БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі м.а. |
М. Досмухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
Б. Мусин
2017 жылғы 15 желтоқсан
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу анықтау үшін қалыптастырылды.
2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) болмашы бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудырмайтын, бірақ қызметін жүзеге асыру барысында табиғат пайдаланушыларға орындалуы міндетті болып табылатын талаптарды бұзу; сондай-ақ расталған бір өтініш немесе шағымның болуына; аудиттiң нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге мүмкіндік беретін фактілердің болуына байланысты бұзушылықтар;
2) елеулі бұзушылықтар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудыратын бұзушылықтар; сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп жүргізуге; міндетті экологиялық сақтандырудың болмауына,дұрыс емес есептілікті тапсыруға; белгiленген есептілікті бермеуге;бақылаудағы субъекті бойынша расталған екі өтініш пен шағымның болуына; аудиттің нәтижелері бойыншаэмиссияларға рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге мүмкіндік беретін фактілердің бар болуына байланысты бұзушылықтар;
3) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
4) өрескел бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, заңнаманың тыйым салатын нормасын сақтамауына байланысты бұзушылықтар (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді); сондай-ақ аудиттiң нәтижелерi бойынша аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұруға әкелетін фактілердің болуы; сондай-ақ расталған үш және одан да көп өтініш пен шағымның болуы;бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша анықталған ластаушы заттардың төгінділері мен шығарындылары, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын белгіленген лимиттен тыс орналастыру; атмосфералық ауаның, жер бетінің, жер асты суларының және топырақ жамылғысының жоғары және өте жоғары ластануы, табиғат қорғау заңнамасын бірнеше рет бұзу (соңғы жылда жылына 2 рет);
5) тәуекелді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) –белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарі;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
3. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспайды.
4. Ішінара тексерулер жүргізілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі.Ішінара тексерулер тізімдері тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі.
5. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесініңең жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.
2-тарау. Ішінара тексерулер жүргізуге арналған тәсілдер
6. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы ішінара тексерулерге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
7. Бірінші кезекте табиғат пайдаланушыларды тәуекел дәрежесі бойыншатексерілетін субъектілерге (объектілерге) жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары негізінде іске асырылады. Тәуекелді анықтағаннан кейін тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлінеді.
Жоғары тәуекел дәрежесінің объективті өлшемшарттарына:
1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес 1, 2-санаттағы шаруашылық қызмет субъектілері (объектілері);
2) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 40-бабына сәйкес 3, 4-санаттағы шаруашылық қызметтің келесі субъектілері (объектілері) қоршаған ортаға әсерінің сипаты және дәрежесі бойынша:
химиялық өндіріс;
металлургиялық, машина жасау объектілері;
пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша объектілер;
құрылыс өнеркәсібі (цемент және жергілікті цементті өндіру, асбест және одан жасалған бұйымдарды өндіру, шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон, темірбетоннан жасалған бұйымдар өндірісін, сондай-ақ құрылыс материалдарын қабылдау, сақтау және өткізу), шығарындылардың көлемі жылына 50 тоннадан асатын құрылыс саласындағы қызмет;
микробиологиялық өнеркәсіп;
отын жағудан шығатын электр және жылу энергиясын өндіру (отын ретінде көмір, мазут, табиғи газ пайдаланатындар);
Парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген парниктік газдарды квоталау субъектілері;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы қорғау аймағы шекарасының шегінде қызметінжүзеге асыратынсубъектілер;
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын қабылдау, кәдеге жарату, өңдеу, орналастыруды жүзеге асыратын субъектілер;
коммуналдық шаруашылық субъектілері (оның ішінде, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бөлу, коммуналдық қалдықтарды жинақтау, сақтау және өңдеу объектілері), сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ететін стратегиялық маңызды субъектілер (су электр станциялары, жинақтағыштар, су қоймалары және басқалары);
мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;
көлік құралдарын шығаратын және көлік құралдарымен (жүк, жеңіл, теміржол, ауа, су, автобус) тасымалдау саласында қызмет ететін субъектілер жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша талдау жасалғаннан кейін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына кірмеген субъектілер (объектілер) объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын субъектілерге жатқызылады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) одан әрі субъективті өлшемшарттар бойынша бағалауға жатады.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай:
1) ақпарат жинау және деректер базасын қалыптастыру;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
9. Деректер базасын қалыптастыру мақсатында ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін жүргізіледі және мынадай ақпарат көздерінен:
1) тексерілетін субъектілермен (объектілермен) ұсынылатын есептілікті мониторингілеу нәтижелері;
2) бұрынғы тексерулер нәтижелерінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді;
3) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған өтініш пен шағымдардың болуы және олардың саны;
4) жүргізілген экологиялық аудит нәтижелері.
5) бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері;
6) уәкілетті органдармен және ұйымдармен ұсынылатын мәліметтер талдауының нәтижелері.
10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары үш бұзушылыққа бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің келесі тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кездетексерілетін субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші белгіленеді және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерінің қосынды мәні есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұндағы:
SРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1–елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
SР2– анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3
мұндағы:
SРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1–болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
SР2– анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады:
SР = SРз + SРн
мұндағы:
SР–тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші.
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға Қосымшада келтірілген.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатқызылады:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
11. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша |
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
Ақпарат көзі | Өлшемшарттар | Бұзушылықтар дәрежесі |
міндетті есептілікті мониторингілеу нәтижелері | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген есептілікті ұсынбау | Елеулі |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға дұрыс емес есептілікті тапсыру | Елеулі | |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есептілікті тапсыру | Болмашы | |
алдыңғы тексерулер нәтижелері | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп | |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру ережелерін бұзу | Елеулі | |
Жалпы экологиялық талаптар | ||
Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс | Елеулі | |
Қоршаған ортаны қорғау сапасының нормативтерін сақтауын қамтамасыз ететін қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша қондырғылар мен жабдықтарсыз кәсіпорындарды, имараттарды және басқа объектілерді пайдалануға тыйым салынады. | Өрескел | |
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болмауы | Өрескел | |
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатында көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау | Өрескел | |
Әрбiр объектiде өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше немесе тағайындалған қызметкердiң болмауы | Болмашы | |
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлемей, сондай-ақ оны жүзеге асырусыз және растайтын құжаттарсыз өндірістік экологиялық бақылауды іске асыру | Елеулі | |
Анықталғансәттен бастап екі сағаттың ішінде қоршаған ортаны ластауымен авария болғаны туралы, сонымен қатарүш жұмыс күні ішінде өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу процесiнде анықталған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органғахабарламау | Елеулі | |
Аккредиттеу туралы куәліктің немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалармен шарттың болмауы | Елеулі | |
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар үшін "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi экологиялық сақтандырушартының болмауы | Елеулі | |
Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдары үшін белгіленгеншекті жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтамау | Елеулі | |
Анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарының болмауы | Елеулі | |
Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспарының болмауы | Елеулі | |
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдарды орындамау | Елеулі | |
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері | ||
Қоршаған ортаға әсер ететін жоспарланатын қызметіне жоба алды және жобалық құжаттарына, сатыларға сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалау ілеспе материалдарымен, мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының болмауы | Өрескел | |
іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерге, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелерінемемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызметжобаларына мемлекеттік экологиялық сараптамақорытындысының болмауы | Өрескел | |
Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар | ||
Топырақтың ластануы, қоқыстануы, тозуы және құнарлылығының төмендеуі,сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын алу | Елеулі | |
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар | ||
Уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесiніңболмауы | Елеулі | |
Ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, ұрасыз технологияның болмауы | Елеулі | |
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар кезiнде шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру жөнiндегi жұмыстарды белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзбеу | Елеулі | |
Қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық субъектілерінің су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шараларын қабылдамауы | Елеулі | |
пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс | Болмашы | |
Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар | ||
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптардыорындау бөлігіндежер асты суларының кен орындарын барлау мен игеру келiсiмшартының шарттарын сақтамау | Елеулі | |
Жер асты суларына барлау және (немесе) оны шығару жұмыстарын жүргiзген кезде кешендi қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзбеу | Болмашы | |
Жер астының ашылған су тұтқыш жиектерiнің ластануын болғызбайтындай сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз етпеу | Елеулі | |
Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар | ||
Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарларын ескере отырып орналастыру | Елеулі | |
Сарқынды суды ағызып жiберу кезiндегi экологиялық талаптар | ||
Табиғат пайдаланушы сарқынды су жинақтауыштардың қоршаған ортаға әсерін тигізбеу бойынша, осы жинақтауыштар алып жатқан жерлерді, пайдалануды тоқтатқаннан кейін құнарландыру бойынша шара қолданбауы | Елеулі | |
жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды қоспағанда, нормативті көрсеткіштерге дейін тазартылмаған суларды төгу | Өрескел | |
Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберу | Өрескел | |
Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылардың су көлемін есептеу және су тұтыну мен су бөлу аспаптарын пайдаланбауы | Елеулі | |
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар | ||
Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен қоспаларды) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде арнайы полигонның болмауы | Болмашы | |
Бұрғылау платформасында (барждаа) және оған қызмет ететін кемелерде сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейін арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғылардың болмауы. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылардың болмауы. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жасамай медициналық және тамақ қалдықтарын бұрғылау платформаларына (баржалар) инсинерациялау | Елеулі | |
Бұрғылау қондырғыларында Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерінің болмауы | Елеулі | |
Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттердің болмауы | Елеулі | |
Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілерде және оларға қызмет көрсететін кемелерде сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғының болмауы. | Болмашы | |
Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар | ||
Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуға тиіс. | Елеулі | |
мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, шектеу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың болмауы | Елеулі | |
Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар | ||
кемелерді отынды жабық алып жүру жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыстарды жинайтын ыдыстармен, ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғылармен жабдықтау | Елеулі | |
Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау үшін олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлердің және арнаулы ыдыстардың болмауы | Елеулі | |
Теңізде кемелерге май құю отынның және жанар-жағар май материалдарының төгілуі мен ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің болмауы | Елеулі | |
Кемелерді кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақтау | Елеулі | |
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі | ||
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда,төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізбеу | Болмашы | |
Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс | Болмашы | |
Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылады | Болмашы | |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар | ||
Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті | Елеулі | |
Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруы | Өрескел | |
жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалмаған орындардақалдықтарды орналастыру мен жою | Елеулі | |
Қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналған қалдықтарды уақытша сақтау орындарының болмауы | Елеулі | |
І және ІІ санаттағы табиғат пайдаланушы бекіткен қалдықтарды басқару бағдарламасының болмауы; қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген қалдықтарды басқару бағдарламасының болмауы | Болмашы | |
Қауіпті қалдықтар паспортының болмауы | Болмашы | |
қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасында таңбалаудың болмауы. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабарлайды | Елеулі | |
Полигонның иесінде учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғанын жазбаша растауының болмауы және құжаттаманы бес жыл бойы сақтамауы | Болмашы | |
Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерінің болмауы | Елеулі | |
Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындардың төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларының болмауы | Елеулі | |
Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттерінде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарының болмауы | Елеулі | |
Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлердің (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) болмауы | Өрескел | |
Қалдықтарды көму үшін арнайы жабдықталған полигондардың болмауы | Грубое | |
Әрбір полигонда олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесінің болуы | Елеулі | |
биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралардың болмауы | Елеулі | |
Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспарының болмауы | Болмашы | |
Полигонның меншік иесінде полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралары және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорының болмауы. | Өрескел | |
