтер




J

Ақпарат және байланыс бойынша қызметтер




K

Қаржы және сақтандыру қызметтері




L

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша қызметтер




M

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер




N

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер




O

Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы қызметтер; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызметтер




P

Білім беру саласындағы қызметтер




Q

Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметтер




R

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметтер




S

Өзге де қызметтер




T

Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметтері және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді өндіруі бойынша қызметтер




U

Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметтері





On approval of the Methodology of accounting for taxes on products and imports

Order of the Chairman of the Statistics Committee of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan dated October 12, 2017 No. 145. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on November 1, 2017 No. 15957.

      Unofficial translation

      In accordance with subparagraph 5) of article 12 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated March 19, 2010 On State Statistics and subparagraph 258) of paragraph 17 of the Regulation on the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan, approved by resolution No. 1011 of the Government of the Republic of Kazakhstan dated September 24, 2014, I hereby ORDER:

      1. To approve the attached Methodology of accounting for taxes on products and imports.

      2. In accordance with the procedure established by the law, the Department of National Accounts, together with the Legal Department of the Committee on Statistics of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan shall:

      1) provide the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days from the date of the state registration of this order, direct a copy of it in paper and electronic forms in the Kazakh and Russian languages to the Republican State Enterprise with the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” for official publication and inclusion in the Reference Control Bank of Regulatory Legal Acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) within ten calendar days after the state registration of this order, direct a copy of it for official publication in periodicals;

      4) place this order on the Internet resource of the Committee on Statistics of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan.

      3. Control over the execution of this order shall be assigned to the Deputy Chairman of the Committee on Statistics of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan (G. Kerimkhanov).

      4. This order shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Chairman of the Committee
      on Statistics of the Ministry
      of National economy
      of the Republic of Kazakhstan N. Aydapkelov

      “AGREED”

      Minister of Finance

      of the Republic of Kazakhstan

      ______________ B. Sultanov

      October 19, 2017

  Approved
by order No. 145
of the chairman of the
Committee on Statistics of the
Ministry of National Economy
of the Republic of Kazakhstan
dated October 12, 2017

On approval of the Methodology of accounting for taxes on products and imports

Chapter 1. General Provisions

      1. The methodology of accounting for taxes on products and imports (hereinafter- the Methodology) refers to the statistical methodology that is formed in accordance with international standards and approved in accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated March 19, 2010 “On State Statistics” (hereinafter - the Law).

      2. This Methodology is intended for accounting of taxes on products and imports in accordance with the System of National Accounts 2008 (hereinafter SNA 2008) developed by the International Monetary Fund, the Organization for Economic Co-operation and Development, the Statistical Office of the European Communities, the United Nations and the World Bank .

      3. The Methodology is applied by the Statistics Committee of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan when calculating gross domestic product.

      4. The data base for accounting for taxes on products and imports shall be:

      1) official statistical information;

      2) administrative data of administrative sources.

Chapter 2. Classification and reflection of taxes on products and imports in the System of National Accounts 2008

      5. Tax classification shall include:

      1) taxes on products:

      value added taxes (hereinafter - VAT);

      import taxes and duties, excluding VAT;

      export taxes;

      product taxes, excluding: VAT, import and export taxes;

      2) other taxes on production.

      6. The list of taxes on products and imports is given in Appendix 1 to this Methodology.

      7. Product taxes shall include taxes on goods and services and shall be payable at the time of:

      production of goods and services;

      sales or imports;

      export or rental;

      transmissions by way of transfer;

      deliveries to other units;

      use for own consumption or accumulation.

      8. Taxes shall be recorded on an accrual basis in the performance of the relevant activities, operations or events that give rise to a tax liability.

      9. The time of reflection of the tax shall coincide with the moment of the tax liability occurrence. Taxes on the sale, transfer or use of products shall be recorded on the accounts at the time of sale, transfer or use.

      10. Measurement of taxes is limited to actually paid taxes, excluding unpaid tax liabilities. Actual tax payments shall be recorded on an accrual basis as a result of tax liabilities occurrence.

Chapter 3. Calculation of taxes on products and imports at constant prices

      11. Calculation of taxes at constant prices shall be carried out on the following types: VAT, excise taxes, customs payments, rental tax on exports from oil sector organizations and other taxes on products.

      12. Calculation of VAT at constant prices shall be based on the SNA 2008 components that generate VAT: household spending on final consumption, gross fixed capital formation, intermediate consumption.

      13. Calculation of VAT at constant prices shall be carried out as follows:

      1) the VAT amount is divided in keeping with the components of the “Resources-Use” table in accordance with Appendix 2 to this Methodology;

      2) VAT shall be calculated at constant prices on household spending on final consumption, gross fixed capital formation (hereinafter - GFCF) and intermediate consumption by deflating each group of goods through the corresponding price indices according to the formula:



      where:

     


      is corresponding VAT at constant prices (current period in the price of the base period);

     

– corresponding VAT in the current period;

      d – deflator.

      Used as deflator:

      for spending on final consumption –consumer price indices;

      for GFCF – indices of producer prices, prices of import receipts and consumer prices;

      for intermediate consumption – indices of producer prices, consumer prices;

      3) the index of the VAT physical volume shall be calculated on household spending on final consumption, GFCF and intermediate consumption on the formula:

     


      where:

     

– index of physical volume of the corresponding VAT;

     

– corresponding VAT at constant prices (current period in the price of the base period);

     

     

– corresponding VAT in the base period.

      4) the weighted index of the VAT physical volume shall be calculated according to the structure of the base period;

      5) extrapolation of VAT of the previous period by a weighted index of physical volume shall be calculated on the formula:

     


      Where:

     


      – VAT at constant prices (in the current period in the price of the base period);

     


      – VAT in the base period;

      – weighted index of the VAT physical volume.

      14. Calculation of excise taxes in constant prices shall be carried out by deflating the excise taxes of the current period on the indices of changes in rates on the formula:

     


      where:

     


      – excise taxes in constant prices (current period in the price of the base period);

     


      – excise taxes in the current period;

      ИИС – index of tax rate change.

      Calculation of the index of tax rate change shall be carried out on the formula:


      where:

      ИИС – index of tax rate change;

      НСТ – tax rate on a commodity group in the period t and t-1.

      15. Calculation of customs payments in constant prices shall be carried out by deflation of customs payments of the current period by price indices of export deliveries and import receipts:

     


      where:

     

– customs payments in constant prices (current period in the price of the base period);

     

– customs payments in the current period;

      ИЦЭИ – price index of export deliveries (import receipts).

      16. Calculation of export rental tax from oil sector organizations at constant prices shall be carried out:

      1) by deflation using the index of export supply price:

     


      where:

     

- amount of the rental tax on exports from oil sector organizations in constant prices (current period in the price of the base period);

     


      – amount of the rental tax on exports from oil sector organizations in the current period;

      ИЦЭ – index of export supply prices.

      2) extrapolation of the sum of rental export tax on the physical volume index of crude oil export:

     


      where:

     

– amount of the rental tax on exports from oil sector organizations in constant prices (current period in the price of the base period);

     

– amount of the rental tax on exports from oil sector organizations in the base period;

      Е – index of physical volume of crude oil export.

      17. Other taxes on products shall be calculated in constant prices by deflating of the corresponding consumer price indices.

      18. Calculation of the physical volume index for taxes on products and imports shall be carried out by weighing the types of taxes on products and imports according to the structure of the base period.

  Appendix 1
to the Methodology of accounting
for taxes on products and import

List of taxes on products and imports

      1. VAT;

      2. excise taxes;

      3. payment for the use of water resources from surface sources;

      4. rental tax on exports, excepting revenues from oil sector organizations;

      5. rental tax on exports from oil sector organizations;

      6. collection from auctions;

      7. collection for the passage of vehicles on the territory of the Republic of Kazakhstan;

      8. payment for placement of outdoor (visual) advertising;

      9. gambling tax;

      10. customs payments;

      11. special, anti-dumping, countervailing duties;

      12. special protective, anti-dumping and countervailing duties that are not subject to distribution.

  Appendix 2
to the Methodology of accounting
for taxes on products and import

Components of the table “Resources-Use”

Code

Product name

Intermediate consumption

Household spending on final consumption

Gross fixed capital formation

A

Products of agriculture, forestry and fishery




B

Products of mining industry




C

Products of manufacturing industry




D

Electricity, gas, steam and air conditioning




Е

Water supply; sewer system, waste collection and disposal services




F

Construction works




G

Wholesale and retail trade services; car and motorcycle repair services




H

Transport and warehousing services




I

Accommodation and catering services




J

Information and communication services




K

Financial and insurance services




L

Real estate transaction services




M

Professional, scientific and technical services




N

Administrative and support services




O

Public administration and defense services; mandatory social security services




P

Services in education area




Q

Healthcare and social services




R

Services in arts, entertainment and recreation




S

Other services




T

Services of households hiring domestic workers and services of production of goods and services for own consumption




U

Services of exterritorial organizations and bodies