Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысымен бекітілген Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН THE MINISTRY FOR INVESTMENTS AND DEVELOPMENT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN Өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификаттың № ______
№ ______ сертификата международной схемы сертификации необработанных природных алмазов № _______ of certificate of international certification scheme for rough diamonds
KZ
KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE
Берілген күні/ Дата выдачи/ |
Қолдану мерзімі/ Срок действия/ |
Экспорттаушы ____________________________________________________ | |
Келісімшарттың № ____________________________ |
"_____"_________________________ |
СЭҚ ТН тауар коды: ____________________________ |
Шығарған (өндірген) ел __________ |
СЭҚ ТН тауар коды: __________________ |
Шығарған (өндірген) ел ______________ | |||||||||||||||||
|
Саны_________ дана/ |
Алмастардың жалпы салмағы:_____карат/ карат/ carats | ||||||||||||||||
Алмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./ долл. США/ US $ | ||||||||||||||||||
Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сәйкес рәсімдеуден өтті./ | ||||||||||||||||||
Пломба нөмірлері/ |
Мемлекеттік бақылаушы/ Государственный контролер/ | |||||||||||||||||
Ұйымның басшысы________________________________________________ |
KZ
Алмастар импортын растау талоны №________________________________________________
Талон подтверждения импорта алмазов/
Coupon of diamond import confirmation
________________________________________________________________________________
Импорт елі/ Страна импорта/ Country of import
________________________________________________________________________________
Жіберушінің атауы/ Наименование отправителя/ Name of consignor
________________________________________________________________________________
Алушының атауы/ Наименование получателя/ Name of the receiver
Келісімшарттың №___________ "____"________________ _________
№ контракта/ № of Contract от/of (күн, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/
(day, month, year)
Салмағы ________________ карат/ карат/ carats
Масса/ Weight
Құны ________________ АҚШ долл./долл. США/ US $
Стоимость/ Value
СЭҚ ТН тауар коды: _______________________
Код ТН ВЭД товара/ Code system
Code HS | weight in carats | Value, USD |
7102.10 | ||
7102.21 | ||
7102.31 | ||
Total |
Алу күні "_____" __________ _______________
Дата получения/ Date of receipt (күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/
(day, month, year)
Мемлекеттік бақылаушы/Государственный контролер/ State Controller
Рәсімдеу күні "_____" __________ _______________
Дата оформления талона/Date of registration (күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/
(day, month, year)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8256 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).
2. "Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 479 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8257 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).
3. "Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 479 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9789 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде " № 59 (27935) жарияланған).
4. "Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 480 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8258 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).