БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 6001-16-7-6/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13703 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) ___________________________________________________________________
___________________________________ сот(тар)ындағы судьялардың бос лауазымдарына арналған конкурсқа (жалпы отырыстың оң қорытындысының қолданысы кезеңінде) қатысуға;
12) судьялардың тиісті бос лауазымдарына конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, оны тағылымдамадан өткізуге жұмсалған мемлекет қаражатын қайтаруға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісі А.Б. Рахымбековаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы |
Н. Шәріпов |