Полигон иесі бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органымен келісілген, көмуге қабылданатын қалдықтарды қабылдау және сыныптау рәсімдерін растайтын құжаттардың болмауы | Болмашы | |
Қоршаған ортаға бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды жүргізуге меншікті аккредиттелген зертханалардың немесе аккредиттелген зертханалармен шарттың болмауы | Елеулі | |
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізбеу | Болмашы | |
Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс | Болмашы | |
Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырмауы және 1-сыныптағы полигондар үшін – отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін жиырма жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізбеуі | Елеулі | |
Бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстарды жүргізбеу; | Елеулі | |
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге міндетті | Елеулі | |
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады | Елеулі | |
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар | ||
Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалады | Елеулі | |
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу | ||
Қызметін экономиканың мұнай-газ, электр энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, құрылыс материалдарын өндіру бөлігінде: цемент, әк, гипс және кірпіш саласында парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. | Өрескел | |
Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар | ||
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен берілетін озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың болуы | Елеулі | |
Расталған шағымдармен арыздардың болуы және саны | Бірсипаттыемесрасталғанүшжәнеодандакөпөтінішпеншағымныңболуы | Өрескел |
Бір сипатты емес расталған екі өтініш пен шағымның болуы | Елеулі | |
Расталған бір өтініш немесе шағымның болуы | Болмашы | |
жүргізілген міндетті экологиялық аудит нәтижелері | экологиялық аудиттiң есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға аудиттелетiн субъектiнiң қызметiн тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгiнуге мүмкіндік беретін фактілердің болуы | Өрескел |
экологиялық аудиттiң есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға экологиялық рұқсат талаптарына өзгерiстер енгiзуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат шарттарының (келiсiмшарттардың) және табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге мүмкіндік беретін фактілердің болуы | Елеулі | |
экологиялық аудиттiң есебiн қараудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерiстер енгiзу ұсынымдарын беруге мүмкіндік беретін фактілердің болуы | Болмашы | |
Өзге нысан бақылаулардың қортындылары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құрамына кіретін зертхана жүргізетін аналитикалық бақылау нәтижелерімен анықталған санитарлық-қорғаныш аймағынан тыс табиғат пайдаланушылардың қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтамауы | Өрескел |
Мекемелерден және уәкілетті органдардан келіп түскен мәліметтерінің анализі қорытындысы | Атмосфералық ауаның, жер үсті, жер асты сулардың, топырақ жамылғысының жоғарғы және экстремалды жоғарғы ластануы | Өрескел |
Қолайсыз оқиғалардың, авария және өрттің болуы | Өрескел | |
Табиғат қорғау заңнамасы бұзушылығын қайта жіберу (заңнама нормаларын соңғы жылда 2 рет қайталап бұзу) | Өрескел |
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласындағы тексеру парағы
_______________________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________________________
________________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы есеп және есептілік | |||||
1. | Өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерi бойынша есептiң болуы және оны жүргізуі | ||||
2. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтарды көму полигонының қоршаған ортаға әсеріне мониторинг жүргізілгені туралы жыл сайынғы берілген есептің болуы | ||||
3. | Экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы рұқсат берген органға ұсынылған тоқсан сайынғы есептің болуы | ||||
4. |
Қалдықтарды есепке алу журналының болуы және оны жүргізу; | ||||
5. | Қалдықтарды түгендеу жөніндегі жыл сайынғы есептің болуы. | ||||
6. | Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің болуы | ||||
7. | Есепті кезеңдегі парниктік газдарды түгендеу туралы немесе парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есептің болуы және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беру | ||||
Жалпы экологиялық талаптар | |||||
8. | Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс | ||||
9. | Қоршаған ортаны қорғау сапасының нормативтерін сақтауын қамтамасыз ететін қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша қондырғылар мен жабдықтардың болуы | ||||
10. | Өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмшенің немесе қызметкердi тағайындау туралы бұйрықтың болуы | ||||
11. | Табиғат пайдаланушының өндiрiстiк экологиялық бақылаудың бекітілген бағдарламасының болуы және оның орындалуы | ||||
12. | Анықталған сәттен бастап екі сағаттың ішінде қоршаған ортаны ластауымен авария болғаны туралы, сонымен қатар үш жұмыс күні ішінде өндiрiстiк экологиялық бақылау жүргiзу процесiнде анықталған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлау | ||||
13. | Аккредиттеу туралы куәліктің немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалармен шарттың болуы | ||||
14. | Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар үшін "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуы | ||||
15. | Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатының болуы | ||||
16. | Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдары үшін белгіленген шекті жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтау | ||||
17. | Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы | ||||
18. | Табиғат пайдаланушыда өзінің жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарының болуы | ||||
19. | Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспарының болуы | ||||
20. | Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамаларды орындау | ||||
Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi | |||||
21. | Айқындалған кезеңдерге сәйкес, қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы | ||||
22. | Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы | ||||
23. | Іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы | ||||
24. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы | ||||
25. | Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелеріне мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының сақтауы | ||||
26. | Қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы | ||||
27. | Осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдарына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы | ||||
28. | Шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптамасының болуы және оның талаптарының орындалуы | ||||
Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар | |||||
29. | Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеу | ||||
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар | |||||
30. | Уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшiн технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесiнің болуы және оны қолдану | ||||
31. | Ұңғыма құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда салынған жағдайларда, тек қана ұрасыз технологияның болуы және оны қолдану | ||||
32. | Шламдарды кәдеге жарату және бұрғылау процесiнде қайтадан пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшiн, пайдаланылған бұрғылау ерiтiндiлерiн, бұрғылаудан, карьерлерден және шахтадан шыққан сарқынды суды бейтараптандыру | ||||
33. | Қызметi жер асты суы объектiлерiнiң жай-күйiне зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi мүмкiн жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiнiң ластануын және тартылуын болғызбайтын шаралар қабылдауға міндетті | ||||
34. | Пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, судың сапасына қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттiк органдарымен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастыру жоспарының болуы және оның орындалуы | ||||
Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар | |||||
35. | Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптарды орындау бөлігінде жер асты суларының кен орындарын барлау мен игеру келiсiмшартының шарттарын сақтау | ||||
36. | Жер асты суларына барлау және (немесе) өндiру процесiнде жарамсыз күйге келтiрiлген жер учаскелерiнде кешендi қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуі | ||||
37. | Ашылған су тұтқыш жиектерiнің ластануын болғызбайтындай оны сенiмдi оқшаулаумен қамтамасыз ету | ||||
Су объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар | |||||
38. | Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарларын ескере отырып орналастыру | ||||
Сарқынды суды ағызып жiберу кезiндегi экологиялық талаптар | |||||
39. | Сарқынды суларды бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi | ||||
40. | жерасты сулары минералға қаныққан, ауызсу, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, сондай-ақ ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, жерасты сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды айдауды қоспағанда, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды төгу | ||||
41. | Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберуге жол берiлмейді | ||||
42. | Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар су көлемін есептеу аспаптарының және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналының болуы және оны жүргізу | ||||
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар | |||||
43. | Айналымға тартылмайтын және жер қойнауына айдалмайтын бұрғылау қалдықтарын (шламдар мен ерітінділерді) залалсыздандыру мен сақтау жөніндегі барлық операциялар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағынан тысқары жерде арнайы полигонның болуы | ||||
44. | Теңіздегі өндірістік (бұрғылау, өндіру, пайдалану) объектілерде және оларға қызмет көрсететін кемелерде сарқынды суларды тазарту мен залалсыздандыруға немесе сарқынды суларды жинауға, сақтауға және кейіннен арнаулы кемелерге немесе жағалаудағы қабылдау құрылғыларына беруге арналған қондырғының болуы. Қоқысты жинау немесе өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшін тиісті құрылғылардың болуы. | ||||
45. | Бұрғылау қондырғыларының Халықаралық теңіз ұйымының тұншықтыратын газ шығарындыларының шекті мәндері жөніндегі талаптарына сай келетін іштен жану двигательдерінің болуы және қолдануы | ||||
46. | Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттердің орналастырылуы | ||||
Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар | |||||
47. | Кеме қатынауға болатын акваторийде мұз қабаты болған жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу, көмірсутегінің ықтимал төгілуін тұмшалау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш түріндегі кеменің ұдайы бірге болуымен жүзеге асырылуға тиіс. | ||||
48. | Жер қойнауын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде авариялық төгілулердің алдын алу, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс. | ||||
Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар | |||||
49. | Кемелер отынды жабық алып жүру жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыстарды жинайтын ыдыстармен жабдықталуы, ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғылармен жарақталуы және қолдануы | ||||
50. | Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлердің және арнаулы ыдыстардың болуы және қолдануы | ||||
51. | Теңізде кемелерге май құю кезінде отынның және жанар-жағар май материалдарының төгілуі мен ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің болуы және қолдануы | ||||
52. | Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуы және қолдануы | ||||
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі | |||||
53. | Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізуі | ||||
54. | Өндірістік мониторинг өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы өткен жылдардағы қадағалаулардың нәтижелерін ескеруі және қадағалауды ұзақ мерзім қатарынан жалғастыру мақсатында жұмыс алаңында (келісімшарттық аумақ шегінде және оның айналасында) орналасқан, жұмыс істеп тұрған станциялардың көрсеткіштерін пайдалануға тиіс | ||||
55. | Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаның авариялық ластану салдарының мониторингі кідіріссіз ұйымдастырылады | ||||
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар | |||||
56. | Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті. | ||||
57. | Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға болмайды. | ||||
58. | Қалдықтарды орналастыру мен жоюдың жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған орындарының болуы | ||||
59. | Қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін қалдықтарды сақтау орындарының болуы. | ||||
60. | қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын І және ІІ санаттағы табиғат пайдаланушы бекіткен қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы; | ||||
61. | Қауіпті қалдықтар паспортының болуы | ||||
62. |
Бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізу; | ||||
63. | Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасында таңбалаудың болуы. Мұндай қалдықтарды басқа тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шаралары туралы жазбаша нысанда хабарлайды. | ||||
64. | Полигонның иесінде учаскеде қабылданған қалдық тобының алынғаныны туралы жазбаша растаудың болуы және осы құжаттаманы бес жыл бойы сақталуы. | ||||
65. | Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетілген, айырым белгілерінің жақсы көрінетін жерде орналастырылуы | ||||
66. | Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындарда төтенше және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылдар жоспарларының болуы | ||||
67. | Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттерінде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарының болуы. | ||||
68. | Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін жобалау құжаттамасында белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлердің (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) болуы | ||||
69. | Қалдықтарды көмуге арнайы жабдықталған полигондардың болуы. | ||||
70. | Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесінің болуы | ||||
71. | Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. | ||||
72. | Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкестікке келтіру жөніндегі жоспардың болуы, | ||||
73. | Полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорының болуы. | ||||
74. |
Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін растайтын құжаттардың болуы. | ||||
75. | Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды жүргізетін аккредиттелген зертханалардың болуы немесе аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттың болуы. | ||||
76. | Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу. | ||||
77. | Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс. | ||||
78. | Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін – жиырма жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізеді. | ||||
79. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге міндетті | ||||
80. | Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсынады | ||||
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар | |||||
81. | Жер үсті суларының, ызасулардың және жер асты суларының радиоактивті ластану есебі ерітінділердің сүзілуінің және ластанудың жылдамдығын, олардың таралу қабілеттерін және су сиятын тау жыныстарының сорбциондық мүмкіндіктерін айқындау үшін орындалатын арнайы гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу негізінде орындалады. | ||||
Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар | |||||
82. | Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттың болуы | ||||
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу | |||||
83. | Қызметін мұнай-газ, электроэнергетика, тау-кен өндіруші, металлургия, химияның реттеуші салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіруге қатысты өңдеуші салада жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталарының болуы. |
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
______________ _____________ ____________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы: ____________ _____________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)