Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Мыналардың:

      1) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9293 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылы 12 маусымда № 113-114 (28338) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13190 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылы 12 наурызда № 47 (28775) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 6 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
1-қосымша

"Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысы
1. Жалпы ережелер

      1. "________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ____________ ауданы (қаласы) әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) ________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қала) _________ ауданы (қаласы) аумағында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.11.2017 № 402 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      3. Мемлекеттік мекеме _________________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) _____________ ауданы (қаласы) әкімінің ______ жылғы " ___ " ____________ №___ қаулысымен құрылды.

      4. ____________________________________________________________________ Орталықтың құрылтайшысы болып табылады.

      Құрылтайшының заңды мекенжайы:_________________________________

      5. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Орталықтың толық атауы:

      Қазақ тілінде: "______________ облысы (астананың, республикалық маңызы бар қаласы) ______________ ауданы (қаласы) әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Орыс тілінде: коммунальное государственное учереждение "Центр занятости населения акимата______________ района (города) ______________ области (столицы, города республиканского значения)".

      7. Орталықтың орналасқан жері: _______________________________.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

      8. Орталық құрылды деп есептеледі және ол мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

      9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк ісі туралы заңнамасына сәйкес қазынашылықта шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тілдеріндегі атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары болады, сотта талапкер және жауап беруші болып шығады.

      10. Орталықтың кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде өз құрылымдық бөлімшелері (штаттық бірліктері немесе мамандары) болуына рұқсат етіледі.

      11. Орталық өзінің барлық міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Орталықтың қаржылық қаражаты жеткіліксіз болған кезде, құрылтайшы оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

      12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      13. Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады.

      14. Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.11.2017 № 402 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі бұйрығымен.

      15. Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

      2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

      3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

      4) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) жұмысынан айырылған жағдайда тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағымен көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады оларды учаскелік комиссияның қарауына жолдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен бекітілген нысан бойынша аудандық (қалалық) және (немесе) өңірлік комиссия әлеуметтік келісімшарт жасайды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген өтініш берушілердің құжаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде уәкілетті органға береді, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға көмек көрсетеді, әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;

      7) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

      8) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

      9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

      10) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

      11) ерікті қоныс аударуға және кәсіптік оқуға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына мониторингті жүзеге асырады және Заңға сәйкес оның шарттары орындалмаған кезде санкциялар қолданады.

      12) еңбек делдалдығын, сондай-ақ проактивті форматта Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларында көзделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, оның ішінде мобильді халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетеді.

      13) азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

      14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

      15) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

      16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

      17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

      18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      19) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың жұмысқа орналасу және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады.

      20) еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін тартады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.11.2017 № 402 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2023 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

4. Орталықты басқару

      16. Директор Орталықтың басшысы болып табылады.

      17. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Құрылтайшы уәкілетті органның келісімі бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Директор Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, уәкілетті органға бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады.

      19. Директор жеке басқару қағидатымен әрекет етеді және Орталықтың қызмет мәселелерін өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      20. Директор Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оның мүддесін білдіреді, Орталықтың мүлкі мен қаражатына мемлекеттік меншік туралы заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар, оның ішінде қайталап сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді, банктерде Орталықтың шоттарын ашады.

      21. Директор Орталықтың қызметіне қатысты актілерді шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады.

      22. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды.

      23. Орталықтың қызметкерлерін даярлауға және біліктілік арттыруға жібереді.

      24. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, осы жарғы және құрылтайшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      25. Орталық директорының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері өзінің еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.

      26. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Оталықтың жарғысын бекітеді.

      27. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Орталық жұмысын үйлестіреді;

      2) Орталыққа әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;

      3) Орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Орталыққа тиесілі мүліктің нысаналы пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      5) Орталық директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;

      6) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      7) жылдық қаржылық есептемесін бекітеді;

      8) Орталыққа берілген мүлікті алуға немесе қайта таратып бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;

      9) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталықтың мүлкін қалыптастырудың тәртібі

      28. Орталықтың шұғыл басқару құқығындағы жеке дара мүлкі болады, ол ______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ______________ ауданының коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Орталықтың мүлкі негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Орталықтың балансында көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.

      30. Орталықтың мүлкі мыналар:

      1) оған құрылтайшы берген мүлік;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      31. Орталықтың өзіне бекітілген және смета бойынша бөлінген қаражаттың есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен шеттетуге немесе өзге де тәсілмен иелік етуіне құқығы жоқ.

      32. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен қаржыландырудың қосымша көздері белгіленбеген болса, ______________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) ______________ ауданы бюджетінен қаржыландырылады.

      33. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы есептемесін ұсынады.

      34. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизия жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      35. Орталықтың жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізудің тәртібі

      36. Уәкілетті орган Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді құрылтайшының шешімі бойынша жүргізеді.

      37. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары

      38. Орталықты қайта құруды және таратуды құрылтайшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Басшы ____________________________________________       ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                              қолы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
2-қосымша

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ереже

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияны (бұдан әрі – Аудандық (қалалық) комиссия) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқаруша органдар құрады.

      2. Аудандық (қалалық) комиссия қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оларды аудан (облыстық маңызы бар қалалар) аумағында жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аудандық (қалалық) комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен құрылады.

2-тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Аудандық (қалалық) комиссияның негізгі міндеті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.

      5. Аудандық (қалалық) комиссияның функцияларына мыналар кіреді:

      1) халықты жұмыспен қамту орталықтарын бұл туралы хабардар ете отырып, өтініш берушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысушылардың құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін NEET санатындағы жастар тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру;

      3) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін оның келісімімен материалдық көмек сомасын біржолғы төлеу туралы ұсынымдар әзірлеу;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      5) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін беру туралы мәселелерді қарау;

      7) өтінімдері бойынша кезекті қаржы жылына кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3- тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның құқықтары

      6. Аудандық (қалалық) комиссия:

      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдары, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстар өткізеді;

      3) Аудандық (қалалық) комиссияның құзыреті шеңберінде қорытынды беру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандарымен консультанттарын тартады;

      4) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан өзінің функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.

4-тарау. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Аудандық (қалалық) комиссияның құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілі мен атқарушы органдарының, аудан, қала қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      8. Аудандық (қалалық) комиссияның құрамына кемінде бес адам кіреді.

      Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің жалпы санынан төраға сайланады, ол оның отырыстарына төрағалық етеді.

      9. Отырыстардың материалдары мен құжаттарын дайындауды хатшы жүзеге асырады, ол Аудандық (қалалық) комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы айқындайды.

      11. Аудандық (қалалық) комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары мен құжаттары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.

      12. Аудандық (қалалық) комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.

      13. Аудандық (қалалық) комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Аудандық (қалалық) комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.

      Аудандық (қалалық) комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды және оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 482 бұйрығына
3-қосымша

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқаруша органдар құрады.

      2. Өңірлік комиссия қызметінің мақсаты облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өңірлік комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысымен құрылады.

2-тарау. Өңірлік комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіру болып табылады.

      5. Өңірлік комиссияның функцияларына мыналар кіреді:

      1) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудың құнын белгілеу;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін беру туралы мәселелерді қарау;

      6) жыл сайын, 15 қаңтарға қарай облыс шегінде азаматтардың ерікті түрде қоныс аудару ұйымдары үшін облыстық (аудандық) маңызы бар ауылдар мен қалалардың тізбесін бекітеді және оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді;

      7) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның өңірлік квотаға қабылдауы туралы шешім қабылдау үшін ерікті өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шеңберінде үміткерлердің тізімдерін қарау;

      8) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту;

      9) мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Өңірлік комиссияның құқықтары

      6. Өңірлік комиссия:

      1) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзара әрекет етеді;

      2) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мүдделі мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдардың өкілдері өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша отырыстарға шақырады және тыңдайды;

      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары мен консультанттарды (сарапшыларын) қорытынды беру үшін тартады;

      4) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардан оның функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.09.2022 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4- тарау. Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Өңірлік комиссияның құрамы облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      8. Өңірлік комиссияның құрамына кемінде бес адам енеді.

      Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санынан төраға сайланады, ол оның отырыстарына төрағалық етеді.

      9. Отырыстардың материалдары мен құжаттарын дайындауды хатшы жүзеге асырады, ол Өңірлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын Өңірлік комиссияның төрағасы айқындайды.

      11. Өңірлік комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары мен құжаттары төраға келіскеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.

      12. Өңірлік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп есептеледі.

      13. Өңірлік комиссияның шешімдері ашық дауыспен бір жұмыс күні ішінде кешіктірмей қабылданады және егер ол үшін Өңірлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Өңірлік комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша (ерікті) түрде баяндалуға және хаттамаға қосылуға тиіс.

      Өңірлік комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшысы қол қояды және оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады