Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25335 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есеп комитетінің мынадай нормативтік қаулылары:

      1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16203 болып тіркелген);

      2) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17849 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады