"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 15342 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 25.12.2017 № 743 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14850 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (К.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2.2 тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 387 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 130 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

р/с № Атауы
1

Тауарлар:

1.1

автокөлік құралдары, механикалық көлік құралдары

1.2

тікұшақтар

1.3

серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экран, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.6

жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.7

медициналық техника және медициналық мақсатты бұйымдар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.8

жеңіл өнеркәсіп өнімдері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2

Жұмыстар:

2.1**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау

2.2

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға берілетін дамуға арналған трансферттер есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есепті көрсеткіштің бес жүз мыңдық еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге берілген сомадан асқан кезде)

2.3**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын, су көлігін, азаматтық авиация және әуе көлігін дамытуға арналған реконструкция, құрылыс және жобалау-іздестіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2.4**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

2.5**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын қолдағы бар объектілеріне күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.2

ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.3

жүйелік-техникалық қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.4

полиграфиялық кызметтер (полиграфиялық жұмыстар) және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (өнімді) техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.6**

бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың шығатын инжинирингтік қызметтер

      Ескертпе:

      *мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      ** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.3, 2.4, 2.5 және 3.6-тармақтарында көрсетілген жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады