Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 16203 болып тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 13-НҚ нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.11.2021 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы
Н. Әбдібеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 желтоқсан

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 11-НҚ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 29.11.2018 № 19-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Ашық деректер жинағының атауы

Өзекті ету кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы)

ЕК-нің жауапты құрылымдық бөлімшесі

1

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бөлінісіндегі бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақтап қорытылған ақпарат)

жарты-жылдықта бір рет

25 қыркүйекке, 25 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше

2

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін қарау бойынша ЕК отырыстарының қысқаша қорытындылары

тұрақты

Есеп комитетінің отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

жұртшылықпен байланысқа жауапты құрылымдық бөлімше

3

ЕК-нің халықаралық қызметі туралы ақпарат

тұрақты

қажеттілігіне қарай

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше

4

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің құрамы

тұрақты

бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

5

ЕК-нің құрылымы туралы ақпарат

тұрақты

бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

6

Бос орындар, бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың материалдары, хабарландырулар, біліктілік талаптары

тұрақты

бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

7

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы

тұрақты

бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

мемлекеттік аудиторларды сетификаттауға жауапты құрылымдық бөлімше

8

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі

тұрақты

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

мемлекеттік аудиторларды сертификаттауға жауапты құрылымдық бөлімше

9

ЕК-нің құрамы

тұрақты

тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

10

ЕК-нің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

тұрақты

құрылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

кадрлық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

11

ЕК басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

тұрақты

бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

құжат айналымын қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше

12

ЕК қызметінің негізгі көрсеткіштері

тоқсан сайын

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше

13

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері

тоқсан сайын

Қазақстан Республика-сының Президенті Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше

14

ЕК-нің тиісті жылға арналған аудиторлық іс-шараларының тізбесі

тұрақты

бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

жоспарлау, талдау және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше

15

Ынтымақтастық туралы келісімдер, меморандумдар

тұрақты

бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше

16

Жоғары қаржылық бақылау (аудит) органдарының ресми интернет-ресурстары

тұрақты

қажеттілігіне қарай

ашық деректер интернет-порталының АЖО-сы

халықаралық ынтымақтастыққа жауапты құрылымдық бөлімше

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЕК – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

      AЖО – мемлекеттік органның интернет-порталдағы ашық деректердің жинақтарын орналастыруға арналған автоматтандырылған жұмыс орны;

      API – (application programming interface) – сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітіапхана, сервис) ұсынылатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, дайын бағдарламалар жинағы.

On approval of the List of open data, posted on the Internet portal of open data

Regulatory Resolution of the Accounts Committee for Control over the Execution of the Republican Budget of December 15, 2017 No. 11-НҚ. Registered in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on January 10, 2018, No. 16203. Abolished by the regulatory resolution of the Accounting Committee for Control over the Execution of the republican budget dated November 16, 2021 No. 13-NK.

      Unofficial translation
      Footnote. Abolished by the regulatory resolution of the Accounting Committee for Control over the Execution of the Republican budget dated November 16, 2021 No. 13-NK (effective ten calendar days after the date of its first official publication).


      In accordance with subparagraph 15) of Article 9 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 24, 2015 "On Informatization", the Accounts Committee for Control over Execution of the Republican Budget (hereinafter - the Accounts Committee) hereby RESOLVED:

      1. Approve the enclosed list of open data, posted on the Internet portal of open data.

      2. In accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan, the Legal Department shall:

      1) ensure state registration of this regulatory resolution with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days from the date of state registration of this regulatory resolution, send its copy on paper and electronic form both in the Kazakh and Russian languages ​​to the Republican State Enterprise on the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan for official publication and inclusion into the Reference Control Bank of Regulatory Legal Acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) place this regulatory resolution on the Internet resource of the Accounts Committee.

      3. The control over implementation of this regulatory resolution shall be imposed on the Head of the Administrative Office of the Accounts Committee (Kh.S. Abdiraiymov).

      4. This regulatory resolution shall be enforced upon the expiry of ten calendar days after its first official publication.

      Chairman of the Accounts Committee
      for Control over Execution of the
      Republican Budget N. Abdibekov

      "AGREED"

      Minister of Information and Communications

      of the Republic of Kazakhstan

      _______________ D. Abayev

      December 27, 2017

  Approved by regulatory
resolution No. 11-НЌ of the
Accounts Committee for Control
over Execution of the Republican
Budget dated December 15, 2017,

The list of open data, posted on the Internet portal of open data

      Footnote. The list, as amended by regulatory resolution No. 19-Н8 of the Accounts Committee for Control over Execution of the Republican Budget dated 29.11.2018 (shall be enforced after its first official publication).

Name of the open data set

Updating period
 

Deadline
 

Source (via the AWP of the Internet open data portal or via the API systems of the state body)

Responsible structural unit of the AC

1

The results of evaluation of state audit and financial control bodies (summarized information in all areas of assessment in the context of state audit and financial control bodies)

once a half-year
 

Prior to September 25, March 25

AWP of the Internet open data portal

structural unit responsible for assessing the activities of state audit and financial control bodies

2

Summary of the AC meetings on review the results of audit activities
 

constantly

Within five working days after the meeting of the Accounts Committee

AWP of the Internet open data portal

structural unit responsible for
public relations

3

Information on international activities of the AC

constantly

as deemed necessary
 

AWP of the Internet open data portal

structural unit responsible for international cooperation

4

The membership of the Coordination council of state audit and financial control bodies

constantly

within seven working days from the date of approval
 

AWP of the Internet open data portal
 

structural unit responsible for methodological support
 

5

Information about the structure of the AC

constantly

within ten working days from the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for staffing

6

Vacancies, materials of competitions for vacant administrative positions, announcements, qualification requirements

constantly

within five working days from the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for staffing

7

Membership of the National Commission for Certification of Persons Applying for Qualification of a State Auditor

constantly

within seven working days from the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for certification of state auditors
 

8

Register of persons, holding a certificate of a state auditor

constantly

within three working days from the date of approval of the minutes of the meeting of National Commission for Certification of Persons Applying for Qualification of a State Auditor

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for certification of state auditors

9

AC membership
 

constantly

within fifteen working days from the date of appointment
 

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for staffing

10

List of AC subordinated organizations
 

constantly

within seven working days from the date of formation

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for staffing

11

Schedule of reception of citizens and representatives of legal entities by the management of the AC

constantly

within three working days from the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for document management
 

12

Key performance indicators of the AC
 

quarterly

within three working days after entering into the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for planning, analysis and reporting

13

Key performance indicators of audit commissions of regions, cities of republican significance, the capital city
 

quarterly

within three working days after entering into the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for planning, analysis and reporting

14

List of AC audit activities for the relevant year

constantly

within three working days after the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit responsible for planning, analysis and reporting

15

Agreements, memorandums on cooperation
 

constantly

within three working days after the date of approval

AWP Internet open data portal

structural unit, responsible for international cooperation

16

Official Internet resources of supreme financial control bodies (audit)

constantly

as deemed necessary
 

AWP Internet open data portal

structural unit, responsible for international cooperation

      Abbreviations:

      AC - Accounts Committee for Control over Execution of the Republican Budget;

      AWP - automated workplace of the state body on the Internet portal for posting open data sets;

      API - (application programming interface) - an application programming interface, a set of ready-made programs, provided by an application (library, service) for the use in external software products.