Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16127 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1127 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14850 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған);

      2) "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15342 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Ж.Б. Сапарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 743 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

р/с

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

автокөлік құралдары, механикалық көлік құралдары

1.2.

тікұшақтар

1.3.

серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4.

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.5.

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.6.

жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.7.

медициналық техника және медициналық мақсатты бұйымдар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.8.

жеңіл өнеркәсіп өнімдері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2.

Жұмыстар:

2.1.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау

2.2.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын, су көлігін, азаматтық авиация және әуе көлігін дамытуға арналған реконструкция, құрылыс және жобалау-іздестіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2.3.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

2.4.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын қолдағы бар объектілеріне күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.

Көрсетілетін кызметтер:

3.1.

ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.2.

ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.3.

жүйелік-техникалық қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.4.

полиграфиялық кызметтер (полиграфиялық жұмыстар) және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.5.

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (өнімді) техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.6.**

бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын инжинирингтік қызметтер

      Ескертпе:

      *мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      ** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.2, 2.3, 2.4-тармақтарында көрсетілген жұмыстар және 3.6-тармағында көрсетілген қызмет бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

On approval of the list of goods, works, services for which the organization and conduct of public procurement is carried out by a single organizer

Order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan of December 25, 2017 No. 743. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on December 26, 2017 No. 16127. Abolished by order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated December 29, 2018 No. 1127(effective from 01.03.2019).

      Unofficial translation
      Footnote. The order became invalid by the order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated December 29, 2018 No. 1127 (shall be enforced from March 1, 2019).

      In accordance with subparagraph 1) of paragraph 1 of Article 8 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated December 4, 2015 "On public procurement" I ORDER:

      1. To approve the enclosed list of goods, works, services for which the organization and conduct of public procurement is carried out by a single organizer.

      2. To recognize invalid:

      1) the order of the acting Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated February 22, 2017 No. 130 "On approval of the list of goods, works, services for which the organization and conduct of public procurement is carried out by a single organizer" (registered in the Register of state registration of regulatory legal acts No. 14850, published on March 6, 2017 in the Standard control bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan);

      2) the order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated June 19, 2017 387 "On introducing amendments into the order of the acting Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated February 22, 2017 No. 130" On approval of the list of goods, works, services for which the organization and conduct of public procurement is carried out by a single organizer "(registered in the Register of state registration of regulatory legal acts No. 15342, published on August 2, 2017 in the Standard control bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan).

      3. The state procurement committee of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan (Zh.B. Saparov), in accordance with the procedure established by legislation shall ensure:

      1) state registration of this order at the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days from the date of state registration of this order sending its copy on paper and electronic form in the Kazakh and Russian languages to the Republican state enterprise on the right of economic management "Republican Center for Legal Information" for inclusion into the Standard control bank of regulatory legal acts of the Republic Kazakhstan;

      3) placement of this order on the Internet resource of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan;

      4) within ten working days after the state registration of this order at the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, submission of information on implementation of measures provided for in subparagraphs 1), 2) and 3) of this paragraph to the legal Department of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall be enforced from January 1st, 2018 and is subject to official publication.

      Minister of Finance
      of the Republic of Kazakhstan B. Sultanov

  Approved by the order of the
Minister of Finance of the
Republic of Kazakhstan dated
December 25, 2017 No. 743

The list of goods, works, services for which the organization and conduct of public
procurement is carried out by a single organizer *

№ п/п

Name

1.

Goods:

1.1.

automobile motor vehicles, mechanical motor vehicles

1.2.

Helicopters

1.3.

servers, telecommunications facilities and their component parts (in excess of the amount allocated for the tender / auction of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

1.4.

workstations, personal computers, monoblocks, monitors, screens, processors, laptops, multifunction devices, printers, scanners (in excess of the amount allocated for the tender / auction of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

1.5.

licensed software (software products), hardware and software complex (in excess of the amount allocated for the tender / auction of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

1.6.

furniture (in excess of the amount allocated for the tender / auction of a thousand-fold monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

1.7.

medical equipment and medical devices, with the exception of goods provided for in the framework of the guaranteed volume of free medical assistance and medical assistance in the system of compulsory social health insurance (in excess of the amount allocated for the tender / auction a twenty thousand fold monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

1.8.

goods of light industry (in excess of the amount allocated for the tender / auction of a thousand-fold monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

2.

Works:

2.1.**

creation (construction) and (or) reconstruction of objects (systems), realized at the expense of budgetary funds, where the central executive and other central state bodies act as administrators of budget programs

2.2.**

reconstruction, construction and design and survey works for the development of roads, water transport, civil aviation and air transport, realized at the expense of budgetary funds, where the central executive and other central state bodies act as administers of budget programs ( in excess of the amount allocated for the tender of hundred thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

2.3.**

development of design and estimate documentation, realized at the expense of budgetary funds, where central executive and other central state bodies act as administrators of budget programs

2.4.**

capital repair, medium repair, current repair, maintenance, provision, repair and restoration works of existing facilities, realized at the expense of budgetary funds, where central executive and other central government bodies act as administrators of budget programs (in excess of the amount allocated for the tender of fifty-thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding fiscal year)

3.

Services:

3.1.

creation, implementation and development of information systems (in excess of the amount allocated for the tender of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

3.2.

maintenance of information systems (in excess of the amount allocated for the tender of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

3.3.

system-technical maintenance, repair of hardware and software systems (in excess of the amount allocated for the tender of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

3.4.

printing services (printing works) and production of printed products (in excess of the amount allocated for the tender of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

3.5.

technical support of licensed software (product) (in excess of the amount allocated for the tender of twenty thousand monthly calculation index, established by the law on republican budget for the corresponding financial year)

3.6.**

engineering services realized at the expense of budgetary funds, where central executive and other central state bodies act as administrators of budget programs

      Note:

      * organization and conduct of public procurement on the list of goods, works, services, carried out by a single organizer of public procurement, applies to public procurement of goods, works and services through electronic public procurement, with the exception of public procurement, carried out by the State institution “ Administration of the President of the Republic of Kazakhstan "and its departments.

      ** the organization and conduct of public procurement is carried out by a single organizer for the works, specified in paragraphs 2.1, 2.2, 2.3, 2.4 and the service, specified in paragraph 3.6, where the central executive and other central state bodies act as administrators, regardless of the persons identified by the customers ( departments and their territorial divisions, republican legal entities, as well as legal entities, which fifty and more percent of voting shares (shares in the authorized capital) are owned by the state, and affiliated with them legal entities), with the exception of target transfers on development, transmitted by higher budgets into subordinate.