"Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16023 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ____________ ауданы (қаласы) әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) _________ ауданы (қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

      2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

      4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

      5) жұмысынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11224 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларының 4-тармағымен көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады оларды учаскелік комиссияның қарауына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша аудандық (қалалық) және (немесе) өңірлік комиссия әлеуметтік келісімшарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;

      7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

      8) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

      9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      10) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

      12) еңбек делдалдығын көрсетеді;

      13) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

      14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

      15) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

      16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

      17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

      18) Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      19) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

      20) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) _______________ ауданының (қаласының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) ауданның (қаланың) аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу және оны әдістемелік басқару;

      2) ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын қарау және келісу;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттардың негізінде Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды іріктеуді жүргізу және тиісті ұсыныстарды өңірлік комиссиялардың қарауына жіберу;

      4) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу;

      7) әрбір елді мекенде техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру туралы шешім қабылдау;

      8) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға) шешім қабылдау және үміткерлердің тізімін бекіту;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілген Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдау;

      10) қоныс аударушыларды (азаматтарды, оралмандарды) Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

      11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;

      12) шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлемін беру мәселесін қарастыру;

      13) әлеуметтік келісімшартты ұзартуға орай шартты ақшалай көмекті ұзарту мәселесін қарастыру;

      14) жасалған әлеуметтік келісімшартты іске асыру барысын мониторингілеу.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етуге;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мемлекеттік органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) Бағдарламаның іске асыру тетіктері мен бағыттарын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның функцияларына мыналар енеді:

      1) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) екіншісіне (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу;

      2) жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;

      3) аудандар және қалалар бөлінісінде Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін келісу;

      4) білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын келісу;

      5) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;

      6) Бағдарламаны іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      7) Бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      8) _______________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      9) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту;

      10) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекіту;

      11) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз ету;

      12) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту;

      13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;

      14) шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлемін беру мәселесін қарастыру;

      15) әлеуметтік келісімшартты ұзартуға орай шартты ақшалай көмекті ұзарту мәселесін қарастыру;

      16) жасалған әлеуметтік келісімшартты іске асыру барысын мониторингілеу.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мәселелері бойынша өзара бірлесіп әрекет етеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 27 қараша

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 7 июня 2016 года № 482 "Об утверждении некоторых типовых документов"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 ноября 2017 года № 402. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 ноября 2017 года № 16023. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 322.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 28.07.2023 № 322 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
Вводится в действие с 01.01.2018.

      В соответствии с подпунктами 16) и 18) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 7 июня 2016 года № 482 "Об утверждении некоторых типовых документов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13867, опубликован 18 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Типовом уставе государственного учреждения "Центр занятости населения района (города), области (столицы, города республиканского значения)", утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственное учреждение "Центр занятости населения акимата ______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения)" (далее – Центр) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения, для осуществления функций по реализации активных мер содействия занятости, организации социальной защиты от безработицы, оказания адресной социальной помощи и иных мер содействия занятости, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" (далее – Закон) на территории ______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения).";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Целью деятельности Центра является реализация активных мер содействия занятости, организация социальной защиты от безработицы и оказание адресной социальной помощи.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Для достижения цели Центр осуществляет следующие виды деятельности:

      1) осуществляет оценку состояния и прогноз развития занятости населения, информирование населения о состоянии рынка труда;

      2) осуществляет реализацию активных мер содействия занятости, предусмотренных Законом, а также дополнительных мер содействия занятости, финансируемых за счет средств бюджета;

      3) регистрирует обратившихся лиц в качестве ищущих работу и безработных;

      4) выдает справку о регистрации в качестве безработного, по форме предусмотренной стандартом государственной услуги "Выдача справок безработным гражданам", утвержденном приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11342);

      5) осуществляет прием документов, перечень которых предусмотрен пунктом 4 Правил назначения, исчисления (определения), перерасчета размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования, а также их осуществления, утвержденных приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 236 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11224), необходимых для назначения социальной выплаты на случай потери работы за счет средств Государственного фонда социального страхования и направляет их в Государственную корпорацию;

      6) осуществляет прием документов для назначения адресной социальной помощи, координацию деятельности заинтересованных органов и организаций, направляет их на рассмотрение участковой комиссии, а также районной (городской) и (или) региональной комиссии, заключает социальный контракт, по форме утвержденной Правилами назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11426), передает документы заявителей обратившихся на назначение адресной социальной помощи в уполномоченный орган по вопросам социальной защиты, оказывает содействие получателям адресной социальной помощи в реализации индивидуального плана, осуществляет мониторинг выполнения обязательств социального контракта;

      7) оказывает услуги по социальной профессиональной ориентации;

      8) оказывает содействие лицам, ищущим работу, и безработным в подборе подходящей работы, выдает направление для трудоустройства;

      9) осуществляет взаимодействие с Государственным фондом социального страхования и акимами поселков, села, сельского округа по вопросам реализации мер содействия занятости населения;

      10) ведет индивидуальную карту трудоустройства безработного;

      11) подписывает социальный контракт с участниками Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 919 (далее – Программа), по повышению мобильности трудовых ресурсов, утвержденной настоящим приказом, осуществляют мониторинг его исполнения и применение санкций при невыполнении его условий в соответствии с Законом;

      12) оказывает трудовое посредничество;

      13) информирует и предоставляет консультационные услуги гражданам по вопросам участия в Программе, оказывает помощь в подготовке документов, проводит консультации с претендентами с целью изучения их потребностей, проводит оценку нуждаемости претендентов в социальной поддержке, прием их документов;

      14) осуществляет отбор и распределение потенциальных участников в мерах содействия занятости;

      15) ведет мониторинг и определяет потребность в рабочей силе на местном рынке труда;

      16) выдает направления на участие в мерах содействия занятости;

      17) ведет учет о наличии свободных рабочих мест (вакантных должностей) у работодателей, а также о выполняемости квот для трудоустройства инвалидов, лиц состоящих на учете службы пробации, лиц освобожденных из мест лишения свободы, граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования;

      18) ведет информационно-разъяснительную работу среди населения по вопросам участия в Программе;

      19) осуществляет мониторинг участников Программы на предмет трудоустройства и наличия обязательных пенсионных взносов через информационную систему "Рынок труда";

      20) привлекает частные агентства занятости для оказания услуг по трудовому посредничеству.".

      в Типовом положении о районной (городской) комиссии по вопросам занятости населения, утвержденном указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Основными задачами Комиссии являются:

      1) координация деятельности государственных органов, государственных и негосударственных организаций, расположенных на территории ___________________________________________ района (города, города областного, республиканского значения и столицы), акимов поселков, сел, сельских округов по вопросам реализации мер содействия занятости населения;

      2) выработка предложений по вопросам совершенствования механизмов реализации мер содействия занятости населения;

      3) координация деятельности заинтересованных органов и организаций при назначении адресной социальной помощи.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В функции Комиссии входит:

      1) мониторинг и методическое руководство деятельности государственных органов и организаций, акимов поселков, сел, сельских округов на территории района (города) по вопросам мер содействия занятости населения;

      2) рассмотрение и согласование плана мероприятий района (города), направленного на реализацию мер содействия занятости населения;

      3) проведение отбора потенциальных участников Программы на основании информации и документов, представляемых центрами занятости населения, и направление соответствующих предложений на рассмотрение региональных комиссий;

      4) выработка рекомендаций по улучшению механизмов реализации Программы, а также предупреждению и устранению выявленных нарушений по результатам проверок реализации Программы;

      5) выработка предложений по координации республиканских мероприятий по обеспечению занятости населения с мерами, принимаемыми местными исполнительными органами;

      6) рассмотрение и согласование перечня инфраструктурных проектов реализуемых в рамках Программы;

      7) принятие решения о создании мобильных групп по формированию списка претендентов на подготовку кадров с техническим и профессиональным образованием (далее – ТиПО) в каждом населенном пункте;

      8) принятие решения и утверждение списка претендентов на подготовку кадров с ТиПО и краткосрочное профессиональное обучение;

      9) принятие решения об отчислении участников Программы направленных на подготовку кадров с ТиПО и краткосрочное профессиональное обучение;

      10) выработка рекомендаций о включении, либо отказе во включении в состав участников Программы переселенцев (граждан, оралманов);

      11) выработка рекомендаций о предоставлении мер по содействию занятости и социальной адаптации;

      12) рассмотрение вопросов о предоставлении единовременной выплаты обусловленной денежной помощи;

      13) рассмотрение вопроса о пролонгации обусловленной денежной помощи в связи с пролонгацией социального контракта;

      14) мониторинг хода реализации заключенных социальных контрактов.";

      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "1) взаимодействует с заинтересованными государственными органами, государственными и негосударственными организациями, акимами поселков, села, сельского округа по вопросам реализации мер содействия занятости населения и социальной адаптации;";

      в Типовом положении о региональной комиссии по вопросам занятости населения, утвержденном указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Основными задачами Комиссии являются:

      1) координация деятельности государственных органов, государственных и негосударственных организаций ______________________________________ области (столицы, города республиканского значения) по вопросам реализации Программы.

      2) выработка предложений по вопросам совершенствования механизмов реализации и направлений Программы;

      3) координация деятельности заинтересованных органов и организаций при назначении адресной социальной помощи.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В функции Комиссии входят:

      1) выработка рекомендаций о включении, либо отказе во включении в состав участников Программы в отношении граждан, переезжающих из одного района (города областного значения) в другой район (город областного значения) в пределах одной области;

      2) выработка рекомендаций о включении, либо об отказе во включении в состав участников Программы в отношении граждан, переезжающих из трудоизбыточных областей в трудодефицитные области;

      3) согласование лимитов финансирования Программы по направлениям в разрезе районов и городов;

      4) согласование стоимости краткосрочного профессионального обучения в организациях образования;

      5) заслушивание отчетов местных исполнительных органов областного, городского и районного уровня о реализации Программы;

      6) выработка рекомендаций по улучшению механизмов реализации Программы, а также по устранению выявленных нарушений по результатам проверок реализации Программы;

      7) выработка предложений по эффективному использованию бюджетных средств, выделенных на реализацию Программы;

      8) выработка рекомендаций по вопросам реализации Программы на территории ____________________________________________________ области (столицы, города республиканского значения);

      9) утверждение перечня организаций образования для подготовки кадров с ТиПО и краткосрочного профессионального обучения, в том числе на базе мобильных учебных центров;

      10) утверждение перечня специальностей для подготовки кадров с ТиПО и профессий для краткосрочного профессионального обучения, в том числе на базе мобильных учебных центров;

      11) обеспечение распределение мест по организациям образования и специальностям (профессиям) на основе плановых данных по контингенту обучаемых;

      12) утверждение перечня профессий, по которым будут привлекаться дополнительные трудовые ресурсы из регионов выбытия;

      13) выработка рекомендаций о предоставлении мер по содействию занятости и социальной адаптации;

      14) рассмотрение вопросов о предоставлении единовременной выплаты обусловленной денежной помощи;

      15) рассмотрение вопроса о пролонгации обусловленной денежной помощи в связи с пролонгацией социального контракта;

      16) мониторинг хода реализации заключенных социальных контрактов.";

      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "1) взаимодействует с заинтересованными государственными органами, государственными и негосударственными организациями, расположенными на территории области (столицы, города республиканского значения) по вопросам реализации Программы и оказания мер социальной адаптации;";

      2. Департаменту социальной помощи Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Жакупову С.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАНО
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      _______________ Б. Султанов
      27 ноября 2017 года