РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) Қағидалардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6, 7-тармақтарын;
2) Қағидалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9, 10, 11, 12-тармақтарын;
3) Қағидалардың 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13, 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 355 бұйрығымен бекітілген |
Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 30-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларын қабылдауға және өңдеуге арналған процесс;
2) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;
3) технологиялық карта – электр монтаждау жұмыстарының технологиялық процесін орындау тәртібін реттейтін және операциялар құрамын, механизация құралдарын, ресурстар шығындарын, жеке қорғау құралдары мен жұмыс қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды және оның сапасына қойылатын талаптарды қамтитын техникалық құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібі
3. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның айқындауы мына жағдайларда:
1) нақты тексерілетін субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру кезінде;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайпрофилактикалық бақылау жүргізу кезінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 5-тармағының үшінші бөлігінде көзделген ақпаратты (нөмірі мен берілген күнін) алу үшін жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау кезінде сарапшыларды тартуы мүмкін.
5. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган энергия беруші ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 1) тармақшасымен.
6. Энергия беруші ұйымдардың диспетчерлік технологиялық басқарудың бар болуы бойынша талаптарға сәйкестігі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құралдар мен құжаттаманың бар болуы негізінде расталады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақ 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 1) тармақшасымен.
7. Диспетчерлік технологиялық басқару Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11066 болып тіркелген) Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) Электр желілік қағидаларына сәйкес жабдықталады.
8. "Концессия туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган мен концессионер арасында жасасқан концессия шартына сәйкес технологиялық жабдықтың бар болуына жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 2) тармақшасымен.
9. Энергия беруші ұйымның электрлік желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келетін, олардың лауазымдық міндеттерімен айқындалған штаттық бірліктермен жасақталған қызметкерлердің, қызметтердің бар болуы бойынша талаптарға сәйкестігі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген қызметкерлер, механизация құралдары және құжаттамалардың бар болуы негізінде расталады. Энергия беруші ұйым персоналының кемінде екі лауазымды қоса атқаруына жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 2) тармақшасымен.
10. Жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, құрал-саймандармен және құрылғылармен қамтамасыз ету жинақтау нормаларына немесе технологиялық карталарға сәйкес жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 2) тармақшасымен.
11. Энергия беруші ұйымдардың жүйелік қызметті көрсету бойынша жүйелік оператормен шарттардың бар болуы бойынша талаптарға сәйкестігі тиісті шарттардың бар болуының негізінде расталады.
12. Энергия беруші ұйымдар жүйелік оператормен:
1) ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру бойынша;
2) электр энергиясын тұтыну және желіге жіберудің техникалық диспетчерленуі бойынша (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерден электр энергиясын сатып алу жүргізілетін болса);
3) теңгерімдеуші нарыққа қатысу үшін өз бетінше жүйелік оператормен жасалған, оның ішінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-тармақ 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 3) тармақшасымен.
13. Энергия беруші ұйымдардың жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің бар болуын қамтитын талаптарға сәйкестігі тиісті шарттардың, техникалық құжаттаманың және жабдықтың бар болуы негізінде расталады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-тармақ 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілді осы бұйрықтың 4-тармағының 3) тармақшасымен.
14. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жоғарғы деңгейі бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін жүзеге асырады.
15. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындысы бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган еркін нысанда акт-қорытынды жасайды.
16. Тексерудің қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің қарсылықтары жазбаша түрде жазылады және тиісті белгі қойылатын тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.
Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Энергия беруші ұйымның диспетчерлік технологиялық басқаруының бар болуы бойынша талапқа сәйкестігін растайтын диспетчерлік технологиялық басқару құралдары және құжаттамалары
1. Диспетчерлік технологиялық басқару құралдарына мыналар жатады:
1) екі тәуелсіз бағыттар бойынша жүйелік оператордың диспетчерлік орталығымен және жауапкершілік аймақтағы объектілерімен тура байланыс каналы;
2) телеметриялық ақпаратты жүйелік оператордың диспетчерлік орталығына жіберетін және жинайтын жүйелер;
3) Қазақстан Республикасы жүйелік операторының диспетчерлік технологиялық басқару құралдарымен біріздендірілген және немесе интеграцияланған диспетчерлік пунк, сондай-ақ энергия жүйесін есептік модельдеудің тиісті құрал-саймандары.
2. Диспетчерлік технологиялық басқару құжаттамаларына мыналар жатады:
1) диспетчерлік қызмет туралы ереже;
2) кәсіпорынның бірінші басшының қол қойылған бекітілген штаттық саны;
3) тағылымдамадан, біліктілік тексеруден және жұмыс орнында қосарланушылықтан кейін өздігінен жұмыс істеуге рұқсат беретін кәсіпорынның бұйрығы;
4) кәсіпорынның бірінші техникалық басшысымен бекітілген диспетчерлік қызметкерлерді дайындау бағдарламасы;
5) диспетчерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
6) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, релелік қорғау, телемеханика, байланыс және автоматтандырылған басқару жүйесінің техникалық құралдарының кешенін пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
7) диспетчерлік басқару тәсілі бойынша электр беру жабдықтары мен желілерін бөле отырып, жедел-диспетчерлік басқарудың әртүрлі деңгейдегі қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас регламенттері (ережелер);
8) авариялық бұзушылықтардың алдын алу, оқшаулау және жою бойынша нұсқаулықтар;
9) аварияға қарсы жаттығулар бағдармасы;
10) аварияға қарсы модельдік жаттығулар бағдармасы;
11) жедел басқарудың тиісті деңгейінде техникалық басқаруды ұйымдастыру үшін қажетті электр желілерінің жедел және түбегейлі схемалары;
12) жедел басқарудың тиісті деңгейіндегі нұсқаулықтар, үлгілік бағдарламалар және ауыстырып-қосу бланкілері.
Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Энергия беруші ұйымның қызметтердің бар болуы жөніндегі қойылатын талапқа сәйкестігін растайтын қызметкерлер, механизациялау құралдары және құжаттамалар
1. Электрлік желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын қызметтер қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келетін, олардың лауазымдық міндеттерімен айқындалған штаттық бірліктермен жасақталады:
1) өндірістік-техникалық қызметтің бастығы (басшысы);
2) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және және қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастығы (басшысы);
3) кіші станция қызметінің бастығы (басшысы);
4) жоғары вольттық әуе желілері қызметінің бастығы (басшысы);
5) оқшаулау және асқын кернеуден қорғау қызметінің бастығы (басшысы);
6) диспетчерлік қызмет бастығы (басшысы);
7) релелік қорғау және автоматика қызметінің бастығы (басшысы)
8) зертхана қызметінің бастығы (басшысы);
9) механизациялау және көлік қызметінің бастығы (басшысы);
10) электр беру желілері қызметінің бастығы (жетекшісі);
11) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (басшысы);
12) кабель желілері бөлімінің бастығы (басшысы);
13) әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (басшысы);
14) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы (басшысы);
15) диспетчерлік және технологиялық басқару қызметінің бастығы (басшысы).
2. Механизациялау бөлігінде құралдармен қамтамасыз ету мынадай бірліктерден тұрады :
1) автобустар және шағын автобустар;
2) автогидрокөтергіштер;
3) көлік крандары;
4) көлік көтергіштері;
5) көлік цистерналары (өрт сөндіру көліктері, май таситын көліктер, су таситын көліктер, отын құятын көліктер);
6) бұрғыш машиналары;
7) мүдірмейтін көліктер;
8) жүк машиналары;
9) жүк-жолаушы тасығыш көліктер;
10) жеңіл (қызмет, кезекші) көліктер;
11) мобильді тұрғын ғимараттар;
12) мототехника (снегоход, квадроцикл);
13) тірек тасығыштар;
14) жылжымалы агрегаттар (дәнекерлейтін агрегаттар, электр станциялары);
15) тіркемелер, жартылай тіркемелер;
16) ершікті тартқыш;
17) телебаған;
18) тракторлар;
19) көлік-тұрмыстық машиналары;
20) әмбебап көліктер;
21) экскаваторлар;
22) электр зертханалары.
3. Электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің бар болуын растайтын қажетті құжаттардың тізбесіне мыналар жатқызылады:
1) бірінші басшының қолы қойылған қызметтерді құру туралы бұйрық;
2) бірінші басшының қолы қойылған, бекітілген штат саны мен ұйымдық құрылым;
3) электр желілерінің қызметтері мен учаскелері (аудандары) туралы ереже;
4) әрбір жұмыс орны мен әрбір лауазымға арналған бас техникалық басшымен бекітілген, персоналды дайындауға әзірленген типтік бағдарламалар;
5) қызмет жұмыскерлері мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
6) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, релелік қорғау құралдарын, телемеханика, байланыс және автоматтық басқару жүйесінің техникалық құралдар кешенін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
7) технологиялық карталар;
8) қорғаныс құралдарының тізбесі;
9) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың тізбесі;
10) жұмысшы мамандықтар үшін еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар;
11) аспаптармен жұмыстар кезіндегі еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар;
12) жеке қорғау құралдарына бекітілген нормалар;
13) тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрық;
14) біліктілік тексеруінен өтудің бекітілген кестесі;
15) өртке қарсы жаттығулардың типтік бағдарламалары;
16) қауіпсіздік техникасының ережелері және техникалық пайдалану ережелерін білуді білікті тексеруден өткенін растайтын құжаттар;
17) білікті қызмет көрсететін персоналдың жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен, құрал-саймандармен және құрылғылармен жабдықталғандығын және қамтамасыз етілгенін растайтын бірінші басшының қолы қойылған құжаттар;
18) көлік құралдарын тіркеу куәлігі және байланыс құралдарын растайтын құжаттар;
19) жүк көтергіш механизмдер үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық (жүк көтергіш механизмдерге паспорт).