Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қаңтарда № 22052 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімді нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізуге негіз болып табылады;

      3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;

      4) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – электр энергиясын қысқа мерзімді ("операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттық және "бір күн бұрын" режимінде), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негізде сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңы;

      5) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – белгілі бір кезеңде оларды нақты жеткізе отырып, электр энергиясының шарттық көлемін сатып алуға-сатуға арналған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында жасалатын келісім;

      6) электр энергиясының транзиті – электр энергиясын басқа елдің энергия жүйесінен беру үшін бір немесе бірнеше шектес елдердің электр желілерін пайдалану жөніндегі қызметтер.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:

      1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келісімдерімен белгіленетін жеткізу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;

      2) электр энергиясын қысқа мерзімді (спот - сауда-саттық), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негізде сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;

      3) жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінде бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулікте туындайтын сағат сайынғы теңгерімсіздіктерді табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарықтан;

      4) ұлттық стандарттармен белгіленген Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен сатып алуы негізінде де, жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне тиісінше қызметтер көрсету негізінде де жұмыс істейтін жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығынан;

      5) электр қуатының нарығынан тұрады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Электр энергиясын тұтынушылар мынадай талаптарды орындаған кезде көтерме сауда нарығына қатысады:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 МВт көлемінде орташа тәуліктік (базалық) қуат сатып алу және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүйелік операторда белгіленген жүйелермен оларды біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың, қажет болған жағдайда өңірлік электр желілік компанияның болуы;

      2) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желілеріне рұқсаттың болуы.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне, сондай-ақ жүйелік операторда орнатылған жүйелермен және қажет болған кезде өңірлік электр желілік компаниялармен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне, телекоммуникациялар жүйелеріне қол жеткізу болған кезде көтерме сауда нарығына қатысады.";

      8-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұлттық электр желісіне энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға мыналар:

      1) жүйелік оператормен:

      ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

      импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясы импортын жүзеге асырған жағдайда);

      Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімдерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;

      теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған шарттары;

      2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат беріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тұтынушылардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жүйелік оператордың және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі";

      2) "Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15976 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның айқындауы мына жағдайларда:

      1) нақты тексерілетін субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру кезінде;

      2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде;

      3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайпрофилактикалық бақылау жүргізу кезінде;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 5-тармағының үшінші бөлігінде көзделген ақпаратты (нөмірі мен берілген күнін) алу үшін жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Энергия беруші ұйымдар жүйелік оператормен:

      1) ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру бойынша;

      2) электр энергиясын тұтыну және желіге жіберудің техникалық диспетчерленуі бойынша (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерден электр энергиясын сатып алу жүргізілетін болса);

      3) теңгерімдеуші нарыққа қатысу үшін өз бетінше жүйелік оператормен жасалған, оның ішінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады