Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.11.2021 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы |
Н. Әбдібеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы 27 желтоқсан
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.11.2018 № 19-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
№ | Ашық деректер жинағының атауы | Өзекті ету кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) | ЕК-нің жауапты құрылымдық бөлімшесі |
1 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бөлінісіндегі бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақтап қорытылған ақпарат) | жарты-жылдықта бір рет | 25 қыркүйекке, 25 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше |
2 | Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін қарау бойынша ЕК отырыстарының қысқаша қорытындылары | тұрақты | Есеп комитетінің отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | жұртшылықпен байланысқа жауапты құрылымдық бөлімше |
3 | ЕК-нің халықаралық қызметі туралы ақпарат | тұрақты | қажеттілігіне қарай | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше |
4 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің құрамы | тұрақты | бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
5 | ЕК-нің құрылымы туралы ақпарат | тұрақты | бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
6 | Бос орындар, бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың материалдары, хабарландырулар, біліктілік талаптары | тұрақты | бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
7 | Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы | тұрақты | бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | мемлекеттік аудиторларды сетификаттауға жауапты құрылымдық бөлімше |
8 | Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі | тұрақты | Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | мемлекеттік аудиторларды сертификаттауға жауапты құрылымдық бөлімше |
9 | ЕК-нің құрамы | тұрақты | тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
10 | ЕК-нің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі | тұрақты | құрылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
11 | ЕК басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі | тұрақты | бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | құжат айналымын қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
12 | ЕК қызметінің негізгі көрсеткіштері | тоқсан сайын | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше |
13 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері | тоқсан сайын | Қазақстан Республика-сының Президенті Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше |
14 | ЕК-нің тиісті жылға арналған аудиторлық іс-шараларының тізбесі | тұрақты | бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше |
15 | Ынтымақтастық туралы келісімдер, меморандумдар | тұрақты | бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше |
16 | Жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдарының ресми интернет-ресурстары | тұрақты | қажеттілігіне қарай | ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы | халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕК – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
AЖО – мемлекеттік органның интернет-порталдағы ашық деректердің жинақтарын орналастыруға арналған автоматтандырылған жұмыс орны;
API – (application programming interface) – сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітіапхана, сервис) ұсынылатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, дайын бағдарламалар жинағы.