Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және 141-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексеру парақтарының нысаны бекітілсін.
2. "Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_______________С.М. Айтпаева
2015 жылғы "____" ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 722 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыруы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.
2. Әдістеме реттеуші мемлекеттік органдардың тексерулер жүргізу мақсатында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексеру парақтарын әзірлеуіне арналған.
Осы Әдістеме Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын тексерулерге қолданылмайды.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
5) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.
4. Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілері оларды бекіткенге дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тәуекелдерді бағалау жүйесін автоматтандырудың техникалық мүмкіндігі және тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі - ақпараттық жүйенің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келісуге жатады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісу мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Осы тармақтың ережелері осы Әдістеменің 3-бөлімінің 3-параграфында көрсетілген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
5. Тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі және іріктеп тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты қолданылады.
Жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты қолданылады.
2. Жартыжылдық кестелер негізінде тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібіне арналған тәсілдер
6. Жартыжылдық кестелер негізінде тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібіне арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
7. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) тәуекелді айқындау;
2) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
8. Тәуекелді айқындау:
1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;
2) реттелетін салаға (аяға) келтірілетін зиянның ықтимал теріс салдарларының ауырлық ауқымы:
3) адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдығы өлшемшарттарының бірін ескере отырып, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады.
9. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жартыжылдық кестелер негізінде тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.
10. Тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты тексерулерді жүргізудің мерзімділігі мемлекеттік органдардың Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, алайда жылына, ең көбі бір рет, ал халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Кодекстің 141-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
(санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектілерді қоспағанда)
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
11. Адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу және бақылау мен қадағалауды бұзушыларға шоғырландыру қағидаттарын іске асыру мақсатында тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъектілер (объектілер) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелді бағалау өлшемшарттарында айқындалатын кезеңге тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады.
12. Жартыжылдық кестелер негізінде тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерден босату мынадай:
1) субъективті өлшемшарттарды айқындау;
2) нәтижелерді бағалау кезеңдері арқылы тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъектілер (объектілер) үшін субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
13. Субъективті өлшемшарттар тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленеді, оларды сақтамау реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес белгілі бір көрсеткіштер санына сәйкес келеді. Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелер айқындалады.
Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың анықтамалары реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласының ерекшелігі ескеріле отырып белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленген өлшемшарттар негізінде 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған көрсеткіштерді қосу жолымен осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъект (объект):
1) тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде – реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленген мерзімге арналған жартыжылдық кестелер негізінде тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;
2) тәуекел дәрежесі 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде - жартыжылдық кестелер негізінде тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.
15. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босату қолданылатын тәуекелдерді бағалау және талдау, аудит, сараптаманың балама (тәуелсіз) жүйелерінің негізінде Кодекстің талаптарына қайшы келмейтін және мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы ведомстволық актілерінде айқындалатын тәртіппен мүмкін болады.
3. Іріктеп тексерулер жүргізуге арналған тәсілдер
16. Іріктеп тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және (немесе) субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
17. Объективті өлшемшарттар іріктеп тексеруге субъективті өлшемшарттарды әзірлеу үшін мониторингтеу мақсатында ақпарат көздері бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) белгілі бір ортасы жататын қызмет салалары үшін қажет.
18. Объективті өлшемшарттарды қолдану қажеттігі реттеуші мемлекеттік органдар тәуекелдерін бағалау жүйелерінде айқындалады.
Объективті өлшемшарттар мынадай:
1) тәуекелді айқындау;
2) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бөлу кезеңдері арқылы қалыптасады.
19. Тәуекелді айқындау осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Тәуекелді айқындағаннан кейін тексерілетін субъектілер (объектілер) екі тәуекел дәрежесі (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) бойынша бөлінеді.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты іріктеп тексерулер жүргізіледі.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
21. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
22. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет. Осы мәліметтерді дұрыс пайдалану мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тиімді жүзеге асыруға және реттеуші органдар ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:
1) тексерілетін субъект ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері;
2) бұрынғы тексерулер нәтижелері;
3) тексерілетін субъект кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы. Қолайсыз жағдайларға инфекциялық және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық аурулар мен уланулар жағдайларының тіркелуі, оның ішінде тағам, өрт, өндірістік жарақаттар мен апаттар, оқиғалар, қираулар, жағдайлар, аса қауіпті зиянды ағзаларды және карантиндік объектілерді, олардың жұқтыру ошақтарын анықтау, жануарлар әлемі объектілерінің санының азаюы және олардың мекен ету ортасының нашарлауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болуы және басқалар жатады;
4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
5) тәуелсіз ұйымдар аудитінің (сараптамасының) нәтижелері (энергия аудиті, энергия сараптамасы, жою кезіндегі тәуелсіз аудит, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы және басқалары);
6) өзге бақылау нысандарының нәтижелері;
7) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда "бұзушылар" рейтингтерін, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесінің талдауы;
8) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.
Тәуекелдерді бағалау тиімділігін арттыру мақсатында басқа мемлекеттік органдармен және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара ақпарат алмасу бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Сондай-ақ, тәуекел дәрежесін бағалау үшін Мемлекеттік органдардың тәуекелдерін бағалау өлшемшарттарында көзделген қызмет ерекшелігіне байланысты басқа ақпарат көздері қолданылады.
23. Бар ақпарат көздері негізінде реттеуші мемлекеттік органдар бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды әзірлейді.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау тексерулерді ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
24. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтардың анықтамалары мемлекеттік органның Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында тиісті мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласының ерекшелігін ескере отырып белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
25. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға:
1) 60-тан бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – жоғары тәуекел дәрежесіне;
2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмегенде - жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатады.
Осы Әдістеменің 24 және 25-тармақтарының ережелері осы Әдістеменің 3-тарауының 3-параграфында көрсетілген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
26. Іріктеп тексеру жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.
27. Іріктеп тексерулер реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітетін, тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберілетін, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға (жартыжылдыққа, жылға) қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
28. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең жоғары тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларына түсетін жүктемелері ескеріле отырып жасалады.
3-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді қолданатын мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері
29. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылықты ескере отырып, ақпараттық жүйелерді қолданатын мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруда тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу, сондай-ақ оларға сәйкес тексерілетін субъектілер жоғары немесе жоғарыға жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне жатқызылатын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
30. Тәуекелдерді бағалау жүйесін автоматтандырудың техникалық мүмкіндігі және тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі - ақпараттық жүйенің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құпия болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда олардың құпиялылығын қамтамасыз етумен келісуге жатады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен келісу мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
4. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
31. Осы Әдістеменің 14 және 25-тармақтарына сәйкес тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе іріктеп жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұндағы:
Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұндағы:
Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (
Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:Р = Рз + Рн
мұндағы:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Осы тармақтың ережелері осы Әдістеменің 3-тарауының 3-параграфында көрсетілген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
5. Тексеру парақтары
32. Тексеру парақтары тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды.
33. Біртекті топтар деп бірдей талаптар қойылатын тексерілетін субъектілер (объектілер) түсініледі. Біртекті топтар тексерілетін субъектілер (объектілер) жүзеге асыратын қызмет түрлері бойынша, сол сияқты тіркелу нысаны (заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер) бойынша бөлінеді.
34. Тексеру парақтары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
35. Кодекстің 141-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бақылау және қадағалау салалары үшін тексеру парақтарының талаптары осы Әдістеменің 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленген субъективті өлшемшарттарға сәйкес түзетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Міндетті ведомстволық есептілік
________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_______________________________________саласында
(Казақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
(бұдан әрі - Кодекс) 138 және 139 –баптарына сәйкес)
__________________________ үшін
(кезең)
Кесте
Тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі бойынша жүргізілуі тиіс (15-28 жолдар үшін толтырылады) | Жүргізілген тексерулердің саны | Бұзушылықтар анықталған тексерулер саны | Тексерулер қорытындылары бойынша салынған әкімшілік жазалар саны* | Тексерулер қорытындылары бойынша салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы* | Тіркеуден бас тартылған тексерулер саны | Кодекстің 140-бабы 1-тармағында көзделген іс-қимылдардың бірін жасау жолымен жүргізілген тексеру | Бару арқылы жүргізілген бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының саны | |||||||||
бару жолымен | қажетті ақпараттарға сұрау салу жолымен | тексерілетін субьектінішақыру жолымен | ||||||||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |||||
Барлық тексерулер | 1 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 1-жолынан: | Жеке кәсіпкерлік субьектілері | 2 | Х | Х | ||||||||||||
бөліктің 2-жолынан: | кәсіпкерлік санаттары бойынша | шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері | 3 | Х | Х | |||||||||||
орта кәсіпкерлік субъектілері | 4 | Х | Х | |||||||||||||
ірі кәсіпкерлік субъектілері | 5 | Х | Х | |||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 6 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 7 | Х | Х | |||||||||||||
Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер | 8 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 8-жолынан: | түрлерібойынша | Мемлекеттік мекемелер | 9 | Х | Х | |||||||||||
Мемлекеттік кәсіпорындар | 10 | Х | Х | |||||||||||||
Коммерциялық емес ұйымдар | 11 | Х | Х | |||||||||||||
Жеке тұлғалар | 12 | Х | ||||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 13 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 14 | Х | Х | |||||||||||||
Тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі бойынша | 15 | Х | ||||||||||||||
бөліктің 15-жолынан, оның ішінде: | Жеке кәсіпкерлік субьектілері | 16 | Х | |||||||||||||
бөліктің 16-жолынан: | кәсіпкерлік санаттары бойынша | шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері | 17 | Х | ||||||||||||
орта кәсіпкерлік субъектілері | 18 | Х | ||||||||||||||
ірі кәсіпкерлік субъектілері | 19 | Х | ||||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 20 | Х | |||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 21 | Х | ||||||||||||||
Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер | 22 | Х | ||||||||||||||
бөліктің 22-жолынан: | түрлері бойынша | Мемлекеттік мекемелер | 23 | Х | ||||||||||||
Мемлекеттік кәсіпорындар | 24 | Х | ||||||||||||||
Коммерциялық емес ұйымдар | 25 | Х | ||||||||||||||
Жеке тұлғалар | 26 | Х | ||||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 27 | Х | |||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 28 | Х | ||||||||||||||
Іріктеп тексерулер | 29 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 29-жолынан: | Жеке кәсіпкерлік субьектілері | 30 | Х | Х | ||||||||||||
бөліктің 30-жолынан: | кәсіпкерлік санаттары бойынша | шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері | 31 | Х | Х | |||||||||||
орта кәсіпкерлік субъектілері | 32 | Х | Х | |||||||||||||
ірі кәсіпкерлік субъектілері | 33 | Х | Х | |||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 34 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 35 | Х | Х | |||||||||||||
Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілер | 36 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің | түрлері бойынша | Мемлекеттік мекемелер | 37 | Х | Х | |||||||||||
Мемлекеттік кәсіпорындар | 38 | Х | Х | |||||||||||||
Коммерциялық емес ұйымдар | 39 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 36-жолынан: | Жеке тұлғалар | 40 | Х | Х | ||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 41 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 42 | Х | Х | |||||||||||||
Жоспардан тыс тексерулер | 43 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 43-жолынан: | Жеке кәсіпкерлік субьектілері | 44 | Х | Х | ||||||||||||
бөліктің 44-жолынан: | кәсіпкерлік санаттары бойынша | шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілері | 45 | Х | Х | |||||||||||
орта кәсіпкерлік субъектілері | 46 | Х | Х | |||||||||||||
ірі кәсіпкерлік субъектілері | 47 | Х | Х | |||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 48 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 49 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 44-жолынан: | Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 1) тармақшасы | 50 | Х | Х | ||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы | 51 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы | 52 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 4) тармақшасы | 53 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 5) тармақшасы | 54 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 6) тармақшасы | 55 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 7) тармақшасы | 56 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 8) тармақшасы | 57 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 9) тармақшасы | 58 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 10) тармақшасы | 59 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 11) тармақшасы | 60 | Х | Х | |||||||||||||
Кодекстің 144-бабы 3-тармағы 12) тармақшасы | 61 | Х | Х | |||||||||||||
Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілер | 62 | Х | Х | |||||||||||||
бөліктің 62-жолынан: | түрлері бойынша | Мемлекеттік мекемелер | 63 | Х | Х | |||||||||||
Мемлекеттік кәсіпорындар | 64 | Х | Х | |||||||||||||
Коммерциялық емес ұйымдар | 65 | Х | Х | |||||||||||||
Жеке тұлғалар | 66 | Х | Х | |||||||||||||
тәуекел топтары бойынша | жоғары тәуекел дәрежесі бойынша | 67 | Х | Х | ||||||||||||
жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі бойынша | 68 | Х | Х | |||||||||||||
Бару арқылы жүргізілген бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының саны | 69 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Бөліктің 69-жолынан: оның ішінде: | Жеке кәсіпкерлік субьектілері | 70 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | |||||
бөліктің 70-жолынан: | Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 1) тармақшасы | 71 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | |||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы | 72 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы | 73 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 4) тармақшасы | 74 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 5) тармақшасы | 75 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 6) тармақшасы | 76 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 7) тармақшасы | 77 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 8) тармақшасы | 78 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 9) тармақшасы | 79 | Х | Х | Х | Х* | Х* | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 10) тармақшасы | 80 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 11) тармақшасы | 81 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 12) тармақшасы | 82 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілер | 83 | Х | Х | Х | Х* | Х* | Х | Х | Х | Х | ||||||
83-жолдан: | Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 1) тармақшасы | 84 | Х | Х | Х | Х* | Х* | Х* | Х | Х | Х | |||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы | 85 | Х | Х | Х | Х* | Х* | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы | 86 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 4) тармақшасы | 87 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 5) тармақшасы | 88 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 6) тармақшасы | 89 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 7) тармақшасы | 90 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 8) тармақшасы | 91 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 9) тармақшасы | 92 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 10) тармақшасы | 93 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 11) тармақшасы | 94 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х | ||||||
Кодекстің 137-бабы 3-тармағы 12) тармақшасы | 95 | Х | Х | Х | Х* | Х * | Х | Х | Х | Х |
Ескертпе: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.
Мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 күніне жарияланады.
Міндетті ведомстволық есептілікке 1-қосымша |
Нысан
Бақыланатын субьектілер саны туралы мәлімет
№ | Барлығы | Барлығы: | тәуекел дәрежесі жоғары субъектілер | тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатқызылмағандар | |
А | 1 | 2 | 3 | ||
1 | Бақыланатын субъектілер саны | ||||
2 | Бақыланатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны (1-жолдан) | ||||
3 | олардың ішінде: | шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері | |||
4 | орта кәсіпкерлік субъектілері | ||||
5 | ірі кәсіпкерлік субъектілері | ||||
6 | Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақыланатын субъектілер саны (6-жолдан) | ||||
7 | олардың ішінде: | Мемлекеттік мекемелер | |||
8 | Мемлекеттік кәсіпорындар | ||||
9 | Коммерциялық емес ұйымдар | ||||
10 | Жеке тұлғалар |
Ескертпе: "Бақыланатын субьектілер (обьектілер) саны туралы мәлімет" нысаны жеке кәсіпкерлік субъектілері (2-жол), оның ішінде санаттар бөлінісінде (3, 4, 5-жолдар) және жеке кәсіпкерлік субьектілері болып табылмайтын субъектілер (6-жол), оның ішінде түрлері (7,8,9,10-жолдар) бөлінісінде бақыланатын субъектілердің (объектілердің) санын есептеу үшін қажет.
Бұл жағдайда тексерілетін субъектілер саны ретінде оларға қатысты мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Кодекстің 138 және 139-баптарында көрсетілген тиісті қызмет саласында қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілердің жалпы саны алынады.
3-5-жолдардың сомасы 2-жолда көрсетілген бақыланатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санына сәйкес келуі тиіс.
7-10-жолдардың сомасы 6-жолда көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақыланатын субъектілердің санына сәйкес келуі тиіс.
2 және 6-жолдардың сомасы 1-жолда көрсетілген бақыланатын субъектілердің қорытынды санына сәйкес келуі тиіс.
Бұл нысан жылдың басынан өсу қорытындысымен толтырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 күніне жарияланады.
Міндетті ведомстволық есептілікке 2-қосымша |
Нысан
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік жазалар саны туралы ақпарат
Барлығы | Ескерту | Әкімшілік айыппұл | Әкімшілік құқық бұзушылық нысанасын тәркілеу | Арнайы құқығынан айыру | Рұқсат беру құжатының, оның ішінде лицензиялардан айыру немесе әрекетін тоқтата тұру | Жеке кәсіпкер қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу | Мәжбүрлі бұзу | Әкімшілік қамауға алу | Әкімшілік шығарып жіберу | ||
№ | А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Әкімшілік жазалар (саны) | ||||||||||
2 | оның ішінде, ӘҚБтК баптары бойынша: | ||||||||||
3 | ( баптар бөлінісінде) | ||||||||||
4 | |||||||||||
5 | |||||||||||
… |
Ескертпе: "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік жазалар саны туралы ақпарат" нысанында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі Казақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 41-бабының 1-тармағына сәйкес аталған жаза түрлері бөлінісінде әкімшілік жазалар бойынша көрсеткіштер толтырылады.
Әкімшілік жазалар түрлерінің бөлінісінде көрсетілген көрсеткіштер сомасы (2-10-бағандар) 1-бағанның 1-жолында көрсетілген әкімшілік айыптардың қорытынды санына сәйкес келуі тиіс.
Бұл ретте әкімшілік жазалар саны, оның ішінде олардың түрлері бөлінісінде ӘҚБтК баптарын көрсете отырып ұсынылады, оларға сәйкес реттеуші мемлекеттік органдар әкімшілік жазалар қолданады.
ӘҚБтК баптарының атаулары мен тармақтарын реттеуші мемлекеттік органдар өздігінен бетінше толтырады.
ӘҚБтК баптары бойынша көрсетілген көрсеткіштер сомасы (осы нысанның 3-...-жолдары) осы нысанның 1-бағанының 1-жолында көрсетілген әкімшілік жазалардың қорытынды санына сәйкес келуі тиіс.
Бұл ретте осы нысанның 1-бағанының 1-жолында көрсетілетін әкімшілік жазалардың қорытынды саны міндетті ведомстволық есептіліктің 4-бағанының 1-жолына сәйкес келуі тиіс.
Бұл нысан жылдың басынан өсу қорытындысымен толтырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 күніне жарияланады.
Міндетті ведомстволық есептілікке 3-қосымша |
Нысан
Қызметкерлер саны, қаржыландырылатын қаражаттың жүктемесі мен көлемі бойынша ақпарат
№ | Барлығы | |
А | 1 | |
1 | Тексерулерді тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер саны | |
2 | Жүргізілген тексерулерді жүзеге асыруға барлық деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражатының көлемі | |
3 | Барлық тексерулерді жүргізуге жұмсалған жұмыс күндерінің жалпы саны |
Ескертпе: "Қызметкерлер саны, қаржыландырылатын қаражаттың жүктемесі мен көлемі бойынша ақпарат" нысанында тексерулерді тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер саны, жүргізілген тексерулерді жүзеге асыруға барлық деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін қаржы құралдарының көлемі (жалақы төлеуге, іссапар шығындарына, зертханалық зерттеу жүргізуге, сынақтарды өткізуге (талдаулар, өлшемдер) және т.б.), есепті жыл нәтижелері бойынша барлық тексерулерді жүргізуге кеткен жұмыс күндерінің жалпы саны туралы ақпарат толтырылады.
Осы нысан есепті жыл нәтижелері бойынша толтырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 күніне жарияланады.
Міндетті ведомстволық есептілікке 4-қосымша |
Нысан
Бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне жеке кәсіпкерлік субъектілері берген шағымдар саны туралы ақпарат
Барлығы | мыналар бөлінісінде 1-бағаннан: | ||||||
Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға | Прокуратура органдарына | Сотқа | Кәсіпкерліклердің құқықтарын қорғау жөніндегі органдарға | ||||
№ | А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | Тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне берілген шағымдар саны | ||||||
2 | Тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне берілген қанағаттандырылған шағымдар саны | ||||||
3 | Қанағаттандырылған шағымдар нәтижелері бойынша жарамсыз деп танылған тексерулер саны | ||||||
4 | Қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдар саны | ||||||
5 | оның ішінде, ӘҚБтК 175-бабында көзделген негіздемелер бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған: | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 1) тармақшасы | |||||
6 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 2) тармақшасы | ||||||
7 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 3) тармақшасы | ||||||
8 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 4) тармақшасы | ||||||
9 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 5) тармақшасы | ||||||
10 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 6) тармақшасы | ||||||
11 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 7) тармақшасы | ||||||
12 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 8) тармақшасы | ||||||
13 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 9) тармақшасы | ||||||
14 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 10) тармақшасы | ||||||
15 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 11) тармақшасы | ||||||
16 | ҚР ӘҚБтК 175 бабы 1-тармағы 12) тармақшасы |
Ескертпе: "Бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне жеке кәсіпкерлік субъектілері берген шағымдар саны туралы ақпарат" нысанында мына көрсеткіштер толтырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын инстанцияларға бөле отырып "Тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне берілген шағымдар саны", "Тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін және олардың нәтижелеріне берілген қанағаттандырылған шағымдар саны", "Қанағаттандырылған шағымдар нәтижелері бойынша жарамсыз деп танылған тексерулер саны", "Қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдар саны".
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері лауазымды адамның және (немесе) мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда мыналарға:
- жоғары тұрған мемлекеттік органдарға төмен тұрған органдардың шешімінің күшін жою туралы талаппен;
- прокуратура органдарына – олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуларын жою туралы арызбен;
- сотқа – бұзылған немесе даулы құқықтарды, бас бостандықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін;
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі органдарға жүгінеді.
Қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауаптылыққа тартылған лауазымды адамдар саны бойынша көрсеткіш ӘҚБтК 175-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздемелері бөлінісінде қосымша ұсынылады.
Бұл ретте, ӘҚБтК 175-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері бөлінісінде көрсеткіштер сомасы (5-16-жолдар) қанағаттандырылған шағымдар бойынша (4-жол) жауаптылыққа тартылған лауазымдық адамдар саны бойынша көрсеткішке сәйкес келуі тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын инстанциялар бойынша бөліністе көрсетілген көрсеткіштер сомасы (2-5-бағандар) 1-бағанда көрсетілген қорытынды көрсеткішке сәйкес келуі тиіс.
Бұл нысан жылдың басынан өсу қорытындысымен толтырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10 күніне жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 755 бұйрығына 3-қосымша нысан |
Тексеру парағы
_______________________________________________________ саласында
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына
сәйкес)__________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Лауазымды адам (адамдар) ______________ _________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің басшысы_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
_____________
(қолы)